Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1



бет29/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

Сабақтың түрі Тәжірибелік сабақ
Сабақтың қамтамасыздандырылуы:
а) оқу-көрнекілік құралдар слайд, жазбалар, сызбалар
б) үлестірмелі материалдар
в) ТОҚ: мультимедиялы тақта
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Өз бетінше жұмыс: ситуациялық жағдайлармен жұмыс
Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру
Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру
1. Бактериологиялық қоректік орталардың түрлері
2. Бактериологиялық қоректік орталарды дайындау технологиясы
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
10 тақырып
Мақта-дәке тығындарын дайындау
Мақта-дәке тығындары көптеген лабораториялық зерттеу жұмыстарының маңызды бөлігі болып табылады. Мақта-дәке тығындары пробирка, көлемі үлкен емес колбалар. т.б. ыдыстар аузын жабу үшін қолданылады. Ережеге сай, мақта-дәке тығындарын лаборатория қызметкері (лаборант) қолдан дайындайды.
Мақта-дәке тығындарын дайындау үшін ақ медициналық мақта, дәке немесе бинт және ақ түсті жіптер қажет.
Мақта-дәке тығындарын дайындау реті.
Пробиркаға арналған тығынды даййындау үшін 1,5 х2,5 см көлемде мақта алып аздап су бүркеміз, мақтаның шеттерін ішке қарай қайыра отырып, алақанмен тығыздай ораймыз. Тығыздап орағаннан кейін, пайда болған валикке пробирканың диаметріне сәйкес болған-ша, мақтаны қабаттап қоса береміз. Артынан таза дәкемен орап, валиктің төбесін жіппен байлап қояды.
Жұмысты аяқтағаннан соң, дайындалған тығындарды кептіргіш шкафқа немесе жақсы желдетілетін құрғақ бөлмеге қояды.
Мақта-дәке тығындарын құрғақ, таза жерде сақтайды.
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
1) Мақта-дәке тығыны мен жағынды таяқшаны қолдану мақсаты
2) Мақта-дәке тығыны мен жағынды таяқшаға қойылатын талаптар
3) Мақта-дәке тығыны мен жағынды таяқшаны дайындау технологиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет