Сыныпқа психологиялық талдау
1.Жалпы мәліметтер:
Бақылаушы сынып: 5 «а» сыныбы
Оқушылар саны: 23
Ұлдар мен қыздар саны: 14 қыз, 9 ұл
Әлеуметтік құрамы: орташа
2.Танымдық бағыттылығы:
Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл,тәртіптері жақсы,әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар,жоғары дәрежеде. Сынып старостасы Қайрды Мөлдір. Оқушылардың үлгерімі өте жақсы. Барлығы сабаққа белсенді түрде қатысады. Атап айтқанда, ұлдардың белсенділігі қыздардан қарағанда өте жоғары. Үнемі сабаққа қатысу барысында 4 ұлдың да мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жүйелі әрі жылдам жауап беруі оқушылардың білімге деген талабы жоғары екендігін айқын көре аламыз.
3.Топтың құрылымы:
Мектепшілік шараларға ұжым толық белсене араласып,әр оқушы өз қабілеттеріне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі.Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа білетін өте жауапкершіліктері мол, болашақта үміт ақтарлықтай оқушылар.Еңбек ету,үлкенге ілтипат,жолдастық көмек дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан.
4.Топтағы тұлғааралық қатынастар:
Сынып ішінде оқушылар бір-бірімен өте жақсы қарым-қатынаста. Топ ішінде шеттетілген оқушы мүлде жоқ. Оқушылар үзіліс барысында басқа сыныптармен де жақсы араласады және өз іштерінде шағын топтарға бөліну байқалмады.
5.Оқушылардың оқудан тыс өмірлері мен қызығушылықтары:
Жоғарыда атап өткендей сынып өте ұйымшыл. Мектептегі өмірден тыс, сынып болып киноға баруды ұнататындарын анықтадым. Мақсұт, Имран, Арсен, Қайсар-осы аталған төрт оқушы күреске барғанды ұнатады. Олардың қызығушылықтарын жарысқа барып ерекше әсер алғандарын сыныпқа баяндау барысында бақыладым. Сонымен қатар, кейбір оқушылар кітапханаға барып, кітап алып оқығанды ұнатады. Бұл оқушылардың жан-жақты, ізденімпаз екендігінің айқын көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |