Заттық шыны – бактериологиялық, гистологиялық зерттеулер үшін қолданылады. Олар температураға төзімді жұқа шыныдан дайындалады.
3. Өлшеуіш ыдыстар
Өлшеуіш ыдыстарға сұйық заттарды өлшеуге арналған ыдыстарды жатқызуға болады. (Мыс: өлшеуіш цилиндрлер, пробиркалар, мензуркалар, пипеткалар, бюрет-калар).
Пипеткалар – белгілі сұйық көлемін дәл өлшеп алу үшін қажет. Пішіні түтікше тәрізді болып келеді, ұшы сүйір және өлшеу шкаласы болады. Микропипеткалар өте аз мөлшердегі сұйықтарды өлшеп алу үшін қолданылады. Автомат–пипеткалар арнайы шыны бөтелке-лерге орналастырылады және оларды жантайту арқылы толтырады. Олар 1 мл-ден 10 мл-ге дейінгі көлемде болады.
Бюреткалар – арнайы өлшеуіш сызықтарымен бөлінген, көлемі үлкен түтік. Ол зертханада сұйықтарды өлшеу үшін және көп жағдайда титрлеу үшін қолданылады. Бюреткалардың түбінде шыны кран немесе қысқышы бар рәзіңке түтікше болады.
Өлшеуіш цилиндр – қалың қабырғалы шыны ыдыс, сыртында өлшеуіш шкаласы көрсетіледі, олардың көлемі әр түрлі болады.
Мензурка – пішіні конус тәрізді болып келетін ыдыс, жоғарғы жағы кең, ал төмен қарай тарыла береді. Көлемі әртүрлі және сыртында өлшеуіш шкаласы көрсетіледі.
Өлшеуіш колбалар – аналитикалық жұмыстарға арналған ыдыс. Оларды түбі тегіс, мойны ұзын келеді және мойнында сақина тәрізді белгісі болады. Ал колбаның кеңей-ген бөлігінде оның сиымдылығы көрсетіледі, яғни сұйықтың сақинаға дейін толтырылғанда, сол көлемге дәл келеді. Өлшеуіш колбалар сұйықтықтарды өлшеу үшін және әртүрлі ерітінділерді дайындау үшін қолданылады.
4. Зертханалық ыдыстар жасау үшін қолданылатын материалдар
Барлық зертханалық ыдыстар химиялық-зертханалық шыныдан, фарфордан, сондай-ақ пластиктен және басқа да материалдардан дайындалады.
І. Химиялық-зертханалық шыныдан жасалған ыдыстарды шынысының құра-мына байланысты 5 топқа бөлуге болады:
1. Кварцты шыныдан жасалған. Кварцты шынының құрамында 96%-дан астам крем-незем бар. Кварцты шыны жоғары температураға, отқа төзімді, сондай-ақ химиялық реагенттерге (қышқылдарға) төзімділігі жоғары және оның тағы бір қасиеті көзге көрінетін, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді өткізеді. Дегенмен кварцты шыныдан жасалған зертханалық ыдыстар өте нәзік және күйдіргіш сілтілерге төзімсіз болады.
2. Натрий-кальциймен силикатты шыныдан жасалған. Мұндай шынының құра-мында 13-20 % сілтілі тотықтар, 5-10 % CaO, 1,5-4 % Al2O3 болады.
3. Аллюмоборсиликатты шыныдан жасалған. Мұндай шынының құрамына 6-18 % B2O3, 4-10 % NaO бар. Бұл ыдыстар жоғары температураға төзімді, дегенмен сілтілік ерітінділерге төзімсіз.
4. Аллюмосиликатты борсыз шыныдан жасалған. Механикалық, термиялық төзімді және изоляциялық қасиетке ие.
5. Сілтіге төзімді цирконий шыныдан жасалған. Құрамына цирконий, стронций, лантанның тотықтары кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |