2-тапсырма. Жұпта оқып, 1 минут өзара талқылайды.
Оқушыларға талдауға мүмкіндік беретіндей ауызекі сөйлеу стилінде жазылған мәтіндер беріледі.
Ауызекі сөйлеу стилінің ерекшелігі:
Адамдардың бетпе – бет кездесуі арқылы жүзеге асады;
-сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолданылады;
-сөйлем ықшам құрылады;
-арнайы мәнермен айтылады;
-даярлықсыз өткізілу (сөйлеу)
Стильге тән тілдік тұлғалар (қолданыстар)
-Жергілікті сөздер (диалект, кәсіби сөздер);
-Қарапайым сөздер (ренішке, ұрысуға байланысты сөздер) ;
-Сұраулы, лепті, толымсыз сөйлемдер жиі қолданылады;
-Инверсия ( сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің сақталмауы) жиі кездеседі.
-Көбіне диалог түрінде және эмоциялы болады
Оқылымалды тапсырмасы.Қыстыгүні қандай киімдер киеміз? Сырт киімнің қандай түрлері бар? Тон қандай киім? Оның түрлерін кім біледі?
Сәйкестендіру тесін ауызша орындайды
Дұрыс жауап слайдтан көрсетіледі.
Тон – иленген қой терісінен, жүнін ішіне қаратып тіккен жылы қалың сырт киім. Іліктон – құдалыққа барғанда сыйға тартылатын әдемі тон.Шентон – лауазымдылық киім, мундир. Оқалы тон – оқа, түйме тағылған, сыйға тартылатын әдемі тон. Қырмызы тон - қыз-келіншектерге арнап қызыл масатыдан тігілген шапан. Қамқа тон- жұмсақ қып иленген қой терісінен тігілген қаусырма белдігі бар қымбат та сәнді сырт киім.
Достарыңызбен бөлісу: |