Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторы Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет38/45
Дата01.03.2024
өлшемі167.17 Kb.
#493792
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
ЦС 3-тоқсан 3-сынып 1644315716

Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Жұлдызша» әдісімен бағалайды.



Интерактивті тақта

Оқулық

Жұмыс дәптерлері


Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы
(31 мин)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
Мәтінмен жұмыс істеу. «ДЖИГСО» әдісі
ДЖИГСО әдісімен жұмыс істеу ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асыру мақсаты — жалпы мәселені алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау, үйрену мен үйрету. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Бұл стратегия мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында аса тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.




Топтық жұмыс: «Еркін талқылау» әдісі
Бұны шағын топта да, бүкіл сыныппен де орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда өтсе, мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Нұсқа ретінде бір оқушыны көмекші болуды сұрауға болады.

1-тапсырма
Берілген программа жұмысына талдау жасап, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындаңдар (6-сурет).

  1. Программада қандай цикл режімі қолданылған?

  2. Программа орындалғанда роботтың қозғалыс алгоритімін анықтаңдар.

  3. Егер программада цикл жұмысын Уақыт пен Шектеусіз режімдеріне ауыстырсақ, роботтың қозғалысында не өзгеріс болады?

Дескриптор

  • 6-суретте берілген программа жұмысына талдау жасайды.

  • Сұрақтарға жауап береді.

  • Тапсырмаларды орындайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет