Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1


Зертханалық ыдыстарды тазартудың химиялық әдістері



бет11/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

2. Зертханалық ыдыстарды тазартудың химиялық әдістері
2.1 Органикалық еріткіштерімен тазарту
Органикалық еріткіштерге эфир, ацетон, спирт, бензин, скипидар және т.б. жатады. Органикалық еріткіштерді суда ерімейтін шайырмен және басқа да органикалық заттармен ластанған ыдыстарды тазарту үшін қолданылады.
Органикалық еріткіштерді өте сақ пайдалану қажет, себебі олар өртке қауіпті. Сондықтан органикалық еріткіштерді оттан алшақ жерде пайдалану қажет.
2.2 Жуғыш заттармен тазарту
Ыдыстарды әртүрлі синтетикалық жуғыш заттармен (сабын, жуғыш ұнтақ және т.б.) тазартуға да болады.
Ыдыстарды тазарту үшін құмды пайдалануға болмайды, себебі құм шыныны сырып кетеді, ал мұндай ыдыс қыздырғанда шыдамай жарылып кетеді.
2.3 Марганец қышқылды калиймен тазарту
Ыдысты тазарту үшін 4-5% калий перманганатының ерітіндісін қолданады. Оған кішкене күкірт қышқылын қосса немесе қыздырса күшті тотықтырғыш болады.
3. Зертханалық ыдыстарды зарарсыздандыру әдістері
3.1 Жоғарғы температурамен зарарсыздандыру – ең көп тараған физикалық әдіс. Бұл зертханалық ыдыстарды жанарғы шамының жалынына қару, құрғақ ыстық ауамен, шамадан тыс температурасы бар буды қысымымен ұштастырумен жүзеге асады.
3.2 Жалында (жалынмен)қару зарарсыздандырудың ең шапшаң және сенімді әдісі. Бұл әдіспен заттық әйнектерді, пастер пипеткаларын және т.б. ұсақ аспаптарды зарарсызданды-рады. Бұл үшін зарарсыздандырылатын затарды спиртовка жалынында бірнеше рет қарып алады. Қыздырған кезде микробтармен олардың споралары өртеніп өледі.
3.3 Құрғақ ыстықпен зарарсыздандыру. Бұл тәсілмен әдетте шыны ыдыстарды зарар-сыздандырады. Бұнда пробиркаларды, колбаларды алдын ала мақтамен тығындайды. Зарар-сыздандырылған заттарға қайтадан ауа микробтары жұқпауы үшін оларды қағазға орап зарарсыздандырады, ол қағазды жұмыс жасаудың алдында ғана ашады.
Пипеткаларды ені 2,5-3см жалпақ қағазға орайды. Пипеткалардың ауызға алып соратын жағына алдын ала кішкене мақта тығып қояды. Петри табақшасын квадрат пішінді қағазға орайды. Осылай даярланған ыдыстарды алдын ала 160-170оС дейін қыздыратын құрғатқыш шкафтарда 2 сағаттай ұстайды. Осындай жағдайда бактериялар клеткалары ғана емес, олардың споралары да қырылып кетеді. Құрғатқыш шкафтар температурасын 175оС шама-сынан асырмау ұсынылады, өйткені температура жоғарылағанда мақта тығын күйіп, қоңыр-қай тартады, орам қағаздар опырылып сынып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет