Сайрам ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет4/13
Дата03.07.2016
өлшемі1.28 Mb.
#174482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Ағын су саласы.

Ауданы бойынша ағын су жүйелерінің жалпы ұзындығы 723,7 шақырымды, оның 563,1 шақырымы бетонды қаптау, 47 шақырымы науалы категориясына жатқызылады.

Бүгінгі таңда ауданымызда республикалық меншікте ұзындығы 20 шақырымды құрайтын 1 канал, ауданның коммуналдық меншігінде – ұзындығы-603,64 шақырымды құрайтын 64 канал, жеке меншікте ұзындығы – 100,14 шақырымды құрайтын – 9 канал жұмыс істеп тұр. 2010 жылы иесіз 16 каналды комуналдық меншікке алу жұмыстары толығымен аяқталды.

Ауданымыз бойынша 2009-2010 жылдары 28 ағын су жүйесі және гидроқұрылымдар жөндеуден өткізілді. Оның ішінде 2009 жылы 6 ағын су жүйесі жөндеуден өткізілді.

Ауданда 723,1 км каналдар егістікті сумен қамтамасыз етеді. Оның 603,4 км комуналдық меншікте. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы айналымындағы жерлердегі су жүйелерін қалпына келтіру есебінен іске қосу мақсатында жоспар бойынша 2009 жылы 7896 гектар суармалы егістік жер қалпына келтірілуі қажет еді. Осыған байланысты «Жол картасы» аясында 2009 жылы 64,7 млн.теңгеге 6 каналға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 7896 гектар суармалы егістік жерлерге ағын суды жеткізу жақсарды.

2010 жылы аудан бойынша 5 ағын су жүйесіне күрделі және ағымдағы жөндеу, 10 ағын су жүйелеріне механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілген Оң жақ жағалау каналының 13 шақырымына , Мешіт каналынынң – 1,5 шақырымына, Әсіл каналының – 1,9 шақырымына, Аламан каналының - 10,2 шақырымымына, Боз Сәуір Ата (Ақсай) каналының – 7,5 шақырымынына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, республикалық және облыстық бюджеттен 215370 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар, 2010 жылы Қайнарбұлақ ауыл округіндегі Хауал (3,5 км), Бауарық ( 5,5 км), Құтарыс ауыл округіндегі Қызыларық (8,5 км), Қарабұлақ ауыл округіндегі Янги (16 км), Манкент ауыл округіндегі Жоғарғы Аққала (12 км), Ханарық (3,5 км) каналдарына механикалық тазалау жұмыстары және аудандағы Жоғарғы, Орта Ақсу су тоғандарына Көлкент көлінің гидроқұрылымдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 58327 мың теңге бөлінді. Нәтижесінде аудан бойынша 6899 гектар суғармалы жерге ағын су жеткізіліп , айналымға алынды.

2009-2011 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде көкөніс 1800 гектарға артық, картоп 700 гектарға, жеміс жидек 200 гектарға артық егу жоспарлануда.

Нәтижесінде әр жылы 45 мың тонна көкөніс, 10 мың тонна картоп, 2 мың тонна жеміс жидек өнімдері қосымша өндіріледі деп күтілуде. Каналдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында 247 адам жұмысқа тартылса, 2011-2015 жылдары суғармалы жерлерді айналымға алу нәтижесінде қосымша 800 қосымша жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Ауданымыздың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, алдағы 5 жылда ауданның коммуналдық меншігіндегі 36 каналдың 272,3 шақырымы жөндеуден өткізіледі деп күтілуде. Нәтижесінде 7002 гектар егістік жерлер айналымға алынып, 29781 ауланың 4100 гектар үй іргелік жеріне ағын су беру жақсарады деп күтілуде.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2011 жылы ауданымызда өндірілетін дәнді-дақылдар, көкөніс, бау-бақша, жүзім өндіру көлемі 25% пайызға, 2015 жылы 45-50% пайызға артады деп межеленуде.

Қайта өңдеу саласы

Аудан көлемінде бүгінгі таңда 152 қайта өңдеуші кәсіпорындар мен цехтар жұмыс жасауда. Оның ішінде 42 ұн диірмені, 54 наубайхана, 2 макарон цехтары, 20 май сығу цехы, 22 жеміс және көкөніс өңдеу, 5 жүзім өңдеу цехы, 6 шұжық дайындау цехы, 5 сүт өңдеу цехтары халыққа қызмет көрсетуде. 2010 жылдың 12 айында қайта өңдеу кәсіпорындары мен цехтары 4504,0 млн теңгенің өнімін өндірді, 2009 жылмен салыстырғанда 709 млн теңгеге артық өндірілді немесе 112,0 пайызды құрады.

2010 жылдың 12 айында 22094 тонна ұн, 310 тонна өсімдік майы , 3566 мың банкі жеміс көкөніс консерві өнімдері, 215 тонна шұжық, 330 тонна сүт өнімдері шығарылды. 2010 жылы «Ақсұңқар» ШҚ және «Алма» СТК ет өңдеу цехтары іске қосылды.

Ауыл шаруашылық дақылдарының егіс көлемін диверсификациялау. Рентабельділігі жоғары дақылдардың егіс көлемін ұлғайту мақсатында 2011 жылы дәнді дақылдардың егіс көлемін 28 мың га, мақсарыны 11,0 мың га, мал азығы дақылдарын 20 мың га, көкөніс 6 мың га, жеміс-жидек 3,4 мың га, жүзім 1,72 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда.

Ауданда тауар өндірушілердің жоғарғы репродукциялы тұқыммен қамтамасыз ету үшін 4 арнайы мамандандырылған тұқым шаруашылықтары құрылған. Бұл шаруашылықтарда жоғары класты, жоғары өнімділік беретін, аудандастырылған масақты дәнді дақылдардың тұқымдары өндіріледі.

2010 жылы 618 әлиталық тұқым, 345 тонна 1-2 сортты тұқым өндірілді.

2011 жылы - 2 тұқым шаруашылығы, 2012 жылы - 1 тұқым шаруашылығы, 2013 жылы - 1 тұқым шаруашылығы ашылады.



Ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету. Ауданда бүгінгі таңда 3712 дана ауыл шаруашылығы техникаларымен құрал-жабдықтары бар. Атап айтқанда 1605 дана трактор, 337 комбайн, 20 жатка, 936 трактор тіркемесі, 305 соқа, 141 жер өңдегіш, 172 дән сепкіш, 89 трактор орақтары, 91 шөп престегіш және 16 дана дәрі бүркегіштер.Бұл техникалар дала жұмыстарын жүргізуде, жем-шөп дайындауда, астық пен мақсары ору жұмыстарында пайдалануда. Лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету жолдары да қарастырылуда. Алдағы жылдар қолда бар техникалардың 20-35 пайызын жаңарту жоспарлануда.

Аудандағы агроөнеркәсіпкешені дамуының өзекті мәселелері:

1. Егін шаруашылығында да, мал шаруашылығында да ұсақ тауарлы өндірістің басымдылығы. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласында ірілендіру механизмін жасап, тауар өндірушілерін ынталандыру қажет;

2. Мал шаруашылығындағы үрдістерді механикаландыру деңгейінің төмендігі мен мал шаруашылығы өнімдерінің ветеринарлық және азықтық қауіпсіздігінің сақталмауы;

3. Жеңіл өнеркәсібтің дамымауы және жүнге, былғары шикізатқа сұраныстың болмауы;

4. Қазіргі таңда суармалы алқаптарда келесідей мәселелер орын алған:

- жердің гидрологиялық жағдайы төмен деңгейде болуы, жердің тұздық қабатының көбеюі салдарынан ауыл шаруашылығы жерлердің айналымынан шығуы, т.б;

- жер асты суларының жоғары деңгейлілігі;

- уақтылы тазалау және жөндеу жұмыстары жүргізілмеу салдарынан су шаруашылығы жүйесі (кәріс, канал) қанағаттанарлықсыз күйде болуы; Жоғарыда айтылғандардың барлығы қаражат құюды қажет етеді. Егер де жеткілікті деңгейде қаражат көздері қаралса бұл жердің екінші реттік тұздалуын азайтуға және ауыл шаруашылығы айналымына қолданылмай жүрген суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік береді.

- заманауи агротехнологияларды ендірудің әлсіздігі және жоғары репродуктивті тұқымымен қамтамасыз етілмеуі;

- өсімдіктерді қорғауда минералдық тыңайтқыштар мен химиялық заттарды пайдаланудағы жеткіліксіздігі;

- агроқұрылымдардағы техникалық паркінің моральдық және физикалық тозуы:

- қорғалған топырақ пен көкөніс сақтау қоймаларының жетіспеушілігі.


Құрылыс

2009 жылы инвестициялардың негізгі көлемі халық қаржысы есебінен іске асырылған. 2009 жылы жалпы аланы 5,785 мың шаршы метр болатын 47 ғимарат іске қосылды, ол 2008 жылға 36,02% құрады.

Тұрғын үй құрылысына 86,776 млн. теңге инвестиция жұмсалды, бұл 2008 жылға қарағанда 27,21% құрады. Сайрам ауданында тұрғын үй құрылысы негізінен халық есебінен іске асырылған, оның үлес салмағы жалпы іске қосылған тұрғын үйлер көлемінің 90,6% құрады.

2009 жылы 86,776 млн. теңге сомаға 47 тұрғын үй (5785,0 ш/м) іске қосылды, барлығы халық қаржысы есебінен құрылды.

2010 жылы 115,638 млн. теңге сомаға 56 тұрғын үй (6549,0 ш/м) іске қосылу күтілуде, оның ішінде республикалық бюджеті есебінен 22,788 млн. теңге сомаға 6 арендалық тұрғын үй (360,0 ш/м), халық қаржысы есебінен 92,850 млн. теңгеге 50 тұрғын үй (6189,0 ш/м).

Болжам бойынша 2011 жылы 99,349 млн. теңге сомаға 53 тұрғын үй (6622,0 ш/м) іске қосылу жоспарлануда, барлығы халық қаржысы есебінен құрылады. Сонымен қатар 2011 жылы 110,850 млн. теңге сомаға инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарының құрылысы жоспарлануда.

Аудан бойынша құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2008 жылы 330,19 млн. теңгені құраған, бұл 2003 жылдың деңгейінен 3 есеге артық. Ауданның 17 ауыл округтарында құрылыс жұмыстарының көлемі 2003 жылдың деңгейінен асып отыр. Ауданда құрылыс қызметін 26 ұйымдар (2003 жылы 9 ұйым) жүзеге асырады, құрылыс саласында 1400 адам қызмет атқарады, орташа айлық жалақы 2003 жылмен салыстырмалы екі есеге дейін артқан.

Территориялық-әкімшілік шекте құрылыстың негізгі көлемі Ақсукент, Қарасу, Қарабұлақ, Сайрам, Тассай, Бадам, Жаңаталап, (65,7%) келеді. Қалған 11 территориялық-әкімшілік құрылымдарға сомасында, ауданның құрылыс көлемінің небары 34,3% келеді.

Территориялық-әкімшілік құрылымдардың құрылыс көлемінде және құрылысқа инвестициялауда үлестерінің мұндай сәйкессіздігі, бөлу мен құрылыс көлемдерінің тез өзгерісін куәландырады. Сайрам ауданында құрылыстың дамуының маңызды (жалғыз ғана емес) көрсеткіші, тұрғын үйлерді қолданысқа беру болып табылады.

Сайрам ауданының барлық территориялық-әкімшілік бірлестіктерінде тұрғын үйлерді қолданысқа беру біртіндеп көтеріле бастаған, бұл көрсеткіштердің 2007-2008 жж. Т өмендеуі байқалмаған.




Білім беру нысандарыдағы құрылыс жұмыстары:

2009 жылы Сайрам аудандық білім беру бөліміне қарасты мекемелерінде 3 апаттық жағдайдағы (Мадени, Өзтүрік, 1 Май) мектептері тіркелді.

2010 жылы Облыстық бюджеттен 127,765 мың тенгеге, 2011 жылы 472,691 мың тенге Сайрам ауданы құрылысы жаңа типтік 300 орындық Өзтүрік атындағы жалпы орта мектебі құрылысы жаңа типтік 250 орындық Мадени атындағы жалпы орта мектебі 2011 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.

2014 жылы Республикалық бюджеттен Қайнарбұлақ ауыл округі, Көмешбұлақ ауылындағы 300 оқушы орындық Көмешбұлақ атындғы №67 орта мектептің құрылысы аяқталып, нысан қыркүйек айында пайдалануға тапсырылды. Ақсукент ауылындағы 280 орындық балабақша құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылысы бітіп, нысан 2014 жылдың 10 қаңтарында пайдалануға берілді.Қарабұлақ ауылындағы 900 орындық ЖОМ және Манкент ауылындағы 600 орындық №69 Рашидов атындағы ЖОМ құрылыстары 2015 жылға өтпелі.



Облыстық бюджеттен 2014 жылы Қарасу ауыл округі Айтеке би ауылындағы 250 оқушы орындық №68 С.Датұлы атындағы ШЖМ құрылысына қаржы бөлініп, нысан 2014 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.

Аудандық бюджеттен 2014 жылы Құрлық елді мекеніндегі 200 оқушыға арналған Ж.Қауалов атындағы №51 ЖОМ, Ошақты ауылындағы 150 оқушыға арналған Құрманғазы атындағы мектептің және Көлкент ауыл округі, Теспе ауылындағы №59 Жандарбеков атындағы 200 оқушыға арналған ЖОМ құрылыстарына қаржы қарастырылып, ағымдағы жылы пайдалануға тапсырылды. Жібек Жолы ауыл округі, Машат ауылындағы №80 Машат атындағы 200 оқушыға арналған ЖОМ құрылысы 2015 жылға өтпелі.

Ауданның құрылыс саласында негізгі мәселелер:

  • құрылыс материалдарын өндіретін өнідірістер жабдықталуының техникалық деңгейінің төмендігі:

  • өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыру мен жаңарту үшін құрылыс кәсіпорындарының айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;

  • өнімдерді өндірудің өзіндік құнының жоғарылығы;

  • нормативті-ақпараттық қамтамасыз ету дамуының әлсіздігі:

  • импортты алмастырғыш пен экспортқа бағытталған жаңа өндірісті дамытуға инвестициялардың жетіспеушілігі;

  • инженерлік құрамдағы және жұмысшы мамандардың білікті кадрларының жетіспеушілігі;

  • құрылыс материалдарына маусымдық сұраныс;

  • саланың материалдық-техникалық базасының деңгейі заманауи талаптарға сәйкес келмейтіндігі, басым кәсіпорындардың негізгі қорының тозуы 60-70 пайызды құрайтындығы;

  • ескірген технология, әкологиялық талаптарды сақтамай, әнергия қуатын жоғары деңгейде пайдланатындығы;

  • құрылыс материалдары өндірісіндегі өнімдердің жекелеген түрлерінің бәсекеге қабілетсіздігі;

  • мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерлердің бұлыңғырлығы болып табылады.


Шағын және орта кәсіпкерлік

Қазіргі кезде кіші нарықтық құрылымдардың дамуы аудан экономикасының барлық салалары мен сфераларында жүріп жатыр. Ауданда кіші кәсіпкерліктің қазіргі даму жағдайын талдау, оның дамуының шарттары мен факторларының айқынсыздығына қарамастан, ол салыстырмалы жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығын көрсетеді.

Сайрам ауданында кіші кәсіпкерліктің ең көп санды субъектілі саласы – шаруа қожалықтары (55,6%), екінші орында жеке кәсіпкерлік (42%), одан кейін кіші бизнес кәсіпорындары (заңды тұлғалар -2,4%).



Қазіргі кезде Сайрам ауданы экономикасының дамуының оңтайлы тенденциялары байқалуда, экономикалық қызметтердің барлық салаларында қолданыс тауып, кіші кәсіпорындардың саны артуда. :

Ауданда жалпы кіші кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2004 жылғы 9380 бірліктен 2009 жылы 10717 бірлікке артқан, өсу қарқыны 114,3% құраған. 2004-2009 жж. кіші кәсіпорындардың өнім көлемінің көрсеткіштерін салыстырсақ, онда тұтас аудан бойынша көрсеткіш өсімі 2,2 есені құрайды.

2011 жылдың 1-қаңтарына ауданда 11374 бірлік кәсіпкерлік субъектілері тіркелді, оның ішінде 697 заңды тұлға, 6788 шаруа қожалықтары, 3889 жеке кәсіпкер тіркеліп, 35879 адам жұмыспен қамтылды.

Ауданның шағын және орта кәсіпкерлігі 2014 жылдың қорытындысы бойынша келесі көрсеткіштермен сипатталады:

- ШОБ белсенді субьектілер саны 9377 бірлік құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 90,7%-ға төмендеген. Ауданның ШОБ субъектілерінің үлесі облыстық көрсеткіште 1,1% құрайды (ОҚО 858 318 бірлік.).

- ШОБ жұмыспен қамтылғандар саны 21278 адамды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 99,2%-ға төмендеген.

Кәсіпкерлік субъектілер санының азаюы Сайрам ауданының маңызды аумақтарының Шымкент қаласының аумағына өтуіне байланысты.

2010 жылдың 12 айында ауданда 63 дүкендер, қызмет көрсету, тамақтандыру кәсіпкерлік субъектілерінде және сүт өңдейтін, жылыжай, ағаш өңдейтін шағын кәсіпорындарында 323 адам жұмыспен қамтылды.

2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында кіші және орта бизнес субъектілері 12026,7 млн.теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 103,0% қүрады. 2010 жылдың 12 айында төленген салық көлемі 1033,8 млн.тенге, 2009 жылдың 12 айымен салыстырғанда 110,7% құрады.

- ШОБ субъектілерімен 2014 жылы өндірілген өнім (тауарлар мен қызметтер) көлемі 37340,7 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 101,9% құрады.

Төленген салық төлемдері 2211,4 млн.теңгені құрап, 2013 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 111,0%- ға артқан.

2014 жылдың 10 айында 232 кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп 1073 жұмыс орны ашылған.

Аудан көлеміндегі екінші деңгейдегі банктер мен микрокредиттік ұйымдар шағын кәсіпкерлік субъектілерді қолдауга 2010 жылдың 12 айында 1076,4 млн. теңге көлемінде несие берді. Оның ішінде «Максимум» АИО арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында барлыгы 727,7 млн.теңгелік 95 жоба қаржыланды, «Ауыл шаруашылығын қолдау Қоры» арқылы құны 22,0 млн.теңгелік 25 жоба, «КМФ» арқылы 1610 жоба 326,7 млн.теңгеге қаржыланды.

Ауданда «Бизнестің жол картасы 2020» Багдарламасын іске асыру бойынша 2010 жыл көлемінде төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын насихаттау мақсатында БАҚ-на аталған бағдарлама туралы ақпараттар «Пульс Сайрама», Мәртөбе газеттерінің беттерінде 2010 жылы апта сайын шықты.. Әр округ көлеміндегі кәсіпорын басшыларын аталган бағдарлама туралы ақпаратпен таныстырып, несие алуға ниет білдірген кәсіпкерлерді кәсіпкерлік бөліміне келуін қамтамасыз ету үшін барлық ауыл округтері әкімдеріне электронды түрде мәлімет пен хат жолданды. Бөлім тарапынан аудан көлеміндегі ірі және орта кәсіпорындардың электронды почталарына бағдарламаға тапсырыс беру үлгілері жіберілді.

Жалпы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бағдарламаның бірінші, екінші, үшінші бағыттары бойынша қолдау алған жобалар:

2011 жылдан бүгінгі күнге дейін (01.11.2014 ж.) барлығы жобалық құны 24 млрд 923,8 млн.теңгеге 65 жоба. Атап айтқанда:

2011 жылы құны 2111,0 млн.теңгелік 3 жоба қолдау алған.

2012 жылы жобалық құны 6349,2 млн.теңгелік 20 жоба қолдау алған.

2013 жылы жоспар бойынша 26 жобаны ұйымдастыру керек болса, құны 9 млрд 968,2 млн.теңгелік 30 жоба қолдау алып, индикатордың орындалуы 115,4% болған. Оның ішінде: 20 жоба бірінші бағыты бойынша банк кредиттерін субсидиялау, 6 жоба инфрақұрылымдарды дамыту, 3 жоба кредиттер бойынша кепілдіктер беру, 1 жоба экспорттық өнімді субсидиялау бойынша.

Сондай-ақ жоғарыдағы келісім бойынша 2014 жылға жоспар 20 жобаны қаржыландыру болса, бүгінгі күнге құны 6 млрд 495,4 млн. теңгелік 12 жоба қолдау алған. Оның ішінде: құны 1908,9 млн.теңгелік 9 жоба - банк кредиттерін субсидиялау бойынша, құны 268,0 млн.теңгелік 2 жоба - кредиттер бойынша кепілдіктер беру, құны 4318,8 млн.теңгелік 1 жоба - экспортқа бағытталған өнімді субсидиялау бойынша.

Жоғарыдағы қаржыланған жобалардың ішіндегі нақты 2014 жылы іске қосылған жобалар:



«Пирамида Өсімдік қорғау 777» ЖШС кәсіпорны «Golden Nomad» маркалы«Ерлерге арналған костюмдер мен сымдар тігетін тігін цехын ұйымдастыру» жобасы іске асып, 80 жұмыс орны ашылды. Жобаның құны 158,0 млн.теңге.

«Газ және су құбырларына арналған полиэтилен трубалар шығаратын» зауыт «ОҚО полимер трубалар шығаратын зауыт іске қосылуы жоспарланып отыр. Ашылған жұмыс орны 33 адам. Жобаның құны 1234,0 млн.теңге

«Бидайды терең өңдеу арқылы глюкозалы-фруктозалы шырын, клейковина, крахмал, кебек өндіретін зауыт құрылысы» «Bio Grain» ЖШС іске қосылды. Ашылатын жұмыс орны 50 адам. Бірінші кезекте ашылған жұмыс орны 10 адам. Жобада 74,0 млн.теңге көлемінде инфрақұрылым дамытылған.

«Асыл ЛТД» ЖШС Түркия құрал-жабдығымен жабдықталған «Қуаттылығы тәулігіне 300 тонналық диірмен кешені» жобасы іске қосылды. Ашылған жұмыс орны 20 адам. Жобаның құны 897,0 млн.теңге.

«Мұнай БК» ЖШС-ның «Мұнай өнімдерін сақтайтын кешен құрылысы». Жобаның құны 2300,0 млн.теңге, қаржы құрылымы: 1 млрд 600,0 млн.теңге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржыланған, 700,0 млн.теңге жеке қаржысы есебінен. Ашылған жұмыс орны 23 адам.

Бағдарламаның төртінші бағыты, яғни Кәсіпкерлік потенциалды жетілдіру бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» «Бизнес кеңесші» бағдарламасын» түсіндіру мақсатында«Кәсіпкерліктің жедел курсы» екі күндік 3 семинар-тренингтер өткізді. Атап айтқанда 24-25 сәуір 2014 ж. (28 сертификат), 17-18 маусым 2014 ж. (32 сертификат), 14-15 қазан (57 сертификат). Семинар-кеңес алған кәсіпкерлерге барлығы 117 «Сертификат» берілді.

Құрамында «Кәсіпкерлік бөлімі», «Жұмыспен қамту 2020», «Жастар орталығы», «Кәсіпкерлікті қолдау орталығы», «Ырыс» микрокредиттік ұйымының өкілінен құрылған «Сайрам ауданында мемлекеттік қолдау шараларын насихаттайтын жұмысшы топ» 2013 жылы 17 ауыл округі кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау бағдарламаларының шарттары, оны алу жолдары мен механизмдерін түсіндіру барысында – 9 семинар-кеңестер, 2014 жылы 11 ауыл округінде 11 семинар-кеңестер өткізді. Сонымен қатар "Казагрофинанс" АҚ-ның мамандарының,«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры тарапынан «Бизнес кеңесші» бағдарламасы аясында 2013 жылы 5 семинар-тренинг өткізіліп, 183 кәсіпкерге сертификат берілсе, 2014 жылдың ақпан, сәуір, маусым, қазан айларында екі күндік 4 семинар-тренинг өткізіліп, 193 кәсіпкерге сертификат берілді.

Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының құралдары туралы кітапша шығарылып, 2013 жылы ауыл округтері бойынша 400 кәсіпкерге, 2014 жылы 250 кәсіпкерге таратылды.

Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бойынша аудан көлеміндегі микрокредиттік ұйымдар: "Ырыс", "Ауыл шаруашылығын қолдау Қоры", "КазМикрофинанс" «Жәрдем АС» МКҰ, «Сайрам несие» МКО «Арнұр Кредит» ЖШС арқылы 2014 жылдың 11 айында 2390,4 млн.теңге көлемінде 4076 адамға несие берілген.

Облыс әкімдігі тарапынан құрылған «Максимум» АИО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен аудан көлемінде 2010-2014 жылдар аралығында 573 жоба 4068,1 млн.теңге көлемінде несиеленген. Олар арқылы 5 жыл ішінде 1213 жұмыс орны ашылып, бюджетке 6,9 млн. теңге көлемінде салық төленген.



Ауданда орта және шағын бизнестің дамуындағы негізгі мәселелер:

- Кәсіпкерлік саласын жоғары деңгейде қаржыландыру жұмысының төмендігі,

- Төмен көлемде қаржыландыру және несие ресурсына қол жетімділіктің төмендігі;

- Несие пайызының жоғары болуы;

- Несие құжаттарын рәсімдеудің күрделілігі.

- Шағын және орта бизнестегі әкімшілік кедергілерді жою:

- кәсіпорынның нарыққа кірер алдындағы кедергі- лицензиялау, рүқсат, келісім, тіркеу, жобалық құжаттармен келісу;

- Тауарды нарыққа кіргізгеннен кейін,-сертификаттау, маркілеу.

- Әкімшілік қадағалаулар мен көп түрлі міндетті талап етілетін есеп түрі.

Шешу жолдары

1 .Микронесиелендіру механизімін жетілдіру.

2.Шағын және орта бизнестің басымқы бағыттағы инвестициялық жобаларын қаржыландыруға ықпал ету;

З.ШОБ субьектілеріне несие қаржы игеру мақсатында қаржы институттарымен бірлесе жұмыс жүргізу;

4.Кәсіпкерлік мәселелері жөнінде қоғамдық бірлестіктермен бірлескен әлеуметтік сауалнама жүргізу;

5. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кіші цехтар ашу жұмыстарын ұйымдастыру.

6. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жобалардың

қаржылануын қадағалау;

7. «Бизнестің жол картасы аясында» жұмыс орындарын ашу.

8 . Кәсіпкерліктің даму жолында бақылау-қадағалау функциясы бар мемлекеттік органдар мен қоғамдық үйымдар және тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестіктері әкімшілік кедергілерді жою бағытында жүмыс жүргізуді үйымдастыру;



Қорытынды

5 жылдық даму бағдарламасы аясында жаңа жүмыс орындары ашылып, өнімнің жаңа түрлері өндіріледі, халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, оның есесіне жұмыссыздар саны кемиді. Ауданның бюджетінің кіріс бөлігі артады. Заман талабына сай жаңа технологиялар іске қосылып, кәсіпорындар сапа менеджменті жүйесін ендіріп, бәсекеге қабілетті импорт орнын басатын, стандартқа сай өнім шығарады. Ауданымыздың әлеуметтік экономикалық жағдайы артады деп күтілуде.


Қызмет көрсету.

Сауда. Сауда - қазіргі кезде аудан әкономикасының дамуының басымды бағыттарының бірі. Ауданда сауда және қызмет көрсету саласы жақсы дамыған. Ауданның тұтынушылық нарығы тауарлардың кең ассортиментімен, тауар айналым көлемінің өсу тұрақтылығымен сипатталынады.

Экономиканың тек сауда саласында кәсіпкерлік белсенділік қалыптасқан, бұл тез арада тұтынушылық рыногының дамуына әсер етті. Қазіргі таңда тұтынушылық рынок тауармен жеткілікті қамтылған, яғни тауарлық дефицит жоқ.

Ауданда 446 сауда кәсіпорындары бар, онда 1353 адам жұмыс істейді, сонымен қатар 1312 сауда орындық 16 базар, 172 қоғамдық тамақтану орындары бар.

2010 жылы аудан бойынша сауда айналымының жалпы көлемі 12238,1 млн. теңгені құраған, оның ішінде 7343,6 млн.теңге бөлшек тауар айналымы, 4894,5 млн. теңге көтерме сауда айналымын құрайды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2009 жылға қарағанда 110,4 пайызға артқан. Жалпы бөлшек сауда айналымының 63,3% (4648,4 млн.теңге) шағын сауда кәсіпорындары құрайды, 12,3% (903,2 млн.теңге) – орта кәсіпорындары, ал 24,4 % (1791,8 млн.теңге) базар.

Талдауға сәйкес, 2011 жылдың соңына дейін ауданның бөлшек сауда айналымы 7652,0 млн.теңгені құрап, 2010 жылға қарағанда 4,1% көбеюі жоспарлануда.

Ал 2012 жылы 8042,3 млн.теңге, 2013 жылы 8532,9 млн.теңгеге , 2014 жылы 9087,5 млн.теңге, 2015 жылы 9732,7 млн.теңгеге жеткізу жобалануда. Бұл «Арай» ЖШС (ұн, өсімдік майы), «Ақ нан» ЖШС (ұн шығару), «Сайрам сүт» ЖШС-нің (сүт өнімдері) өнімдерінің көбеюіне, Жұлдыз, Жаңаталап, Қарасу ауылдарында жылыжай құрылысы жүргізіліп, іске қосылуына байланысты.

Сауда кәсіпорындарындағы көтерме сауда айналымының көлемі 2010 жылы 4894,5 млн.теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 113,5 % өсті.

Жалпы көтерме сауда айналымының 72,6% (3553,4 млн.теңге) шағын сауда кәсіпорындары құрайды, 27,4% (1341,1 млн.теңге) – орта кәсіпорындары.

Көтерме сауда айналымының көлемін 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 4,1%-ға немесе 200,7 млн.теңгеге көбейту жоспарлануда. Ауданда сауда айналымының өсімі қызмет көрсету мәдениетінің жағарылауына, жергілікті тауар өндірушілерінің өнім түрлерінің кеңеюіне, байланысты.

Ауданда 16 базар жұмыс атқаруда (1312 сауда орыны), оның ішінде 7 азық-түлік, 6 мал базар, 2 киім- кешек, 1 әмбебап базары. 2009 жылы Ақсукент ауылындағы «Махаммат» базарының қайта құруы басталды. Оның орнында қазіргі талаптарға сай келетін сауда орталықтарының құрылысы жоспарлануда. «Хай-тек» стилімен стильді және динамикалық салынған олар аудан орталығының сәулеттік шырайына сай келетін болады. Нәтижесінде сауда алаңы кеңейтіліп, қосымша 97 сауда орнын ашуға мүмкіндік береді. Қайта құру жұмыстарының аяқталуы 2011 жылға жоспарлануда.

2014 жылы ауданда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 10858,6 млн.теңгені құрап, 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 107,5%-ға жоспарланып отыр.

2014 жылдың 11-ші ақпанынан бастап ұлттық валюта бағамының төмендеуіне байланысты, бірінші әлеуметтік маңызы бар қажетті тауарлар бағасының өсіп кетуіне жол бермеуде жасалған іс-шаралар бойынша жұмыстар атқарылды.

Байланыс. Аудандағы соңғы жылдардағы тенденция – дәстүрлі қызмет түрлерін жетілдіру және дамыту және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу. Аудан бойынша байланыс қызметін «Қазақтелеком» АҚ мен «Қазпошта» АҚ монополист- кәсіпорындар ұсынады.

Сайрам ауданы бойынша 19,0 мың абоненттер орнатылған, 17 ауыл округі толығымен қамтамасыз етілген. Осы аталған абоненттердің интернет жүйесіне қосылуға толық мүмкіндіктері бар.

Сайрам ауданы бойынша 23 пошта торабы бар. Оның 6-уы 2008 жылы салынған. 2010 жылы 3 пошта ғимараты жаңадан салынып, пайдалунға берілді. 7 ғимарат 2011 жылға салу жоспарланып отыр. Жалпы пошта жүйесінде 105 адам қызмет жасайды. 2010 жылы жазбаша корреспонденциялары 46,0 млн. дана қабылданды.

Пошта қызметінен басқа, зейнетақы төлеу, жәрдемақы, жалақы, салық төлемдері, коммуналдық қызметтерге төлемақы және банк қызметтерін кеңінен ұсынады.



Қызмет көрсету саласының басты мәселелер :

- ауданның ауылдық елді мекендерінің қызмет саласы дамуының төмен деңгейі;

- қызмет саласы дамуының перспективаларына және проблемаларына мемлекет тарапының назардан тыс қалуы;

- ақпарат қызметі саласында «Қазақтелеком» АҚ монополиясы, бұл өз кезегіде халықтың және фирмалардың Интернет, IР-телефонмен пайдалану қызметін қымбаттады;

- қызмет саласының инновациялық төмен басқа салаларының жоғары үлесі;

- ақпараттық, инновациялық және ғылыми-зерттеу қызмет көрсететін қызметтің, мемлекеттік қызметшілерді даярлайтын, мемлекеттік құпия және ақпараттық қауіпсіздікті қамтитын басқа салалардың төмен деңгейі;



Аумақтың экологиялық мәселелері. Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларының көлемінің өсуі экономиканың өнеркәсіп саласының дамуымен, құрылыс өнеркәсібінің дамуымен, автокөліктердің сандық құрамының артуымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жою мәселелерінің шешілмеуімен байланысты. Өндірістің қарқынды дамуы, халық санының өсуі, тұрмыстық және өндірістік тауарларды тұтынудың артуы салдарынан қалдықтарды жою проблемасы туындап отыр.Тұрмыстық қалдықтарды ең арзан жою әдісі бұл-қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мәселесі көкейтесті болып отыр.Өйткені қалдықтарды жинақтау, қайта өндеу зауыты жоқ..Осыған орай бүгінгі таңға жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралып, жобалық сметалық құжаттамалары дайындалып, 2014 жылы облыстық бюджет есебінен қатты тұрмыстық қалдықтар палигонын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

Өңірдің экологиялық проблемасын қалыпты жағдайда. Аудан аумағында бұрын техногенді-минералды қалдықтар түйіршіктерін шығарытын кәсіпорындар болмаған Тассай ауылында жаңадан салынған «Стандарт Цемент» ЖШС цемент зауыты іске түссе, Тассай ауылы аумағы мен іргелес Шымкент қаласы аумағын ластап, тұрғындар денсаулығына зиянды тигізуі мүмкін деген қауіп бар.

Сайрам ауданы әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі тұрмыстық қатты қалдықтар жинайтын сақтау орыны Мәртөбе ауылында орналасқан. Көлемі 5,0 га құрайды, Ауыл әкімшіліктерінің меншігінде Ақбұлақ ауылында 1,0 га, Өтеміс ауылында 0,9 га, Арыс ауылында 2,0 га Жібек-Жолы ауылында 2,0 га Қарабұлақ ауылында 10,0 га, Құтарыс ауылында 2,0 гаҚайнарбұлақ ауылында 1,8 га, Қарамұрт ауылында 3,17 га, Жұлдыз ауылында 2,14 га, Қаратөбе ауылында 3,0 га, Манкент ауылында 1,04 га, Сайрам ауылында 5,5 га яғни, барлығы 39,5 га құрайды. Оның 34,5 га қоршалмаған. Ұйымдастырушылар ауыл әкімшіліктері. Ал қоршалмаған полигондардың айналасына қарағаш, алма, жиде, ясень ағаштарын егіп жасыл желек аймағына айналдыру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2011 жылы 15,0млн. теңге қарастырылып отыр.

Аудан аумағында 2010 жылы «Жасыл ел» бағдарламасының орындалуына демеушілер мен акция ұйымдастыру арқылы (ішкі көшелер мен саябақтарға,мекемелер,мектептердің аулаларында) 75,5 га жерге 50400 дана қарағаш, алма, можжевельник егілді.

Аудан бойынша «Жасыл аймақ» бағдарламасына сәйкес 2011-2013 жылдар аралығында 150 гектар жер бөлініп ағаш егу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Өндірістің қарқынды дамуы, халық санының өсуі, тұрмыстық және өнідірістік тауарларды тұтынудың артуы салдарынан қалдықтарды жою проблемасы туындап отыр. Тұрмыстық қалдықтарды ең арзан жою әдісі бұл-қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында жинақтау. Алайда, бұл полигондар жер асты суларының, топырақтың және атмосфералық ауаны ластау көздері болып табылады. Аудан үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мәселесі көкейтесті болып отыр. Өйткені қалдықтарды жинақтау, қайта өңдеу зауыты жоқ. Ауданда полигондар ашық алаң түрде ұйымдастырылған, ауа, топырақ және жер асты суларын ластауда, сонымен қатар, жинақталған қалдықтардан таралған жағымсыз иіс айналадағы санитарлық-әпидемиологиялық жағдайды бұзып отыр. Осыған байланысты, санитарлық-әпидемиологиялық және әкологиялық талаптарға сай келетін қатты тұрмыстық қалдықтар сақтайтын полигондарды қалпына келтіру, құрылысын салу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет