Сайрам ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет5/13
Дата03.07.2016
өлшемі1.28 Mb.
#174482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Бәсекелестікті дамыту.

Бағдарламаның басты мақсаттарының бiрi ол оң факторлар басым болатын қолайлы бәсекелестiк ортаның жасалуы, тиiмдi кәсiпорындардың ұзақ мерзiмдi қаржы тұрақтылығын, сонымен бiрге нарықта минималды бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, тиiмдi және инновациялық кәсiпкерлердің экономикалық мүдделерiнiң қорғалуы болып табылады.

Аудандағы бәсекелестіктің жағдайы олардың құрылымымен, нарыққа кіруге тосқауылдардың болуымен, сонымен бiрге инвестициялық ахуалының ортақ күйiмен шартталған.Талдаулар жасау кезінде бәсекелестiктiң дамуына нарықта қажетті келесi негiзгі тауарлардың болатынын анықталды: цементтің көтерме сатылуы, шығарылған әлектр энергиясының көтерме бағамен, электр энергиясының бөлшектеп бағамен таратылуы, пошталық байланыстың қызметi, ақылы ақпараттық қызметтiң қызметi, астықтың сақтауы және тағы басқалар.Сонымен бiрге, нарықта 1 – 6 аралығында субъекттер монополиялармен, дуополиялармен және олигополиялармен ұсынылғаны анықталды.

Бәсекелестiктiң дамуына әкiмшiлiк (рұқсат беретiн процедуралар, қызметтi лицензиялау), экономикалық (қаржылық салулары, қажеттi технологиялық базаның қажеттiлігі), сонымен бiрге сыртқы сауда тосқауылдары, кәсіпкерлікті жүргізу стратегиясы, инфрақұрылымның жеткiлiксiз дамуы және қол жетімділігі, сонымен бiрге инвестициялық жағдай (инвестицияның тартымдылық еместiгі), сұраныс бойынша шектеу тосқауыл болады.

Сонымен бiрге, ауыл шаруашылығы аудан экономикасының басты салаларының бiрі болып табылғанын есепке ала отырып (топырақ-климаттық шарттар, ең бай жайылым қоныстары), ауылшаруашылық өнiмін өткiзу үшiн iшкi және сыртқы нарықтардың болуын есепке алып және АӨК саласының өнiмдерін өңдеуді дамыту көзделген.

Сонымен бiрге, агроөнеркәсiптiк кешендегi бәсекелестiктiң дамуын шектейтiн келесі факторлар ықпал етедi:



  • заттық және қаржы қорларының жетіспеушілігі;

  • ауыл шаруашылық шикiзатын өңдеу бойынша өндiрушiлердің өндiрiс саласында жеткiлiксiз дамуы;

  • ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындырының аздығы;

  • мемлекеттiк – жеке әрiптестiктiң болмағандығы;

  • жеңiл өнеркәсiптiң дамымағандығы;

  • ауылшаруашылық кешендерiнiң технологиялық паркiнің моралді және физикалық тозушылығы;

  • жайғасынған өткiзу нарығының жоқтығынан, өндірілген ауыл шаруашылық өнiмдерін ішкі және сыртқы нарыққа өздіктерінен (немесе арашашылардың аздығынан) шығаруға майда тауар өндiрушiлерiне өз алдына кедергi келтiредi;

  • коммуналдық нарықтардың жеткiлiксiздiгiнен өндiрушiлер өз ауыл шаруашылық өнiмдерiн делдалдардың қатысуынсыз тiкелей нарыққа шығаруға мүмкіндіктері аз, делдалдар өз кезегiнде өнiмнiң түпкi құндарына ықпал етедi.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығының жүйелiк мәселесi суарылатын судың тапшылық болып табылады.

Бәсекелестiктің жағдайына сонымен бiрге қоймалардың кемшiлiгi, алғашқы өнiм жиынының пунктi , ауылшаруашылық өнiмдерінің биржалық саудада дамымағандығы терiс ықпалына әсер етеді.

Бәсекелестiк ортаны жақсарту үшiн ауыл шаруашылық саласында кәсiпкерліктің жұмысқа деген ынталары және мүмкiндiктер.туралы шаралар қарастырылады:


  • iшкi нарықта азық-түлiк тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету (меморандумдарға қол қою, әлеуметтiк - кәсiпкерлiк корпорацияларды тарту және тағы басқа жолдармен);

  • экспорттық және жоғары технологиялық өндiрiстерге инвестиция тарту үшiн тартымды шарттар жасау;

  • сонымен бiрге, ауылшаруашылық өнiміндерін өңдейтін инфрақұрылымды дамыту;

  • ауыл шаруашылық өнiмiнiң өндiрiсiне жаңа технологияларды енгiзу (жылы жайлар мен көкөнiс қоймаларының аудандарының көлемiнiң кеңейту, картофел қоймаларын, құс фабрикаларын, фермаларды, сүт және ет өнiмдерін өндiру және өңдеу бойынша цехтарды жаңарту және қалпына келтiру);

  • суды үнемдеу технологиялары арқылы дәндi дақылдардың аудандарының көлемiнiң ұлғайту;

  • мал бордақылау алаңдары санының көбеюі;

  • су сақтайтын технологияларды кірістіру арқылы суару тиiмдiлiгін жоғарлату (тамшылап суару әдісін енгізу);

  • майда шаруа қожалықтарын iрiлендiру және ынталандыру.

Жергiлiктi атқарушы органдарды басқа тауарлық нарықта экономикалық көрсеткiштердi жақсарту мақсатына бағыттау (кәсiпкерлерге кәсiпкерлiктің жаңа мүмкiндiктерін ашу, бәсекелестiктiң дамуына кедергi келтiретiн тосқауылдарды төмендету).

Бәсекелестіктің деңгейін жоғарлату мақсатында аумақтық тауарлық нарықтарды дамыту, жаңа субъектілерді нарыққа енгізу мүмкіндігін іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдар іс-шаралар қарастыратын болады.

Жоғарыда көрсетілген салалар бойынша бәсекелестікті дамытудан басқа, аймақтық бәсекелестік саясатын өткізу және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе мынадай іс-шаралардың жасалынуы және қабылдануы іске асады:


  • бәсекеге түсе алатын жоғарлатылған маркетинг стратегиясын анықтау (сапаның халықаралық стандарттарын енгiзу бойынша керектi шарттардың жасауы, салалардың техникалық - технологиялық жаңартуы, инновациялық қызметтiң дамуы, ғылыми-техникалық өнiмнiң нарықта құрылымы);

  • басты салалардағы ауданның тауарлық нарықтың инфрақұрылымдарын дамыту;

  • жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың орын ауыстыруын және кәсіпкерлік қызметте әкімшілік тосқауылдарды орнатуды шектейтін жүйе жасау;

  • бәсекелестiк жеткiлiксiз дамыған экономика салаларының жағдайын зерттеу;

  • мемлекеттiк органдардың кәсiпкерлiк қызметіне қатысуларын қысқарту.

Бәсекелестiкті шектейтiн нормалардың анықтау және жойылу мақсатында кәсiпкерлiктiң төңiрегiде жасалатын нормативтiк құқықтық актілерiн монополияға қарсы органмен келiсу ескерiледi.

Бәсекелестiктің артықшылықтарын барлығына ортақ түсiндіру мақсатында,оны тиiмдi насихаттау қажет.

Бәсекелестіке адвокаттау бәсекелестігін дамытуға шарттар жасасуға жергілікті атқарушы және монополияға қарсы органдарды өзара тиімді әрекеттесуге мүмкіндік береді, сонымен бірге, бәсекелестіктің мәнін барлық тұлғаларға (кәіспкерлер, тұтынушылар) әкономикалық тиімділік және әкономикалық даму нүктелерінен түсіндіруді қамтамасыз етеді.

Бәсекелестікті қорғау аясында жаңа кәсіпкерлерді тарту үшін, сондай-ақ тауарлар және қызметтерді қажеттілігі жаңа кәсіпкерлерді ынталандыру үшін, сонымен қатар жергілікті билік органдарының қызметінің ақпараттық шынайылығын арттыру мақсатында аймақтық рыноктар туралы мәліметтер жинауды ұйымдастыру, сараптама және жариялау жөнінде жұмыстар жүргізілетін болады.

Бағдарламада айқындалған өнеркәсіптің бәсекелестігін арттыру, агроөнеркәсіп кешені және құрылыс индустриясын дамыту, жайлы кәсіпкерлік климатты қамтамасыздандыру жөнінде және басқа да шаралар өркениетті бәселелестік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді.

Өндірістік сектордың дамуы, аудан өнеркәсібіне шетелдік және отандық инвестицияларды тарту каналдарының кеңеюі арнайы әкономикалық (АӘА) және индустриялық аймақтардың (ИА) тартымдылығын арттыру арқылы жүзеге асырылатын болады, ол өз кезегінде рыноктың жаңа қатысушыларына тартымды болатын бәсекелестік ортаның жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.


2.2.2. Әлеуметтік сала.

Демографиялық потенциал. Сайрам ауданы туылу деңгейі жоғары, тұрғындар тығыз орналасқан аймаққа жатады. Соңғы он жылда (1999-2009 жж.) тұрғындар 43,3 мың адамға немесе 17,9 % артып, 2009 жылы 262,956 мың адамды құраған. Тұрғындар санының жыл сайынғы өсімі орта шамамен 1,8 %.

2004 жылмен салыстырғанда 2009 жылы Сайрам ауданы бойынша өлімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 0,36 көбейген. (2004 ж- 6,0 , 2009 жылы- 6,36). Бірақ 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші аудан бойынша біршама кеміген (2008 ж- 6,52, 2009 ж- 6,36) .

Тұрғындардың өлімі көп жағдайда қан айналым жүйесінің ауруларымен (41,5%) туындаса, қайғылы жағдай, улану және жарақат (11,3%) алулардан да болған.

2009 жылы 2650 некелесулер және 269 айырлысулар тіркелген (2005 жылмен салыстырмалы өсім 12,7% және сәйкесінше 38,6 %).

2014 жылдың қазанына ауданда 4753 нәресте туылып, 835 адам қайтыс болды. 1546 некелесулер және 244 ажырасулар тіркелген.

Денсаулық сақтау.

Сайрам ауданы денсаулық сақтау саласында 7 амбулаториялық-емханалық ұйымдар (4 жекеменшік,3 мемлекеттік) және 5 аурухана ( 1 жекеменшік,4 мемлекеттік) жұмыс атқарады.

Атап айтқанда, жалпы 835 төсек орындық 5 аурухана: 420 төсек орындық «Ақсукент» Сайрам аудандық орталық ауруханасы, 130 төсек орындық «Қарабұлақ» аудандық ауруханасы, 185 төсек орындық «Сайрам» аудандық ауруханасы, 60 төсек орындық аудандық туберкулез ауруханасы, 40 төсек орындық «КАНТ» жекеменшік клиникасы.

Амбулаториялық –емханалық ұйымдар; 3 емхана, 5 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы,10 дәрігерлік амбулатория және олардың құрамына кіретін 46 медициналық пунктер,а удандық жедел жәрдем стансасы және жекеменшік стоматологиялық емхана жұмыс атқарады.

Демографиялық жағдайдың оң өзгерістеріне қарамастан ана мен нәресте өлімнің көрсеткіштері әлі де тұрақтанбай тұр.

Ана өлімінің көрсеткіші . Өкінішке орай 2009 жылы 2 ана өлімі тіркеліп, 2010 жылы 4 ана өлімі тіркелді.

Тұрғындардың өлімі себептерінен бірінші орында қан айналым жүйесінің аурулары салдарынан үлкен үлесті алып отыр.

Жарақаттану, жазатайым оқиғалар мен улану екінші орынға ие. Жарақаттану арасында, оның көпше түрі мен біріккен түрлері орын алуда.Үшінші орынды қатерлі ісік аурушаңдығы құрап отыр.

Аудан үшін өзекті мақсаттардың бірі – санитарлық-әпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру болып саналады.

Жұқпалы аурулар. Аудан бойынша туберкулезбен ауырғандар саны төмендегеніне қарамастан туберкулез бойынша аудандағы әпидемиологиялық жағдай қиын күйінде қалуда . 2010 жылы туберкулез ауруын дер кезінде анықтау және оны төмендету мақсатында жоспардағы 112820 адамның 99772-і 98,0 пайызы флюрографиялық тексеруден өткізілді. Одан басқа жоспардағы 16850 балаға туберкулинодиагностика жасалынды. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде алғашқы рет туберкулез ауруымен 127 ( 2009 ж.- 128) науқас анықталынды, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезге шалдығу көрсеткіші 48,2 (2009 ж.- 48,0) құрады. Өлім-жітімнің негізгі себебіне, туберкулез процессінің созылмалы түрге айналуы мен дәрі-дәрмекке тұрақтылығы себеп болуда.

Өткір ішек ауруларымен ауырғандар 2010ж.11(2009 ж.-12)болса, 100 мың халыққа шаққандағы бастапқы аурушаңдық көрсеткіші 2010 ж.3,7(2009ж.-4,1) болды.

Сары аурумен ауырғандар 2010ж.21 (2009 ж.-17)болса, 100 мың халыққа шаққандағы бастапқы аурушаңдық көрсеткіші 2010 ж.7,2 (2009ж.-5,8) болды.

Сарып аурумен ауырғандар 2010ж.4 (2009 ж.-1)болса, 100 мың халыққа шаққандағы бастапқы аурушаңдық көрсеткіші 2010 ж.1,3 (2009ж.-0,3) болды.

АИТВ тіркелген уақыттан бері ауданда (1993 ж.) 2010 жылдың 01 қаңтарына жұқтырған 148 адам, соның ішінде балалар 40, ЖИТС-пен ауырғандар 12, соның ішінде балалар 7, 6-ы қайтыс болды, соның ішінде балалар .

«ОҚО-дағы ЖИТС/АИТВ-ның алдын алу және емдеудің 2007-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының» іске асыру арқылы АИТВ-ның концентрациялық сатыда таратылуы тұрақтанды.

Халық денсаулығының төмендеуінің негізгі себептерінің бірі санитарлық-ағарту білімінің деңгейінің төмендігі болып отыр. Медицина қызметкерлері тарапынан ақпараттық жұмыстарының: салауатты өмір салтын ұстану, аурудың алдын алу, дұрыс тамақтану мәселесі бойынша үгіт-насихат жұмыстарының жеткіліксіздігін атап айтуға болады. Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыру жүйесін дамыту мақсатында «Салауатты өмір салты» 2008-2016 жылдарған арналған мемлкеттік бағдарламасы іске асырылуда. «Сайрам ақшамы» теледидарында арнайы «Ем болсын!» бағдарламасы іске қосылып, жұмыс істеуде. «26 маусым –Халықаралық есіріткіге және есіріткі бизнесіне қарсы күрес» күніне орай ауданда кең көлемде «Есірткісіз әлем» акциясы өткізілді. Үгіт-насихат парақшалары мен плакаттар таратылыды.

Тұрғындардың денсаулығы мен өлім- жітім көрсеткіштеріне білікті медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі, кәсіби дайындығы сапасының төмендігі, кәсіби білімнің үздіксіз жүйесінің жоқтығы кері әсерін тигізуде.

2010 жылы аудан тұрғындарына 2138 медицина қызметкерлері, оның ішінде 426 дәрігер, 1712 орта бұын медицина қызметкерлері медициналық көмек атқарды. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші -14,6, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету көрсеткіші -58,8 құрады.Жұмыс істеп жүрген дәрігерлердің 37,8 (158) пайызы ,орта буын медицина қызметкерлерінің 47,8 (812) пайызы мамандықтары бойынша біліктілік санаттарын иеленген.

Дәрілік заттарға қолжетімділік медициналық көмек сапасына тікелей әсер етеді. Амбулаториялық деңгейде халықтың жекелеген санаттарын, сондай-ақ айқындалған ауру түрлерінің тізбесі бойынша науқастарды тегін\жеңілдетілген дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету науқастарды амбулаториялық кезеңде емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Денсаулық сақтаудың өзекті бір проблемасы ретінде тұрғындардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігі жатады. Медициналық ұйымдарды медициналық көмекті көрсетудің халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін медициналық ұйымдардың қызметін айқындау бойынша шаралар жүргізілді. Алға қойылған міндеттерге жету үшін ішкі аудит пен сыртқы тәуелсіз әкспертиза қызметтері құрылды. Медициналық мекемелер аккредитациядан өтті.

Позитивті өзгерістерге қарамастан аймақты қаржыландыру әлі де жеткіліксіз болуда.

Денсаулық сақтау саласындағы проблемалары, басқару мен қаржыландырудың түпкілікті нәтижеге емес, жүйені қолдауға бағытталуымен байланысты болып отыр. Әлі де медициналық қызметке біркелкі жету мен медициналық қызметтің сапасының төмендігі сақталуда.

2005 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға шығындардың көбейгені анықталып отыр.

2010 жылы денсаулық сақтау мекемелерін медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге 131140,9 мың тенге жоспарланды. Ауруханалар мен емханаларға 58700,0 мың тенгеге рентген-маммограф қондырғысы бар автокөлігі, 2299,5 мың тенгеге реограф, 2639,5 мың тенгеге компьтерлік периметр, 4998,0 мың тенгеге «ГАЗ» жедел жәрдем автокөлігі, 10700,0 мың тенгеге реанимобиль автокөлігі, 4939,0 теңгеге 1 канализация тазалайтын автокөлік, әлектроәнцефалограф, биохимиялық анализатор, жас нәрестелерге арналған инкубатор, тағы басқа да құрал- жабдықтар сатып алынды.

Сонымен қатар, медициналық персоналдың компьютерлік сауаттылығының төмен деңгейде болуы және емдік-профилактикалық процессті толық автоматтандырудың болмауы денсаулық сақтауда ақпараттық технологияларды дамытуға жол бермеуде.

2010 жылда «Жол картасы» жобасына сәйкес аудан бойынша 5 денсаулық сақтау обьектілері («Қарасу» және «Қайнарбұлақ» ауылдық емханалары, «Сайрам» аудандық ауруханасы, «Ақсукент» аудандық орталық ауруханасы және «Қарамұрт» ауылдық ауруханасы) күрделі жөндеуден өткізілді. Жөндеу жұмыстарына жалпы 507906,0 мың тенге қаралды. . 2010 жылда облыстық бюджет ебінен 1034,1 млн. тенгеге 15 денсаулық сақтау обьектілерінің құрылысы басталып, пайдалануға берілді. Қалған обьектілердің құрылысы 2011-2015 жылдарға жоспарланған.

2011-2015 жылдарға жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу жұмыстары жоспарлануда.


Еңбек нарығы.

2005 жылдан бастап 2010 жылдары экономикалық белсенді тұрғындардың саны аудан бойынша 123,3 мың адамға жетіп және 13,7% өскен, еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санынан 46,9% құраған.

2009 жылы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 122,6 мың адам болса, әкономика салаларында 116,6 мың адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздар саны 6100 адамды немесе жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады.

Ал 2010 жылдың 1 қаңтарына экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 123,3 мың адам болса, экономика салаларында 117,3 мың адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздар саны 6000 адамды немесе жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады.

Ауданның 31 елді мекені Шымкент қаласына өтуіне байланысты, 2014 жылдың 11 ауданның халық саны 203,8 мың адам болды. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 82,2 мың адамды құрап, экономика салаларында жұмыспен 78,4 мың адам қамтылған. Жұмыссыздар саны 3,8 мың адамды немесе жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады.

Аудан бойынша 2005 жылдан 2010 жыл аралығында номиналдық жалақының өсімі байқалады. 2005 жылы аудан бойынша номиналдық жалақы 14216 теңгені құраса, 2010 жылы 53241 теңгеге жетіп, 2005 жылмен салыстырғанда 3,8 есеге көбейіп отыр.

2009 жылы Сайрам ауданында орташа айлық номиналдық жалақы 38531 теңгені құраған, өмір сүрудің ең төменгі деңгейі мөлшері тұрғындар басына шаққанда орта шамамен 11337 теңге, яғни жалақы деңгейі өмір сүрудің төменгі деңгей мөлшерінен 3,4 есеге артық, ол тек өзін ғана емес, сонымен қатар қамқоршыларын да асырауға жетеді.

2014 жылдың тамыз айында орташа айлық жалақы 78723 теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда өсімі 4,3% құрады.

2006-2010 жылдар аралығында аудан аумағында 7629 жаңа жұмыс орындары ашылды. Осы мерзімде 13240 адам жұмыс іздеп келсе, олардан 12379 адам немесе 93,5 пайызы жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығындағы тапшы қызметтер: әнергетика, әкология, ауыл шаруашылық ғылымдары және денсаулық сақтау облыстарында біліктілік деңгейі жоғары мамандар, техникалық және ауыл шаруашылық салаларында біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар; техникалық және агротехникалық орташа білім беруші оқытушылар мен шеберлер, техникалық және құрылыс мамандақтарының жұмысшылары.

Ауданда 2005-2010 жылдар аралығында орташа тұрғындық табыстың артуы байқалған. 2005 жылы аудан бойынша табыстың мөлшері 5701 теңгені құраса, 2010 жылы – 24976 теңге болды. Аудан бойынша 2010 жылы нақты ақшалай табыс 2009 жылмен салыстырғанда 36 % құрады.

ҚР Президентінің 2006-2008 жылдардағы Жолдауларына сәйкес халықтың өздігінше кедейлік жағдайынан шығуға мүмкіндіктері жоқ аса мұқтаж санаттарына атаулы көмек көрсетуге басым көңіл бөлінді. Осы мақсатпен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін төлеу, жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен аз қамтамасыз етілген азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау іске асырылды.

Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы, аз қамтылған азаматтар саны 2009 жылы 1146 адамнан 2010 жылы 641 адамға дейін немесе 44,1 пайызға кеміді. 2010 жылы 122 отбасына немесе 641 адамға 7127,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, аудан бойынша кедей азаматтардың үлесі тұрғындардың 0,22 пайызын құрады.

2014 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 32 отбасы немесе 146 азаматқа 3,7 млн.теңге көлемінде көрсетілді. Былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда алушы отбасылар саны 23% өсіп, төленген қаржы мөлшері 8,3 % кеміді.

Мемлекетіміздің «Жол картасы» іс-шаралары аясында немесе жұмыссыздарды жұмыспен қамту арқылы олардың өмірлік деңгейін көтеру саясатына байланысты, есепті мерзімде атаулы көмек алушы 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 8 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 21 адам кәсіби мамандықтарға оқытылды. Жыл ағымында атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының қосалқы шаруашылықтарын дамыту мақсатында 23 отбасына 2183,0 мың теңгеге мал алынып берілді.

Сонымен қатар, тұрғын үй жәрдемақысына 18380,0 мың теңге қаржы қаралып, аз қамтылған 1241 отбасына тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

2014 жылдың 11 айында 606 отбасыға 17,3 млн.теңге тұрғын үй көмегі төленді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың жан басына шаққандағы жиынтық табысы 4,3 пайызға өсті және айына 21621 теңгені құрады.

Әлеуметтік саясаттың тағы бір басымдығы – ана мен баланы қорғау. 2006 жылы балалы отбасыларды қолдаудың жаңа жүйесі ендірілді, оған басқа жәрдемақылармен бірге аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы қосылды (1 айлық есептік көрсеткіш).

2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы балалар жәрдемақысын алушы азаматтар саны 5966 адамнан 6119 адамға дейін немесе 102,5 пайызға өсті. Балалар жәрдемақысын алушылар саны бала туудың өсуіне байланысты болып отыр.

2010 жылы 6119 отбасына немесе 22515 балаға 313545,0 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді. Балалар жәрдем ақысын алушы отбасы мүшелерін «жол картасы» іс-шараларына тарту, жұмысқа орналастыру, отбасыларының табысын көтеру арқылы аталған жәрдемақыға 2010 жылға нақтыланған 329845,0 мың теңге қаржыдан 16300,0 мың теңге қаржы үнемделді.

2014 жылдың 11 айында 4255 отбасыға немесе 16001 балаға 207,2 млн.теңге көлемінде балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді.

Жеке санаттағы азаматтарға тиісті бюджеттерден әлеуметтік қолдау көрсетумен қатар, демеушілер тарапынан да көмектер көрсетілуде.

«ЯНС» ЖШС-гі 1240 жеке санаттағы азаматтардың қоғамдық көліктерде тегін жүруін қамтамасыз етіп, ағымдағы жылы осы мақсатқа 4416,0 мың теңге жұмсалды;


  • Әлектр таратушы мекемелер есебінен, әлектр жарығын пайдаланғаны үшін 109 азаматқа 385,9 мың теңге жеңілдік берілді;

  • 28 азаматқа 33,3 мың теңге ауыз суға жеңілдік көрсетілді;

  • 13 азаматқа 53,5 мың теңге мөлшерінде монша, шаштараз қызметтері көрсетілді;

  • 36 азаматқа 218,8 мың теңгеге жеңілдікпен дәрі-дәрмек босатылды.

  • 1905 азаматқа 9329,0 мың теңгеге коммуналдық қызметтер көрсетілді;

Демеушілер және жергілікті бюджет тарапынан 17939 азаматқа 29563,3 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Адамның даму жағдайының жақсаруына ардагерлерге, мүгедектерге және басқа азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету де жатады.

Жекеленген санаттағы 892 азаматтарға (Ауғанстан жерінен Совет армиясының шығарылуына 21 жылдық мерекесіне, Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматтарға, Семей ядролық сынақ полигонындағы зардап шеккен азаматтарға және емделуге мұқтаж азаматтарға) 1734,7 мың теңгеге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

80 жастан асқан 21 жалғызілікті қарттардың әрқайсысының зейнетақыларына қосымша төлемақы ретінде бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 348,4 мың теңге қаржы төленді.

Қол арбаға мұқтаж 40 мүгедектерді қол арбамен және жетек арбамен қамтамасыз ету үшін 584,1 мың теңге жұмсалды.

Қарттар мен мүгедектер күніне орай ауданда тұратын 100 жастан асқан қариялар, жалғызілікті қарттар және аз қамтылған мүгедектерге 2826 теңгеден, барлығы 277 адамға 781,9 мың теңге бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.



Білім беру.

Мектепке дейінгі білім беру. Ауданда мектепке дейінгі білім беруге теңдей қолжетімділік қамтамасыз етілмеген.

Ауданда 2009 жылы 11 бала бақша жұмыс істеді, оларда 1210 бала тәрбиеленеді. 10 балалар бақшасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, ал 1 балабақша жекеменшік. Аудан бойынша балалардың бала бақшамен қамтылуы-3,3 пайызды құраған болатын..

2010 жылы Республикалық бюджеттен мектеп жанынан 175 орындық 7 шағын кешенді орталық, 190 орындық 4 жекеменшік шағын кешенді орталық, 365 орындық 3 жекеменшік балабақшалар, 3 мемлекеттік балабақшаларға қосымша 7 топтар ашу үшін және қайтарып алу арқылы Ақбұлақ ауылында 100 орындық балабақша ашылды.

Қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу көптеген отбасыларға табыстарының аз болуына байланысты қол жетімсіз. Әсіресе, бала бақшалар жоқ дерлік ауылдық аумақтарда балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту сұрағы басты орында.

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы туындаған осы жағдай жағымсыз құбылыстарды жеңу жүйесінің қажеттілігін, түбегейлі ұйымдастырушылық, құрлымдық өзгерістерді, жоғары дамыған елдердің озық тәжірбиелерімен республикамыздың заманауи әлеуметтік-әкономикалық жағдайының дамуына сай мамандарды даярлау сапасын жетілдіру және білім беру мазмұнын жаңартуды қажет етеді.

2011 жылға 50 орындық 2 шағын орталық және 300 орындық 4 мемлекеттік балабақша, 100 орындық қайта қайтарып алу арқылы және 1210 орындық 12 жекеменшік балабақша ашу үшін 259800,0 мың тенге қаржы жоспарлануда. 2012 жылы 175 орындық 7 шағын орталық ашу, 360 орындық 2 мемлекеттік балабақша ашу үшін ұстау шығыны 128724,0 мың тенге жоспарда. 2013 жылы 225 орындық 9 шағын орталық, 300 орындық 2 мемлекеттік балабақшаны ұстау шығыны 132890,0 мың тенге қаржы жоспарда. 2014 жылы 175 орындық 6 шағын орталық, 200 орындық 2 мемлекеттік балабақшаны ұстау шығыны 98636,0 мың тенге және 2015 жылы 50 орындық 2 шағын орталық және 150 орындық 3 мемлекетке қайтару арқылы балабақша ашылу жоспарлануда, ұстау шығыны 60533,0 мың тенге қаржы жоспарлануда.

Орта білім. Орта білім саласында төмен материалдық- техникалық, оқу-әдістемелік базамен байланысты, сонымен қатар оқытудың әдістері мен мазмұнын жаңарту қажеттілігіне байланысты мәселелер орын алуда.

Ауданда 104 мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат және балалар мен жасөспірімдер үшін қосымша білім беру болса, оның 51-і типті,53 ыңғайластырылған жайға орналасқан. 4 мектеп төбесі металл черепицамен, 4-і профнастилмен, 4 мектептің төбесі қарақағазбен, 92-і шифермен жабылған. 70 мектеп қабырғасы күйдірген қыштан, 31-і саман лайдан, 3-і бетоннан тұрғызылған. 80 мектеп автономды жылыту жүйесімен,оның 24-і газбен, 6-ы соляркамен, 74-ы қатты отынмен, жұмыс істейді. 24 мектеп пешпен жылытылады.

Мектеп ғимараттары негізінен 1934- 2009 жылдар аралығында салынған. Жекелей шифрлары, жылыту жүйесі ауыстырылған.Толық күрделі жөндеуден өтпеген. Нәтижесінде көптеген мектептердің шифрлары, электр желілері,едендері, есік-терезелері тозып, жарамсыз күйге келді. Санитарлық-гигиеналық, жарық, жылу нормалдары сақталмауда.

Мектептеріндегі оқушылардың саны 2003-2009 жж. кезеңінде 2,9 %-ға көбейген. 2003 жылы сынып-жиынтығы 2859, бала саны 62511 оқушы болған. Ал 2010 жылғы оқу жылында 66227 оқушыға, 3129 сынып жиынтығы болып бекітілген. Салыстырмалы түрде алатын болсақ 1901 балаға көбейген, 135 сынып-жиынтығына көбейген, орта есеппен 21,9 оқушыдан келеді, педагогикалық жұмысшылар саны 965 бірлікке немесе 1,9% артқан

Жалпы 2010-2011 оқу жылында ауданда 104 жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеп жатыр.

Аудандағы мектептердің техникалық жағдайы шұғыл шешім қабылдауды талап етеді. 3 мектеп апаттық жағдайда, ол аудандағы мектептердің 2,8 пайызын; 53 мектеп ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, ол 60 пайызды құрайды; 7 мектеп үш ауысымда оқиды, ол 6,7 пайызды құрайды. 56 мектептерде спорт залдары жоқ, 48 мектептерде спорт залдары бар, бірақ сабақ өтудің талаптарына толық жауап бермейді. 61 мектептерде физика, 81 мектепте химия, 80 мектепте биология кабинеттері жоқ немесе 71%-ында, мультимедиялық кабинет 50 мектептерде жоқ немесе 51%-ында, 104 мектептің 85-де оқу шеберханалары жоқ. Шеберханалары бар мектептерде құрал саймандары жоқ, тозған, станоктардың барлығы жаңартуды талап етеді.

Аудан көлеміндегі 104 мектептің 60 асхана, 27 буфет жұмыс істейді. Яғни асханамен 57,6 пайызға ғана қамтамасыз етілген.

Аудандағы 104 мектептердің барлығы компьютерленген. 27 мультимедиялық кабинеттермен қосқанда барлығы 2540 компьютер бар. Орта есеппен әр компьютерге шаққанда 25 оқушыдан келеді. Компьютерлердің барлығы 1998-2003 жылдар аралығында алынған, ескірген. Оқу процессін толыққанды ұйымдастыру үшін қосымша 1040 компьютер алу керек, ескіргендерді ауыстыру үшін 650 компьютер керек.

Бастауыш және орта кәсіптік білім беру. Сайрам ауданында 1 кәсіптік мектеп бар. Олардағы оқушылар саны 1787 адам. Оның ішінде 9 сыныптан кейін оқитындар 260 адам, мемлекеттік сұраныс бойынша қабылданғандар 1527 адам. Сонымен қатар, ауданға кәсіби-техникалық мектептер қажет. Бұрын ауданда 3 кәсіби техникалық мектеп болған, бүгінгі таңда 1 ғана. Сондықтан да Қарабұлақ және Көмешбұлақ ауылдарында 1 кәсіби техникалық мектептен соғуға мүмкіндік бар. Көмешбұлақ ауылында коммуналдық меншіктегі 16 пәтерлі 3 үй бар, соны кәсіби техникалық мектепке айландырып, қайта жоспарлауға болады. Кәсіптік мектептердің жұмысы болашақта экономиканың дамуы мен тұрақтануын есепке алатын кадрлар дайындауға, кіші және орта бизнестің мамандарын және өндірістік емес сфераның мамандарын дайындауға бағытталған.

Қазіргі таңда өз шешімін табуды қажет ететін мәселелер:

- заманауи талаптарына сай материалды-техникалық базаның, оқу-зертханалық жабдықтардың, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттердің сәйкес болмауы;

- ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етілуі халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі;

- инженер-педагог кадрлар біліктілігінің дәрежесін жоғарлатудағы мүдделігін ынталандыру қажет.
Мәдениет.

Ауданда 71 елді мекен бар болса, соның 49 елді мекенінде мәдени ошақтары бар. Атап айтар болсақ: 1 аудандық мәдениет үйі, 5 ауылдық мәдениет үйі, 1 «Мәртөбе» атты тарихи кешені, 1 орталық саябақ, 1 балалар саябағы, «Наурыз» саябағы, 16 ауылдық клуб. Кітапханалар саны 23, оның ішінде: 1 аудандық орталықтандырылған кітапхана, 1 балалар кітапханасы және 21 ауылдық кітапханалары. Мәдениет ошақтарының 3 ауылдық клубы (Машат, Игілік, Құтарыс) апатты жағдайда, қазіргі таңда бұл мәдениет ошақтарын бұзып тізімнен шығару үшін жұмыстар жүргізілуде, 8 клуб ағымдағы жөндеуді, 3 мәдениет үйі (Шапырашты, Қарамұрт, Жібек Жолы) күрделі жөндеуді қажет етеді. 7 ауылдық округ орталықтарында мәдениет үйлері жоқ. Атап айтар болсақ: Қарасу, Тассай, Арыс, Құтарыс, Қайнарбұлақ, Бадам, Жұлдыз елді мекендері. Аудан бойынша халық саны 800 асатын 31 елді мекенде клуб, 32 елді мекенде кітапхана, ал 22 елді мекенде клубта, кітапханада жоқ.

2010 жылы ауданда 914 мәдени іс шара, 98 концерт, аудандық мәдениет үйі МКҚК жанынан құралған қазақ халық театры 2010 жылы 5 көрініс құрып, оның ішінде 2 қойылым жаңа. Жалпы көрермендердің саны 755 мыңға жуық адамды құрады.

Ауданда 36 кітапхана қызметкерлері 23 кітапханаларда қызмет атқарады. Кітапханалардың оқу залдарындағы жалпы орын саны 60 бірлікті құраған, ал оқырмандар саны – 22,652 мың адамды құраған. 2007 жылдың деңгейіне оқырмандар саны 1,9% артқан. Кітапханаларға оқырмандар санының өсу қарқыны 2005-2008 жж. 2,1% өскен.



Саланың негізгі мәселелері:

  1. Мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтудағы тұрақты қажеттілік.

  2. Мәдениет ұйымдары желісін дамытудағы үйлеспеушілік негізделген себептерге сәйкес мәдениет мекемелері көрсететін қызметтерге аудан халқының бірдей қол жеткізе алмауы;

  3. Кәсіби мамандардың жетіспеуі, әсіресе ауылдық жерлерде (ауылдық жерлерде мәдениет мекемелерінің мамандандырылған мамандармен қамтамасыз етілу 2009 жылы 20 пайызды құрайды).


Мұрағат.

Оңтүстік Қазақстан облысында мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға араналған өңірлік бағдарламасы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы «Оңтүстік Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» №402 қаулысына сәйкес Сайрам аудандық мұрағаты жоспарлы түрде жұмыстарын атқарды

2007-2010 жылдар аралығында мұрағат қоры 4176 жеке құрам құжаттарымен толықтырылды.

Мекемелердегі құжаттардың орталықтандырылған мемлекеттік есебін жүргізуді ұйымдастыру бойынша ауқымды істер атқарылды. Осы жылдары жеке және заңды тұлғалардан 3814 сұранымдар келіп түсті. Оның ішінде қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны -3166 . ТМД елдерінен және шетел азаматтарынан келгені 523 сұраным, оның ішінде 391 сұранымға қанағаттанарлық жауап қайтарылды. Соңғы жылдары әсіресе, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылда жұмыс істегендігін растау, азаматтардың тіркеуге тұрғаны, жалақысын растау туралы т.б. сұранымдар саны арта түсті.

Тұрақты түрде барлық мекемелердегі іс жүргізу міндеттері жүктелген қызметкерлеріне іс жүргізу және құжаттарды ретке келтіру және мұрағатқа тапсыру бойынша әдістемелік, практикалық көмектер көрсетілді. Жеке құрам бойынша құжаттардың орналасқан жері туралы картотекаларды толтыру үшін мәліметтер жинақтау жұмыстары жүргізілуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет