Салимгереева шынар асқАРҚызы ақтөбе өңірі халқының этнодемографиялық дамуы



бет1/2
Дата25.02.2016
өлшемі238.5 Kb.
#19400
түріДиссертация
  1   2


ӘӨЖ 94:314 (574.13) Қолжазба құқығында

-

САЛИМГЕРЕЕВА ШЫНАР АСҚАРҚЫЗЫ


Ақтөбе өңірі халқының этнодемографиялық дамуы


(1897-2007 жж.)

07.00.02 – Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін


дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы


Алматы, 2009

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихи демография және қазіргі әлеуметтік процестер бөлімінде орындалды.





Ғылыми жетекші:

ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Асылбеков М.Х.



Ресми оппоненттер:

тарих ғылымдарының докторы, профессор Омарбеков Т.О.





тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Кенжебаев Ғ.Қ.


Жетекші ұйым:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасы

Диссертация 2009 жылы «25» қыркүйек сағат 14-30-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңесінде қорғалады.

Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29
Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында танысуға болады. (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29)

Автореферат 2009 жылы «_____» ______________таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы А.Т. Қапаева

К І Р І С П Е



Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасы қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демократиялық мемлекет құру жолында. Еліміздегі демографиялық жағдайдың объективті бейнесін айқындау қоғамдағы татулықты қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі болып табылады. Республика халқының демографиялық жағдайын нақтылауда аймақтық ерекшеліктерді анықтау тарихи процестердің негізгі желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті мәселелерін белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан, осы уақытқа дейін қарастырылмаған Ақтөбе өңірінің этнодемографиялық дамуының ғасырлық тарихын нақтылайтын зерттеу қажет.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Отан тарихының еліміздің егеменділігіне дейін аз зерттеліп, кенже қалған, бірақ күрделі де өзекті де салаларының бірі – тарихи демография. Қазақстан халқының даму белестері, өсу жолдары, әсіресе қазақ ұлтының басынан кешірген демографиялық апаттар мен қиыншылықтары, сырттан келген көші-қонның кері әсері, қазақтардың өз жерінде аз ұлтқа айналуы, оның себептері мен салдары және т.б. тарихи демографияның өзекті проблемалары тек кейінгі 20 жыл ішінде кеңінен зерттеліп, көптеген ақтаңдақтардың беті ашылуда. Отан тарихының халықтану саласы туған жерімізді мекендеген елдің болашағын анықтау мақсатында, оның өткен тарихи жолын жалпылай және жекелей зерттеу арқылы жан-жақты талдаудан өткізуде. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының демографиялық және көші-қон саясатын ғылыми негізде саралай түсіп, қазіргі жағдайға сай жаңа міндеттерді іске асыруға да арналған бағдарламаларға жол ашылатынын да айтқан жөн. Ғылыми зерттеулерге сүйенген демографиялық және көші-қон саясаты Қазақстан Республикасындағы саяси тұрақтылық пен демократиялық реформалардың жетістіктерге жетуіне оң әсер тигізетіні де сөзсіз. Тарихи демографияның өзекті бір проблемасы – Қазақстан Республикасының әр аймақтарындағы халықтың даму процестері, оның басқалардан өзгешеліктері, ұлттық құрамындағы, елдің орналасуындағы (қала, село және т.б.), өсу жолдарындағы, жынысы, жасы, білім деңгейі, көші-қон және т.б. сипаттарындағы ерекшеліктері және т.б., әсіресе Республикамыздың демографиялық дамуындағы орны мен маңызы, халқымыздың өсіп-өну процесіндегі үлесі мен келешегі және т.б. күрделі мәселелерді анықтап, ғылыми қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы демографиялық үрдістердің Ақтөбе өңірі халқына тән этнодемографиялық ерекшеліктерін зерттеудің де маңызы өте зор. Өйткені, республиканың саяси-экономикалық дамуындағы бұл өңірдің стратегиялық мәні ерекше. Ақтөбе өңірі республиканың ірі өнеркәсіптік орталығының бірі. Мұнда отын-энергетика, түрлі-түсті және қара металлургия, химия мен мұнай-газ салалары кешенді түрде дамуда. Ақтөбе өңірі халқының этнодемографиялық дамуын зерттеудің өзектілігі қазіргі өмір қажеттіліктерінен туындайды және республикадағы нақты тарихи процестерге сай қалыптасқан заңдылықтармен өзара шарттылықтарда қарастырыла отырып, күшейе түседі.

Өңір территориясы революцияға дейін Торғай (Ақтөбе мен Ырғыз уездері) және Орал облыстары (Темір уезі) құрамында болды. Патшалық отарлау кезеңінен Торғай облысының орыс шаруаларын қоныстандырудың негізгі аймағы болғандығы, ал ол процестің облыстағы этнодемографиялық үрдістердің белгілі бір дәрежеде өзгеруіне алып келгендігі белгілі.

Кеңестік дәуірдегі тарихи оқиғалар: азамат соғысы, күштеп ұжымдастыру, астық және ет дайындау науқаны мен ашаршылық, жаппай қуғын-сүргін, еңбек лагерлері және депортация, республиканың шикізаты мен еңбек ресурстарын, малы мен күш-көлігін аяусыз қажеттілігіне алған Ұлы Отан соғысы кезінде орталықтағы өндіріс ошақтарының көшірілуі, тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты сырттан әкелінген жұмыс күштерінің көші-қоны, айта берсе таусылмайтын халықтардың тасқыны қазақ жеріне ағылып келіп, кетіп жатты. Бұның бәрі біз қарастырып отырған Ақтөбе өңірі халқының ұлттық құрамына, тарихи демографиясына әсер етті. өңірдегі осындай мәселелердің тарихи тамырларын 1897 ж. өткізілген алғашқы Бүкілресейлік санақтан 2009 ж. дейінгі өрбу барысын терең талдау өлкенің этнодемографиялық бейнесін беретіндігі айқын.

Қарастырып отырған кезеңдегі Қазақстан халқының саны мен этнодемографиялық келбетіндегі және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді, сондай-ақ оларға көші-қондық процестердің ауқымы мен сипатының әсері деңгейін ашып көрсетуде жекелеген аймақтардың, соның ішінде Ақтөбе өңірінің материалдары ерекше рөл атқарады. Аймақтық ерекшеліктер мәселені тереңірек түсінуге жол аша түседі. Сонымен қатар сол аймаққа қатысты қолға алынуы тиіс іс-шараларды аңғаруға мүмкіндік береді. Мұның өзі біздің зерттеу жұмысымыздың ғылыми өзекті әрі практикалық сұранысқа ие мәселеге арналғанын аңғарта түседі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Халықтың демографиялық дамуының қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық бағыттарымен өзара шарттылықта байланыса дамуы диссертацияда қарастырылатын мәселелердің кешенді және жеке бағыттары анағұрлым кең екендігін көрсетеді. Зерттеу негізіне алынған тақырыптың ауқымды уақытты қамтуы да мәселеге қатысты зерттеулердің тақырыптық және мерзімдік факторларға байланысты бірнеше шоғырын белгілеуге алып келеді. Бұл ретте алғашқы топқа жататын Қазақстан жері аумағында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында патша өкіметінің тапсырмасына орай ғылыми ізденістер жүргізген зерттеушілердің еңбектерін ерекше атауға болады. Ол еңбектерде Ақтөбе өлкесі халқының этнодемографиялық дамуы мәселесіне қатысты мәліметтер өлкенің экономикалық дамуына орай жалпылама сипатта кездеседі. Солардың ішінде А.А. Тилло, Л. Баллюзек, Ф. Лобысевич, М.И. Венюков, Л. Костенко секілді зерттеушілердің еңбектері Торғай облысына қатысты біршама мәліметтер береді. Бұл зерттеулерде өлкедегі әкімшілік-территориялық бөліністер мен оны басқарудың жағдайы, облыстағы, уездер мен уездік қалалардағы тұрғындардың саны, ұлттық құрамы мен шаруашылығы айтылады. Торғай облысының алғашқы әскери губернаторы, өз дәуірінің білімді адамы Л.Ф. Баллюзектің (1869-1877 жж.) қазақтардың тұрмысы мен мәдениетіне қатысты, Ресей географиялық қоғамының жазбаларында жарық көрген еңбегінде Ақтөбе өңірі жайлы мәліметтер бар.

А.И. Добросмыслов еңбегінде 1868 ж. 21 қазанындағы «ережеге» сәйкес құрылған Торғай облысының шекаралық бөлінісіне кең тоқталып, оның әкімшілік басқару жүйесінің негізгі бөліктерін, өңірдің экономикалық деңгейі, әсіресе, мал шаруашылығы жан-жақты қарастырылады, автор әр отбасына шаққандағы мал санының есебімен бірге, халық саны туралы да мәлімет береді. Торғай облысына қатысты А. Кауфман, Я.Я. Полферов, А. Васильев, А.Е. Алекторов, В. Мощенский, И.И. Крафт, еңбектерінде Ақтөбе қаласының алғашқы қоныстанушылары мен қоныс аудару ісі туралы, жергілікті Торғай облысы тұрғындарының білім деңгейі мен сауат ашу мектептері мен орта білім беретін оқу орындарының ашылуы туралы мәліметтер кездеседі [1]. қазақтың ағартушы ғалымы Ы. Алтынсариннің еңбектерінде Торғай облысындағы оқу ісінің қызметі көрсетілді [2] .

Ресейдің ішкі губернияларынан қоныс аударушы шаруаларды Торғай облысының уездеріне орналастырудың барысын және оның негізгі бағыттарындағы қазақ жерлерін анықтау мен шаруаларды қоныстандыру мәселесін қарастырған П. Хворостонский және Н.П. Огановскийдің зерттеулерінде қоныстанушылардың саны, шаруашылығы, жергілікті тұрғындармен арақатынасы туралы мәліметтер революцияға дейінгі облыстағы этнодемографиялық үрдістерді анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен, революцияға дейінгі зерттеушілердің еңбектерінде ХІХ ғ. Торғай облысының әкімшілік-территориялық бөлінісі мен басқару жүйесі, тұрғындарының саны мен шаруашылығы, ұлттық, жыныстық және жастық құрамы, ағарту мәселесі және т.б. жөнінде көптеген мәліметтер кездеседі. Аталған зерттеулер отарлық мүддеден туындағанына қарамастан, қазақтардың тұрмыс салты, мәдениеті мен шаруашылығы, ру-тайпалық құрамы және орналасу аймақтары мен жалпы саны туралы деректер бере алатындығымен құнды. Бірақ, көптеген мәліметтер аса дәл емес, шағын және жанама түрде берілген және жалпыламалық сипатта. Статистикалық есептердің жеткіліксіздігінен көптеген мәселелер назардан тыс қалып қойған.

Тақырыпқа қатысты келесі тарихи демографиялық еңбектер тобына ХХ ғ. 20-30 жж. жария болған зерттеулерді жатқызуға болады, оларда жергілікті тұрғындардың этникалық құрамы мен саны және орналасуы туралы мәліметтер көп кездеседі. Солардың ішінде М. Тынышпаевтың еңбегінде Кіші жүз қазақтарының ру-тайпалық құрамы және басқа мәселелер туралы мәліметтер берілген. Саяси қайраткер Ә. Бөкейхановтың Щербина экспедициясына қатысқан кездегі жинаған мәліметтер талданған еңбегінде Торғай облысындағы мектептер мен ондағы шәкірттер, мұғалімдер саны әрбір уездер бойынша көрсетілген. Осы бағыттағы мәліметтерді жинастыру мен талдауға кейіннен «Қазақстанды зерттеушілер қоғамының» мүшесі болған И. Гусев және Л. Чермак та атсалысты. Отаршылдықтың көлеңкелі жақтарын ашып көрсеткен жер мәселесіне арналған Т. Шонанұлының, қоныстандырылған орыс шаруалары мәселесі қарастырылған М. Есболовтың еңбектері Ақтөбе өңіріне қатысты мәліметтер бере алмағанымен, Кеңестік кезеңдегі бағытының анықтығымен құнды. Қазақстанның демографиялық жағдайының әртүрлі қырлары Қазақстанның саяси қайраткерлерінің, атап айтқанда, М. Шоқай, С. Асфендияров, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасовтардың зерттеулерінде де көрініс тапқан [3].

Арнайы тапсырмамен Қазақстандағы демографиялық жағдайды 1926 ж. санақ материалдарын талдау негізінде зерттеген А. Донич еңбегінде, республикадағы жергілікті ұлт өкілдері санының азайғандығын механикалық өсіммен байланыстырған, бірақ, табиғи өсімнің тигізген әсері нақты көрсетілмеген. Мұндай баға Ақтөбе губерниясындағы халықтың ұлттық құрамы мәселесін анықтау деңгейіне де қатысты. 1924-1927 жж. Қазақстандағы ауыл тұрғындарының табиғи өсімінің сандық көрсеткіштері қарастырылған Н.Д. Трублаевич зерттеуінде [4] сол кездегі идеологияға сай саяси науқандардың халық санына тигізген әсері ашып көрсетілмеген.

Кеңестік дәуірде идеологиялық кедергіге ұшырап, іргелі зерттеулер жүргізе алмаған демография саласы тарих ғылымының дамуы барысында жеке сала ретінде бөлініп шыққаннан кейін аталған мәселені тереңірек қолға алуға мүмкіндік туды. Қазақстандағы этникалық және демографиялық тарихты зерттеудің жаңа кезеңі ХХ ғ. 60-жж. бастау алды. Бұл тарих ғылымының дамып, қарастыратын мәселелерінің ауқымы кеңеюімен байланысты болды. Бұл еңбектер Қазақстан тарихи демографиясы бойынша жүргізілген зерттеулердің үшінші тобына жатады. Қазақстанда жұмысшы табы қалыптасуы мәселесін зерттеу барысында А.Н. Нүсіпбеков және М.Х. Асылбеков [5] этнодемографиялық үрдістерді сипаттайтын жаңа статистикалық материалдарды айналымға қосты. В.В. Востров және М.С. Мұқановтың зерттеулері Батыс Қазақстандағы қазақтардың орналасуы, соның ішінде Ақтөбе өлкесіне қатысты мәселелерге арналған. Ғалымдар 1897 ж. санақ пен революцияға дейінгі статистикалық мәлімет жүргізген мекемелер мен ұйымдардың деректерін талдап, демографиялық үрдістерге, халықтың орналасуына көші-қон процесінің тигізетін әсерін қарастырады. Қазақстандағы 1970-1980 жж. тарихи демография саласындағы арнайы зерттеулердің қатары көбейе түсті. Е.Н. Гладышева, Н.Е. Бекмаханова мен В.М. Кабузонның еңбектерінде көші-қон тарихының мәселелері айқындалады. Н.Е. Бекмаханова революцияға дейінгі Орал және Торғай облысы тұрғындарының саны мен ұлттық құрамындағы өзгерістерді талдайды. Торғай облысындағы тұрғындарды үш топқа бөліп: қазақтар, казактар және жат жерліктер (қоныс аударушылар) деп қарастырған Н.В. Алексеенконың монографиясында қоныстандыру ісі ұлттық құрамға елеулі өзгерістер әкелгендігі кең түрде баяндалған. Ф.Н. Базанованың кітабында Қазақстандағы тұрғындардың ұлттық құрамының қалыптасуына көші-қон үрдісінің әсері талданғанымен, қуғын-сүргін, жер аудару мәселелері ашылмаған [6].

Тақырып бойынша жарияланған әдебиеттің төртінші тобы ХХ ғ. 80-жж. соңында Қазақстан тарихын зерттеудегі түбегейлі өзгерістен бастау алды. Тұрғындардың этнодемографиялық дамуына жаңа көзқарастар тұрғысынан келген М.Қ. Қозыбаев, Ж.Б. Абылхожин, М.Б. Тәтімов, В.Ф. Михайлов, М. Мырзахметов өзекті мәселелер бойынша іргелі зерттеулер жүргізді. Ауылдық жерлердегі зиялы оқымыстылардың қалыптасуына, оның сандық және сапалық өсімі, ұлттық және жыныстық құрамына қатысты мәліметтер Х. Әбжановтың еңбегінде баяндалды [7].

Қазақстандағы тарихи демография саласына елеулі үлес қосқан М.Х. Асылбеков пен Ә.Б. Ғалидің жаңашылдығымен ерекшеленген монографиялық зерттеуінде статистикалық құжаттар мен материалдардың ақиқаттығын анықтауға көп көңіл бөлініп, кеңестік дәуірдегі деректер сыни талдауға алынды. Халықтану мәселесі жан-жақты және кешенді түрде қарастырылды [8]. Авторлар Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік құрылымын, ұлттық құрамындағы өзгерістерді, халықтың сандық және сапалық өсімдерін деректер арқылы аша білген. Қазақстандағы ХХ ғ. 20-30 жж. саяси науқандардың нәтижесіндегі халық санының кемуі нақты деректер арқылы Т. Омарбеков пен М. Қойгелдиев [9] еңбектерінде баяндалды. Күштеп ұжымдастыру, астық пен ет дайындау барысындағы ашаршылық кезінде ауа көшкен қазақтардың ауыр жағдайы нақты сандар арқылы көрсетілген.

Тарих ғылымының өзекті мәселелеріне байланысты методологиялық тұжырымдар С.Ф. Мажитовтың зерттеулерінде әдістемелік, теориялық-тұжырымдамалық және Отан тарихының қолданбалы мәселесін өңдеу барысында жан-жақты көрсетіледі [10].

Демограф-ғалым М.Б. Тәтімов еңбектерінің теориялық және әдістемелік маңызы ерекше. Ғалым қазақ халқының басына төнген азапты кезеңдердегі халық санының кемуі, көші-қон мәселесі және ұлттық құрамындағы өзгерістердің түп-төркінін ашып көрсеткен [11]. Бұл еңбекте Ақтөбе облысына қатысты мәліметтер зерттеу жұмысымызға тартылды.

ХХ ғ. соңынан бастап тарихи демографияның аймақтық ерекшеліктеріне байланысты зерттеулер де жүргізілді. Түп-деректер негізінде Батыс Қазақстандағы екі ғасырлық этнодемографиялық үрдістер терең талдауға алынған М.Н. Сдықовтың еңбектерінде Ақтөбе өңіріне қатысты мәселелер ішінара қарастырылған [12]. Батыс Қазақстандағы әкімшілік-территориялық бөліністер мен этномәдени қатынастар барысы қарастырылған Н. Журиннің, Г.С. Сұлтанғалиеваның еңбектерін де атап кету керек. Шығыс Қазақстанның демографиялық даму тарихы Н.В. Алексеенконың, Орталық Қазақстанның демографиялық үрдістері мен көші-қондық даму ерекшеліктері В.В. Козинаның, Жетісу өңірінің Ресей патшасы билігі кезінен қазірге дейінгі тарихи демографиялық даму үрдістері М.К. Төлекованың еңбектерінде талданған. өзіндік ерекшеліктерімен айрықшаланатын Маңғыстау халқының даму белестері зерделенген О.Д. Табылдиеваның, Солтүстік Қазақстанның ХХ ғ. ІІ жартысындағы этнодемографиялық дамуына арналған А.А. Какенованың, Ақтөбе қаласының тарихы қарастырылған К.С. Нұрғалымованың, Павлодар өңірі халқының ғасырдан аса даму тарихы ашылған З. Сабданбекованың, Шығыс Қазақстанның кіші қалалар тарихына қатысты А.С. Уалтаеваның зерттеулерінде аймақтардағы этнодемографиялық үрдістердің сан қырлары назарға алынған [13].

Республикадағы ғылыми-педагогикалық мамандар даярлаудағы сандық және сапалық өзгерістер Ғ.Қ. Кенжебаевтың еңбектерінде көрсетілген [14].

Г.М. Меңдіқұлованың шетел деректеріне арқа сүйеген монографиялық еңбегінде қазақтардың шет елдердегі диаспорасының шығуы мен қалыптасуы, қазақ халқының сандық кемуіне әкелген үрдістермен бірге шет елдердегі қандастарымыздың жай-күйі нақты деректер арқылы талданған.

Тарихи демография саласындағы академик М.Х. Асылбековтың жетекшілігімен жүзеге асырылған зерттеулерде республика халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайлары, тұрғындардың әлеуметтік-ұлттық, сапалық және сандық өзгерістері кезеңдер бойынша талданып, нақтылануда. Мысалы, А.М. Жаркенованың, С. Айымбетовтың, Л.Т. Қожакееваның, А.И. Құдайбергенованың зерттеулерінде 1897-1959 жж. Қазақстандағы көші-қон үрдістері, халық санының өсуі мен кему барысы, орналасуы және олардың ұлттық құрамға әсері деректер арқылы көрсетілген. Қуғын-сүргін мен Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңдегі демографиялық мәселелер терең талдауға алынған. Бірақ, Ақтөбе облысына қатысты мәліметтер жалпы қазақстандық мағлұматтардың ішінде кешенді түрде берілген. Қ.А. Еңсеновтың зерттеуінде 1926-1959 жж. негізгі көші-қон үрдістері себептері мен оның зардаптары деректер арқылы көрсетіліп, тарихнамалық зерттелу деңгейі анықталған. Қазақстандағы этнодемографиялық жағдайлар мен көші-қон саясатының әртүрлі кезеңдері Б.Р. Найманбаев, Қ.М. Ерімбетова, К.А. Досекеевалардың [15] диссертацияларында қарастырылған.

Батыс зерттеушілерінің еңбектерінде де біз қарастырып отырған мәселеге қатысты пікірлер білдірілген. Мәселен, Дж. Демконың еңбегінде ХХ ғасыр басында Ақтөбе, Ырғыз және Темір уездеріне көшіп келген орыс шаруаларының саны, жыныстық құрамы және жас мөлшеріне қатысты тың мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар, автор өңірге қоныс аударушылардың жергілікті халықтың үлес салмағы мен әлеуметтік құрылымына да назар аударған. А.Р. Льюис, Н.Р. Роулэнд, С.Г. Уиткрофт және Р. Конквест секілді зерттеушілердің еңбектерінде кеңестік дәуірдегі демографиялық ахуалға көңіл бөлініп, оның жергілікті өңірлердегі ерекшеліктеріне баға берілген [16].

Қорыта келгенде, аталған еңбектерде проблеманың барысы бүкіл Қазақстан көлемінде немесе жекелеген аймақтар бойынша тарихи тұрғыдан қарастырылып, Ақтөбе өңіріне қатысты мәліметтер шолу түрінде ғана берілген. Сонымен, Батыс Қазақстан аймағына қарайтын Ақтөбе өңірінің этнодемографиялық даму тарихының ерекшеліктері ғылыми талдауға әлі түскен жоқ. Табиғи байлықтарға бай Ақтөбе өңірі халқының дамуы мен құрамындағы өзгерістердің саяси-экономикалық кезеңдерге сәйкес үрдістері алғаш рет осы зерттеуде арнайы ғылыми зерделеуге түседі.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері ХІХ ғ. соңы ХХІ ғ. басындағы Ақтөбе өңірі халқының өніп-өсуіндегі өзгерістерді, олардың бағыттары мен үрдістерін және нәтижелерін жан-жақты талдап, арнайы зерттеу, олардың жалпы заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін анықтаудан туындайды. Республиканың өзге аймақтарымен салыстырғанда, өзіндік күрделілік пен қайшылықтарға толы Ақтөбе өңірі халқының құрамындағы ғасырдан аса уақыт ішінде болған сандық және сапалық өзгерістердің мәнін ашу – Қазақстандық тарихи демографиялық ғылымның алдында тұрған күрделі міндеттердің бір шоғыры ғана. Қазақстанның саяси, экономикалық, мәдени және демографиялық дамуының өзара шартты байланыстылықта дамуының Ақтөбе өңірі халқына тән ерекшеліктері мен жалпы заңдылыққа сай ұқсастықтарын талдау осы диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты. Осы мақсатқа сай төмендегідей нақтылы міндеттерді орындау көзделеді:

– Ақтөбе өңіріне қатысты 1897-2009 жж. арасындағы санақтар мен мұрағаттық және статистикалық мәліметтерді қолдана отырып, өңір халқының ғасыр бойғы сандық және сапалық өзгерістерін талдау;

– Ақтөбе өңірі халқының саны мен құрамына әсер ететін жағдайлар ретінде өлке экономикасы мен территориялық-әкімшілік жүйесінің әртүрлі кезеңде өзгерісі мен қалыптасу барысын зерттеу;

– өңір халқының жалпы санының динамикасы мен территориялық (қала мен ауыл, аудандар және т.б.) орналасуын талдау;



  • 1920-1930 жж. ашаршылық жылдарындаѓы µњірдегі демографиялыќ

ахуалдың ерекшеліктерін көрсету;

– ХІХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басы аралығындағы Ақтөбе өңірі халқының жасы мен жыныстық құрамындағы өзгерістердің тарихи себеп-салдарларға байланысты негізгі үрдістерін көрсету.

– тарихи белестерге сай өңір халқының білім деңгейінің өсу бағыттары мен нәтижелерін қорыту;

– өңір халқының табиғи өсімін, оның тұрғындардың саны мен құрамына әсерін анықтау;

– механикалық қозғалыстың, яғни көші-қон процестерінің үрдістері мен нәтижелерін ашу;

– бұл үрдістердің өңір халқының ұлттық құрамның өзгерістеріне тигізген әсерін айқындап, халықтың сандық және сапалық сипаттамасын беру.



Диссертацияның ғылыми жаңалығы алға қойылған міндеттердің өзектілігінен, тақырыптың тарихнамалық деңгейінен, яғни Ақтөбе өңірі халқының этнодемографиялық және әлеуметтік дамуының статистикалық, демографиялық, қоғамтанымдық, тарихи және тарихи демографиялық тұрғыдан кешенді талдауға алынбағанынан туындайды.

– Диссертацияда 1897-1999 жж. халық санақтары мен 2009 ж. дейінгі мұрағаттық және статистикалық мәліметтер тарихи оқиғалар өрбуімен қабыстырылырып, Ақтөбе өңірі халқының құрамындағы сапалық өзгерістер алғаш рет талданды;

– тарихи белестерге сай сандық көрсеткіштің астындағы адамдардың тағдыры, отбасылардың жағдайы, жастық-жыныстық құрамындағы, білім деңгейіндегі үрдістері мен нәтижелері алғаш рет Ақтөбе өңірі мысалында қорытылды;

– Патшалық Ресей кезінен бергі өлке экономикасы мен территориялық-әкімшілік жүйесінің өзгерісі мен қалыптасу барысы Ақтөбе өңірі халқының саны мен құрамына әсер ететін жағдайлар ретінде зерттелді;

– әр түрлі әкімшілік бірліктердің құрамында болған қазіргі Ақтөбе өңірі халқының саны мен динамикасы мен территориялық (қала мен ауыл, аудандар және т.б.) орналасуы алғаш рет есептеліп, жинақталды;

– 1920-1930 жж. ашаршылық жылдарындаѓы µњірдегі демографиялыќ ахуалдың ерекшеліктері көрсетілді;

– Санақ материалдары, мұрағат құжаттары, ағымдық есептердегі Ақтөбе өңірінің көші-қон жағдайына, некелесу, ажырасу және жесірлер, бойдақтар мен жас ерекшеліктеріне қатысты мәліметтер қарастырылып, өңірдегі еңбек ресурстары мен табиғи және механикалық өсімнің негізгі үрдістері мен қорытындылары алғаш рет жасалды;

– Бұл үрдістердің ХІХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басындағы Ақтөбе өңірі халқының ұлттық құрамының өзгерістеріне тигізген әсері айқындалып, халықтың сандық және сапалық сипаттамасы анықталды.



Зерттеудің қорғауға ұсынылатын тұжырымдары:

– ХІХ ғ. соңына қарай патша өкіметінің Ресейдің ішкі губернияларынан орыс шаруаларын қоныс аударуы Торғай облысының құрамындағы Ақтөбе өңірінің жергілікті тұрғындарының ұлттық құрамының өзгеруіне әкелді;

– Қазіргі Ақтөбе облысы аумағында патшалық Ресей мен кеңестік дәуірде жүргізілген әкімшілік-территориялық реформалар өңір халқының саны мен құрамының динамикасына ықпал етті;


  • Патшалық Ресей кезінде жекелеген облыстардың, уездер мен уездік қалалардың құрылуы өңірдегі қазақтардың қозғалу, көшіп-қону аймағын тарылтты;

– Кеңес өкіметінің асыра сілтеушілік саяси науқандары, ашаршылық, індет, ауа көшу секілді апаттар Ақтөбе өңірі халқы санының кемуіне алып келді;

әкімшілдік-әміршілдік жүйе кезіндегі қуғын-сүргін, жер аудару, депортация, еңбек лагерлерінің тыныс-тіршілігі өңірдің демографиялық ахуалына кері әсер етті;

– Ұлы Отан соғыс жылдарындағы эвакуация Ақтөбе қаласы мен облысына көшірілген кәсіпорындарға сырттан жұмысшы-мамандардың бірге ілесіп келуіне алып келіп, өңір халқының саны мен құрамындағы өзгерістердің орын алуына жол ашты;

тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында ағылған адамдар тасқыны Ақтөбе өңірі халқының құрамын көпұлттандырды;

тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы он жылдықта өңір халқының кері көші-қон бағыты күшейіп, тұрғындардың саны азайды, табиғи өсім төмендеді, дегенмен 2002 ж. бастап елдегі жағдай тұрақтанып, механикалық және табиғи өсім оң айырымға қарай аяқ басты және өңірде бұл үрдіс өзіндік ерекшеліктермен көрінді.

Диссертацияның территориялық ауқымы ретінде 1897 ж. белгіленіп, 1999 және 2009 жж. санақтарда тіркелген республика мен оның облыстарының шекарасына сәйкес келетін қазіргі Ақтөбе облысының территориясы алынды. Қазіргі Ақтөбе облысы аумағында патшалық Ресей мен кеңестік дәуірде жүргізілген әкімшілік-территориялық реформалар негізіндегі шекаралық өзгерістер ескерілді. Мысалы, патшалық Ресей кезінде қазіргі Ақтөбе облысының Ақтөбе, Ырғыз уездері Торғай облысының, Лбищенск, Темір уездері Орал облысы құрамында болды. 1921 ж. Торғай облысының Ақтөбе мен Ырғыз уездерінен Ақтөбе губерниясы құрылды. 1928 ж. 17 қаңтарында Ақтөбе губерниясы жойылып, оның уездері мен болыстарынан Ақтөбе және Адай округтерінің аудандары құрылды. Ақтөбе облысы 1932 ж. 10 наурызында қайта құрылып, сол жылы облыс құрамында болып келген он бір аудан жаңа құрылған Қостанай облысына, Арал ауданы Қызылорда облысына берілді. Ақтөбе өңірінің территориясы, кейінгі жылдары тағы да бірқатар өзгерістер жүргенімен, негізінен 1944 ж. дейін қалыптасты.

Сонымен, зерттеуге Ақтөбе өңірі ретінде ғасыр бойы шекаралық өзгерістерге ұшыраған қазіргі Ақтөбе облысының территориясы алынады. Өңір солтүстікте Орынбор облысымен (Ресей), оңтүстікте Қарақалпақ Республикасымен (Өзбекстан), шығыста Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, оңтүстік-батыста Атырау, Батыс Қазақстан облыстарымен шектеседі.



Диссертацияның мерзімдік шеңбері 1897 ж. І Бүкілресейлік халық санағынан 2007 ж. дейінгі аралықты қамтиды. Тақырып қазіргі кезеңді қарастырғандықтан 2009 ж. дейін жарияланған мәліметтер де пайдаланылды.

Зерттеудің нысаны Ақтөбе өңірі халқының ХІХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы этнодемографиялық тарихи даму белестері. Қазақстан тарихи демографиясының аймақтық саласынының ерекшеліктерін көрсету арқылы республика халқының өткен және қазіргі демографиялық тарихын зерделеу.

Зерттеу пәні ретінде Ақтөбе өңірі халқының демографиялық даму ерекшеліктері алынып отыр.

Зерттеу жұмысының деректік негізіне 1) халық санақтары; 2) статистикалық жинақтар мен шолулар; 3) мұрағат құжаттары; 4) мерзімдік басылымдар мәліметтері және т.б. жатады. Зерттеу жұмысы, ең алдымен, кең статистикалық мағлұмат беретін ресей империясының 1897 ж. алғашқы санағынан бастап, кеңестік дәуірдегі 1920, 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жж. санақтары мен 1999 ж. Ұлттық халық санағы мәліметтеріне және ағымдық есептерге сүйенді. Санақтардағы Торғай облысының төрт уезі (соның ішінде Ақтөбе өңірі бар) мен қалалары, кеңес дәуірінің алғашқы кезіндегі Ақтөбе губерниясының, кейіннен облысының аудандары, селолары, ұжымшарлары мен кеңшарлары халқының саны, ұлттық, әлеуметтік және жастық-жыныстық құрамы, ерекшеліктері, тууы, өлім-жітімі мен көші-қоны туралы мәліметтер қолданылды.

Ақтөбе өңірі халқының этнодемографиялық дамуының айқын сипаттамасын берудегі, Қазақстанда жүргізілген көші-қон саясатының алғы шарттарын, жүргізілу тәсілін, себеп-салдарын анықтаудағы мұрағат құжаттарының деректік маңызы зор. Орталық мемлекеттік мұрағаттың 25, 698 қорларының деректері молынан пайдаланылды. Әсіресе Орталық статистика басқармасы 698 қорында әр облыс бойынша халықтың саны, туу және өлім-жітім, механикалық қозғалысы, неке-айрылысу көрсеткіштері туралы жыл сайынғы мәліметтер бар. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатынан (ҚРПМ) БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің 139, 140, 141 қорларында кеңестік дәуірдегі байларды тәркілеуге, ұжымдастыруға қатысты мәліметтермен қатар, республикадағы халықтың ұлттық құрамы және ұлтаралық қатынас туралы деректер кездеседі. Мысалы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің көптеген қаулы-қарарлары, шешімдері және басшылардың есептері жинақталған 708 қорында Қазақстанда кеңестік кезеңде жүргізілген көші-қон қозғалысын, депортацияланып келгендер мен тың игеру кезінде елдің еуропалық бөлігінен келгендер жайында деректер кездеседі. Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаттың әртүрлі қорларындағы іс-қағаздар, стенограммалар, жеделхаттар, хабарламалар, бұйрықтар, хаттамалар, қаулы-қарарлар, түрлі есептік жинақтар мәліметі және қоныстандыру ісінің жоспарлары, ашық және құпия хаттар және т.б. зерттеу жұмысына пайдаланылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаттың 53, 64 қорлары өңір халқының тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық дамуы жайлы деректерге бай.

1881-1886, 1888-1896 және 1899-1915 жж. мерзімдік басылымдар да Торғай облысы бойынша дерек көздерін береді.

Диссертацияда, сондай-ақ, Ақтөбе өңірі халқының демографиялық дамуы, ішкі және сыртқы көші-қоны, ұлтаралық қатынастар жайлы деректік маңызы бар жинақтар, энциклопедиялар, арнайы мемлекеттік заң актілері, статистикалық мәліметтер де қарастырылды. Сонымен зерттеу жұмысының алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін өзара бірін-бірі толықтыратын, әрі салыстырмалы түрде ақиқатын айқындауға мүмкіндік беретін алуан түрлі деректер пайдаланылды.



Зерттеу жұмысының методологиялық негізі мен зерттеу әдістеріне теориялық-методологиялық ұстаным тұтастығы және ғылымдағы тарихи-демографиялық бағыт: тарихи тағылым, сабақтастық, салыстырмалық, кешенділік, тарихи үрдістерді шынайы түрде өзара байланыста қарастыру, статистикалық және математикалық моделдеу тәсілдері негізінде алынды.

Диссертацияны жазу барысында тарихилық, объективтілік, жан-жақтылық және басқа да ғылыми зерттеудің методологиялық принциптері басшылыққа алынды. Жалқы мәселелерді жалпымен ұштастыру, топтау, іріктеу және анығына көз жеткізу үшін жіктеу тәсілдері де қолданыс тапты. Дамудың диалектикалық өрісі негізіне санақтық мәліметтер алынып, оны тарихилық, өркениеттілік ұстанымында талдау жүзеге асырылды. Теориялық маңызы бар бірқатар ғалымдардың, мысалы Н.Е. Бекмаханова, Н.В. Алексеенко, М.Х. Асылбеков, С.Ф. Мажитов, Ә.Б. Ғали, М. Тәтімов, М.Н. Сдықов, Н.В. Алексеенко, В.В. Козина, М.К. Төлекова, А.И. Құдайбергенова және т.б. зерттеулеріндегі ой-тұжырымдар методологиялық негізге алынды.



Зерттеу жұмысының қолданбалық маңыздылығы жағынан өткендегі тоталитарлық жүйенің идеологиялық үстемдігінен ада, тарихи демографиялық зерттеудің аймақтық негіздегі маңызын ашып көрсету мақсатында жүргізілген жұмыс барысында алынған нәтижелерді: облыстағы өнеркәсіп пен басқа шаруашылықтағы еңбек ресурстарын реттеуде, жұмысқа жарамды адамдардың санын анықтау арқылы, оларға деген сұраныстың қай салада қажеттігін көрсетуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, облыстың әлеуметтік-демографиялық саясатын белгілеуге, облысқа қажетті бала-бақшалар, мектептер, орта кәсіптік-техникалық және жоғары оқу орындарын, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерін, емханалар салу ісінде қолдануға болады. Зерттеу жұмысын, сонымен қатар аймақтар, қалалар тарихымен, тарихи демографиясымен айналысушы ізденушілер, аспиранттар мен студенттер қолдана алады. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында дәріс беруге, арнайы курстар мен семинарлар өткізуге пайдалануға болады.

Диссертацияның сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыс ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның тарихи демография және қазіргі әлеуметтік процестер бөлімінде орындалып, талқылаудан өтіп, қорғауға ұсынылды.

Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі мазмұны 6 Халықаралық ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық конференцияларда баяндалып, ғылыми көпшілік назарына ұсынылды, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен тізімдегі 4 ғылыми басылымдарда жарияланды.



Диссертацияның құрылымы: қысқартылған сөздерден, кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделіп, мәселенің зерттелу дәрежесіне тарихнамалық талдау жасалған, маќсаттары мен міндеттері, методологиялыќ және деректік негізі, ғылыми жаңалығы мен ќолданбалыќ маңызы және ќорғауға ұсынылатын тұжырымдары айќындалған.

«Ақтөбе өңірінің қалыптасуы мен әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктері» деп аталатын бірінші тарауда Ақтөбе өңірінің әкімшілік-территориялық құрылымы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму белестері қарастырылады.

Ақтөбе өңірі ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Кіші жүз қазақтарының қонысы болды. Жетіру мен Байұлы рулары батыста туыс қазақ руларымен, солтүстік-батысында Еділ қалмақтарымен, солтүстігінде орал башқұрттарымен көрші болса, оңтүстігінде Сырдарияның солтүстігі мен төменгі ағысын мекендеген қарақалпақтармен қазақ көші-қондары жанасатын. Өңірде Кіші жүздің Байұлы, Әлімұлы және Жетірумен бірге Орта жүздің уақ руының өкілдері кездесетін [8].

Кіші жүз Ресей империясының бодандығына қабылданғаннан соң Ресейдің экономикалық саясатын жүргізетін және аймақтағы саяси жағдайды неғұрлым тұрақтандыра алатын күшті билікті қалыптастыру арқылы Орта Азияға тереңдеп енуге тірек болатын, сенімді орын дайындау мақсатында өңірдің әкімшілік-территориялық басқару жүйесінде біршама өзгерістер орын алды.

1865 ж. құрылған Сыртқы Істер, Ішкі Істер, Әскери министрліктері мен Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір генерал-губернаторлары өкілдерінен тұратын «Далалық комиссияның» қызметінің нәтижесінде 1868 ж. 21 қазанда «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы ереже» пайда болды. «Уақытша» деп аталған Ереже бойынша «Орынбор қырғыздары» мен «Сібір қырғыздары» жеріндегі Орынбор генерал-губернаторлығының құрамында Орал және Торғай, Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы құрамында Ақмола және Семей облыстары құрылды.

ХІХ ғ. ІІ жартысында Ақтөбе уезінің солтүстік-шығысындағы Аралтөбе және Ойсылқара болыстарында Жағалбайлы руының, сонымен қатар, Ырғыз уезінен көшіп келген шөмекей, қаракесек, төртқара, шекті ауылдары, Бөрте, Тұзтөбе, Теректі болыстарында Орта жүз қазақтары, негізінен уақ руы қоныстанды. 1917 ж. қарай Ақтөбе уезіндегі болыстардың саны 19-ға жетті. әр болыста жер көлеміне, рулар мен бөлімшелерінің санына қарай 5 пен 10 аралығында, барлығы 92 ауыл, әр ауылда 164-тен 243 дейін шаруашылық болды. Ауыл әкімшілігінің басында он үйден бір өкіл кіретін ауылдық жиналыста сайланатын ауыл старшындары (ақсақалдар) тұрды. Бұлар да болыстар секілді, сотталмаған, халық құрметтейтін жасы 25-тен төмен емес адамдардан сайланатын.

