Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1


Тәрбиелік Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, еңбекті бағалауға және жеке бас қауіпсіздігін сақтауға үйрету Сабақтың түрі



бет10/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

Тәрбиелік Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, еңбекті бағалауға және жеке бас қауіпсіздігін сақтауға үйрету
Сабақтың түрі Тәжірибелік сабақ
Сабақтың қамтамасыздандырылуы:
а) оқу-көрнекілік құралдар слайд, жазбалар, сызбалар
б) үлестірмелі материалдар
в) ТОҚ: мультимедиялы тақта
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Өз бетінше жұмыс: ситуациялық жағдайлармен жұмыс
Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі

  1. Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру

  2. Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру
1. Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстар
2. Арнайы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстар
3. Өлшеуіш ыдыстар
4. Зертханалық ыдыстар жасау үшін қолданылатын материалдар
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
3 Тақырып
Зертханалық ыдыстарды пайдалануға дайындау, физикалық-химиялық тазалау және кептіріп-құрғату әдістері
Сандық зерттеулер үшін қолданылатын зертханалық ыдыстар мұқият тазартылуы қажет, себебі ыдыстың тазалығы алынатын нәтижеге әсер етеді.
Зертханалық ыдысты тазартудың екі әдісі қолданылады: физикалық және химиялық.
1. Зертханалық ыдыстарды тазартудың физикалық әдістері
1.1 Сумен жуу. Егер зертханалық ыдыс май қалдықтарымен, шайырмен және суда ерімейтін органикалық заттармен ластанбаса, онда тек қана сумен тазартуға болады. Сумен тазартқан соң ыдыстағы су бір қабат жұқа пленка тәрізді ағатын болса, таза деп есептеледі.
Егер ыдыстың қабырғасында жабысқан тұз қалдықтары немесе тұнба болса, онда ыдысты щетканың көмегімен тазартады және соңынан жақсылап сумен жуады. Сумен жуылған ыдысты міндетті түрде соңынан дистилденген сумен 2-3 рет шайқайды.
1.2 Бумен жуу. Зертханалық ыдыстарды бумен де тазартуға болады, бірақ бұл өте ұзақ әрі қиын болғандықтан өте сирек қолданылатын тәсіл.
Егер ыдысты сумен жуғанда 5-10 минут уақыт кетсе, ал бумен жуу үшін 1 сағ уақыт қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет