Сабақтың тақырыбы: Вакуумдегі электр тогы. Электронды-сәулелі түтікше. Сабақ мақсаты



Дата16.06.2016
өлшемі70.09 Kb.
#140747
түріСабақ
Байдрахманова Шынар Дәулетбекқызы,

«№ 22 жалпы орта мектебінің физика-информатика пәні мұғалімі

ОҚО,Түркістан қаласы

Сабақтың тақырыбы: Вакуумдегі электр тогы. Электронды-сәулелі түтікше.

Сабақ мақсаты:


  1. Вакуумдегі электр тогы және электронды-сәулелі түтікше туралы оқушыларға толық мағлұмат беруі.

  2. Оқушылардың ойлау қабілетін, танымын дамыта отырып әр түрлі ортадағы электр тогының ішінде вакуумдегі электр тогы және электронды-сәулелі түтікшенің күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу.

  3. Оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру, еңбекке, ұжымшылдыққа, халық дәстүрін дәріптеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, кеспелі таратпа т.б.

Сабақтың әдіс тәсілі: топтық, сайыс сабақ.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау

а) Сұрақ жауап

ә) Балама тесті

б) Сергіту сәті

3.Жаңа сабақ

4.Жаңа сабақты пысықтау

в) Физикалық диктант

г) Сәйкестігін тап

5.Қорытындылау

д) Тест жұмысы

е) Формула калейдаскоп

6.Үйге тапсырма

7.Бағалау. Рефлексия
1.Ұйымдастыру кезеңі

Сынып бөлмесіне енген оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысуларын қадағалап, сынып оқушыларын топқа бөліп, топтаптастырып отырғызу.

Әр топ аттарын, ұрандарын айтып өздерін таныстырып өтеді.
Сабақты Абай Құнанбаевтың 33 қара сөзімен бастаймын: «Естіген нәрсені ұмытпасттыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болу керек, екіншісі - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану (үлгі алу) керек, көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек, үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше рет қайталап ойланып, көңілге бекіту керек, төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
2. Үй тапсырмасын сұрау

А) Сұрақ-жауап. «Біліміңді тексер»



  1. Теріс зариядты бөлшек. (Электрон)

  2. Тұз, қышқыл және сілті ерітінділері арқылы ток өткенде электрондарда зат бөліну құбылысы. (Электролиз)

  3. Фарадей заңы қалай тұжырымдалады? (Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен электр (заряд) мөлшеріне пропорционал m=kq , m=kIt)

  4. k-электрохимиялық эквиволенттің өлшем бірлігі (кг/Кл)

  5. Газдар неліктен жақсы оқшаулағыштарға жатады? (Өйткені онда еркін электр зарядын тасымалдаушылар жоқ. Газдарда электрлік бейтарап атомдар мен молекулалардан тұрады.)

  6. Газдардағы электр тогы дегеніміз не? (электрондар мен оң және теріс зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы)

  7. Газ разряды дегеніміз не? (Газ арқылы ток жүру процесі)

  8. Плазма дегеніміз не? (Иондалған газда соққы иондалу есебінен еркін электрондар мен иондардың саны шұғыл өссе мұндай газ плазма деп аталады)

Ә)Балама тесті (иә, жоқ)

  1. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы меншікті кедергі деп атайды. (Иә)

  2. Ток күшін өлшейтін құралды вольтметр деп атайды.(жоқ)

  3. Электр тогының қуаты деп уақыт бірлігіндегі жасалған жұмысты айтады. (Иә)

  4. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы кернеу деп аталады.(Жоқ)

  5. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі Ом*м (иә )

Б) Сергіту сәті


  1. Жаңа сабақ

Сұрақ: Ауасыз кеңістік өткізгіш бола алады ма ?

Вакуум - сиретілген орта, онда молекулалар санының аздығы сонша, олардың соқтығысуы мүмкіндігі болар болмас. Кәдімгі жағдайда ол электр тогын өткізбейді.


Назар аудар!

-Жеткілікті жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығу құбылысы термоэлектронды эмиссия деп аталады.

-Вакуумдегі электр тогы дегеніміз - термоэлектронды эмиссия нәтижесінде алынған электрондардың бағытталған қозғалысы.

Вакуумдегі электр тоғы.

- бұл екі электродты ( А- анод и К - катод ) электр шамы.


шыны баллон ішінде қысым өте төмен болады:

Екі электродты электрондық шам-диод.


Электрондық шам токты тек бір ғана бағыта өткізеді.

Осы қасиеті айнымалы токты түзету үшін қолданылады
Үш электроды шам –триод.



Электронды - сәулелік түтікше (ЭСТ)
- электр сигналдарын көрінетін кесіндіге айналдыратын вакуумді электрондық құрал.

Электрондық-сәулелік түтік деп электр сигналдарын көрінетін кескінге түрлендіретін вакуумдық электронды аспапты айтады.



Қолданылуы: Электронды-сәулелі түтікше шапшаң өтетін процестерді зерттеуге арналған осциллограф деген құрылғының негізгі бөлігі болып табылады.Электронды-сәулелік түтікше теледидарда, радиолокацияда қолданылады.

Электронды-сәулелі түтікше туралы бейне жазба көрсетіледі.

4.Жаңа сабақты пысықтау

В) Физикалық диктант
1. Газ арқылы токтың өту процесі

газдық разряды

2. Қандай жағдайда газдың электр өткізгіштігін арттыруға болады?



Температураны жоғарлатып, түрлі сәулелермен әсер ету.

3.Газ разряды кезінде газ молекулалары қандай бөлшектерге ыдырайды ?



атомдар оң зарядталған иондарға және электрондарға

4.Вакуумде электр тогын тасымалдаушы не?



Электрондар

5.Электронд - сәулелі түтікше неде қолданылады?



Теледидарда, осцилографта, радиолокацияда қолданылады
5.Қорытындылау

Г)Сәйкестігін тап

Дұрыс жауабы



әр түрлі орта

Электр тогын тасымалдаушылар

1

металда

Еркін электрондар

2

электролиттерде

Оң және теріс иондар

3

Газда

электрондар мен оң және теріс зарядталған иондар

4

Вакуумде

Электрондар





әр түрлі орта

Электр тогын тасымалдаушылар

1

металда

Оң және теріс иондар

2

электролиттерде

Электрондар

3

Газда

Еркін электрондар

4

Вакуумде

электрондар мен оң және теріс зарядталған иондар

Д) Тест жұмысы Әр түрлі ортадағы электр тогы

1. Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар:

а) электрондар; ә) оң иондар;

б) теріс иондар; в) кемтіктер;

2. Газдардағы электр зарядтарын тасымалдаушылар:

а) оң иондар; ә) электрондар;

б) теріс иондар; в) электрондар мен оң және теріс зарядталған ион­дар.

3. Электролит арқылы электр тогы өткенде, электродтарда зат бөліну процесі:

а)Электролиттік диссоциация;


ә) электролиз;

б) рекомбинация;

в) газдың иондалуы;

4. Металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу:

а) гальванопластика;

ә) аккумуляторды зарядтау;

б) гальваностегия;

в) гальваникалык элементтер;

5 Электролиттерде зарядты тасымалдаушы қан­дай бөлшектер:

а) электрондар мен кемтіктер;


ә) электрондар;

б) оң және теріс иондар;

в) кемтіктер;

6. Шала өткізгіштерде зарядты тасымалдаушы бөлшектер:

а) электрондар; ә) электрондар мен кемтіктер;

б) оң және теріс иондар; в) кемтіктер

7. Рельефті заттардың көшірмесін электролиттік жолмен дайындалуды:

а) гальванопластика;

ә) аккумуляторды зарядтау;

б) гальваностегия;

в) гальваниқалық элементтер;

8. Электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігу процесі:

а) электролиз;

ә) рекомбинация;

б) электролиттік диссоциация;

в) термоэлектрондық эмиссия;

Е)Формула калейдоскоп

Дайындалған таратпа қағазға формулалар жазылады. Ондағы бір физикалық шаманың орнына шеңбер қойылып кетеді, сол шеңберге тиісті физикалық шаманы жазып толтырады.

6.Үйге тапсырма

Вакуумдегі электр тогы. Электронды - сәулелі түтікше



7.Бағалау. Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер?

  • Қандай түсініктерді есте сақтау қажет?

  • Сабақта не ұнады, неге?

  • Сабақтың несі ұнамады.?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет