Құн өлшеуіші
Айырбас құралы
Төлем құралы
Қазына жинау құралы
Дүниежүзілік ақшалар
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. Қазіргі таңда мынадай купюралардағы теңге, тиындар айналыста жүр: 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге, тиыннан 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңге
Теңгенің 1/100 бөлігін құрайтын айырбас купюралары мен тиындар бүгінде айналымнан шығарылған.
Инфляция түсінігі 1861 -1865 жж. азаматтық соғыс кезінде пайда болды. Алайда инфляция құбылысы айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі Рим мен ежелгі Қытайда пайда болған. Алтын мен күміс ақша айналымында инфляция болмайды, өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал қажеттілік кезде қазынадан қайта айналымға түседі. Осылайша ақша айналымы өзін-өзі реттей алады. Нақты қағаз ақша айналымында, толымсыз ақша көрсеткіштерінде міндетті түрде инфляция болады. Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономикамен қоғамға шын қауіп қатер төндіреді. Сонымен инфляция айналым шеңберін тауар айналымы қажеттілігімен салыстырғанда қағаз ақша жиынымен толтыруды, олардың бағасының төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағаларының көтерілуін, ақшаның сатып алатын қабілетінің түсуіне соқтыратын әлеуметтік экономикалық феномен. Осы заманғы инфляция жүйелі сипатымен көрінетін ерекшеліктерге ие және бұл құбылыс тек бағаның өсу нәтижесінде туындайтын ақшаның арзандау көрінісі ғана емес, сонымен қоса ол бүкіл ел экономикасының мүшкіл қаліне байланысты болып келеді. Инфляция дегеніміз ақшаның құнсыздануы.
ІІ. Қазақстанның ұлттық ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді. Ақша белгілерін теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып, ұлттық банк жасаған. Ал қазіргі қолданылып жүрген жаңа ақшамызда, әрбір купюрда «Астана Бәйтерек» монументінің бейнесі, мемлекеттік әнұранның нотасынан үзінді, елтаңба байрақ бар. Купюрдың сыртқы жақ бетіндегі алақан бейнесі, ол сенім мен адалдықтың, ақиқаттың символы. Жаңа ақша белгілері ескі үлгіден тек көлемі (биіктігінен 4 мм және ені жағынан 3 мм артық) жағынан ғана емес, түрлі түсті бояулы болғандығымен ерекшеленеді. Мысалы, екі жүз теңгелікте қызғылт сары жасыл түс басым; бес жүз теңгеде көк сұрғылт; бір мың теңгеде сары қоңыр түс; екі мың теңгелік жасыл реңді болып келсе, бес мың теңге қоңыр қызыл, он мың теңгелікте жұмбақтау келген күлгін түсті рең басым.
Жаңа купюрлардың түсті көшіруден қорғалу деңгейі жоғары, ал екі, бес, он мың теңгелік наминалды банкноттарды шетін бүккен мезгілде түстерін өзгертеді. Сериялық нөмірлері және ақшаның өзі фосфоресиялды қара бояумен басылып шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |