3-оқушы. Ақша жинаңыз. Тек ақшаны тойға жақсылыққа, оқуға, жаңа дүние сатып алуға, саяхатқа шығуға, жақсы демалуға жинаңыз.Ақшаны қара дүниеге деп жинамыңыз.
4-оқушы. Ақша үлкен қуат көзі болғандықтан әрі ұқыптылықты жақсы көретіндіктен ең бірінші жақсы әмиян таңдап алыңыз. Сосын оған әр тиынды дұрыстап тұрып салыңыз,әмияныңызды сыртынап сипап оған жылы сөздер айтыңыз, ақшаның еркелеткенді жақсы көретінін естеп шығармаңыз.
5-оқушы. Ақшаны түнде беруге, түнде алуға болмайды.Себебі ақша да табиғаттың құрлым бөлшектері сияқты таңертең оянып,түнде ұйықтайды.
А қ ш а ғ а б ә р і н с а т ы п а л у ғ а б о л м а й д ы
Өмірде ақша қаншама құдіретті күшке ие болғанмен оның билігі жүрмейтін жерлер,ешкім де ақшаға сатып ала алмайтын нәрселер көп.
Мысалы,денсаулық. Тәтілерден ақша үнемдесеңде де ішер асыңа үнемдеме, әдемі киімге үнемдесең де жақсы кітаптан ақша аяма. Естеріңде болсын: ақшаға көтеріңкі көңіл-күйді,жақындарыңның сыйластығын, махаббатты сатып ала алмайсың. «Ақылмен алтын табылар, алтынмен ақыл табылмас».
Рас, қазір біздің қоғамда ақшасын қомақты еткісі келетін жастар легі баршылық. Сендер де болашақта іскер, кәсіпкер болсаңдар ақшаның күші мен құдіретін білдіретін жеті ережені есте ұстаңдар.
Мал баққанға, ақша адалдан тапқанға бітеді.
Ақша туралы арам ой да зиян.
Алаға қолым береген. Үстемелеп берсеңіз, үстемелеп аласыз.
Қайырымдылықпен айналысыңыз, шығынның қайтарымы мол болады.
Басы артық дүниеңізді басқаларға беріңіз, Алғысының күші ақша болып қайтады..
Жанашырлық жасағанды Жаратқан ием жарылқайды. Біреуге міндетті түрде көмектесетін бол.
Фәнидегі басты паызың-қайырым, садақа. Оны ұмытсаң өзің де ұмытыласың.
Ақша философияда (6-слайд)
Американың бизнестегі жеетекші философия Джим Ронның адамның іскерлік қабілеті мен жеке басының қасиеттерін өзгертудің, дамытудың негізгі шарттарымен шұғылданғанына 30 жылдан астам уақыт болыпты.
Джим Рон басқа адамдарды оқыту мен жігерлендірудің өзіндік эталоны бола біледі. Оны тыңдаған немесе кітаптарын оқыған адамның арманы асқақтап ерекше күйге бөлінеді екен. Ол кісінің айтуы бойынша: «Сіздің ақша жайыңызды айқындайтын экономика емес; шешуші жағдай-өзіңіздің өмірге көзқарасыңыз».
Біреудең жоспарын көшіріп алмаңыз. Өзіңіздің даналығыңыздың дамытыңыз, ол сізді жаңалық пен ерекшелікке жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |