Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет8/56
Дата05.10.2022
өлшемі2.08 Mb.
#462052
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
2 5226507378509221292

ТАПСЫРМА


Танысуға тұрарлық бикеш, танысуға тұрарлық сұлу қыз
болыңыз деп айтқым келді. Ондай қыздардың қасиеттері
қандай? Қандай көріністе болады ондай қыздар? Жігітті өзіне
қарату, өзіне ғашық ету, неше түрлі сыйлықтар сыйлатып,
артыңыздан жүгірту деген сияқты күшті-күшті бізге ұнайтын
тақырыптарға келмес бұрын, ең бірінші өзіңіз соған
тұрарлықтай болуыңыз керек дегім келеді. Алдымен
өзіңіздің стандартыңызды көтересіз, яғни қандай жігітті
қалайтын болсаңыз, тура сондай стандартта өзіңіз де
болуыңыз керек. Мен қыздардан сұрадым. Сіздің өмірлік
жарыңыздың қасиеттері қандай болуы керек деп едім, маған
толықтай тізім шығарып берді. Общительный, ақкөңіл, оның
көп достары болу керек, алдына мақсат қоя білетін, шешім
қабылдай алатын, жұмысы бар, өзіне деген сенімділігі бар,
самооценкасы күшті, сөзінде тұратын деген сияқты күшті-
күшті қасиеттерді айтып берді. Жігіттен сұрайтын болсақ
қандай қызды қалайсың деп, ешбір жігіт кез-келген қыздар
бола береді, ең бастысы, мені жақсы көрсе болды ғой деп
айтпайды. Жігіттердің де өз стандарттары бар. Ол
стандарттар сіздің бойыңызда болуы керек. Әрине, әр
адамның өзінің минустары болады, өзгертілмейтін мінездері
болады. Бірақ мен сіздерге айтқым келетін нәрсе, әрбір
әйелде 4-5 болу керек қасиет бар. Ол - ең біріншісі нәзіктік,
өзіңізге деген сенімділік, тәуелсіздік және мақсатқа жету
қасиетіңіз. Осы 4-5 қасиет арқылы кез-келген жігітті өзіңізге
қарата аласыз. Яғни самооценкасы күшті, өзіне сенімді
жігітті қарата аласыз.
ЕР АДАМҒА ҰНАЙТЫН
ӘЙЕЛДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
(СЕНІМДІ ӘЙЕЛ)
Бірінші өзіне деген сенімділігі бар әйел туралы қозғаймыз. Ол
әрбір махаббатқа тұрарлық әйелдің бойындағы қасиет. Яғни,
әйел немесе қыз өзінің жеке тұлға екеніне нық сенімді болуы
керек.
Некеге дейін... 
19


 Өзіне сенімді әйел қандай болады?
•Өзіне сенімді әйел абыройы жоғары, өзіндік тұлғасының
бағасы қаншалықты екенін біледі, өз қасиеттеріне және
қабілеттеріне сай келетін, өзіне қандай адам керек екенін және
не керек екенін нақты біледі. Ондай әйелдің абыройы өте
жоғары болады. Намысы және абыройы бар әйел міндетті түрде
өзіне сенімді болады. 
•Өзіне сенімді әйел адам қарым-қатынастан не керек екенін
нақты біледі. Егер қарым-қатынастан өзіне керекті сол сезімді,
атмосфераны ала алмаса, еш ұялмай, қысылмай ол жігітке
айта алады. «Ренжімеші жаным, маған мұндай нәрселер
ұнамайды. Маған керегі басқа қасиеттер» деп өзіне ұнайтын
нәрселерді айта алады. Егер өзі қалайтын қасиеттерді,
атмосфераны, махаббатты, қарым-қатынасты адам бере алмаса,
өкінбестен, тіпті, жігітті жақсы көрсе де сол қарым-қатынасты
тоқтатып, кетіп қала алады. 
•Өзіне сенімді әйел оны ренжітетін адамды жақсы көрмейтін
болады. Себебі, оның жүрегі, абыройы ондайға барғызбайды. 
•Өзіне сенімді әйел жігітпен танысқан кезде, ол жігіт ұнамаса,
тым мақтаншақ, іш пыстыратын еркек болса әйел адам өзін
қинамайды. Ол сол жағдаяттан білдіртпей, ыңғайсыздық
тудырмай, жай ғана жағдаяттан шығып кетеді. Өз уақытын құр
босқа құртудың орнына, ер адаммен жай ғана сөйлеспей
қояды. 
•Өзіне сенімді әйел кез-келген жігіттің өмірінде пайда болып,
оның өмірін жақсартып, керемет қылып жібере аламын деп
өзіне сенеді.
Некеге дейін... 
20


Мен бір деректі фильм көрдім. Ерлі-зайыпты 40 жыл бірге
бақытты өмір сүріпті. Ер адам әйелін 40 жыл өтсе де жақсы
көреді. Бұл бақыттың, махаббаттың сыры неде деп сұрақ
қойса, әйелі күйеуіне айтады екен:
-Білесің бе, мен сені құтқардым. Жолың болғыш адамсың, мен
сияқты ешкім сені танымас еді, мен сияқты ешкім сені бақытты
қыла алмас еді. Егер де сен өміріңді басқа әйелмен байлайтын
болсаң, менің ойымша, сен қазіргі бақытты кезің сияқты бола
алмас едің,- деп, өзіне деген сенімділігін солай жеткізіп жатыр.
40 жыл өткеннің өзінде әйел адам соншалықты өзіне сенімді. 
Сосын ойлай бастайсың, қалай еркек бұл әйелден кетіп қалған
жоқ, қалай әлі күнге дейін оны жақсы көреді. Міне, барлық
құпия - әйелдің өзіне деген сенімділігінде, жеке тұлға мен
абыройының бар екендігінде. Өзіне сенімді әйел кез-келген
адамдардың арасында өзін ыңғайлы сезінеді. Тіпті, ол ұялшақ
болса да өзін еркін ұстай алады. Кез-келген адаммен тіл табыса
алып, егер оны ренжітетін адам болса сол адамды өз орнына
қоя біледі. Туған күнге, кафеде кездесуге, қыздармен
жиналысқа, концертке барса да өзіне сенімді әйел өзінің
сұлулығында, ақылдылығында шек жоғын және сол бара
жатқан жерде оны көрген барлық ер адам құлап, сол әйелмен
танысқысы келіп, сүрінетінін алдын-ала сезіп, біліп оған
сенімді болады. Өзіне сенімді әйел ешқашан өзін басқа бір
қыздармен, келіншектермен салыстырып, уақытын босқа
кетірмейді. Айналасындағы қоршаған әйелдерге ұқсағысы
келіп, үлгі алмайды. Яғни ол жалғыз жеке тұлға.
Білесіздер ме қыздар? Танысуға тұрарлық қыз деген ол
ешкімге ұқсамайтын қыз. Оның киімі ерекше болуы мүмкін,
дауысы, жүрісі, қимылы ерекше болуы мүмкін. Ол басқа
адамдармен бірігіп кетпейді. Оның жеке өзіне ғана тән
ерекшелігі болады және сол ерекшелікті міндетті түрде
сырттағы адамдар байқайды. 
21
•Өзіне сенімді әйел ешқашан келесідей нәрсе үшін көңілін
түсірмейді. Мысалы, оның көзінше жігіт онымен емес,
жанында 
Некеге дейін... 


тұрған қызбен танысуы мүмкін, комплимент айтуы мүмкін.
Бұл оның көңілін түсірмейді. Себебі, ол өзінен әдемірек,
ақылдырақ, дене бітімі күштілеу қыздар болуы мүмкін екенін
біледі. Бірақ барлық жігіттер тек қана бір адамға қарап, бір
адамды ұнатуы міндетті емес. Себебі, әр адамның талғамы әр
түрлі. 
Жігіттер 
әйел 
адам 
түр 
әлпетімен 
ғана
ерекшеленбейтінін, 
сонымен 
қатар, 
ақылдылығымен,
білімімен, ішкі дүниесімен ерекшелене алатынын біледі.
Жаңағы жігіт жанындағы әдемі қызбен танысуы мүмкін. Бірақ
әрі кетсе бір ай, одан кейін қарым-қатынастары жалғаспайды.
Не үшін? Себебі, сырты әдемі болғанымен, адамның іші әдемі
емес болуы мүмкін. 
Менің өмірімде ондай жігіттер өте көп кездескен. Сымбатты,
келбетті. Менің университетімде, жұмысымда барлық қыздар
сол жігітке ғашық болатын. Мысалы, менің группамда екі жігіт
бар, басында маған қатты ұнады. Сондай сұлу. Бірақ қалай сол
екі жігіт келіп, танысып әңгімелесіп бастайын деп еді, 15
минуттан кейін менің сөйлескім келген жоқ ол жігітпен.
Себебі, тілі, сөйлескен әңгімесі түр-әлпетіне сәйкес келмейді.
Түсінесіз бе? Қарасаңыз сондай сымбатты, бірақ қалай әңгімені
бастайды, түк қызық емес. Әр сөзі кішкентай баланың әңгімесі.
Менің талғамыма сәйкес келмейтін әңгімелерді айтады. Өзіне
деген сенімсіздігін білдіріп қояды. Тіпті дауысының өзі, тембрі
маған ұнамай қалды. Дәл солай қыздарда да болады.
•Нағыз тұрарлық әйел өзіне тек қана түрімен ғана қаратпайды.
Ер адам ондай әйелмен сөйлескенде «Мәссаған, мен мына
қызды әдемі деп ойлап едім, сөйтсем әдемі ғана емес, сонымен
қоса ақылды екен ғой» деп ойлайды. Сол әйелмен араласқан,
сөйлескен ер адамға жағымды болатыны соншалықты, ол үшін
оның сұлулығы екінші орында тұрып қалатын болады.
Мен қазір бір мақтанып қойғым келіп тұр. Мен күйеуіммен
қыз бен жігіт болып жүргенде 49-50кг болдым. Менің дене
бітіміме барлық қыздар қызығатын. Дене бітімім өзіме
ұнайтын. Тұрмысқа шықтым да жұмысқа шықпай жүрдім,
үйде отырдым, 10кг қостым. Қазір менің салмағым 60 кг.
Некеге дейін... 
22


Қыздар мені көрсе толып кетіпсің ғой деп айтады. Бірақ осы
уақытқа дейін күйеуім маған мүлдем «сен толып кетіпсің» деп
айтып көрмеген. Күнделікті таңертең тұрғанда немесе
жұмыстан келгенде «Сондай әдемісің» деп айтады. Оның
әңгімесі әлі күнге дейін өшкен жоқ. Күніне 6-7 рет сөйлесеміз.
Оған, тіпті, менің сұлулығым маңызды емес сияқты болып тұр. 
Маған кейбір қыздар «мен фитнеске де, маникюрға да,
косметологқа да барамын, бірақ күйеуім басқа қыздармен
сөйлеседі, екеуміз әңгімелеспейміз» дейді. «Басқа қызбен архив
хаттарын оқысам, жақын дос сияқты әңгімелеседі. Не үшін? Не
істесем болады? Ол жігітті қалай жазалаймын» дейді. Мен
айтамын «жігітті жазалайсыз, қайтып ол қызбен сөйлеспесе де,
басқасымен сөйлеседі ғой. Жақсы, ол ешкіммен сөйлеспеуі
мүмкін. Бірақ сізбен қарым-қатынасы өзгермейді ғой» Не үшін
білесіз бе? Себебі, әйел адам өзі қызықты болмаса, яғни іш
пыстырарлық, ешқандай жаңалығы жоқ, ашық оқылған кітап
сияқты болса, ешбір адам сол қызбен, әйелмен уақытын
өткізгісі келмейтін болады. Не үшін ер адамдар тіпті көзге шөп
салмаса да әріптестерімен, жұмыстағы қыздармен хат арқылы
сөйлеседі? Себебі, қызық. Ер адамға флиртовать еткен ұнайды.
Менің не айтқым келіп тұр? Сіздің сұлулығыңыз маңызды
нәрсе емес. Ең бірінші кездесуде мүмкін сіз ер адамды үлкен
көзіңізбен, дене бітіміңізбен қарата аласыз. Бірақ ол қарым-
қатынас ұзаққа бармайды. Неге жігіт жоқ болып кете береді?
Неге жігіт қайта-қайта кетіп қалады, кейін қайта келеді. Жай
ғана ер адамға кейде іш пыстырарлық кездері болады. Іші
пысса солай жоғалып кететін болады. Сондықтан өзіңізге
сенімді әйел болуыңыз керексіз.
•Өзіне сенімсіз әйел үнемі біреудің ойын, келісімін күтеді.
Мысалы, шаш үлгісін өзгертсе көзіне түскен адамнан жараса
ма, жараса ма деп, көйлек кисе де «ой әдемі екен» деп біреу
айтса екен деп сұрап жүреді. Себебі ол өзіне сенімсіз. Оған
пікірін өзгерту үшін міндетті түрде басқа адамдардың,
қоршаған ортаның сөзі керек. Өзіне сенімсіз әйел сезімін
білдіре алмайды. Өз сезімдерін айтуға қорқады. Егер сенімсіз
болсаңыз университетте оқып жүргенде, жұмыс жасап 
Некеге дейін... 
23


жүрсеңіз, қыз бен жігіт болып қарым-қатынаста болып
жатсаңыз, өз ойыңызды айтуға қысыласыз. «Ал менің ойым
оның пікірімен сәйкес келмей қалса ше, оған менің пікірім
ұнамай қалады» деп ойлайсыз. «Мүмкін жұмыстағы адамдар
менің ойыма, пікіріме, сұрағыма күлетін шығар» деген ойлар
мазалайды. Осындай сенімсіздігіңіз болса ол қоршаған ортаға
бір көзқарастан көрінеді. Мен көшеде кетіп бара жатып кім
өзіне сенімді, абыройлы, ал кім өзіне сенімсіз, күмәнді адам
екенін бірден анықтай аламын. Ер адамға да, әйел адамға да
қарап соны байқай аламын.
•Өзіне сенімсіз әйел көнпез болады. Яғни оған бір нәрсе
ұнамай тұрса үнсіз қалып көне салады. Жігітпен таныссаңыз
немесе қазір қарым-қатынаста болсаңыз, ер адам бірден сіздің
өзіңізге сенімсіз, көнпез екеніңізді сезіп қояды. Сосын мына
әйел адам мен үшін барлығына да дайын болады деп ойлайды.
Барма десем бармайды, киме десем кимейді, ішпе десем
ішпейді, отыр десем отырады, тұр десем тұрады деп ойлайды.
Ал жігіттерге тойға дейін толықтай оның айтқанынан
шықпайтын әйел адамдар ұнамайды. Қазір сізге «мені
тыңдауың керек, мен сенің болашақ күйеуіңмін» деп айтуы
мүмкін. Бірақ ондай жігіттерге өзіне сенімді, оның көзқарасын
біржақты қоюға болатындай қыздар ұнайтын болады.
-Жоқ, жаным, ренжіме, әрине, егер маған осы үшін қыз сияқты
ренжігің келіп тұрса, онда ренжи бер. Бірақ мен өзіме ұнайтын
іспен айналысамын, өзіме ұнайтын адамдармен араласамын.
Бұл маған керек, мен өзімді сол адаммен көңілді сезінемін.
Мен робот емеспін ғой, немесе балаң емеспін, әйелің емеспін
сенің айтқаныңнан шықпай отыр десе отырып, тұр десе
тұратын. Сен маған ренжіме. Егер ондай қыз маған керек емес
деп ойласаң онда кете берсең болады. Бірақ мен өзгермеймін, -
деп айта алатын қыздар ер адамға ұнайды. 
Ер адам өзіне қатты сенімді әйелмен сөйлесіп жатқанда өзін
ерекше сезінеді. Не үшін? Мысалы, сіз президентпен сөйлесіп
немесе бір бірқатар әйелдер тұрса, ал президент сізбен келіп 
сөйлессе қандай сезім болады? Сізде ерекше бір мақтаныш,
24
Некеге дейін... 


қуаныш сезімі болады, иә? Бұл да дәл солай. Ер адам ойлайды,
өзіне сенімсіз біреу онымен амандасса, онда ешқандай от
оянбайды. Ал өзіне сенімді, абыройлы, көнпез емес ерекше
әйелмен сөйлескен кезде, ер адамның сол кезде өзінің
самооценкасы да жоғарылайды. Онда бірден сол әйел адамға
тұрарлық еркек болуым керек деген ой пайда болады. Өзіне
сенімділігі жоқ әйелге еркек қызығушылығын бірден
жоғалтады. 
Не үшін сіздің жігітіңіз бірде бар, бірде жоқ? Демек сіз өзіңізге
сенімсізсіз. Сіз ол еркекті жоғалтып алуға қорқасыз. Демек ол
еркек бұрын сіздің сенімсіз, абыройыңыз түсіп қалған қыз
екеніңізді біледі. Оған енді қызық емес. Ал не үшін қайтып
келеді деген қыздарға - оның себептері көп. Ол себептер
туралы мен басқа тақырыпта қозғаймын.
•Өзіне сенімді әйел адам ер адамнан өзіне не керегін нақты
біледі. Егер ер адам оған аздау нәрсе беріп жатса ол ешқашан
көне салмайды. 
Маған бірінші орында сауатты ер адамдар ұнайтын. Қанша
жігітпен танысып, сөйлесіп, дос ретінде араласқым келді.
WhatsApp-та хат жазысқанда сауатсыз болса, тіпті ол бай,
сымбатты, сөзінде тұратын жігіт болса да мен араласуды
доғаратын едім. Мен өзім туралы айтып жатырмын. Сауатсыз
ер азаматқа мен қарамайтынмын. Себебі менің стандарттарым
басқа. Ал өзіне сенімсіз әйел кез-келген стандартқа көне
салады. Өзіне ұнамаса да көнеді. 
Ер адам өзіне сенімді, абыройлы әйел адамның жанында жақсы
жағынан көрінгісі келеді. Себебі, бұл әйелдің одан аз дүниеге
келіспейтінін біледі. Сенімді әйел үшін қолынан келгенін
жасауға тырысатын болады.
Некеге дейін... 
25


Ер адаммен керемет қарым-қатынасты құрмай тұрып, яғни
басыңызды айналдыратын махаббат басталмай тұрып, ең
бірінші сіз өз өміріңізді керемет қыла білуіңіз керек. Біз өзіне
сенімділік тақырыбын қозғадық, екінші қасиет ол тәуелсіздігі,
шешім қабылдай білуі. 
Тәуелсіз әйелдің өмірі соншалықты керемет, ол әрбір күнді
өткен күніне ұқсатпай сүреді. Ол әрбір күннің басталуын
қуанышпен, тезірек келесі күн басталса екен деп күтетін
болады. 
Тәуелсіз әйелдің айналасын оның хоббиін түсінетін,
көзқарасымен бөлісетін, өміріне аздап өзгеріс енгізетін және
ой-пікірімен бөлісе алатын адамдардан тұратын болады.
Қоршаған ортасы іш пыстырарлық, өзіне сай емес, істейтін бір
ісі жоқ, құр уақыт өткізетін адамдар емес. Оның қоршаған
ортасында әрбір уақыттың минутын бағалайтын адамдар
болады. 
Әйел адам еркексіз өзінің уақытын керемет өткізе алады.
Көңіл-күйін көтеріп, іші пысып кетсе бір жерге апарып,
уақытын арнату ол үшін міндетті емес. Өмірінде еркек бар ма,
жоқ па ондайға еш қатысы жоқ. Егер сіз тәуелсіз әйел болсаңыз
жігіт іздегенде "әйтеуір уақыт өткізу үшін көңіліме жарай салса
болды" деген ой болмайды. 
Сіз өте талғампаз боласыз. Анау жігіттердің әйтеуір бір
нұсқасы келіп қалатын болса, оны да әбден сүзгіден өткізесіз.
Кез-келген минусына келісе салып, өміріңізді құрбан етпейсіз. 
Тәуелсіз әйел адам өміріне ер адамды кіргізу үшін оны 
біраз сынақтан өткізеді. Сіздің өміріңіздің мәнді, сәнді,
мағыналы болуы арқылы өмірлік жұбыңызды табу 2-3 есе сізге
жеңілірек болады. Сондай тәуелсіз әйел адамды кездестірген
еркек қандай ойда болады деп ойлайсыз? Бұл ер азаматта
"Сондай сұлу, ақылды, тәуелсіз, сенімді әйелдің өмірінде бір
Некеге дейін... 
26


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет