"Sagi Space" онлайн платформасы үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты №10


КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАҒАСЫ, ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ



бет3/8
Дата27.04.2023
өлшемі41.9 Kb.
#472888
1   2   3   4   5   6   7   8
Келісімшарт онлайн оқушы[1]

3. КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАҒАСЫ, ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ
3.1. Қызмет көрсету құны мынадай мөлшерде айқындалады:_45.000 (қырық бес мың) (сомасы жазбаша)теңге, келісілген кестеге сәйкес.
3.2. Қызметтер құнын төлеуді Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде және төлемге шот ұсыну қажет болған кезде жүзеге асырады.
3.3. Қызметтер құнын төлеу Орындаушы ұсынған тәсілдердің кез келгенімен қолма-қол ақшасыз тәртібімен, не Орындаушының кассасына қолма-қол ақша төлеу арқылы жүзеге асырылады.
3.4. Қызметтерге ақы төлеудің кейбір тәсілдері Тапсырыс берушінің төлемдерді қабылдауды және аударуды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктің және т. б. қызметтеріне комиссия немесе ақы төлеу жөніндегі міндеттемесін көздеуі мүмкін, бұған тапсырыс беруші келіседі және бұл шығыстарды Орындаушы қызметтерінің құнына қоспайды.
3.5. Қызметтерді орындаушы ұсынады және Тапсырыс беруші ай сайын орындалған жұмыстардың актілері негізінде қабылдайды. Көрсетілген қызметтер үшін орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі ай сайын қызметтер көрсетілген айдың соңғы аяқталу күніне ресімделеді.
3.6. Орындаушы тарапынан қол қойылған қағаз жеткізгіштердегі орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің түпнұсқасын Орындаушы береді, ал Тапсырыс беруші өз күшімен және қаражатымен Орындаушының нақты орналасқан жері бойынша алады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, ______________________ _ _ _ _ _ _ _ .
3.7. Тапсырыс берушінің жазбаша сұрау салуы бойынша құжаттар Тапсырыс беруші осы Шартта көрсеткен электрондық мекенжайға сканерленген көшірме түрінде ұсынылуы мүмкін. Тараптар қол қойған орындалған жұмыстар актілерінің мұндай электрондық/факсимильдік көшірмелерінің түпнұсқалары ұсынылғанға дейін заңды күші болады.

4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4.1. Тапсырыс беруші / оқушы құқылы:
4.1.1. Қызметтерді алу кезеңінде Орындаушының материалдық техникалық базасын пайдалану.
4.1.2. Орындаушыға көрсетілетін қызметтерді жақсарту бойынша ұсыныстар жіберу.
4.1.3. Қызмет алу кезінде оқушы оқу материалдарымен (Quiz test, Чек-лист, PDf форматтағы файлдар және арнайы платформада ), Куратордың қадағалауымен қамтамасыз етілуге құқылы;
4.1.4. Осы Шартта және Кестеде көзделген мерзімдерде қызметтер көрсетуді талап етуге құқылы;
4.1.5. Теориялық Сабақтардың/дәрістердің дәл, грамматикалық және мағыналық берілуіне сенім арту;
4.1.6. Оқыту бағдарламасын және жалпы білім беру міндеттерін шешу жолдарын меңгермеген және/немесе түсінбеген жағдайда Тапсырыс беруші/оқушы бұл туралы Жеке түсіндіру үшін Орындаушы мамандарына хабарлауға құқылы.
4.1.7. Кез келген уақытта көрсетілген қызметтердің барысымен, оқушылардың үлгерімімен және Орындаушының мамандарының ұсыныстарымен танысу, оқушының берілген ақпаратты неғұрлым тиімді игеруі үшін;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет