Сабақтың түрі : аралас-практикалқ сабақ



бет1/2
Дата08.11.2023
өлшемі19.83 Kb.
#482678
түріСабақ
  1   2
ПКЯ Урок № 7


Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы
«Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК


ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Менің оқу орным. Сан есім. Есімдік. Түрлері, жасалу жолдары.
(сабақтың тақырыбы)


Модуль/пән атауы: КM 03 Оқу ақпаратын тарату, өз бетінше білім алуға үйрету


Педагог Кенжегарина А.А. дайындады


Өткізу күні:


1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ___________


Сабақтың түрі: аралас-практикалқ сабақ
2. Мақсаты: сан есім мен есімдіктің түрлері туралы білімдерін кеңейтіп, теориялық білімдерін практикада көрсете білу. Өз оқу орындары туралы әңгімелеу, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер: мәтін бойынша, берілген тақырып бойынша диалог құрады, сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін ажырата алады, мәліметті жинақтап, постер жасайды.
4. Қажетті ресурстар: интерактивті тақта
5. Сабақтың барысы:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Топпен амандасу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
Грамматика. Сан есім дегеніміз заттың санын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: неше? Қанша? Нешінші? Нешеу?
По своему значению сан есім в казахском языке делится на:
1. Есептік сан есім (количественные числительные)
2. Реттік сан есім (порядковые числительные)
3. Жинақтық сан есім (собирательные числительные)
4. Бөлшектік сан есім (дробные числительные)
5. Болжалдық сан есім (предположительные числительные)
6. Топтау сан есім (разделительные числительные)
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың орнына жұмсалатын сөз табы.
Есімдіктер жіктеледі, септеледі тәуелденеді және көптеледі.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.
1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.
2. Сілтеу есімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.
3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т. б.
4. Өздік есімдігіне әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері, септеліп: өзімнің түрінде қолданылады.
5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.
6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздық мағынаны білдіретін сөздер жатады.
7. Белгісіздік есімдігі – затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін сөздер. Белгісіздік есімдігіне: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет