Жұмбақ шешу:
1. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар) 2. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады (Пияз) 3. Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас (Тасбақа) 4. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа) 5. Тал басынды түндіксіз отау (Ұя) Берілген тұрақты сөз тіркестердің мағынасын ашу:
Иығынан су кетті / жолы болмау /
Тонның ішкі бауындай / тату-тәтті, дос /
Ат шаптырым жер / алыс жер /
Екі көзі төрт болды / күтіп қалу /
Тайға таңба басқандай / анық /
Таяқ тастам жер / жақын жер /
ІІІ. Қорытынды бөлім. «Тұз астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің мәнін келтіреді»
«Мақал қайдан шығады ой болмаса,
Киіз қайдан шығады қой болмаса» - дегендей, мақал-мәтелдермен жұмбақ жарысын тамашаладық. Жарысқа қатысушы сайыскерлер өздерінің сөздік қорын байытып, қазақтың мақал – мәтелдерін, жұмбақтарын жақсы білетіндіктерін көрсете білді. Осы жаттаған жұмбақ, мақалдармен шектелмей, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, шешендік сөздерді көбірек біліп, тілге шешен, сөзге жүйрік болуға ұмтылыңыздар.
Марапаттау. Әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топтарды марапаттайды.