Сайрам ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет2/13
Дата03.07.2016
өлшемі1.28 Mb.
#174482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

«Swed kaZ» ЖШС зауыты іске қосылып, бірінші кезектегі 50 жұмыс орны ашылған. Өндіріске шетел инвестициялары тартылып, Қазақстанда үлгісі жоқ заманауи Германия технологиялар орнатылды.

«Строительные технологии» ЖШС – жол битумын шығаратын шағын зауыт іске қосылды.

2012 жылы 5 жоба іске қосылып, 224 жұмыс орны ашылды:

1) «Алтын дән» ЖШС 500 мал басын бордақылайтын цехты модернизациялап, жаңадан сүт өңдеу жүйесін орналастырып, 22 жұмыс орнын ашты. Жоба "БЖК-2020" бағдарламасы аясында «Қазагроқаржы» АҚ-ның 230,0 млн.теңге несиелік қаржысы арқылы іске асырылды.

2) Медицинаға қажетті бір рет қолданатын бұйымдар шығаратын «Эко фарм Интернейшнл» ЖШС кәсіпорны маусым айында іске қосылып, бүгінгі таңда 130 адам жұмыспен қамтылған.

3) «СММК Жаңа-Талап» ЖШС- сүт фермасы мен сүт өңдейтін цехты іске қосып, қосымша 19 жаңа жұмыс орнын ашты. Жобаның қуаттылығы жылына 280 тонна сүт өнімдерін өндіру.

4) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ашылған «АГФ групп» ЖШС тоқыма фабрикасы, бірінші кезекте ашылған жұмыс орны 20 адам.

5) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында қараша айында ашылған "Kagaz Shahary SEZ" ЖШС қағаз шығаратын кәсіпорын, ашылған жұмыс орны 33 адам.

2013 жылы құны 1870,9 млн.теңгелік 4 жобаны іске қосу жоспары болса, 2013 жылы құны 3253,9 млн.теңгелік нақты 8 жоба іске қосылды. Олар:

1. "Акмал ЛТД" ЖШС «Ет және сүт өнімдерін өндіру», жобаның құны 300,0 млн.тңг, ашылған жұмыс орны 75 адам. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымға қолдау алған.

2. «Барыс 2007» ЖШС «кондитерлік тағамдар шығаратын цехты іске қосу», жобаның құны 750,0 млн.тңг, ашылған жұмыс орны 50 адам. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыланған.

3. «K.AZ TEL» ЖШС «кабельді электр сымдарын өндіретін өндіріс орнын кеңейту», жобаның құны 125,0 млн.тңг, ашылған жұмыс орны 46 адам. Жоба ЕДБ арқылы қаржыланған..

4. «Бал текстиль» ЖШС «Оңтүстік» АЭА, «кілем және кілем бұйымдарын шығаратын фабрика құрылысы» жобасы, жобаның құны 7500,0 млн.теңге, құрылған жұмыс орны 150 адам. Жоба ЕДБ арқылы қаржыланған.

5. «Сайрам сүт» ЖШС «сүт өңдейтін цехты іске қосу үшін технологиялық құрал-жабдықтар алу», жобаның құны 285 млн.тңг, ашылған жұмыс орны 10 адам. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыланды.

6. ЖК «Ифтихари» «2 га жер теліміне жылыжай құрылысы», жобаның құны 488,9 млн.тңг, ашылатын жұмыс орны 43 адам. Жобаның бүгінгі күнге жағдайы: жоба «Қазагрофинанс», «Максимум» Аймақтық инвестциялық орталығы» арқылы қаржыланған, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымға қолдау алған.

7. «Kazbiolife» ЖШС «Оңтүстік» АЭА «Гофрокартон шығаратын зауыт құрылысы» жобасы. Жобаның құны 332,0 млн.теңге, ашылған жұмыс орны 56 адам. Жоба ЕДБ арқылы қаржыланған. Желтоқсан айында Мемлекеттік комиссиясының салынған объектінің пайдалануға қабылдау туралы актісі рәсімделді.

8. «Bio Grain» ЖШС іске қосылды.«Бидайды терең өңдеу арқылы глюкозалы-фруктозалы шырын, клейковина, крахмал, кебек өндіретін зауыт құрылысы» Ашылған жұмыс орны 50 адам.



Кен өндіру өнеркәсібінің басқа да салалары

2010 жылы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы бойынша кәсіпорындар 131,4 млн.теңгенің немесе 110,0 мың текше метр түйіршіктер, тас үгіндісі, гравий, ұсақ тас өнімін өндірді.

2010 жылы ауданның жер қойнауын пайдалануға облыс әкімдігімен жасалған келісім-шарттың саны - 63. Оның ішінде құмды-гравийлі қоспаны барлау және өндіру жұмыстарына – 25, өндіруге – 15, саздақты барлау және өндіруге – 16, өндіруге – 6, құмды өндіруге – 1 жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарт жасалған. Ауданның өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінде 2010 жылы таукен өнеркәсібінің басқа да салаларының үлесі 0,7% құрады.

Аудан әкімдігінің жұмысшы топ құрамы және ОҚО кәсіпкерлік және индустриялды – инновациялық даму басқармасының мамандарымен бірлесе отырып, аудан аумағындағы қазба жұмыстарын жүргізу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген зияндарды ретке келтіру (рекультивация) бойынша мониторинг жасады. Сайрам ауданының 17 ауыл округіне (31 елді – мекен, 6 ауыл округі қалаға өткен) қарасты орналасқан жер қойнауларында заңсыз жұмыс жүргізіліп жатқан кәсіпорындар анықталды: Аққала, Қарамұрт, Манкент, Ақсукент, Сайрам ауыл округтерінде – заңсыз жұмыс жасап жатқан -9 жер қойнауы. Мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында аудан аумағында анықталған заңсыз пайдалы қазбаны игеріп жатқан тұлғаларға арнайы шолу жасап, құмды шағал қоспасын заңсыз өндіріп жатқан 4 тұлғаның 1-уі қалаға өткені анықтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2014 жылдың 10 айында аталған салада 666,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 52,6% артты. Нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 111,0% жеткізу көзделуде (2011 жылы НКИ – 127,0%).

Өңдеу өнеркәсібі

Ауданда өнеркәсіп өндіруде басымдығы өңдеу өнеркәсібі болып саналады. Ауданның өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2010 жылы- 90,8%, 2013 жылы – 91,1% құрады. Өнеркәсіп секторының негізгі қызметі ауылшаруашылық машиналары мен оларға қосалқы бөлшектер шығару, жеміс-жидек консервілерін шығару, өсімдік майын, ұн, пісірілген нан, минарал су, шарап, этил спирті, көптеген импорт алмасу стандарттарына сай халық тұтынатын тауарлар шығару. Белсенді кәсіпорындардың қатарына «ОҚМЗ» АҚ, «Сайрам» ӨК, «Шымкент құс», «Арай», «Нұр», «Вин Хоуз», «ЮНИКС, «Теміртас», «Шымпласт», «Әм Нұр», «Сайрам сүт» ЖШС-тері жатады.

2010 жылы өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары 14984,0 млн.теңге сомасында өнім шығарған немесе 2009 жылғы деңгейге қатысты 112,4%.

2014 жылдың 10 айында сала кәсіпорындарымен 16,3 млрд. теңгеге өнім шығарылды. Нақты көлем индексі 103,4% құрады. Нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,0% жеткізу жоспарлануда (2011 жылы НКИ – 110,2%).

Өңдеу өнеркәсібінде келесі салалардың дамуы күтілуде:


  • басқа да металл емес минералды өнімдерді шығару («Стандарт Цемент» жаңа цемент зауытының іске қосылуы);

  • тамақ өнеркәсібі;

- ауыл шаруашылық машиналарын және оларға қажетті қосалқы бөлшектер жасау.

Тамақ өнімдерін өндіру.

Тамақ өнеркәсібі ауданның тұрақты экономикалық дамуында аса маңызды орын алады. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі өңдеу өнеркәсібінің ең қарқынды дамып отырған секторы болып табылады.

2005-2008 жылдар аралығында тамақ өнеркәсібінің өнім шығару көлемі 12,7 млрд. теңгеге жетіп отыр. (2005 жылы – 6,8 млрд.теңге, 2009 жылы – 11,5 млрд. теңге). Соңғы жылдары тамақ өнімдері өндірісінің үлесі ауданның өңдеу өнеркәсібі құрылымында 78,8% құрады..

2010 жылы аудан кәсіпорындары, сусындар мен темекі өнімдерін есепке алғанда, тамақ өнімдерін 12,5 млрд.теңге сомасында шығарған. 2009 жылдың деңгейінен 108,5% құрады.

Салада 8 ірі және орта өнеркәсіп мекемелері қызмет етеді.

2009 жылы тамақ өнеркәсібінің 2 кәсіпорнында кеспе өнімдерімен айналысатын «Барыс 2007» ЖШС-де, кондитер тағамдарын «Mansur Company» ЖШС-де жұмысқа 120 адам тартылған.

Ауданда тазартылған өсімдік майы өндірісімен 2 ірі және орта кәсіпорын: «Арай» ЖШС және «КАРМУ» ЖШС айналысады.

Ауданда 2009 жылы кеспе өнімдерін шығарумен айналысатын «Барыс 2007» ЖШС пайдалануға тапсырылды. Фабрика толығымен «Ravan Mapimpiati S.P.A» итальяндық фирмасының кеспе өнімдері желісінің заманауи құрылғыларымен жабдықталған, бұл фабриканың өнімділігі жағынан Қазақстан мен Орта Азияда теңдесі жоқ – 3500 кг/сағ қуатымен қысқа кеспе өнімдерінің өндірісі бойынша үздіксіз желі қондырылды. Желі кептіргішпен және TAS прессімен жабдықталып, кеспе өнімдері технологиясында қазіргі таңда озық танылып отыр.

«Барыс 2007» ЖШС «Мадина» сауда маркасы кеспе өнімдерінің келесі түрлерін шығарады қысқа кесілген кеспе өнімдері – 20 дейін атауы, түтік кеспелер - 5 түрі (ұлу қабыршақтары, шиыршықтар, дөңгелектер, айдарлар, қауырсындар, дәндер, алфавит, серіппе, кеспе және т.б.). Негізгі тұтынушылар қатарында Қазақстан Республикасы, Түркменстан, Тәжікстан, Грузия, Ауғаныстан және т.б.

2013 жылы бұл салада "Акмал ЛТД" ЖШС «Ет және сүт өнімдерін өндіру» жобасы іске қосылды (құны 300,0 млн.тңг), ашылған жұмыс орны 75 адам. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымға қолдау алған.

«Барыс 2007» ЖШС кондитерлік тағамдар шығаратын цехты іске қосып, (жобаның құны 750,0 млн.тңг), 50 жұмыс орнын ашты. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыланған.

Сонымен қатар, «ЮНИКС» ЖШС салқындатылған қара және көк шәй сусындарын шығаратын жүйені іске қосып, 55 қосымша жұмыс орнын, сүт өнімдерін жоғары технологиямен шығаратын «Айкан» ЖШС жаңа өндіріс орны іске қосылып, 20 жұмыс орны ашылды.

2014 жылдың 10 айында 8,8 млрд.теңгенің тамақ өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 105,0% құрады. Нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,0% жеткізу жоспарлануда (2011 жылы НКИ – 95,4%).

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

Ауданда бұл салада - мұнайлы битум шығаратын «Огсинтез-СБН» ЖШС қызмет атқарады. Кәсіпорын 2009 жылы 441,8 млн. теңгенің өнімін шығарған. Мұнай өнімдері өндірісінің үлесі 2009 жылы жалпы өңдеу өнеркәсібінің көлемінде 3,0% құрады.

2010 жылы мұнай өңдеу өнімдерін өндіру өнеркәсіп өндірісі 541,2 млн. теңгенің немесе 2009 жылдың деңгейіне 122,5% құрады. Мұнай өнімдері өндірісінің үлесі 2010 жылы жалпы өңдеу өнеркәсібінің көлемінде 3,7% құрады.

Химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі.

2010 жылы химиялық өнеркәсіп өнімдері 32,5 млн.теңге сомасында өндірілген, 2009 жылдың деңгейіне 145,1% құрады.

2014 жылдың 10 айында 29,7 млн. теңгенің химиялық өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 14,2% құрады. Нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 106,0% жеткізу жоспарлануда (2011 жылы НКИ – 62,9%).

Резіңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі

2010 жылы 111,7 млн.теңгеге өнім шығарылған, 2009 жылмен салыстырғанда 67,2% төмендеген.

Ауданда бұл салада «Шымпласт» ЖШС, «РИН және К» ЖШС, «Каз Тел» ЖШС және басқа да мекемелер қызмет етеді.

«Рин және К» ЖШС пластик құбырларды және профильді шығарады. 2009 жылы – 42,0 млн.теңгеге өнім өндірілді. «Шымпласт» ЖШС 2009 жылы 38,4 млн.теңгеге өнім шығарған.

2013 жылы «Шымпласт» ЖШС пластикалық трубалар шығаратын қосымша жүйені іске қосып, 8 жұмыс орнын ашты. «K.AZ TEL» ЖШС кабельді электр сымдарын өндіретін өндіріс орнын кеңейту және ПВХ өндіретін цехты іске қосты, (жобаның құны 125,0 млн.тңг), ашылған жұмыс орны 25 адам. Жоба ЕДБ арқылы қаржыланған.

2014 жылдың 10 айында 524,0 млн. теңгенің резіңке және пластмасса бұйымдары өндіріліп, нақты көлем индексі 69,7% құрады. Нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 106,0% жеткізу жоспарлануда (2011 жылы НКИ – 2,8 есе).



Машина жасау

Ауылшаруашылық машиналарын және оларға қажетті қосалқы бөлшектер жасау.

Ауданның машина жасау саласын «ОҚМЗ» АҚ мен «Сайрам» ӨК кәсіпорындары құрайды.

Ауданда машина жасау кәсіпорындары 2010 жылы 173,4 млн.теңгенің өнімін өндірді. 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,7 есе немесе 109,0 млн.теңгеге артық. Жалпы аудан өнеркәсібі көлеміндегі машина жасау саласының үлесі 2011 жылы - 1,1%, 2015 жылы - 1,0% жоспарлануда

«ЮКМЗ» АҚ бүгінгі таңда кәсіпорынды жаңа технологияны ендіру арқылы өнімнің ассортиментін көбейту мақсатында 2011-2014 жылдар аралығында 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. «ЮКМЗ» АҚ облыс көлеміндегі ауыл шаруашылық техникаларын шығаратын ірі кәсіпорын болып саналады.

«Сайрам» ӨК облыс көлеміндегі барлық ауыл шаруашылық техникаларын күрделі жөндеуден өткізеді.

2014 жылдың 10 айында машина жасау саласындағы өнім көлемі 1254,7 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 100,7%. Нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 110,0% жеткізу жоспарлануда (2011 жылы НКИ – 125,1%).

Жеңіл өнеркәсіп.

Тоқыма өнеркәсібі. Тоқыма өнеркәсібі мекемелері 2010 жылы 232,0 млн.теңге сомасында өнім шығарды, 2015 жылы 4621,2 млн.теңге көлемінде өнім өндіру жоспарда. Сала кәсіпорындары 2013 жылы 923 млн.теңгенің өнімін өндірген, 2012 жылдың деңгейіне өсім 18,9%. Саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 2,6%.

2005 жылдың 6 шілдесінде №1605 бұйрықпен бектіліген «»Оңтүстік» арнайы әкономикалық аумақты құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен «Оңтүстік» еркін әкономикалық аймағы құрылған. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта-мата иірілген жіптерін және матасын өндіру бойынша пилотты кластердің жүйетүзегіш құрамасы болып табылады. «Оңтүстік» еркін әкономикалық аумағы (осыдан кейін – «Оңтүстік» ЕӘА) өңір және жалпы Қазақстан үшін перспективті саналатын тоқыма секторына инвесторларды тарту мақсатымен құрылған болатын.

2010 жылдың маусым айында «Оңтүстік» АЭА көлемінде ашылған мақта өңдейтін «Оxi Textile», «Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС кәсіпорындары есебінен ауданда тоқыма өнеркәсібінің қарқынды дамуы күтілуде. Аталған кәсіпорындар есебінен 383 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Құрылыс материалдар өндірісін дамыту

2010 жылы металл емес минералды өнімнің басқа түрлерінің өндірісі 1097,5 млн.теңге сомасын құрды, 2009 жылмен салыстырғанда өсімі 133,7%.

Ауданның бұл саласы келесі мекемелерден құрылған: цемент өндіру бойынша – «Стандарт Цемент» ЖШС, крпішті өндіру – «Күмбез құрылыс» ЖШС, темірбетон өнімдерін өндіру – «ЖБИ-С» ЖШС құрылыс материалдарының өндіру негізін құрайтын басқа мекемелер.

«Стандарт Цемент» ЖШС-нің құрғақ тәсілмен цементті өндіру жобасы 2010 жылдың қараша айында іске асырылды, оның қуаты – 1,0 млн.тонна жылына. Нақты технологияның артықшылығы – әнергия тұтынуы аз, сапасы жағынан халықаралық стандарттарға сәйкес.

Жобаны қаржыландыру Қытайдың «Эксим Банк» несиелік ресурстары – 6,7 млрд.теңге, «Дойч Банк» несиелік желісі – 1,5 млрд.теңге, БТА несиелік желісі – 2,25 млрд.теңге есебінен жүргізілді. Барлық несиелік желілердің операторы – БТА.

Металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарының өндірісі

Сала мекемелері 2009 жылы 82,8 млн.теңгеге, ал 2010 жылы 83,1 млн.теңгеге өнім өндірген. Бұл салада ауданда «Ferrum-Vtor» (Феррум-Фтор) ЖШС және «Казвторчермет» АҚф кәсіпорындары жұмыс атқарады.

«Ferrum-Vtor» (Феррум-Фтор) ЖШС – қара металдан дайындалған бұйымдарды өндіретін қарқынды дамып отырған мекеме. Мекеме 2006 жылы құрылып, қысқа мерзім ішінде тек Қазақстан нарығында емес, оның шет жақтарынан да өз тұтынушыларына ие болды. Компанияның саясатының негізгі басымдылықтары - өнім сапасы. Оның жоғары деңгейін қолдап отыру үшін өз зертханасы күшімен металдың әр балқытуы зерттеу жүгізілуде. Өндірілетін өнім сапасы барлық стандарттарға және ГОСТ-ға (Мемлекеттік стандарттарға) сәйкес.

Ағаштың өндірісі және ағаштан бұйымдарды өндіру

Саланың мекемелері 2010 жылы 170,1 млн.теңгеге өнім шығарды, немесе физикалық көлем индексі 2009 жылмен салыстырғанда 97,0% құрады. 2015 жылы сала кәсіпорындары 384,5 млн.теңгенің өнімін өндіруі күтілуде.

Нақты салада негізінде ағашты өңдеумен және ағаштан дайындалған өнімдер өндірісімен айналысатын шағын «Артек-2» ЖШС, ЖК «Жамалбеков Б», ЖК «Жамалбеков Ж» мекеме-цехтар қызмет көрсетеді (терезелер, есіктер, олардың рамалары, табалдырықтар, құрылысқа арналған ағаш құрастырғыштар, столярлық өнімдер және т.б.).

Целлюлозалық-қағаз өнеркәсібі, баспа ісі. Сала мекемелері 2010 жылы 2,8 млн.теңгеге өнім шығарған немесе олардың физикалық көлем индексі 2009 жылға қатысты 155,6% құрады. 2015 жылы салада 3,4 млн.теңгенің өнімін өндіруі күтілуде. Ауданда бұл салада «Юг Гофротора» ЖШС, «Юсупов» қызмет атқарады.

Электр қуатын, газды және буды өндіру және үлестіру

2010 жылы аудан бойынша әлектр қуатын өндіру және үлестіру 1456,5 млн.теңге көлемінде болды, 2009 жылдың деңгейіне 123,8% құрады.



Жергілікті мазмұнды дамыту

Қазақстандық мазмұн мәселесіндегі негізгі міндеттерді іске асыру мақсатымен ұйымдармен және мемлекеттік органдармен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда 2010 жылдан бастап қазақстандық мазмұнды арттыру отандық өндірушілерді қолдауды нығайту бойынша жұмыстар басталды.



Сайрам ауданы көлеміндегі жүйе құраушы мекемелер: «Арай», «Шымкент құс» ЖШС, «ЮКМЗ» АҚ, «Барыс-2007» ЖШС кәсіпорындары анықталып отыр. 2011 жылдан бастап аталған кәсіпорындар сатып алынатын тауарларға ай сайын қазақстандық мазмұнның көлемін анықтау және арттыру мақсатында мониторинг жүргізіліп, салалық басқармаға мәлімет жолданып отырады.

2010 жылы аудан көлемінде мемлекеттік сатып алуға жалпы сомасы 1872,7 млн. теңгеге 1638 келісім-шарт бойынша міндеттемелер орындалды. Оның ішінде:

- сатып алынған тауарлар 300,7 млн. теңгені құрады, соның ішінде қазақстандық тауарлар 225,5 млн. теңгені құрады, қазақстандық үлесі - 75,0%;

сатып алынған қызмет түрлері 342,5 млн. теңге, соның ішінде көрсетілген қызмет түрінің қазақстандық қызмет түрі 342,5 млн. теңгені құрады, қазақстандық қызмет түрінің үлесі 100% құрады.

- сатып алынған жұмыстар 1229,4 млн. теңге, олардың ішінде қазақстандық жеткізушілердің жұмысы - 1229,4 млн. теңгені құрады, қазақстандық жұмыстар қызмет үлесі 100% құрады.

2010 жылы мемлекеттік сатып алуға қатысқан, өнімді жеткізуге қолдау көрсеткен кәсіпорындар: «Теміртас» 2010 жылы 54738,7 млн.теңгеге жол жөндеу жүмыстарын жүргізді. «ЮКМЗ» АҚ 237,0 млн. теңгеге басқармамен сатып алу жүмыстарын жүргізді. «Арай» ЖШС 22,5 млн.теңгеге, «Шымкент қүс» 34,0 млн.теңгеге, «Барыс-2007» ЖШС - 52,0 млн.теңгеге мемлекеттік мекемелерге тауар берген.

2011 жылдан бастап мемлекеттік сатып алу конкурстарға қатыстыруды арттыру бойынша іс-шаралар жүмыстары жүргізіледі.

«2009-2014 жылдарға арналған Қазақстанды үдемелі индустриялды-инновациялық дамыту жөніндегі» мемлекеттік Индустриаландыру картасы бойынша іске қосылған жобаларға қазақстандық қамту үлесін арттыру үшінде мониторинг жүргізіледі.

«Стандарт Цемент» ЖШС- цемент зауыты. Жоба облыс көлеміндегі цемент өніміне деген сұранысты және бағаны тұрақтандырады. 2010 жылдың желтоқсан айында іске қосылды. Жоба қуаттылыгы жылына 1,0 млн.тонна цемент өндіру, қаржылай бұл жылына 10,0 млрд.теңгені қүрайды. Маркасы М-400, М-500 цемент өндіріледі. Өнім толығымен ішкі нарыққа бағытталған. Цемент өндіруге қажетті әк, гипс, лай, фосфор қалдықтары және т.б. шикізат толығымен облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарынан сатып алынуда. Өндіретін өнімде қазақстандық қамту үлесі 95% қүрайды.

«Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС - «Оңтүстік» арнайы әкономикалық аймағы -«Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС-ның «Гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасы мен техникалық карбоксиметилцеллюлоза өндірісін үйымдастыру» жобасы 2010 жылдың шілде айында іске қосылды. Жобаның күны - 3,85 млрд.тенге. Өндірістік қуаттылыгы 11000 тонна, 217 жаңа жүмыс орны ашылган. Өнімнің 70 % әкспорттауға бағытталған.

Гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасы мен техникалық карбоксиметилцеллюлозаны шығару үшін мақта және химиялық реагенттер қажет.

Мақта толығымен облысымыздан сатып алынуда. Ал химиялық реагенттер яғни сода, монохлор, сірке сулы қышқылды натрий, түрақтандырғыштар, ион үстағыштардың барлығы импортталуда. Кәсіпорын 2010 жылы 200 тонна химиялық реагенттерді сатып алған. Жалпы өндіретін өнімде қазақстандық қамтудың үлесі 90% қүрап отыр.

2011 жылы кәсіпорын карбоксил метил целлюлоза өнімін шығаруды жоспарлап отыр. Осыған байланысты, жылына 8 мың тоннадай өнімге қажетті спиртті облысымыздың кәсіпорындарынан сатып алу көзделуде.

«Оху- ТехШе» ЖШС - «Оңтүстік» арнайы әкономикалық аймағы «Оху-Техіііе» ЖШС «Тарақталған және иірілген жіп өндіру» жобасы 2010 жылдың шілде айында іске қосылды. Жобаның қуаттылығы жылына - 6183,2 мың тонна иірілген жіп. Инвестиция көлемі - 5879,8 млнтеңге. Жаңа 260 жүмыс орны ашылды.

«Тарақталған және иірілген жіпті» өндіру үшін мақта талшығы, полиәтиленді қап, иіруге арналган конус, парафин, техникалық май қажет. Мақта талшығы толығымен облысымыздың өнімі. Ал иіруге арналған конус, парафин, техникалық май импортталуда. Өндірілетін өнімдегі қазақстандық қамту 90% қүрады.

Сондай-ақ Сайрам ауданының 2011-2015 жылдар аралығында іске асатын Индустриялық-инновациялық даму стратегиясындағы жобаларға қазақстандық қамту үлесін арттыру жұмыстары жүргізіледі:

2010 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 15 кәсіпорын тауардың шығу тегі туралы СТ-К2 сертификатын алды. 2011 жылы 2 мекеме («Каз ТЕЛ», «Эм Нүр» ЖШС) тауардың шығу тегі туралы СТ-К2 сертификатын алды.

Аудан бойынша ИСО сапа менеджмент жүйесін 15 кәсіпорын енгізген болса, оның ішінде қүрылыс индустриясында 5 кәсіпорын сапа менеджмент жүйесін енгізген. 2011 жылы 1 кәсіпорын («Шымпласт» ЖШС) енгізуді жоспарлап, 2015 жылға барлығы 20 кәсіпорын аталған жүйені енгізуі жоспарда.

Проблемалардың, қатерлердің, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктердің кешенді сипаттамасы шикізатты сатып алуға мәжбүрлік;

өңдеу секторы өнімінің бәсекеге қабілетінің төмен болуы, осыған себеп алдымен мекемелердің технологиялық деңгейінің төмен болуына, олардың физикалық тозығына және жабдықтардың моральды түрде ескіруіне байланысты;

отандық мекемелердің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

айналым қаржыларының жетіспеушілігі және пайыздық ставкасы төмен ұзын несиелердің қолжетімсіздігі.

Жаңа инновациялық жобалардың төмендігі.

Қазақстандық мазмұнды арттыру мақсатымен келесі іс-шаралар өткізіледі:

1. 2011 жылы қазақстандық мазмұнның көлемін арттыру мақсатында жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындарға қолдау көрсету жөнінде мемлекеттік мекемелер мен жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындар арасында семинарлар, басқосулар өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітіледі.

2. Жергілікті азық-түлік тауар өндіруші кәсіпорындарға мемлекеттік сатып алуға қатысуға ықпал етіледі.

3. Мемлекеттік сатып алуларда жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың үлесін анықтау үшін түрақты мониторинг жүргізіледі.

4. Жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындарға СТ-К2 сертификатын жеделдетіп алу жөнінде жұмыстар ұйымдастырылады.

5. Жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алатын тауарлар, жұмыс және қызметтеріндегі қазақстандық қамту үлесін арттыру үшін жұмыстар жүргізіледі.

6. Инвестициялық жобалардың қазақстандық үлесі арттырылады.

7. Қазақстандық мазмұнды ұлғайту шеңберінде жұмыс тобы құрылады.

Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша мәлімет ай сайын салалық басқармаға жолданып отырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына байқау және «Қазақстанның таңдаулы өнімі» өңірлік байқау-көрмесі.

Жергілікті бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды ынталандыру мақсатымен, жыл сайын өңір деңгейінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына үміт білдірушілердің «Қазақстанның таңдаулы өнімдері» байқау-көрмесі өтіп тұрады. Өңірлік байқаулар дипломанттары республикалық байқауларға қатысады.

2010 жылдың қарашасында Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйылығына үміт білдірушілердің қорытындылары бойынша «Оху- Техіііе» ЖШС «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша 1-ші орынға, «ЮНИКС» ЖШС «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясында 2-ші орын жеңімпаздары болып танылды.
Инвестиция.

Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға игерілген инвестициялар көлемі 2010 жылдың 12 айында 39526.6 млн.теңге бұл көрсеткіш 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 84.2 % артық орындалып, негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағында өнеркәсіп 2.1 есеге, өңдеу өнеркәсібі 2,5 есеге, кен өндіру өнеркәсібі 3,4 есеге артық, электрмен жабдықтау, бу беру 50,2% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынған инвестиция 27797,6 млн.теңгені кұрады,бұл көрсеткіш 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 250% көбейген. Оның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржылары есебінен 9352,1 млн теңге, қарыз қаражаты есебінен 17118,8 млн теңге.

Электрмен жабдықтау,газ, бу беру және ауа баптау саласына облыстық бюджет есебінен игерілген инвестиция көлемі 1302,2 млн теңге бөлінген, бұл көресткіш 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 50,2 пайызды құрады.

Өнеркәсіп саласында негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 2009 жылы 44 млрд 858 млн 645 мың теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2015 жылы 97502,2 млн.теңге немесе 130 пайызды кұрайды деп күтілуде.

Өңдеу өнеркәсібінде 2010 жылы игерілген инвестиция көлемі 10793,3 млн теңге, яғни өткен 2009 жыл деңгейінде игерілді, 2015 жылы игерілген инвестиция көлемі 37455,0 млн теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 3 есе немесе 26,7 млн теңгеге артық игеріледі деп күтілуде.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында 2009 жылы жеке меншік қаражаты есебінен 46,1 млн теңге игерілді. 2015 жылы бұл сала кәсіпорындарымен негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 221,3 млн. теңгені құрайды немесе 2009 жылмен салыстырғанда 57,1 млн тегеге артық игеріледі деп күтілуде.

2010 жылдың 12 айында аймақтық инвестициялық орталық «Максимум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 22 жоба 737,3 млн теңгеге тапсырылып, нақты 18 жоба, 595,5 млн теңгеге қаржыланды.

ШНҮ «Ырыс» ЖШС-не барлығы 452,1 млн теңгеге 199 жоба тапсырылды. Бүгінгі күнге нақты 84 жоба 145,1 млн теңгеге қаржылық комиссияның оң қортындысын алып, оның ішінде 77 жоба 132,2 млн теңгеге қаржыланды.

2014 жылдың 10 айында аудан экономикасын дамытуға 27 596,8 млн.теңге көлемінде инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар 6772,6 млн.тг. құрады.

Есепті кезеңде жалпы өнеркәсіпке бағытталған инвестициялар 28310,9 млн.теңгені құрады. 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 41,5 пайызға төмендеген. Себебі өнеркәсіпке бағытталған бюджеттік инвестициялардың көлемі 2 есеге төмендеуімен түсіндіріледі. Ал, бюджеттік инвестиция негізінен энергетика, газ, су салаларына бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет