Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1


Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру



бет21/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру
1) Зертханалық жиһаздардың қолданылу мақсаты
2) Зертханалық жиһаздарға қойылатын талаптар
3) Жиһаздардың түрлері және ерекшеліктері
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
7 тақырып
Автоклавпен жұмыс істеу ережелері
Горизонтальды стерилизатор ГК-100-3 қондырғының мінездемесі
Резеңке, шыны, металлдан (цинк) жасалған бұйымдарды қысым астында қаныққан су буымен стерильдеу үшін арналған аппарат. Автоклав төрт 18 литрлік КСК стерильдеу құты-ларымен жабдықталған.





АВТОКЛАВПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
1 Улы емес және жарылғыш қаупі жоқ орталардың қысымында, қабырға температу-расы 200ºС және сыйымдылығы 10 000 литрден аспайтын, сонымен қатар улы және жарылғыш қаупі бар орталар қысымында, жоғарыда көрсетілген температурада және сыймдылығы 500 литрден аспайтын автоклавтар жергілікті техқадағалау инспекциялары-ның тіркеуіне жатпайды.
1.2 Техқадағалау ұйымдарында тіркелген және тіркелмеген барлық автоклавтар оның иесінің арнайы тіркеу жорналында тіркелуі керек.
1.3 Әр автоклавтың формасына қарай міндетті түрде паспорты болуы керек ( өндіруші-зауыттан беріледі).
2. Бөлмелер дайындау және автоклавтарды қондыру
2.1 Автотклавтар «Медтехника» басқармасына сәйкес арнайы бөлмелерде қондырылуы керек.
2.2 Автоклавтау бөлмелерінің ауданы Құрылыс Нормалары және Ережелеріне (ҚН және Е) сәйкес алынады, ал ауруханалар және поликлиникаларда ҚН және Е П-Л. 9-70 сәйкес алынады.
2.3 Автоклав қолдануға өте ыңғайлы болатындай етіп орналастырылуы керек. Қабырға мен автоклав арақашықтығы 0.8 м кем болмауы керек.
3. Манометрлер және сақтандыру клапандары
3.1 Манометрлерді жылына кем дегенде жылына бір рет пломбаға тексеру қажет, соны-мен қатар әр 6 айда автоклавтар жұмысын қадағалап отыратын ұйым немесе кәсіпорындар жұмысшы манометрді бақылау манометрімен салыстыра отырып тексеру жүргізеді.
3.2 Сақтандыру клапаны автоклавтағы жіберілетін қысым деңгейіне дейін реттеліп қойылуы керек. Клапандар жұмысы үнемі және уақытында тексерілуі керек (4.3).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет