Садирбекова динара калымбековна



Pdf көрінісі
бет39/74
Дата18.05.2022
өлшемі2.32 Mb.
#457039
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   74
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру-Дис-2018

Технологиялық – болашақ педагогтардың басқару құзыреттілігін 
қалыптастырудың мазмұны мен әдістерін, формалары мен құралдарын 
көрсетеді. Мазмұндық блок қажетті білімді, білік пен дағдыларды қамтиды, 
мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Мақсаттық жұмыстың табыстылығы мен 
тиімділігі (нәтижелілігі) бастапқы ұстанымдардан яғни негіз ретінде 
қабылданған принциптерден талап етіледі.
Өлшемдік – болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің 
қалыптасуын, оның динамикасын айқындауға арналған өлшемдер, көрсеткіштер 
мен деңгейлерді қамтиды. Зерттеу барысында болашақ педагогтардың 
басқарушылық құзыреттілігінің осы аталған өлшемдік белгілерін айқындап 
алуға талпындық. 
Ол үшін біз болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің
қалыптасуының құрамын төрт компонентке сәйкес анықтадық: мотивациялық-
құндылықты, когнитивтік, іс-әрекеттік және бағалаушылық-нәтижелік (кесте 8). 
Мотивациялық-құндылықты – гуманды басқарушылық құндылықтарға 
сәйкес іс-әрекеттің тұрақты мотивтерін қалыптастыруды қарастырады 
(басқарушы рөлін психологиялық күйі тұрғысынан қабылдау; білім беру 
субъектілерімен өзара әрекеттесуге ұмтылушылық; сынып ұжымын, оқушының 
жеке-тұлғасын дамытуды, оқу-тәрбие үдерісін басқаруға өзінің тілегінің болуы 
және т.б.) 
Когнитивтік – студенттердің басқарушылық құзыреттіліктерін танытуға 
қажетті әлеуметтік-саяси, экономикалық және психологиялық-педагогикалық 
білімдерін қалыптастыруды көздейді. Осы компонент кәсіби педагогикалық 
міндеттермен қатар және менеджерлік саладағы міндеттерді шешу барысында 
кәсіби және арнайы меңгерген білімдерін пайдалана алу іскерліктерін 
кіріктіретін әдіснамалық, теориялық және технологиялық білімдердің бірлігін 
құрайды. Сондай-ақ, аталған қалыптастыру бойынша осы құрам педагогикалық 
жоғары оқу орны студенттерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға 
мүмкіндік беретін ақпараттық білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді. 


68
Кесте 9 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасу 
өлшемдері мен көрсеткіштері 
Компонент- 
тері 
Өлшемдері 
Көрсеткіштері 
төмен деңгей 
орта деңгей 
жоғары деңгей 





Мотивация- 
лық-
құндылықты 
Гуманды 
басқарушылы
қ 
құндылықтар
ына оң 
қарым-
қатынасының 
болуы 
Басқарушылық
қа, 
құндылықтарға 
қызығушылығ
ы жоқ. 
Педагог-
менеджер 
болуғаұмтылы
сы көрінбейді. 
Оны қажет 
етпейді 
Басқарушылыққа 
оң 
қатынасы бар, бірақ 
оның 
ізгіліктіқұндылықтарын 
ішінара ғана түсінеді. 
Педагог-менеджерлікке 
ұмтылысы байқалады, 
алайда 
оның 
маңыздылығына 
мән 
бермейді.
Басқарушылыққа оң 
қатынасы 
анық.
Оның бүгінгі күннің 
сұранысы 
менқоғамдық 
тапсырысқасай 
қажеттілігін, 
педагог 
үшін 
маңыздылығын 
айқын 
сезінеді. 
Онытерең 
қызығушылығымен 
көрсете алады.
Когнитивтік
Педагог 
менеджер, 
басқарушылы
қ бойынша
танымдық 
білімінің 
тереңдігі 
Басқару, 
басқарушылық 
мазмұны 
бойынша
білімі аз. Оның 
құрылымын, 
мазмұнын 
білмейді. 
Педагог-
менеджердің 
құрылымын 
(эмпатия, 
толеранттылық
, шеберлік және 
т.б.) білмейді 
Басқарушылық 
құзыреттілік түрлерін, 
құрылымын, мазмұнын 
біледі. 
Педагог-
менеджердің атқаратын 
қызметінен хабары бар. 
Педагог-менеджердің 
құндылықтарын 
(эмпатия, 
рефлексия, 
толеранттылық, 
шеберлік және т.б.) 
біледі. Бар түсініктерін 
күнделікті іс-әрекетте 
көрсете алмайды
Басқарушылық 
құзыреттілігі 
саласынан білімі 
жеткілікті. 
Басқарушылық
құрылымын, 
мазмұнын, 
құндылықтарын
жақсы меңгерген. 
Педагог-
менеджердің 
атқаратын рөлін, 
қызметін толық 
біледі. Оларды 
практикалық, 
өмірлік іс-
әрекеттерінде 
көрсетуге 
ұмтылады. 
Іс-әрекеттік 
Басқарушылы
қ 
құзыреттілігін
таныта алуы
Топтық іс-
шараларда, 
сыни 
жағдаяттарда 
басқарушылық 
таныта 
алмайды. 
Өздігінен 
шешім 
қабылдай 
алмайды.
Осы 
саладан 
практикалық 
іскерліктерді 
айтарлықтай 
біледі, 
бірақ тұрақты көрсете 
алмайды. 
Өзіне 
сенімділігі 
аз, 
сол 
себепті сыныпқа, оқу-
тәрбие 
үдерісінің 
сапасын 
жақсартуға 
ықпал ете алмайды.. 
Өздігінен 
шешім 
қабылдауға талпынады. 
Топта 
басқарушылық 
танытады. Топтық іс-
әрекеттерде 
ішінара 
жекелік таныта алады.
Топтық іс-
шараларда 
басқарушылығы 
анық көрінеді. Өзіне 
сенімді. 
Проблемаларды 
өздігінен шеше 
алады. Топқа ықпал 
ете алады, оларды 
соңынан ерте алады.
Сыни жағдаяттарда 
басқарушылығын 
батыл, ерік-
жігерімен
танытады. Жаңа 
идеялар ойлап таба 
алады.


69
9 - кестенің жалғасы 





Бағалаушы 
лық-
нәтижелік 
Өзінің басқару 
іс-әрекеттерін
жете түсінуі 
мен өздігінен 
бағалауы, 
субъектілермен 
өзара 
әреккеттестіккк
е түсе алуы 
Өзінің 
басқарушылық 
іс- әрекеттерін, 
амал-тәсілдерін 
талдауға 
ұмтылмайды,
өздігінен 
бағалай 
алмайды. 
Басқару іс-
әрекетінде білім 
беру 
субъектілерімен 
өзара 
әрекеттестікке 
түсе алмайды. 
Өзінің басқарушылық 
іс-әрекеттерін, амал-
тәсілдерін ішінара 
түсінеді. Бірақ оларды 
талдау, 
бағалау 
барысында өзгелердің 
көмегіне сүйенеді. 
Өзінің 
басқарушылық іс-
әрекеттерін жете 
түсінеді. Сыни 
жағдаяттарда 
басқарушылық 
амал-тәсілдерді 
қолданады.
Оларды өздігінен 
талдайды және 
бағалайды. 
Басқару іс-
әрекетінде 
субъектілермен 
өзараәрекеттестікт
і анық көрсетеді. 
Өзінің ізгілікті 
бағытын, 
стратегиялық 
қырағылығын 
көрсете біледі. 
Іс-әрекеттік–болашақ педагогтар басқарушылық құзыреттілігін танытуға, 
практикалық іс-әрекетке, жылдам шешім табуға қабілеттілігін, тәуекелге баруға 
қабілеттілігін көрсетуге мүмкіндік беретін жағдайларды қарастырады. Кәсіби 
жағдаяттарда басқарушылық құзыреттілігін қолдану іскерліктері мен өздігінен 
білім алу әрекетін, өзін-өзі дамытуын жүзеге асыруын көрсетеді; білім беру 
субъектіліерімен өзара белсенді әрекеттестігін қамтиды, бұл жағдайда білім 
беруші мақсатын, міндеттерін анықтайды, білім алушының танымдық іс-
әрекетін белсендіру үшін жағдай тудырады, кері байланысты жүзеге асыру 
үдерісіне бағыттайды, бақылайды, ынталандырады; білім алушыларға оқу іс-
әрекеті үдерісінде шешуге арналған кәсіби бағытталған проблемаларды 
көрсетеді. Осы компонент білім алушылардың кәсіби және өмірлік тәжірибесіне, 
олардың кәсіби басқару мотивациясына, ғылыми басқару жоспарларына, 
қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет