- гистологиялық бөлім – патологогистологиялық зерттеулерге арналған;
- қоректік орта дайындайтын бөлме;
- автоклав бөлмесі;
- жууға арналған бөлме.
Жоғарыда аталған бөлімдерден басқа кейбір зертханаларда «өндірістік бөлім» бар. Мұнда биопрепараттар дайындалады. Сондай-ақ ірі зертханаларда радиологиялық бөлім болады. Бұл жерде материалдардың радиоактивті ластануы зерттеледі.
Техника қауіпсіздігі – жұмысшылардың денсаулығына зиян келтіретін немесе жара-қатқа ұшырататын қауіпті факторлардың алдын алуға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады. Техника қауіпсіздігі еңбек қорғаудың ажырамас бөлігі және ол жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігімен таныстырып, жұмыс жүргізілетін ғимаратты техни-калық зиянсыз жағдайда ұстауды, қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануды, оқыс оқиға орын алғанда алғашқы көмек көрсету шараларын үйретеді.
Техника қауіпсіздігі «Еңбек заңына» сәйкес дайындалатын нормативтік құжаттар тала-бына негізделеді. Дегенмен, техника қауіпсіздік ережелері барлық оқыс оқиғалардың алдын алуды қамти алмайды, сондықтан бұл ережелерді біліп қана қоймай, оның мәнін түсіну қажет және кез-келген жағдайда қолдана білген жөн.
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
1. Пәннің маңызы мен мақсаты, даму тарихы
2. Ветеринариялы - санитариялық зертханалар және олардағы техника қауіпсіздігі
Сабақтың қорытындысы: конспект
Рефлексия: қосымша сұрақтар беру
Бағалау____________________________________________________________
Үй тапсырмасы:Пәннің маңызы мен мақсаты, даму тарихы. Ветеринариялы - санитариялық зертханалар және олардағы техника қауіпсіздігі
Қолданылатын әдебиет:
Қырықбайұлы С., Садуов М.С., Махышев Т.А., Уразбекова Д.С., Жұмагелдиев А.А. Лабораторное дело. Алматы, 2009г.
Оқытушы______________________________Матенова Н.М.
Достарыңызбен бөлісу: |