Сайфуллаев бауыржан нұрымбетұЛЫ


І МОДУЛЬ. ФОНЕТИКА САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет2/175
Дата25.05.2024
өлшемі3.36 Mb.
#501851
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175
Қозоқ тили практикуми

І МОДУЛЬ. ФОНЕТИКА САЛАСЫ 
1-ТАҚЫРЫП. ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР 
Тіл білімінің бір саласы болып табылатын фонетика (грек т. рhone – 
дыбыс) тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дыбыстары – күрделі құбылыс. 
Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір араласымы (комбинациясы) арқылы 
жасалады. 
Фонетиканың зерттеу нысандары тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың 
жасалуы, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың 
өзара іштей жіктелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз 
ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуі, 
буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың ара қатынасы, дұрыс 
сөйлеу, сауатты жазудың принциптері, т.б. 
Дыбыс, әріп және алфавит. Дыбысты айтуға, құлақпен естуге, ал әріпті 
көруге және жазуға болады. Мәселен, бала, бор, қалам, сия сөздерін айтқанда, 
ондағы б, а, л, о, р, қ, м, с, и, я сияқты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің 
қатысуымен жасалғандықтан, құлаққа еркін естіледі. Бұл сөздерді құрастырып 
тұрған ең кішкене бөлік – дыбыстар. Осыған орай сөздің ең кішкене бөлігін 
дыбыс дейміз. 
Дыбысты белгілеу үшін қабылданған шартты белгіні әріп дейміз. 
Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығын алфавит дейміз. 
Қазақ тілінде 42 әріп бар. Олар: 



Дауысты дыбыстар – дыбыстау мүшелернің бірыңғай толық қатысуынан, 
фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяушығуынан жасалатын дыбыстар. 
Дауысты дыбыстардың саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, (у). 
Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауы арқылы 
үннен жасалады. 
1-жаттығу. Төмендегі сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп көшіріңдер. 
Алфавит тәртібін сақтап, сөз ішіндегі ешқандай дыбыстық мәні жоқ әріптерді 
көрсетіңдер. 
Қала, жер, орындық, сары, адам, щётка, вагон, иық, ілгек, фабрика, заң, ән, 
ұршық, өрік, парта, лашын, чемпион, разъезд, дүйсенбі, тарақ, мал, нан, химия, 
сентябрь, съезд, бас, июнь, альбом, эпос, қол, руль, цирк, флот, яғни, юрист, 
қаһарлы, щи, біз, фильм, ыстық, үлкен, акт, педагог, грамматика, тұз, әкім, 
сырнай, сабақ, осы, сіңір, бет, шолақ, география, етік, тың, фонетика, жұлдыз, 
ұшақ, устав, табыс, сайыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет