Күшті жақтары
-
мұрағат саласын қаржыландыру көлемінің ұлғаюы;
- іс жүргізу мен құжат сақтауды қамтамасыз етудің сапасын арттыру мақсатында аймақтық семинарлар өткізіледі.
Әлсіз жақтары
- мұрағат ісі саласында көрсетілетін қызметтер жөнінде аудан халқының нашар ақпараттандырылуы;
- ауданда мұрағат ісі саласы бойынша бірыңғай ақпараттық жүйенің болмауы;
- мұрағат мекемелері материалдық-техникалық базасы деңгейінің төмендігі;
- мұрағат ісі саласында білікті мамандардың тапшылығы.
Қауіптер
Мекемелерде мемлекеттік сақтауға тапсырылатын құжаттардың жоғалту, бүліну, көп пайдалану, ескіру салдарынан жоғалу мүмкіндігі.
Мүмкіндіктер
- «Әлектронды үкімет» жағдайында жұмыс істеу талаптарына сәйкес жаңа технологияларды ендіру.
- қызметкерлер жұмысының сапасы мен тиімділігін жақсарту мақсатында рейтингтік бағалаулар жүргізу.
Тілдерді дамыту.
Ауданда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысында есепті мерзім ішінде мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамыту, қолдану аясында бірқатар жұмыстар жүргізілді.
1997 жылы “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған сәттен бері “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы процестерінің одан әрі кеңеюі мен тереңдеуі үшін алғышарттар жасалды. Бұл мемлекеттік органдар мен тұтас қоғамның үйлестірілген, мақсатты күш-жігерінің нәтижесі болды. Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени, тілдік қажеттіліктерін толыққанды қанағаттандыруға бағытталған.
Аудан тұрғындарының ұлттық құрамы
Мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымы елеулі түрде кеңіді.
Сайрам ауданында:
- 16 балабақша бар. Оның: 11-і мемлекеттік және 5-уі жекеменшік балабақшалар.
16 балабақшада – 2115 бала тәрбиеленеді. Оның: 2035-і қазақ тілінде (96%), 40-ы (2%) өзбек тілінде, 40-ы (2%) орыс тілінде тәрбие алады.
- 11 шағын орталық бар. Оның ішінде: 7 мектеп жанынан ашылған және 4 жекеменшік шағын орталық жұмыс істейді. 11 шағын орталықта – 390 бала тәрбиеленеді. Оның барлығы (100 %) қазақ тілінде тәрбиеленеді. Сонда, ауданда жалпы саны 27 мектепке дейінгі мекемелер бар. Онда 2505 бала тәрбиеленуде. 2425 бала қазақ тілінде ( 96,8 %), 40 бала ( 1,6%) орыс тілінде, 40 бала ( 1,6%) өзбек тілінде тәрбиеленеді.
-
Ауданда 104 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеуде.
Оның ішінде: 76 орта (1-і мектеп-интернат), 25 негізгі және 3 бастауыш мектеп бар. Олардың ішінде 12-сі шағын кешенді мектептер (31 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын 2 бастауыш мектеп, 245 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын 3 негізгі жалпы орта мектеп және 1650 оқушыға дейінгі контингетті құрайтын 7 жалпы орта мектеп).
Жалпы саны 66227 оқушы болса, оның ішінде 20753 (31 %) оқушы қазақ тілінде, 39659 (60 %) оқушы өзбек тілінде, 5815 (9 %) орыс тілінде білім алады.
Оқытылу тіліне қарай мектептер: 33-і қазақ, 42-сі өзбек, 3-і орыс,
10-ы қазақ-орыс, 12-сі қазақ-өзбек, 1-і орыс-өзбек, 3-і қазақ-орыс-өзбек
Аудандағы мектептердің оқытылу тіліне қарай пайыздық көрсеткіші
Мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізу
Бүгінгі таңда Сайрам ауданы тұрғындардың мемлекеттік тілді оқып-үйренуге деген ынта-ықыласының артып отырғанына байланысты, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанынан «Тілдерді оқыту орталығын» немесе тілдерді оқыту курстарын ашу қажеттілігі туындап отыр. Аудан әкімі және ауылдық округ әкімі аппараттары мен дербес бөлімдерде жалпы 264 мемлекеттік қызметкер бар.
Мемлекеттік қызметкерлердің тілдерді меңгеру деңгейі:
Мемлекеттік қызметкерлердің 98%-ы мемлекеттік тілді толық меңгерген, 1,5 %-ы мемлекеттік тілді түсінеді, бірақ іс жүргізе алмайды, 0,5 %-ы мемлекеттік тілді мүлдем білмейтіні .
Мемлекеттік қызметкерлердің 32%-ы орыс тілін толық меңгерген, 52 %-ы орыс тілін түсінеді, бірақ іс жүргізе алмайды, 16%-ы орыс тілін мүлдем білмейтіні. Мемлекеттік қызметкерлердің ағылшын тілін толық меңгергені жоқ, 3 %-ы ағылшын тілін түсінеді, бірақ іс жүргізе алмайды, 97%-ы ағылшын тілін мүлдем білмейтіні.
Бөлім тарапынан тұрақты түрде мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізуге мониторинг жүргізіледі. 2010 жылы мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізу көрсеткіші 99 %-ға жетті.
Мемлекеттік қызметкерлердің тілдерді білу деңгейі
Ономастика саласы
Ономастика саласы бойынша нормативтік-құқықтық реттеу, нысандарға ат қою және олардың атауларын өзгертуді рухани құндылықтар мен дәстүрге сәйкестендіру жұмыстары жалғасуда. Қолданыстағы заңнамалармен айқындалған, аудан аумағында тарихи атауларды қалпына келтіру, жүйелеу, жер-су атаулары мен басқа да атауларды фонетикалық, таңбалық және лексикалық принциптерге сәйкестендіру жұмысы жандандырылуда. Аудан көлемінде 17 ауылдық округ, 72 елді мекен, білім беру саласы бойынша 104 мектеп бар. Ауылдық округтердің барлығы тарихи жер-су атаулары. Өзгергені - 5 /Ақсукент, Ақбұлақ, Жібекжолы, Құтарыс, Көлкент/. Өзгертуді қажет ететіні, атауы жоқ ауылдық округтер жоқ. Елді мекендердің 69-ы – тарихи жер су аттары, 3- адам аттары. Өзгергені - 38. Өзгертуді қажет ететіні, атауы жоқ елді мекендер - 3. Коммерциялық нысандар саны – 7339. Елді мекендердегі жарнамалар мен көрнекі ақпараттарды тілдер туралы заңнамалардың талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, ауданда жалпы 1064 көше бар. Олардың 633-і – адам аттары, 293-і – тарихи жер-су аттары.
2010 жылы:
Көлкент ауылдық округіне қарасты Пахтазарибдар елді мекені «Қосбұлақ» деп, Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Көмешбұлақ – 2 елді мекені «Қасымбек датқа» деп және Жұлдыз ауылдық округіндегі саяжайға «Жалын» деген атаулар берілді.
2010 жылғы 21 қыркүйекте Жаңаталап ауыл округіне қарасты саяжайға ауыл мәртебесін беру мен оған «Тәуелсіздікке 20 жыл» ауылы деп ат қою туралы және Г.Титов атындағы №61 негізгі орта мектепті Сүйірхан Оспанбекұлы Базарбаев атындағы негізгі орта мектебі деп қайта атау туралы ұсыныстар облыстық ономастика комиссиясында талқыланып, оң шешімін тапты.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне аудан бойынша 1064 көшенің тізімі енгізілді. Қазіргі таңда, облыстық ономастика комиссиясының тапсырмасына сәйкес Сайрам ауданына қарасты барлық ауыл округтерінің әкімдіктерінен көшелер бойынша мәліметтер қайта алынды. Соның нәтижесінде, облыстық ономастика комиссиясына 138 жаңақұрылысқа жаңадан атау беру және 96 өзгертуді қажет ететін көшелерді өзгерту бойынша ұсыныс жолданды
Бұрынғы 190 атауы жоқ деп көрсетілген көрсеткіштен қалған 52 көшенің іргетасы қаланбаған, яғни қазіргі таңда ұсыныс беруді қажет етпейді.
Сондай-ақ, 2010 жылдың 30 қыркүйегінде облыс әкімі А.Мырзахметовтің және облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырмасына сәйкес, арнайы ономастикалық жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында «Комиссия құру туралы» аудан әкімінің қаулысы бекітілді. Ережесі жасалды.
Аудандағы көшелер туралы мәлімет
Ішкі саясат
Жастар саясаты. Сайрам ауданында 14―29 жасындағы жастар саны 77,6 мың адамды құрайды, немесе аудан халқының 29,8 %.
Жастардың қоғамдық өміріндегі негізгі рол атқаратын және жастардың мәселесін шешетін 4 қоғамдық жастар бірлестіктері тіркелген. Кеңестік орган статусын иеленген аудан әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі аудандық Кеңес, аудандық ресурстық орталығы қоғамдық бірлестікпен мемлекет арасындағы қарым қатынасты реттейді.
Ауданда 2009-2010 жылдарға арналған жастар саясаты жөніндегі өңірлік бағдарламасы аясында мемлекеттік жастар саясаты белсенді жүзеге асырылуда, нәтижесінде жастардың дамуына және әлеуметтік қалыптасуына, шығармашылық потенциалын жүзеге асыруға қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-әкономикалық жағдай және кепілдіктер жасалған, жастар арасында патриоттық деңгейдің жоғарлағаны байқалады.
Оқушыларды және студент жастарын жазғы демалыс кезінде уақытша жұмыспен қамту мақсатында студенттік құрылыс отрядының аудандық штаб жұмысы ұйымдастырылды. 2009 жылы СҚО жалпы студенттер саны 42 адамды құрады, «Жасыл ел» отрядында 150 адам астам жұмыс істеді.
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аудан бойынша 331 спорт ғимараттары қызмет көрсетуде. Оның ішінде: 3 стадион, 3 жүзу бассейндері, 62 спортзал, 5 ату тирлері, 257 спорт алаңдары (59 футбол алаңдары, 198 баскетбол және волейбол алаңдары), 1 теннис корты.
Тәуелсіздіктің 19 жылдығына орай «Ақсукент-2» ауылында 2 спорталаңдары пайдалануға берілді. Осындай жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын тауып, спорталаңдардың санын арттыру көзделіп отыр.
Аудандағы жастар ұйымдарының жұмысын жандандыру мақсатында «Жастар орталығын» ашу жұмыстары жүргізілуде.
2010 жылы жастар арасында 78 әскери-патриоттық, мәдени-көпшілік, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.
Жастар проблемасын шешуге бағыталған жобаларды жүзеге асыру және оларды қоғамдық өмірге тарту мақсатында жастардың әлеуметтік жобаларының байқауы өткізілуі жоспарланып отыр.
Ауданда «Мәртөбе», «Пульс Сайрама» газеттерінде «Өркен», «Я молодой» қосымша беттері және «Сайрам ақшамы» телеарнасы арқылы «Жас өркен», «Ұстаз мерейі» т.б. телевизиялық бағдарламалар көрсетіледі.
БАҚ. Ауданда тіркелеп, әрекет етіп тұрған 12 БАҚ, оның шінде 11 немесе 91% - баспа басылымдар (9-газет, 2- журнал), әлектрондық БАҚ – 1 (телеканал).
Тематикалық бағыт бойынша ақпараттық бағыттағы БАҚ үлесі жоғары – 41,6%, қоғамдық саяси бағытта 33,3%. 66,6% мемлекеттік емес БАҚ.
Басылымдардың және телевизиялық бағдарламалардың сапасы және деңгейнің жоғарлағаны байқалады, оған дәлел – ауданда жаңа бұқаралық ақпараттық құралдардың ашылуы.
Басылымдардың тираждары да өсуде (мәселең, қоғамдық саяси бағыттағы басылымдардың саны 8 мыңнан 17 мың әкземплярға дейін барады).
«Қазтелерадио» инфрақұрылымы аудан аймағын «Хабар»-100,0%, «Қазақстан» -98,9%, «Евразия» -98,9%, «Қазақстан-Шымкент» -98,9% қамтиды.
Спорт.
Аудан бойынша 2010 жылғы спорттық ғимараттар саны -381-ға жетті, оның ішінде спорт залдардың жалпы саны -70, ату тирлері-5, футбол стадионы-3, спорт алаңдардың жалпы саны-296, теннис корты -2, оқу-жаттығу орталықтары – 2, жүзу бассейні -3 болды.
Типтік спорт залдар бойынша өсім Қарабұлақ ауылдық округі, «Фуркат» орта мектебі 1 спорт залымен, Құтарыс ауыл округі, Оймауыт ауылындағы Төлеби орта мектебі 1 спорт залымен, Көлкент ауыл округінде «Ұш Төбе» жекеменшік спорт залы, Манкент ауыл округінде М.Оразалиев атындағы «Ұлан» оқу-жаттығу спорттық орталығы салынып, пайдалануға берілді. 2010 жылы аудандағы 26 елді мекенде спорт алаңы салынса, жаңадан салынған 5 жалпы орта мектептере футбол, волейбол, баскетбол және гандбол алаңдары салынды.
Ауданда №1 және №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді. Спорт мектептерінде шұғылданушылар саны 1400 оқушыны құрайды.
2010 жылы аудандағы дене шынықтыру мен спортпен айналысатын тұрғындар саны 10,5%-ға, яғни 26274 адамға жетті. 2009 жылы бұл көрсткіш 8,9% болатын.
Ауданда 2010 жылы 99 аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, 18 спорт шеберлігіне үміткерлер, І және ІІ разрядты 79 спортшы болса, бұқаралық разрядты спортшылардың саны -117-ге жетті.
Аудандағы дене шынықтыру мен спорт саласындағы оңды даму болғанымен, аудан спортын жоғары деңгейде дамытуда тежеп отырған шешімін таппаған негізгі мәселелер бар:
-
аудандағы орталық «Қайрат» және №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне күрделі жөндеуді қажет етеді;
-
спорттық ғимараттар жетіспеушілігімен қоса, аудандағы спорт мектептері мен оқу орындарында спорттық құрал-жабдықтар жетіспейді,
Материалдық-техникалық базаның және спорттық құрал-жабдықтардың жетіспеу салдарын бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын өз деңгейін көтеруге, жоғарғы дәрежедегі спорт резервтерін дайындауға мүмкіншілік аз болып тұр.
Әлеуметтік саланың негізгі мәселелері.
- ауыл тұрғындарының қалаға көшуі;
- орта кәсіптік білім беру мекемелеріне мұғалімдердің жетіспеушілігі;
- дәрiгерлiк қызметкерлердің бiлiктiлiк деңгейiнің жеткiлiксiздігі;
- медицина мекемелерiнде құрал- жабдықтардың жеткiлiксiздігі;
- нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң көрсеткiштерiнiң өсуi;
- әлеуметтiк саладағы бюджеттiк құралдардың қолдануының аласа тиiмдiлiгi.
- мемлекеттік тілді оқытуда бірыңғай әдістеме мен стандарттың болмауы;
- аумақтағы әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке мемлекеттік тілдің тиісті деңгейде енгізілмеуі;
2.2.3. Инфрақұрылым кешені
Электроэнергетика. Ауданда аудан тұтынушыларын «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС электрэнергиясымен қамтамасыз етеді. Аудан бойынша барлығы 17 ауыл округтері немесе 71 елді мекендері электрэнергиясымен толық жабдықталған, яғни 47778 абонент оның ішінде: 46687- аудан аумағының тұрғындары, 24- өнеркәсіп объектілері, 67-ауылшаруашылық кәсіпорындары, 206-бюджеттік мекемелер, 794- басқалар.
13 ауыл округтеріне «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң аудандық электр жүйесі филиалы қызмет көрсетеді. Қалған 4 ауыл округіне «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң қалалық электр жүйесі қызмет көрсетеді.
Аудан тұтынушыларымен бүгінгі таңда 13-15 МВт көлемінде орташа сағаттық электр қуатын тұтынады. Ауданда жоғары және төменгі вольтты ауа электр тармақтары 1939,149 км құрайды. Сонымен қатар 15 подстанциялар бар, кешенді тұтынушылық трансформаторлық подстанциялар – 692 дана.
Аудан бойынша жалпы саны 44 102 дана әлектр бағаналары бар болса, оның ішінде «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-нің меншігіндегісі 34506 дана (7128 – темір-бетон, 27778 – ағаш электр бағаналары (2767-нің 10,0 пайызы тозығы жеткен), ал қалған 9596 данасы қала аралық электр жүйелері мекемесінің меншігінде. 2009 жылы тозығы жеткен ағаш электр бағаналарын ауыстыру бойынша жоспарланған 200 дана төменгі кернеулі әлектр бағаналары ауыстырылды.
Ауданның аймақтық энергетикалық тармақтарының техникалық жағдайлары қанағаттанарлықсыз жағдайда, тозу пайызы – 25-30% құрайды.
2009 жыл ішінде 576 шақырым жоғары және төменгі кернеулі электр желілері, 126 дана КТП, 11 дана қосалқы стансалар күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу мен 60 шақырым ПС маркалы жүйелерін АС-35 маркалы жүйелерге ауыстырылды.
2010 жылы 522 дана тозығы жеткен ағаш электр бағаналарын, темір бетон бағаналарға ауыстыру, одан бөлек ВЛ-10 кВ және ВЛ-04 кВ 24,3 шақырым электр желілерін ауыстыруға, 171 дана трансформаторларды, 10 дана қосалқы станциялар күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда ВЛ-04 Кв және ВЛ-10 кВ электр жүйелерден 199 дана электр бағаналары ауыстырылды.
Бүгінгі таңда аудан аумағындағы 69 дана иесіз трансформаторларды «Оңтүстік Жарық транзит» ЖШС меншігіне өткізу және қоршау жұмыстары атқарылуда.
Электр жарығының тарифі- тұрғындарға сағатына1кВт әлектр жарығы-10,23 теңге, ал мекемелерге сағатына1кВт электр жарығы -10,30 теңге
Аудан электроәнергиямен толығымен қамтамасыз етілген.
Электроқамтамасыз етудегі өзекті мәселелер:
- елді мекендерде трансформаторлардың шектен тыс жүктемелігі;
- тұтынушыларды электр қуаты мен сапалы электр энергиясымен қамту және трансфарматорлар мен жабдықтау;
- иесіз қалған әлектр жүйелері мен бағаналарды және қондырғыларды қалыпты жағдайға келтіріп, іске қосу;
- жаңадан құрылысы аяқталған тұрғын үйлерге электр жүйелерінің құрылысын жүргізу, іске асыру жолдары;
- аумақтық электр жүйелерінің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз, 15-18 % тозығы жеткен;
Проблемаларды шешу жолдары:
-
Әлеуметтік инфраструктура нысандарын дамытуға мемлекеттік және жекеменшік инвестиция тарту.
-
Өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту.
-
Сапалы қоммуналдық қызмет көрсету.
Газбен қамту Аудан бойынша тұрғындарының табиғи газбен 66,1 пайызы (195135 адам) , сұйытылған газбен және басқа да отын көздерімен 33,9 пайызы (67821 адам) қамтамасыз етілген. Жалпы аудан бойынша 71 елді мекеннің 43 елді мекені табиғи газбен қамтамасыз етілген, ал 28 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілмеген.
Ауданда газ құбырларының жалпы ұзақтығы – 1041,9 км, оның ішінде жоғары қысымды – 57,3 км, орташа қысымды – 133,5 км, төменгі қысымды – 851,1 км.
5 жылда табиғи газбен 23 елді мекенді қамту көзделуде, қамту деңгейі 2009 жылға 55 %-дан 2015 жылы 85 %-ға жеткізу жоспарлануда.
2009 жылы газбен жабдықтау мәселесін шешу мақсатында Тассай ауыл округіндегі Достық елді мекеніне, Қарасу ауыл округіндегі Әйтеке би мен Ынтымақ елді мекендеріне және Жұлдыз ауыл округіндегі Бадам-2 елді мекендеріне газ құбырлары жүргізіліп, 7088 адам табиғи газбен қамтылды.
Қазіргі таңда Қарабұлақ ауылына табиғи газ құбырын тарту үшін 230,0 млн. теңгеге жобалық сметалық құжаттары дайындалып, 2011 жылы құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.
«Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» жоғары қысымды газ құбырлары құрылысының басталуына байланысты, Қарабұлақ, Көлкент және Арыс ауыл округтерінің елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттар дайындау үшін 2011 жылға 25,4 млн.теңге қарастырылып, ал құрылыс жұмыстарын 2012-2013 жылдарда іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 19574 тұрғын табиғи газбен қамтылатын болады.
Сумен қамту. Ауданда 71 елді мекенде 50810 аулада 280640 халық тұрады. Соның ішінде:
-
59 елді мекенде 225550 тұрғын орталықтандырылған құбыр суын;
-
10 елді мекенде 54273 тұрғын құдық суын;
-
2 елді мекенде 817 тұрғын тасымал суын пайдаланып отыр.
2009 жылы «Жол картасы» аясында республикалық және облыстық бюджет есебінен 12 елді мекендегі су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 69400,0 мың теңге бөлініп, 24,5 шақырым су құбырлары жүргізіліп, 7240 тұрғын ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайы жақсарды. Санитарлық нормаға сай келмейтін 3 елді мекенге 16479,0 мың тенгеге «Омега» су тазартқыш станциясын орнатылып 2290 тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Аудандық бюджет есебінен 89880,0 мың тенгеге 7 ауыл округіндегі 11 елді мекенде 14,5 шақырым су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіле отырып, 9760 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайы жақсарды.
2010 жылы республикалық бюджет есебінен қарастырылған 34,1 млн тенге қаржыға су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 7 елді мекен: Ақбай, Жаңатұрмыс, Береке, Сарыарық, Тоған, Ошақты және Шапырашты ауылдардағы тұрғындарға тәулігіне 24 сағат ауыз су беруге қол жеткізілді. Сонымен қатар, 2010 жылы аудандық бюджеттен 46,0 млн теңге қаражат бөлініп, су құбырларының жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 34,0 млн теңге қаржыға аудан орталығы Ақсукент ауылындағы істен шыққан 3,4 шақырымдық су құбырлары алмастырылып, 6 мыңдай тұрғын 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сондай- ақ, Әсіл ауылының ауыз су құбырларын жөндеуге 8 млн теңге, Оймауыт ауылының ауыз су құбырларын жөндеуге 4 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды.
2011 жылы 1459,9 млн.теңгеге 7 елді мекенге, Таскешу, Көмешбұлақ, Қарасу, Игілік, Таскен, Жаңталап, Ақарыс елді мекендерін сумен қамтамасыз ету үшін су құбырларының құрылысын жүргізу жоспарлануда.
2005-2006 жылдары аудан көлемінде 71 елді мекеннің 9 елді мекенде тұрғындар 24 сағат ауыз сумен қамтылған болса, 2010 жылы 26 елді мекенде үздіксіз тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Ал 2005-2006 жылдары су есептегіш құралдары 55-60 пайыз орнатылған болса, 2010 жылы 100,0 пайыз орнатылды.
Канализация. 2009 жылы облыс бюджеті есебінен (124,0 млн теңге) Ақсукент ауылындағы көп қабатты үйлердің лас шайынды сулар жүйесінің құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлініп, облыстық бюджеттен 124341,0 мың тенге қаржы толығымен аударылып, 1124 метрге траншея қазу жұмыстары жүргізіліп, оның 890 метріне диаметрі 300 мм 222 дана азбестоцементті құбыр қойылды. Диаметрі 1500 мм бақылау құдықтарына 42 дана темір бетондық шеңбері қойылып, жұмыстар толығымен аяқталды. Нәтижесінде 1379 пәтердегі, 5556 тұрғын лас шайынды су жүйелерін пайдалану мүмкіндігі туындады.
Ақсукент ауылындағы орталықтандырылған лас шайынды су құбырлары және тазартқыш нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге жол картасы бойынша республика (29551,0 мың теңге) және облыс бюджеті есебінен (14449,0 мың теңге) барлығы 44000,0 мың тенге қаралып, 5,4 шақырым жердегі лас шайынды қалдық су құбырлар жүйесі толығымен ауыстырылып, 97 дана құдықтар тазаланды және 68 дана темір бетон құдықтарға қақпақтар (крышка) орнатылды. Құдықтарға 20 дана саты мен қоршаулар орнатылып, жаңадан 23 дана шойынды қақпақтар орнатылды. 650 метр траншея қазылып құбырлар ауыстырылды. Нәтижесінде 92 отбасындағы, 374 тұрғын лас шайынды су жүйелерін пайдалану мүмкіндігі туындады.
Ақбұлақ ауылындағы көп қабатты үйлердің лас шайынды сулар жүйесін қайта құру үшін, республика (5,642 мың теңге) және облыс бюджеті есебінен (2,758 мың теңге) қаралды. Жоспар бойынша 1,8 шақырым жер қазылып қаралған қаржыға керекті материалдар 16 дана құдықтар, 110 шаршы метр қоршауға қажетті құралдар және құдықтарды, құбырларды тазалау және белгіленген жерлерді қазу жұмыстары атқарылып, жұмыстар толығымен аяқталды.
Абаттандыру. Сайрам ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 237 «Сайрам ауданының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулысы негізінде бірқатар жұмыстар атқарылған. Аудан бойынша 31 рет сенбілік өткізіліп, 48840 ағаш көшет отырғызылды. 386,2 шақырым арықтар тазаланып, 3065 куб күл-қоқыс шығарылды. Аудан орталығындағы «Ден-Дросаябағында» өткізілген сенбілікте шөптер орылып, құрғақ ағаштар кесіліп, әлектр бағаналары сырланып және гүлдер отырғызылды.
Әрбір ауыл округінде көгалдандыру жұмысын жандандыру мақсатында 2010 жылы 48840 түп ағаш көшеттері отырғызылды, 2011 жылға 55600 түп түрлі ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда.
Аудан көлемінде 12 елді мекенде 13 дана қатты тұрмыстық күл-қоқыс алаңы жұмыс істейді. Аудандық коммуналдық меншіктегі Мәртөбе ауылында орналасқан күл-қоқыс алаңы, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінен күл-қоқысты қабылдауға рұқсат қағаз алынып, «Қарасу-ВРМ» ЖШС-на жалға берілді.
Аудандағы кейбір ауыл округтеріндегі жасыл желектердің аздығы және көше жарықтардың төмендігі, аулалардың нашарлығы, көше жарықтардың автоматтандырылған жүйесінің жоқтығын әлсіздігі деп көрсетуге болады.
Техникалардың жағдайы қанағаттанарлықсыздығы және арнайы техниканың жоқтығы елді мекендердің санитарлық тазалықта орын алуда. Күл-қоқыс тасталатын алаңшаларды күрделі жөндеуден өткізу және жаңа алаңшаларды құрылыс ету қажет.
Көлік. 2010 жылы аудандағы көліктің барлық түрлерімен 5953,6 мың тонна жүк тасылып, бұл көрсеткіш 2009 жылдағы деңгеймен салыстырғанда 114%-ді құрайды. Жүк айналымы 338,6 млн. тонна/км-ді құрады.
2010 жылы 91401,6 мың жолаушылар тасылып, бұл көрсеткіш 2009 жылдағы деңгеймен салыстырғанда 117,6%-ді құрайды. Жолаушылар айналымы 554,2 млн. жкм-ді құрады.
2009 жылы Шымкент қаласына қарай жүк айналымы бойынша қызмет көрсетудің ең көп үлесі Сайрам ауданына тиеді - 56,9%-ға тең.
Достарыңызбен бөлісу: |