Сабақтың түрі: Аралас Сабақтың типі: Жаңа оқу материалын оқыту сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, топтық жұмыс


ІІІ. Ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан туындайды



бет6/10
Дата04.10.2022
өлшемі1.96 Mb.
#461914
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ашық сабақ Ақша тарихы және оның қазіргі қалпы

ІІІ. Ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады.
Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктерімен байланысқан, ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Сондықтан ақша еңбек шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қолданылады, өйткені материалдық құндылықтарды бөлу қоғам мүшелерінің шығындаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес жүзеге асады.
Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен өрнектеледі:
Ақшаның жалпы тікелей айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауар мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде барлық жерде ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс;
Ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етед және тұтыну құны бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстырады;
Ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді.


Ақша дегеніміз жалпыға бірдей балама (эквивалент) ретінде бір қолдан екінші қолға ауысып жүретін айналыс және төлем құралы.


Ақша тарихта

Әрине, үйреншікті заттардың тарихын білген әрқашан қызық.Ал ақшаның және ақша жүйесінің тарихы өзіне ғана тән фактілерді емес, елдің, халықтың, экономиканың тарихы қамтиды. Ақша тарихы -өмірдің өзінің ең айқын, ең дәл және сабақ беретін көрсеткіші.


Шығармашылық жұмыс (Ақша тарихы туралы)
Әр топ қысқа өз ойларын ортаға шығып айтады


Бірінші «Құн өлшемі» тобы Кез-келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады.Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері т.б. ескерткіштер ( тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде ХУІІІ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды, оның негізін салушы- Вена нумизматигі И.Х.Эккель


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет