Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1



бет5/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

Шұңғыма құйғыштар (воронкалар) – сұйықтарды бір ыдыстан екіншісіне ауыс-тыру үшін, сүзу үшін араласпайтын сұйықтарды бөлу үшін қолданылады. Сүзуге арналған воронкалардың бұрышының биіктігі 45 оС және түбі қиғаш кесілген ұзын болады. Аналитикалық воронкалардың көбінесе ішкі беті сызықты және түбінде шар тәрізді кеңейген жері болады, бұл сүзу процессін жылдамдатуға мүмкіндік береді.
Бөлгіш шұңғыма құйғыштар (делительные воронки) араласпайтын сұйық-тықтарды бөлу үшін қажет. Олар цилиндр немесе алмұрт пішінді келеді және аузы тығыз шыны қақпақпен жабылады, ал түбінде міндетті түрде шыныдан жасалған кран болады. Бөлгіш воронкалардың көлемі 50 мл-ден 2 л-ге дейін жетеді.
Тамызғыш шұңғыма құйғыштар (воронкалар) белгілі бір реактивтерді аз мөл-шерде тамызып қосу үшін қолданылады. Олардың бөлгіш шұңғыма құйғыштар айыр-машылығы жеңіл, жұқа және көбінесе түбі ұзын болып келеді. Тамызғыш шұңғыма құйғыштар жүргізілетін жұмысқа арналған прибордың бір бөлігін құрайды.
Химиялық стакандар пішіні цилиндр тәрізді жұқа шыныдан жасалған ыдыстар. Олар әр түрлі химиялық реакцияларды жүргізу үшін пайдаланылады. Олардың көлемі 50 мл-ден 2 л-ге дейін жетеді. Химиялық стакандар тұмсықты және тұмсықсыз болып келеді. Химиялық стакандар негізінен отқа төзімді шыныдан дайындалады.
Түбі тегіс колбалар пішіні шар және конус тәрізді болып келеді. Олардың көлемі 50 мл-ден 10 л-ге дейінгі аралықта болады. Кең және тар мойынды, қақпақты және қақпақсыз түрлері болады. Конус тәрізді колбаларды «Эрленмейер» колбасы деп атайды. Колбалар көптеген химиялық реакцияларда, титрлеу үшін және әр түрлі ерітінділерді дайындау және сақтау үшін қолданылады.
Бунзен колбасы вакуум-насостың көмегімен сүзу үшін қолданылады. Колбаның жоғарғы бөлігіндегі арнайы түтікше болады, ол вакуум-сорғышқа (насосқа) жалғасады. Бунзен колбасын қалың шыныдан жасайды, себебі қысымның әсерінен колба шытынап, сынып кетуі мүмкін.
Кристаллизаторлар – жұқа шыныдан жасалған, түбі тегіс, көлемі мен диаметрі әр түрлі ыдыстар. Олар химиялық заттардың кристалдарын алу үшін, ал кейде кейбір заттарды буландырып, құрғату үшін су моншаларын пайдалану қажет.
Тоңазытқыштар – сұйықтарды айдауға арналған аппараттардағы бу тамшыларын салқындатып, жинау үшін қолданылады. Салқындатылған бу тамшыларын арнайы қабылдағышқа жинауға арналған тоңазытқыштар «тік», ал қайтадан қайнап жатқан ыдысқа жіберетін тоңазытқыштарды «кері» деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет