Мақсаты: Оқушыларға ағылшын тілін үйрету арқылы,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті:
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар өз тілін құрметтеуге үйренеді;
Шетел тілінде сөйлеу қабілеттері қалыптасады;
Өз білімін жетілдіреді;
Оқу пәнінің жалпы мақсаттары.
Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына және оның тұтастай дамуына ықпал ету, сөйлеу қызметінің негізгі түрлеріндегі қарапайым шеттілдік коммуникативтік құзыреттің қалыптасуы,оқушылардың эмоционалдық, шығармашылық, әлеуметтік, когнитивтік және тілдік қабілеттерін дамуы, ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі.
Сөйлеу
Монолог Оқушылар көрген-білгені жайында, белгілі бір тақырып, суреттер бойынша пікірін хабарлай, суреттей білуі керек. Оқушы монолог түрінде сөйлеу кезінде әр түрлі сөз үлгілерін қолданып, 10 – 15 сөйлем құрап айтуы тиіс.
Диалог Оқушылар мынадай жұмыстарды орындай білуі керек: диалогты бастай алуы және оны аяқтай білуі, белгілі бір жағдайға байланысты ақыл-кеңес беруі, ұсынысын айтуы, өзіне айтылған ұсынысқа қалай қарайтынын (келісетінін, келіспейтінін) білдіруі, мәлімет сұрай алуы, мәлімет бере алуы, ол жайында пікір алысуы.
Жазу Оқушылар суреттердің астына жеке сөздер мен қысқа сөйлемдерді жаза алуы, ашық хаттарға берілген үлгіге қарап өздеріне таныс тілдік материалдар негізінде қысқаша құттықтау жаза алуы тиіс (мерекемен, туған күнімен, т.б. құттықтау). Берілген үлгіге ұқсатып кішігірім хат жазады, өздері дұрыс жазуға дағдыланады.
Оқу
5 сыныпты бітірген оқушылар білуі тиіс
- затты сипаттап ( оның орнын , анықтама жаза алу, мысалы
суретке қарап, сынып бөлмесін т.б) жазу;
- мәтінге немесе суретке арқылы қысқа әңгіме жазу;
- тақырыптық мәтіндерді тыңдап-түсіну және сұрақтарға
жауап жазу;
Тыңдап түсіну
Оқушылар өз мұғалімдерінің сөйлеген сөзін және сыныптастарының, әріптестерінің бұрын үйренген, өздеріне таныс материалдарға құрылған, әр сөйлемшеде 15 сөзге дейін болатын, айтылу уақыты 3 минутқа созылатын және жай қарқында айтылатын сөз, сөйлемше, мәтіндерді түсінуге дағдылануы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |