Садирбекова динара калымбековна



Pdf көрінісі
бет34/74
Дата18.05.2022
өлшемі2.32 Mb.
#457039
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру-Дис-2018

менеджерлік (көшбасшылық, ұйымдастырушылық, шеберлік) білім, білік,
дағдылардың болуы міндетті. Соның ішінде басқарушылық құзыреттіліктің 
құрамында көшбасшылық (лидерлік) білім, сапалардың болуы тиісітігі туралы 
тұжырымның негізділігін 1.1 параграфында ғылыми дәлелдермен кеңінен 
баяндаған болатынбыз.


60
Ал, ұйымдастырушылық– басқарушылықтың негізгі құрамдас бөлігі. 
Өйткені жалпы түсінікте «ұйымдастырушылық қызмет – адамдарды басқару, 
олардың ортақ әрекетін келістіру мен басқаруға қатысты практикалық қызмет
 
[143, с.47]. 
Шеберлік – кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің кандай да болсын түрінде 
істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді 
жүзеге асырушылық [143,с.114]. 
Ғылымда педагогика өнер тұрғысынан талқыланып, мұғалімнің 
педагогикалық шеберлігі теориялық тұрғыдан жан-жақты негізделген. 
Педагогикалық шеберлікте мұғалмінің рөлі актермен теңестіріледі. Ал, қазіргі 
уақытта педагогика өнер тұрғысынан басқару педагогикасына ауысты. Осы 
басқару педагогикасы заманауи мұғалімнен педагогикалық үдерісті 
басқарушылық функциялар тұрғысынан да түсінуді көздейді. Мұғалім осы 
функцияларды орындай отырып, ортаның мүмкіндіктерін, тәрбиеленушілердің 
тұлғалық сапасын және өмір сүру бейнелерін анықтайды, олардың жетістіктерге 
жетуінің мақсаты мен тәсілдерін, ортаның маңыздылық мәнін жобалайды, 
ортаны басқару іс-әрекеттерін жоспарлайды, ортаның білім алушыға білімді, 
тәлімді меңгеруге және оны пайдалана алуға мүмкіндік беретін сапасын өңдейді.
Педагог-менеджер көбінесе ортаның компоненттерімен жұмыс істейді. Осы 
тұста ол үшін бастысы тұлғалық қорлар емес, орталық қорлар болып 
табылатындықтан, ол «кадрдың» сыртында тұрып, олардың орындарын қалай 
дұрыс тауып қоюды қарастырады. Тасада тұра білу де басқару педагогикасында 
үлкен шеберлікті қажет етеді. Ол ортаның балаға ықпалын басқарады. Оның 
басқару объектісі болып тұлғаның қалыптасуы, дамуы үдерісі саналады. Ал 
оның құралы – орта [159]. 
Сурет 2 - Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің сұлбасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет