Виртуалды машина – арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – компьютер ішіндегі компьютер және ол негізгі компьютер ресурстарын пайдаланады (жедел жады, процессор және қатқыл диск).
Виртуалды машинаға виртуализация үшін қолданылатын негізгі компьютерге сай келетін кез келген жүйені орнатуға болады. Бұл – жаңа программаларды орнату, файлдарды сақтау мүмкіндігі бар виртуалды қатқыл дискісі, барлық программалары бар толыққанды операциялық жүйе.
Ол арқылы мессенджерлерде сөйлесуге, әлеуметтік желілерде отыруға, кино көруге, музыканы тыңдауға, мәтіндік құжаттармен жұмыс істеуге, электронды хаттарды жіберуге болады.
Кез келген компьютер қолданушысына виртуалды машина қажет емес, бірақ озық қолданушылар оны жиі пайдаланады. Виртуалды машина төмендегі мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін қолданылады:
• Екінші/басқа операциялық жүйе орнату;
• Программалық жасақтаманы тестілеу;
• Күдікті программаларды қауіпсіз іске қосу;
• Компьютерлік желінің эмуляциясы (бәсекелестік);
• Негізгі компьютер операциялық жүйесінен іске қосуға болмайтын қосымшаларды іске қосу.
Виртуалды машинаға Windows-тің өзге нұсқаларын немесе Linux, UNIX сияқты басқа операциялық жүйелерді, сондай-ақ түрлі программалар мен утилиттерді орнатуға және тексеруге болады.
Виртуалды машина өте ыңғайлы, яғни виртуалды ортада әртүрлі бейтаныс программаларды сынауға болады.
Виртуалды машиналар үдерістік және жүйелік болып, екі топқа бөлінеді. Әрі қарай, жүйелеу виртуалды машинаның жүйелеріне байланысты жүзеге асырылады, яғни егер олар өзара сәйкес келсе, онда жүйелеу орындалады.
Үдерістік виртуалды машина жеке үдерісті қолдау мақсатына бағытталып, оны орындауға арналған. Үдерістік виртуалды машина іске қосылған кезде құрылып, жұмысы аяқталғаннан кейін өшіріледі.
Жүйелік виртуалды машина – толық қызметті, тұрақты әрекет ететін жүйелік орта, ол операциялық жүйені ауқымды қолданушылық үдерістер санымен қолдау үшін қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |