Сайфуллаев бауыржан нұрымбетұЛЫ


-жаттығу. Төменде берілген мәтіннің не жайында екенін әңгімелеңдер.  АБЫЛАЙ ХАН



Pdf көрінісі
бет6/175
Дата25.05.2024
өлшемі3.36 Mb.
#501851
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175
Қозоқ тили практикуми

14-жаттығу. Төменде берілген мәтіннің не жайында екенін әңгімелеңдер. 
АБЫЛАЙ ХАН 
Керей Қожаберген жырауға Абылай: «Мені мақтап жыр айтшы»,— деді. 
Қожаберген айтты: 
— Абылай, сен, мен көргенде, тұрымтайдай ұл едің, Түркістанда жүр едің; 
Әбілмәмбет ағаңа қызметкер болған ұл едің; Үйсін Төле билердің түйесін 
баққан құл едің. Сен жиырмаға келгенде, ақ сұңқардай түледің. Алыстан тоят 
тіледің: ақтан болды күніңіз, арсы менен күрсіге дау таласты үніңіз, енді сіздің 
бұл күнде, бір көшеге сыймайды азаткерде құлыңыз. 
Ыбырай Алтынсарин 
Мәтіндегі дауысты дыбыстарды теріп алып, оларды мына үлгі-
кесте бойынша толтырыңдар. 
Тілдің қатысына қарай 
Жақтың қатысына 
қарай 
Ерін мен езудің 
қатысына қарай 
жуан 
жіңішке 
ашық 
қысаң 
еріндік 
езулік 


10 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Фонетика деген не? 
2. Қазақ тілінде неші әріп, неше дыбыс бар? 
3. Дауысты дыбыстар қалай жасалады және оларды айт. 
4. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді? 
5. Алфавит туралы түсінік бер. 
 
2-ТАҚЫРЫП. ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС 
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан пайда болған 
дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыздардың жасалуын айтқанда, ол дауыстылардың жасалуымен 
салыстыра түсіндіріледі, атап айтқанда: 
1) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан 
кейін ешқандай кедергіге ұшырамаса, дауыссыздарда ауа міндетті түрде 
дыбыстау мүшелерінің бірінде кедергіге ұшырайды. Мысал, а, о, д, т 
дыбыстарын салыстырып айтып көріңіз; 
2) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын 
қатты, жиі, көбірек дірілдетсе, дауыссыздарда баяу, аз дірілдетеді; 
3) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дыбыстау мүшелерінің 
барлығына бірдей таралып түссе, дауыссыздарда ауаның қысымы дыбыстау 
мүшелерінің бәріне таралып түспейді; 
4) дауыстыларды айтқанда, дыбыстау мүшелерінің бәрі дерлік қимылдаса
дауыссыздарда дыбыстау мүшелері бір жақты ғана қимылдайды; 
5) дауыстылармен ән салуға болса, дауыссыздармен бұлай етуге болмайды; 
6) дауыссыздармен буын құрай алмаймыз. 
Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар. 
1. Қатаң дауыссыз дыбыстар таза салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз 
дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ. 
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з – салдыр мен үннің қатысы 
арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады. 
3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын 
дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, 
ң. 
Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар жұп құрайды. 
Олар: п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-д, с-з, ш-ж. Бұл дыбыстар жұп құрауға қабілетті 
дауыссыз дыбыстар деп аталады. 
Х, ц, щ, ч, һ дауыссыз дыбыстары жұп құрауға қабілетсіз дауыссыз 
дыбыстар болып саналады. 


11 
Ң әрпі ешқашан сөздің басында жазылмайды. Б, г, д әріптері қазақтың төл 
сөздерінің соңында жазылмайды. В, ц, ч дыбыстары орыс тілінен енген 
сөздерде жазылады. Мысалы, вагон, циркуль, Чапаев, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет