Сабақтың тақырыбы: «Төлеген Айбергенов. «Сағыныш»


Сабаққа психологиялық-педагогикалық талдау



бет2/3
Дата27.05.2024
өлшемі18.61 Kb.
#501918
түріСабақ
1   2   3
талдау

Сабаққа психологиялық-педагогикалық талдау
Бақыланушы сынып: 5 «Б»
Пән: қазақ тілі
Пән мұғалімі: студент-практикант Дәулет Сайраш
Сабақты өткізген уақыт: 15.02.23
Кесте бойынша сабақтың ауысымы: 1-ауысым.
Сабақтың тақырыбы: 4-бөлім: Адам өмірін сақтау.
Тілдік жүйе және норма. Адам және табиғат.
Сабақтың мақсаты: 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу)
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Негізгі элементтері: ұйымдастыру, тақырыпты болжау, жеке тапсырмалар беру.

  1. Жалпы құрылымы.

  • Оқу қызметін ұйымдастыру принциптері.

А) Оқушылардың қызығушылығын оятуға 5 минут уақыт бөлінді.
1. «Сәттілік колесосы» әдісімен өткен тақырыпты қайталауға уақыт бөлдім. Үй тапсырмасын тексердім.
2. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстырдым.
Б) Негізгі бөлім:
1. Жағдаяттық тапсырма бердім.
Әртүрлі коммуниканивтік жағдайларға байланысты берілген жағдаяттар бойынша тірек сөздерді қолданып, белгілі бір стиль түрінде жазылым тапсырмасын орындау.
2. Оқушыларға түрлі сұрақтар қойып, білімдерін шыңдадым. Мәтінмен жұмыс жасалды.
В) Қорытынды:
1. Оқушылар сабақ мақсатына орай тапсырмаларды орындады.
2. Кері байланыс жүргізіліп, оқушылар бағаланды.
2.Негізгі мақсатты жүзеге асыру.
● Сабақтың білім беру мақсаты қалай жүзеге асты?
Сабақтың құрылымы ең басты дидактикалық мақсатқа сай келді. Мен жаңа тақырыпты оқушыларға жеңіл түрде түсіндірдім.
● Сабақтың тәрбиелік мәні қалай болды?
Жаңа тақырыптың маңызын түсіне, оқушылар топқа бірігіп, бір-бірлеріне сұрақтар қойып, сыйластық қарым-қатынастарын, адамгершілік қасиеттерін дамыта түсті.
●Оқушыларды дамыту міндеті қалай жүзеге асырылды?
Оқушыларды қатар бойынша топқа бөліп, бір-біріне сұрақ қою арқылы жүргізілді.
●Оқушылардың таным әрекеті қалай жүзеге асты?
Оқушылардың әдебиет сабағына деген ынтасы, белсенділігі жоғары сатыдан көрінеді. Сыныптың барлық оқушылары берілген тақырыптардың мазмұнын ашып, сұрақтарға жауап берді. Мен және оқушы арасында тығыз байланыс орнады, сабақ сұрақ қойып, оқушылардың жауап беруі арқылы жүрді.
● Оқушылардың сабаққа қатысулары қандай деңгейде болды?
Оқушылардың сабаққа қатысулары 90% болды. Сабақтан себепсіз қалған оқушылар қатары болмады, ал сабаққа қатысып отырған оқушылар белсенділік танытты.
●Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруі:
Жаңа тақырыпты меңгеру барысында оқушылар зейін қоя, ықыласпен тыңдады. Мұғалімнің айтқан сөздерін мұқият тыңдап, қойылған сұрақтардың барлығына жауап берді. Кітаппен жұмыс барысында оқушылар түсінбеген жерлерін мұғалімнен еркін, ашық түрде сұрай білді, яғни тақырыпты меңгеру барысында мұғаліммен қарым-қатынастарын үзген жоқ.
●Мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы, сөйлеу мәдениетінің
дәрежесі қандай болды?
Мен және оқушы арасындағы қарым-қатынас үздіксіз, әрі үзіліссіз болды.
● Мұғалімнің сабақ барысындағы өзін-өзі ұстауы қалай болды?
Нақты дәлелдермен тақырыпты түсіндірдім, сонымен қатар оқушылармен қатынасын үзбей, өзімді еркін әрі тиянақты ұстай білдім.
●Мұғалімнің сабақ барысындағы сөйлеу мәдениеті:
Қарапайым, еркін түрде тақырыптан ауытқымай, оқушыларға барынша жеңіл түрде ойындағысын жеткізе алдым және оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болдым.
●Мұғалімнің киіну мәдениеті қандай болды?
Педагог мамандығына лайықты, оқушыларға үлгі көрсететіндей, мұғалімнің жасына сай киіндім.
●Сабақтың бекітілуі.
Жаңа сабақты түсіндіру соңында тақырыпты бекіту мақсатында жаттығулар орындаттым. Кері байланыс жасадым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет