Біріншіден, ер адам өзін ерекше сезінгісі келеді. Ол басқа
жігіттермен салыстырғанын қаламайды. Сондықтан жігітпен
сөйлескенде: «анау досым, мынау бұрынғы жігітім,
құрбымның жігіті, құрбымның күйеуі» деген сияқты сөздерді
ешқашан айтпаңыз. Салыстырғыңыз келсе тек жақсы жағымен
салыстырыңыз. Мысалы:
-Қарлығаштың күйеуі 8 наурызға сыйлық бермепті, біртүрлі
көрінеді ғой, ұялып кеттім, қандай жақсы сен романтиксің,
маған көңіл бөлесің, жұмыс істемесең де амалын тауып маған
сыйлық бердің, сыйлық алмаған ол біртүрлі ғой, қандай жақсы
сен ондай емессің,- деп, салыстырмалы түрде айтқыңыз келсе
тек мақтап айту керек. Ол бірінші ереже.
ЖІГІТПЕН ҚАЛАЙ СӨЙЛЕСУ
КЕРЕК?
Некеге дейін...
85
Екіншіден, басқа адамдардан ол өте ақылды, өте білімді,
сондай әзілқой екенін сезгісі келеді. Ер адамның эгосы қыз
балаға қарағанда өте жоғары болады. Егер ер адам қыздың,
әйелдің жанында өзін күшті, ақылды, өзін кез-келген мәселені
шешіп тастайтын адам сияқты сезінбесе, ол басқа қызды
іздейтін болады.
Ең бірінші ер адам әйелден іздейтін нәрсе ол- эмоциялық
жағдай. Яғни қыздың жанында өзін эмоциялық тұрғыда
толыққанды сезінгісі келеді. Ер адам қыз баладан энергия
алады. Энергияны қыз бала беруі үшін, сіз өзіңіз толыққанды
болуыңыз керек.
Қыз балада энергетикалық сосуд болады. Ол сосудты әртүрлі
нәрселермен толтыруға болады. Біліммен, хоббиларыңызбен,
өзіңізге ұнайтын киноны көріп уақыт өткізу, яғни бұл өз-
өзіңізді дамыту, уақыт өткізу. Жігітіңізбен емес. Тек қана
құрбыларызбен, анаңызбен, туысқандармен немесе жалғыз
өзіңіз өткізетін уақыт. Сосудты сол арқылы ғана толтыруға
болады. Үнемі даму үстінде болу, самооценканы көтеру
осының барлығымен сосудты толтыра аласыз. Жалғыз
жүрсеңіз де, жігітіңіз жоқ болса да сол сосуд сізде толып тұруы
керек. Сосудтың толып тұрғанын қалай сезесіз? Мысалы,
сіздің жігітіңіз жоқ болғаны үшін өзіңізді кем сезінбеуіңіз
керек. Менің жігітім жоқ
Біреумен жүргім келіп жүр
Біреумен қарым-қатынас құрғым келіп жүр
Барлығының қол ұстасып жүрген жігіттері бар
Мен де солай қол ұстасып жүргім келіп жүр
Барлығына жігіттері сыйлық береді
Мен де солай сыйлық алғым келеді.
Міне осындай ойлар нені білдіреді?
Сіз өзіңіздің сосудыңызды жігітпен толтырғыңыз келіп тұр
деген сөз. Ал бұл дұрыс емес! Сіз осы күйде жігітпен жүріп
Некеге дейін...
86
бастайтын болсаңыз, сізде "қанша жігітпен жүрсем де, барлығы
аяғында жоқ болып кетеді, неге олай?" деген сұрақтар пайда
болады. Сіз сосудыңыз бос күйде жігітпен қосылғаннан кейін
жігітке энергетиканы берудің орнына, сіз өзіңіз сол
энергетиканы ала бастайсыз.
Маған көңіл бөл
Сыйлық бер
Менімен кездес
Инстаграмыңның паролін бер
Неге ана қызға лайк басасың
Неге мына қыздарға тіркелесің
Ана қызбен араласпа
Осындай сұрақтармен, осындай ойлармен сіз жігітіңіздің
энергетикасын сора бастайсыз. Егер жігіт сізге көңіл бөлмесе,
сіздің сосудыңыз бос болып тұра береді. Сіз одан сайын оған
жабыса бастайсыз. Ол кейін жай ғана жоқ болып кетеді. Бұл
дұрыс нәрсе емес. Сондықтан, ең бірінші сіздің энергетикалық
сосудыңыз, бос уақытыңыз, араласып жүрген адамдарыңыз,
көңіл-күйіңіз жігітіңіздің бар-жоғына байланысты болмауы
керек. Ешкіммен жүрмесеңіз де бақытты болуыңыз керек.
Қазіргі қыздар немен айналысатынын білмейтіні соншалықты,
жалғыз қалмауы үшін ғана жігітпен жүреді. Себебі, жалғыз
қалудан қорқады, іші пысады. Үнемі біреумен сөйлесіп отыруы
керек, үнемі біреуге көңіл аударғысы келеді.
Жігіт өзі толықтай жеке тұлға болғаннан кейін, жанында
толықтай жеке тұлға қыз болғанын қалайды. Екеуі бір-бірін
толықтырады. Ал өзі толықтай жеке тұлға жігіт, сосуды бос
қызбен
қарым-қатынас
құрғанда,
жігіт
толыққанды
энергетикасын қызға беріп жібереді, ал өзі бос және түсініксіз
күйде қалып қалады. "Не істеп жүрмін мына қызбен?" деген
ойы пайда болады. Сондықтан ол "Мен бұл қыздың жанында
өзімді керемет сезінбеймін, өзімді пайдасыз сезінемін,
Некеге дейін...
87
себебі, кездессек тек құшақтасып, сүйісеміз болды, басқа
істейтін ештеңе жоқ. Біз ештеңені талқыламаймыз. Біздің
айтатын әңгімеміз жоқ. Біз кездескенде сағынышымызды
физикалық тұрғыдан ғана емес, интеллектуалдық тұрғыдан да
баса алмаймыз" деп ойлайды. Өзі анықтай алмайды не үшін
айырылысқысы келетінін және сізге түсіндіріп бере алмайды.
Сізге "Мен өзімнің не қалайтынымды білмеймін" деп айта
салады.
Егер жігіт солай айтса, сіздің жаныңызда өзін керемет, ақылды,
романтик, нағыз еркек сияқты сезінбейді. Сіздің жаныңызда
өзін тек қана сізді ренжіте беретін біткен адам ретінде сезінетін
болады. Ал жігітке бұл ұнамайды. Ол өзін керісінше күшті
сезінуі керек. Ер адам қызбен не үшін жүреді? Эмоционалдық
жағдайы күшті болуы үшін ғана қызбен бірге болады. Ал
қыздар сол махаббатымен бөлісу үшін, энергетикасын беруі
үшін жігітпен бірге болады.
Бір-бірімен энергия алмасу ол өте дұрыс нәрсе. Мысалы, ток
өзінің күшін беру үшін, +, - болуы керек. Егер екеуі де +
немесе - болса ток бармайды. Дәл сол сияқты жігіт пен қыз да
+ пен - болады. Энергия алмасады. Бірақ көбінесе жігіт өзінің
энергетикасын толтырады. Енді не істеу керек?
Қалай жігіттің энергетикалық жағдайын күшті етуге
болатынын айтайын.
Біріншіден, ол жасанды болмауы керек. Яғни сіз өтіріктен
қолдан жасап алып, оны ақылды деп ойламасаңыз да "сен
сондай ақылдысың" деп комплимент айтып тұрсаңыз, бұл
жүзеге аспайды. Немесе ол әдемі емес болса, бірақ сіз оның
түріне қарап "жаным, сен сондай әдемісің" деп айтсаңыз, жігіт
сіздің өтірік айтып жатқаныңызды біліп тұрады. Бұлай жасауға
болмайды.
Энергетикаңызды толықтырыңыз. Қалай? Самооценкаңызды
Некеге дейін...
88
көтеру қарым-қатынаста ең басты орынды алады.
Самооценкаңызды көтерсеңіз, сол самооценкаға байланысты
басқа да тармақтар кетеді. Хоббиіңіз болады (тоқу, сурет салу,
кітаптар оқу, кітап жазу, анкета толтыру, тамақ жасау, торт
пісіру т.б). Сериал қараудың өзі хоббиіңіз болуы керек.
Сералды тек бос уақытыңыз болған үшін ғана емес,
энергетикаңызды толтыру үшін көрсеңіз, онда сіз өзіңізді
сондай бақытты сезінетін боласыз. Сондықтан хоббиіңізді
табыңыз, міндетті түрде хоббиіңіз болуы керек.
Үшіншіден, көңіліңізді көтересіз. Сіздің киноға баруыңыз,
киімдер сатып алуыңыз, балмұздақ жеп келуіңіз, кафеге
баруыңыз, соның барлығы жігітпен өткізген уақыттан тыс
көбірек болуы керек. Яғни кафеге барсаңыз тек қана жігітпен
барасыз, киноға барсаңыз, тек қана жігітпен барасыз, киім
алсаңыз, тек қана жігітпен барып аласыз. Жоқ, олай болмауы
тиіс. Себебі, сіздің энергетикалық сосудыңыз тек жігітпен ғана
толады. Ол дұрыс нәрсе емес.
Сосудты толтырып тастадыңыз, енді не істейсіз? Сол сосудты
толықтыру
арқылы
жігітке
тәуелділіктен
арыласыз.
Тәуелділіктен арылғаннан кейін жігітіңізбен сөйлескенде
көзқарасыңыз өзгереді. Үнемі критиканы қоя бастайсыз.
Жігіт сізбен сөйлескен сайын өзін нашар адам сезінбеуі керек.
-Сен маған қарағанда достарыңа көбірек уақыт бөлесің, қалаға
келсең бірінші достарыңа барасың, сосын маған келесің, сен
құпияларыңды бірінші анаңа айтып бересің, сосын маған
айтасың, - міне осының барлығы оған "сен жамансың, қалай
жүріп жүрмін сен сияқты адаммен" деген сияқты болып
жетеді. Ол өзінің бос сосудын толтырғысы келеді, сосын басқа
қыздармен сөйлесіп бастайды. Міне, осыдан кейін қыздарда
"не үшін ол басқа қыздармен сөйлеседі, ол қызқұмар, не
жетпейді оған" деген ойлар пайда бола бастаса, менің
сөздерімді еске алыңыздар. Жігіт өзінің қызынан
комплименттер естімесе, өзін күшті сезінбесе ол өз-өзін көтере
алмайды.
Некеге дейін...
89
Егер қызы оны шаршата берсе, энергетикасын сорып тастаса,
тек қана ұрсып, ренжісе берсе осының барлық салдарынан
жігіт өзінің самооценкасын түсіріп алады. Ол самооценканы
көтеру үшін Instagram-дағы әдемі қыздарға жаза бастайды
немесе әріптестерінің құрбыларымен кездесе бастайды.
Ер адаммен қыз бала жүріп бастаған кезде, қыздардың көздері
жайнап, сол жігітінен басқа ешкімді көрмей, махаббаттары
күшті болып, сондай ерекше сезімде жүреді. Ешқандай ұрыс-
керіс жоқ, бір-бірін әлі танымайды. Күнде таныған сайын
бауыр басып керемет болады. Жігіт сол қарым-қатынастың бас
жағында өзін бір еркек сезінеді, сол қызды жалғыз өзі бақытты
ете алатын адам ретінде сезінеді. Бұл қарым-қатынастың
басында болатын нәрсе.
Ал қазір күнде ұрыс, күнде критика, реніш. Сосын ол өзін
нашар адам сезінеді. Сол кезде өзінің самооценкасын көтеру
үшін басқа қыздарға жаза бастайды. Себебі, олармен енді
сөйлесіп бастағанда, ол қыздар сіз сияқты бақыттан басы
айналып, бір-бірін танымай, оның самооценкасын көтеріп,
жалғыз идеалды еркек сол сияқты екенін жігітке сездіреді.
Жігіт солай 2-3 қыздан энергетикасын толтырады,
самооценкасын көтереді, кішкене жақсы болады. Сосын бір
айдан кейін сізге қайтып келеді. Себебі, ол сіздің жаныңызда
қандай нашар адам болғанын ұмытып кеткен. Қайтып келген
соң, сіз сол бұрынғы нәрсені айта беретін болсаңыз, нашар
адам екенін қайтадан көрсете бастасаңыз, ол тағы да қашып
кетеді. "Бұл әлі өзгермепті ғой, баяғы жартас сол жартас" деген
сияқты ойда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |