шарттарды анықтау барысында алдымен, біздің зерттеуімізге жақын келетін
еңбектерде айқындалған педагогикалық шарттар түрлеріне тоқталып өтуді жөн
көрдік.
Мәселен,
Н.В.Мосина
университетте
болашақ
мамандардың
денешынықтыру және спорт саласындағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға
арналған педагогикалық шарттар кешенін былай анықтайды:
- «университетте танымдық, практикалық және профессор-оқытушылар
құрамының іс-әрекеттеріне студенттерді белсендіру. Бұл шарт оқытушылармен
бірлікте жұмысты жүзеге асырады (әдістемелік семинарлар, семинарлар,
кураторлардың кездесулері, интербелсенді кездесулер (оқыту семинарлары мен
брифингтер), жеке кеңес беру, әкімшілік кездесулер (факультеттің ғылыми
кеңесі), студенттермен жұмыс істеу (іскерлік ойын түрінде, эвристикалық
әңгімелер, аудитория, дербес және ортақ ғылыми-зерттеу жұмысы);
- университеттің оқу үдерісінде педагогикалық және басқарушылық
рефлекцияны қолдану.Басқарушылық қызметтегі рефлексия профессор-
оқытушылар құрамының басқарушылық қызметін, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі
бағалауды, кәсіби проблемаларды шешудің тиімді жолдарын іздестіруді
өздігінен талдауы керек;
73
- студенттердің жұмыс берушімен өзара қарым-қатынасы. Бұл жағдай мына
нысандар арқылы жүзеге асырылады: бірлескен ғылыми конференциялар өткізу,
оқу орындарында және балалар сауықтыру лагерінде педагогикалық
тәжірибеден өту, университетте, қалалық, аудандық жарыстарды ұйымдастыру
және өткізу» [167, с. 13]. Дегенмен, біздің ойымызша, автор таңдаған шарттар
педагогикалыққа қарағанда, ұйымдық жағдайға көбірек ұқсайды. Сонымен
қатар, автор болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін
психологиялық жағдайды ұсынбағанын атап өткен жөн.
И.А.Елисееваның басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру үшін
әзірлеген моделінде келесі шарттар анықталды:
- «басқарушылықты оқыту қажеттілігі, басқарудың жетіспеушілігін және
белгілі бір кәсіби мәселелерді шешуде әдістерді жетілдіруді, маңызды
нәтижелерге жету ықтималдығын бағалауды, сондай-ақ оқытудан кейінгі
қиындықтарды болдырмау мүмкіндігін бағалауды ескеру;
- жаңа білім мен әдістерді меңгеру үшін қажетті уақыт пен күш-жігерді
басқару және бағалаудағы менеджерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін басқарылатын оқу орнының әлеуетін бағалауға байланысты ішкі оқыту
мүмкіндіктерін субъективті бағалау;
- хабардар болу деңгейі, олардың тиімділігі мен қажеттіліктерге
қаншалықты сай екендігі анықталған, қолжетімді білім беру қызметтері мен
оқыту мүмкіндіктерін субъективті бағалау» [168, с. 8].
Автор әзірлеген басқару құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық
шарттары білім беру мекемелерінің басшыларымен немесе педагогикалық
қызметтегі тәжірибесі бар мұғалімдермен жұмыс жасағанда пайдаланылуы
мүмкін, алайда студенттердің басқару құзыреттілігін қалыптастыру үшін
пайдаланылмайды. Бұл жоғарыда аталған жағдайлар оқыту тақырыбы бойынша
жоғары дәрежеде көрсетілуін, сондай-ақ олардың қызметіндегі басқару
құзыреттілігінің жетіспеушілігін білдіреді.
О.П.Денисова басқаруға психологиялық дайындықтың психологиялық
шарттарын төмендегідей бөлді:
-«басқарушылық қызметке эмоционалды-құндылықты қалыптастыру және
адамдар арасындағы ішкі тұлғалық қарым-қатынас;
-өзін-өзі басқарушылық қызмет субъектісі ретінде тану қабілетін
арттыратын рефлексиялық позицияны дамыту;
-кәсіби қызметтің субъектісі ретінде өзін-өзі қалыптастыру» [169, с. 74].
О.П.Денисованың айтуынша, болашақ менеджерлерді басқару үшін
психологиялық даярлықты қалыптастырудың педагогикалық шарттарына
мыналар жатады:
- «басқарушылық қызметтің ерекшелігі мен мазмұны туралы ақпаратпен
уақтылы қамтамасыз ету;
-басқару психологиясы саласында білім алуды, қабілеттерді және
дағдыларды әртүрлі оқыту формалары арқылы қалыптастыру» [169, с. 74-75].
Психологиялық-педагогикалық шартқа байланысты О.П.Денисова оқу
үдерісінде «оқушылардың психологиялық дайындықтың қажетті деңгейіне
74
жетуіне» кепілдік беретін шаралар кешені деп түсінеді» [169, с. 74]. Болашақ
менеджерлерге арналған автор ұсынған психологиялық-педагогикалық шарттар
қалыптасқан және мақұлдаудан өткен, оларда басқарушылық аспект басқару
қызметінде жетекші болып табылады. Оның үстіне, біздің зерттеуіміз үшін
авторлық идея «педагогикалық шарттар сыртқы сипаттармен (сыртқы
жағдайлармен) байланысты құрылса, ал психологиялық шарттар ішкі сипатқа
байланысты болады» [169, с. 74].
О.Ю.Заславскаяның
айтуынша,
басқарушылық
құзыреттілікті
қалыптастыру үшін «басқару құзыретінің негізгі компоненттерін дамытуға
арналған шарттарды жасау қажет:
-
басқарушы құзыреттіліктегі басым компоненті негізгі ойлау
операцияларын (талдау, синтездеу, бағалау және т.б.) белгілі бір деңгейде
меңгеру [170, с. 23];
- белгілі бір тапсырманы немесе тапсырманы шешу үдерісін іске асыру
қажет болған кезде проблеманы шешу жағдайында жұмыс істей білу;
- өзінің оқу жұмысын құра білу, оны басқару, өзіндік құндылықтарын және
оны орындау кезіндегі кемшіліктерін сезіну қабілеті;
- педагогтың рефлексиясын дамыту» [170, с. 23].
Мұнда автордың әзірлеген шарттары сипатына қарай педагогикалық болып
табылатынын айта кету керек, себебі олар тек мұғалімнің білімдерін,
дағдыларын және операцияларын меңгеруге бағытталған. Сонымен бірге, бұл
шарттар мұғалімнің жеке сипаттамаларын ескермейді, яғни олар басқару
құзыретінің функционалдық құрамын қалыптастыруға бағытталған.
Сондай-ақ, басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру деңгейлері авторда
былай сипатталды. Бірінші деңгей – болашақ басқару құзыреттілігін
қалыптастыруға бағытталған бастапқы кәсіби бағдарлау деңгейі. «Бұл деңгейде
басқарушылық қызметтің және ресми кәсіби сәйкестендірудің алғашқы
мотивациясы студент бірінші ресми индикаторлар негізінде болашақ
мамандығымен танысқан кезде пайда болады. Екінші деңгей – кәсіби дайындық
деңгейі, кәсіптік педагогикалық іс-әрекеттер бағдарламасын терең түсіну, нақты
мектептегі тәжірибені ескере отырып, басқарушылық білімді, білік пен
дағдыларды түзету, жинақталған кәсіби және басқарушылық қасиеттерді
тұрақтандыру. Келесі деңгей – педагогикалық тәжірибе бойынша мұғалімнің
кәсіби дайындығына қойылатын жаңа талаптарға қанағаттанбаудан және
педагогикалық тәжірибе бойынша мұғалімнің кәсіби дайындығына жаңа
талаптардан хабардар болу» [171, с. 30-31]. Осы деңгейлердің әрқайсысында
мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігінде өзгеріс жүреді. Осылайша,
О.Ю.Заславскаяның айтуынша, «басқарушылыққа даярлау процесі көп деңгейлі
жүйелі және тұрақты сипатқа ие болады» [171, с. 31].
Ал, отандық ғалым Т.М.Баймолдаев мектеп басшысының басқару ісіне
даярлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын төрт топқа бөліп
қарастырады:
1) мектеп басшысының кәсіптік-оқыту әрекетін қоғамның сұранысына,
білім беру жүйесіндегі өзгерістердің логикасына қарай ұйымдастыру; 2) білім
75
мазмұнын басшының басқару әрекетінің технологиясына сәйкестендіре
үйлестіру; 3) мектепте пайдаланылатын жаңашыл технологияларды ғылыми
тұрғыда негіздеу; 4) шығармашылық ізденіске бағдарлау [172].
Әрине, Т.М.Баймолдаевтың еңбегі біріншіден орта білім басшыларына
арналғандықтан, екіншіден теориялық-әдіснамалық еңбектер қатарында
саналатындықтан, педагогикалық шарттарды жоғарыда аталғандай ғылыми
негізде беру заңды. Осы шарттар басқа зерттеулерде практикалық тұрғыдан
нақтыланып, зерттеу нысандарына қарай пайдаланылуы мүмкін.
Р.С.Сеитова
педагогикалық
жоғары
оқу
орны
студенттерінің
коммуникативтік-басқарушылық
құзыреттілігін
қалыптастырудың
педагогикалық шарттарын үшке бөліп анықтайды: бірінші педагогикалық
шарты
тұрғысынан
студенттердің
коммуникативтік-басқарушылық
құзыреттілігінің мазмұныны құрайтын білімдер, іскерліктер, кәсіби тұлғалық
мәнді сапалардың қалыптасу үдерісін үздіксіз өзіндік бақылауына мүмкіндік
беретін – болашақ мұғалімдердің рефлексиялық белсенділігін көтеруді
қарастырады. Бұл студенттердің оқу іс-әрекеті мен олардың нәтижелерін
рефлексиялық орта есебінен, рефлексиялық іс-әрекет негізінде өткізуді көздейді.
Екінші шарты – студенттердің өздігінен білім алу іс-әрекеттерін басқару болса,
үшінші шартын – білім беру үдерісі субъектілерінің диалогтік өзара
әрекеттестігін ұйымдастыру [173].
Біздің пайымдауымызша, осы шарт оқытушы мен студенттің біргеліктегі
іс-әрекетін жүргізуде қолайлы жағдайдың құрылуы нәтижесінде соңғысының
яғни, болашақ мұғалімнің коммуникативтік-басқарушылық құзыреттілігінің
тиімді қалыптасуына ықпал ететіндігі анық.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген ғалымдардың болашақ мұғалімнің
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудағы анықтаған педагогикалық
шарттарын талдай отырып, біз олардың ой-пікірлерінің бір-біріне қайшы
келмейтіндігін байқадық. Керісінше бірін бірі толықтыра түседі. Мәселен,
В.М.Мосина ұйымдастырушылық шарттарға ерекше көңіл бөлсе, И.А.Елисеева
болашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың
шарттарын анықтауда олардың теориялық білім деңгейіне баса назар аударады,
ал О.П.Денисова олардың осы саладан психологиялық тұрғыдан даярлануына
лайықты шарттарды жасайды. О.Ю.Заславскаяның айқындаған педагогикалық
шарттарында басқарушылық құзыреттілік қалыптасуының деңгейлеріне (кәсіби
бағдарлануы, кәсіби даярлығы және тәжірибелік деңгей) аса мән берілуін біз
қолдаймыз. Т.М. Баймолдаев басқарудағы педагогикалық шарттарды ғылыми
негізде ұсынған болса, Р.Сеитова болашақ мұғалімнің коммуникативтік-
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруда рефлексиялық белсендіруді оқу
іс-әрекеттері негізінде ұйымдастыруға, диалогтік қатынас формаларына
басымдық береді. Осы талдаулар нәтижесінде біз өзіміздің зерттеу пәнімізге
сәйкес педагогикалық шарттарды анықтаймыз.
1.1. параграфта айтып өткеніміздей, диссертацияда басқару ұғымын
субъектілердің өзара әрекеттестігі деп қарастырғандықтан, шарттарды түзгенде
де осы білім беру субъектілерінің өзара әрекеттестік мәселесіне мән береміз.
76
Сонымен біздің көзқарасымызша, болашақ педагогтардың басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастырудың бірінші шарты – білім беру субъектілерінің
өзара әрекеттесуін формалармен, құралдармен қамтамасыздандыру. Біріншіден,
білім беру субъектілерінің өзара әрекеттесу оқу іс-әрекеті үлгісі мәнмәтінінде
орын алады.
Ол студенттерге мыналарды ұсынады:
- жасанды жағдайларда емес, нақты проблемалар бойынша жұмыс істеу;
- оқытушының берген білімін меңгеріп қана қоймай, нақты мәселелерді
талдауға, оларды шешуге және талқылауға қатысу арқылы үйрену;
- нақты жағдайлардың контексінде әртүрлі шешімдерді таңдау және
қабылдау үшін түрлі дерекқорлармен жұмыс жасау;
-
сыни тұрғыдан ойлауды үйрену және шешім қабылдауға
жауапкершілікпен қатысу.
Екіншіден, басқару құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің тиімділігі
оқыту мен оқудың жаңа міндеттеріне сәйкес келетін және білім беру қарым-
қатынастарының коммуникациялық құрамдас бөлшегі ретінде ерекше маңызға
ие болған, студенттердің ұйымдастыруымен және басқару арасындағы қарым-
қатынастың әртүрлі қырларын анықтауға бағытталған гуманитарлық оқыту
әдістерін қолданумен тікелей байланысты аудиториядағы топтық жұмыс,
командалық жұмыс, қызметті жобалау қабілеті. Гуманитарлық технологиялар
заманауи қарым-қатынастың барлық артықшылықтарын біріктіре алады,
сонымен қатар олар қарым-қатынасын, ұстанымдарын, мамандықты және
қызметтің жекелеген түрлерін, атап айтқанда, басқаруды қалыптастыруға
мүмкіндік беретін жеке мағына береді. Біз зерттеуімізде кейс арқылы оқыту,
іскерлік ойындар, тренингтер, жоба әдісі арқылы оқытуды бөліп көрсетеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |