2.Бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына неше рет өткізіледі?
(Жауабы: үш реттен артық өткізілмейді)
3.Егерде бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда не істеу керек
немесе бөлім бойынша жиынтық бағалауды қалай алуға болады ?
(Жауабы;тақырыптардың ерекшеліктерін және оқу мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.)
4.Жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат кімдерге беріледі?
(Жауабы:білім алушыларға және ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе электронды нұсқада беріледі.)
5.Бөлім бойынша тапсырмалар түрі(Жауабы:а)Ашық тапсырмалар.
b).Жабық тапсырмалар)
6.Жабық тапсырмалар түрі(тұжырым мен жауаптарын сәйкестендіру;тұжырымдардың жалған мен шындық екенін;тест- бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар;сұрақтар түрінде берілетін тапсырмалар, ерекшелігі нақты жауаптары бар)
7. Ашық тапсырмалар түрі (нақты жауабы жоқ,өз ойын жазатын тапсырмалар,жоғары деңгейдегі танымдық дағдыларды сараптауға,дәлелдер келтіруге арналған)
Сұрақтарға жауап алғаннан кейін ,тыңдаушылардың «А» тапсырмаларын топта талқылап,кері байланыс беруге жұмылдырамын
№1 қосымшадағы А- бөлім бойынша жиынтық жұмысы
Дескриптор:
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын жасауда жүретін үдерістерді атай алды
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына қанша рет өтетінін айтып берді және тараулар саны көп болғанмен олар кіріктілетінін айтып шықты
Жиынтық бағалау тапсырмалардың нәтижелері керекті тұлғаларға жазба немесе электронды түрде беріледі
Тапсырмалар түрлерін және олардың атауларын атады
Кері байланыс тыңдаушыларға өз жұмыстарына жаңа көз қараспен қарап, жіберілген кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік бергеніне сенімдімін
Тыңдаушыларды дұрыс жауап беруге бағыттап, оларды бағалап, ынталандырып отырдым
Достарыңызбен бөлісу: |