1920 ж. дейін Ақтөбе өңірінің территориясы 1868 ж. Ережеге сәйкес Торғай облысының құрамында болды. Облыс территориясы төрт уезге бөлінді: Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай және Торғай уездері. 1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда өткен Қазақ АКСР Кеңестері съезінде бұрынғы Орынбор-Торғай губерниясының негізінде Ақтөбе губерниясы құру шешімі қабылданды. Ал осы жылдың 11 желтоқсанында Қазаткомның І сессиясы Орынбор-Торғай губернияларын бтөрт губернияға бөлу шешімін қабылдайды. Қазақстанның Орталық атқару комитеті мен Қазревкомның 1921 ж. 1 шілдесіндегі қабылдаған қаулысына орай, Ақтөбе мен Ырғыз уездерінен Ақтөбе губерниясы құрылды [17]. 1921 ж. 8 желтоқсанында Бүкілодақтық атқару комитетінің қаулысына сәйкес Орынбор-Торғай губерниялары үш губернияға: Ақтөбе, Қостанай және Орынборға бөлінді. Орталығы Ақтөбе қаласы болған Ақтөбе губерниясының құрамына Ақбұлақ, Ақтөбе, Мұғалжар, Темір, Ырғыз аудандары кірді. 1921 ж. аяғында Қарабұтақ пен Шалқар аудандары құрылды. 1922 ж. 5 шілдеде аудандық бөлініс жойылып, 88 болысы бар 5 уез құрылды. 1925 ж. 6 шілдеде Ақтөбе губерниясының Темір уезіндегі Қазбек және Ойыл болыстары Адай уезіне беріліп, 1926 ж. санаққа Ақтөбе губерниясы құрамында Ақтөбе, Темір, Торғай, Шалқар уездері мен Қостанай округі бар әкімшілік бірлік ретінде енді. 1928 ж. қаңтарда Ақтөбе губерниясы жойылып, оның уездері мен болыстарынан Ақтөбе және Адай округтерінің аудандары құрылды. Бүкілодақтық Орталық атқару комитетінің (БОАК) 1930 ж. 23 шілдедегі қаулысына орай, 1930 ж. 17 желтоқсанда Ақтөбе округі жойылып, бірнеше аудан ірілендірілді.

1932 ж. қаңтарда БКП(б) ОК-нің облыстарды құру туралы шешіміне орай Қазақ АКСР ОАК сессиясы құрамында 28 ауданы бар алты облысты (ішінде Ақтөбе облысы да бар) құру туралы қаулы қабылдады. Ақтөбе облысы 1932 ж. 10 наурызда құрылды. Ал 1936 ж. облыс құрамындағы он бір аудан жаңа құрылған Қостанай облысына берілді. Міне, осылай қалыптасқан қазіргі Ақтөбе облысының шекарасы 1944 ж. мамырында түпкілікті бекітілді [18]. Қазір өңірде 12 аудан, 8 қала және 410 елді мекен бар.

«Ақтөбе өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы» атты тараушасында ең алдымен өңірдің табиғи-климаттық жағдайына сипаттама берілген. Ақтөбе уезінің шығысындағы болыстарда қазақтар мал шаруашылығымен айналысты, батыс бөлігіндегі таулы және жоталы болыстарда мал шаруашылығымен қатар топырағының құнарлығына орай егіншілік те дамып, ұн тартатын диірмендер ашылды. Бастапқыда диірмендерді орыс және татар көпестері иемденсе, ХХ ғ. басына таман қазақтар да аша бастады. Мысалы, Ақтөбе болысының қазағы Сафа Нұрпейісов, Бөрте болысының тұрғыны Сабыр Кейкін. Өлкедегі қазақтардың отырықшылыққа көшуіне жем-шөп жинау да әсер етті. Оған себеп болған әрбір он-он екі жылда қайталанып отыратын жұт. Мысалы, 1879-1880 жж. Торғай облысында болған жұттың салдарынан мал басы 42%-ға кеміді. Осыдан сабақ алған тұрғындар малдары қырылып, аштыққа ұрынбау үшін шөп дайындауды қолға алды. Он жыл ішінде (1881-1891 жж.) қой басы 4 есе өсіп, мал кәсібінің 48,6%-ын құраса, дәл осы уақытта ірі қара мал басы 2 есе, ал жылқы саны 1,5 есеге өскен.

Ақтөбе уезінің экономикалық дамуында жәрмеңкелердің ашылуы елеулі рөл атқарды. ХІХ ғ. 70-жж. ішкі сауданың өсуіне орай, қазақ даласында жәрмеңкелер көбейіп, ішкі нарықтың қалыптасуына алып келді. Сонымен қатар, ХІХ ғ. аяғында Ақтөбе өңірінің территориясында өндірістік ізденістер жүргізіледі. 1894 ж. Бөрлі болысында мыс балқытатын завод ашылады [19]. Темір рудасы, тас көмір өндіріліп, мұнай ұңғымалары жасалады. Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы Ақтөбені ірі теміржол торабы мен аймақтың сауда орталығына айналдырды. Өңірдің басқа да теміржол станциялары бойында сауда-өндіріс тұрақтары құрылады.

Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясаты, ұжымдастыру, күштеп ет пен астық дайындату науқандары, қуғын-сүргін шаралары халықтың әл-ауқаты мен тұрмысына тікелей әсер етіп, елді ашаршылық пен түрлі апаттарға ұшыратты. Жер-жерде өкіметке қарсы көтерілген халық аяусыз жазаланды, атылды, жер аударылды, еңбек лагерлеріне қамалды. Ақтөбе губерниясының экономикалық дамуындағы осы бір уақыт ең ауыр, күрделі және тоқырауға ұшыраған кезең болып табылады. ІІ дүниежүзілік соғыс алдында өңірдегі жағдай біртіндеп қалыпқа келе бастады. Мысалы, Ұлы Отан соғысы басталар алдында Ақтөбеде ферросплав (темір қорыту) зауытын салу басталып, соғыс кезінде құрылысы аяқталды. Отан соғысы жылдарында ақтөбеліктер соғысты әскери техникамен, қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. 1941 ж. Ақтөбеде машина жөндеу, кірпіш және бояу, ал 1942 ж. авиажөндеу заводтары іске кірісті. Ақтөбе химия заводы металды шіруден сақтайтын темір илеу және малма (дубитель), марганец, темір, фосфор химикатын өндірді. 1942 ж. Сталинград түбіндегі шайқас кезінде Ақтөбедегі авиажөндеу ұжымы күніне 30 самолетті және 160 авиациялық моторларды жөндесе, Ақтөбе мұнайшылары танкке қарсы жанғыш қоспалар шығарып отырды. Соғыс жылдары өңірге басқа да заводтар көшіп келіп, жеңіске өз үлестерін қосты.

Соғыстан кейін өңірде өндіріс орындары кеңейтіліп, жаңадан көптеген заводтар ашылды. Соның бірі 1960 ж. іске қосылған Ақтөбе хром қоспалары заводының өнімі әлемдік рынокта бәсекелестікте ие болып, 27 елге, соның ішінде Ұлыбритания, Франция, Аргентина, Бельгия, Жапония және т.б. жерлерге эспортқа шығарылды.

Экономиканың аграрлық секторы да дамыды. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында Ақтөбе өңірі ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етумен бірге, елдің әлемдік астық рыногынан орын алуына үлес қосты.

Өңір экономикасында мұнай мен газ өндіру елеулі орын алады. 1978 ж. Жаңажолда ірі мұнай мен газ орыны ашылды. 1980 жж. Ембі-Жаңажол және Жаңажол-Кеңкияқ автожолы құрылысымен қатар, мұнай кен орындарына жақын жерлерден ұшу-қону алаңдары салынды. Ақтөбе өңірі республиканың ірі өнеркәсіптік орталығының біріне айналды. Бірақ өңір экономикасы шикізаттық бағытта дамыды.

1991 ж. Қазақстанның тәуелсіздік жариялауымен Ақтөбе өңірі тарихында жаңа дәуір басталды. Кәсіпорындарды жекешелендіру, бағаны реттеу саясаты, экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру жүрді. Бүкіл республикадағыдай облыста дағдарыстық жағдай орын алды, көптеген кәсіпорындар тоқтап қалды, инфляция күшейді, тұтыну товарлары, әсіресе тағам өнімдері тапшылық болды. 1997 ж. бастап Ақтөбе өңіріндегі жағдай түзеле бастады. 1998-2000 жж. аралығында облысқа 76,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 562 өндіріс нысаны іске қосылды. 2005 ж. облыста маңызды 59 кәсіпорын ашылды. Аграрлық сектор да жаңа сатыға көтерілді. Ал, бұл өз кезегінде халықтың демографиялық дамуына игі әсерін тигізді.

«ХХ ғ. Ақтөбе өңірі халқының саны мен құрамы» деп аталатын екінші тарауда патшалық Ресей кезінен әртүрлі әкімшілік бірліктердің құрамында болып, 1944 ж. қарай қалыптасқан қазіргі Ақтөбе өңірінің халқы іріктеліп, жалпы саны мен орналасуы талданады. Торғай облысын отарлау 1869 ж. Ақтөбе бекінісінің салынып, бірнеше орыс шаруалар отбасысының келіп қоныстануынан басталады. 1897 ж. санақта қазіргі Ақтөбе өңірі территориясында барлығы 308,3 мың адам тұрды.

ХХ ғ. басындағы өңір халқы саны күрт өзгерістерге ұшырады: 1897-1915 жж. едәуір өссе, 1916 ж. бастап 1920 жж. дейін, керісінше, кеміді. Әсіресе 1916 ж. оқиғалардың өңір халқының азаюына әсері күшті болды. Жергілікті қазақтарды тыл жұмысына алу, оған ашық қарсылық көрсетіп, көтеріліске шығу халық санының кемуіне әкелді. Батыс Қазақстанда тұрғындар 1916 ж. (39 мың) және 1917 ж. (116,3 мың) 153,3 мың адамынан (10%) айрылды. 1897- 1915 жж. Ақтөбе өңірі халқының саны тек артып отырса, 1916 ж. бастап кему үрдісі орын алды. Өңірде 1916 ж. 533 мың, 1917 ж. 492,7 мың, 1920 ж. 449, 4 мың, 1923 ж. 302,6 мың адам есептелінді. Яғни, 1916-1917 жж. өңір 40,3 мың адамынан, 1917-1923 жж. 190,1 мың адамынан айрылды. Негізінен ауылдық жерлердегі қазақтар шығынға ұшырады. Аштық жылдары халық тамақ табу және медициналық көмек алу үшін қалаға қарай ағылды. Қала халқы 1920 ж. (23,7 мың) мен 1923 ж. (31,2 мың ) аралығында 7,5 мың адамға көбейгенде, ауыл халқы осы жылдары 425, 7 мыңнан 271, 4 мыңға түсіп, 154,3 мың адамға азайды. 1917-1923 жж. Торғай, Қостанай, Орал, Бөкей губерниясы және Ақтөбе ауданының ауылдық жерлердегі халықтың саны 38%-ға кеміп, аудандағы шаруашылық саны 23,8%-ға азайды. Халық санының жалпы кемуі тұтастай ауылдардың ауа көшуіне де қатысты [20]. Жалпы Ақтөбе губерниясы бойынша аштықтың құрбандары 159 мың адамға (39,1%) жетті. Бұл азамат соғысы жылдарындағы өңірдегі адам шығынынан 4 есе көп.

1926 ж. Бүкілодақтық санақ кезінде 4 уез, 1 округтен тұратын Ақтөбе губерниясындағы 441,2 мың адамнан Қостанай округіндегі 363,8 мың адамды шегергенде, Ақтөбе өңіріндегі 44 болыста 346,7 мың адам тұрғаны шығады.

1920-1930 жж. әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың халықтың сандық және сапалық құрылымына терең өзгерістер әкелген демографиялық апаттарға әкелгені белгілі. 1928 ж. Қазақстанда 6507,0 мың адам тұрса, 1930-1933 жж. аралығында 5 873,0 мыңнан 2 493,5 мың адамға түсіп, 3379,5 мың адамға кеміген. Яғни, 1928 ж. бастап тұрғындар санының кеміп, 1935 ж. соң өсе бастады. Ашаршылық зұлматы Ақтөбе өңірін де жалмап кетті. Ашаршылық пен жұқпалы індеттерден Ақтөбе өңірі 29 % халқынан айрылды. 1930 ж. өңірде 1 012,5 мың адам болса, 1932 ж. 725,8 мың адам қалған. Санақтар сөзімен сөйлесек, демографиялық апат өңірде халық санының 1926 ж. және 1939 жж. санақтар аралығында 8577 адамға кемуінен де көрінді.

Қазақстанның демографиялық жағдайына қатты әсерін тигізген Ұлы Отан соғысы жылдарында халық саны күрт азайды, туу көрсеткіші төмендеді, өлім саны артып, табиғи өсім азайды. Соғыстан кейін өндіріс орындары, завод, фабрика және құрылыс ісінің жүргізілуіне байланысты Ақтөбе өңірі халқының сырттан көші-қон есебінен өсу үрдісі тәуелсіздік жылдарына дейін жалғасты. 1939-1959 жж. өңір халқы 18,3% өссе, 1959-1989 жж. 82,7% көбейді. 1989-1999 жж. орын алған өңір халқының азаюы сыртқы көші-қонның күшті толқынына байланысты болды. Бұдан кейін өсу (6,9%) басталды. 1999 ж. санақта Ақтөбе өңірінде 682,5 мың адам, 2008 ж. 703,6 мың адам тіркелді.

Соңғы кездері урбанизациялану процесінде Ақтөбе өңірі Қазақстан бойынша Қарағанды (84%), Маңғыстау (76%), Павлодар (65%) облыстарынан кейінгі төртінші орынды орынды алады (55,6%).



Халықтың жастық-жыныстық құрамындағы өзгерістерді, қартаю мен жасару деңгейін анықтау еңбек ресурстарының қай шамада екендігінен хабар береді. Ал, саяси-экономикалық катаклизмдер елдегі демографиялық ахуалға, некелесу мен ажырасуға, жесірліктің өсуіне, жастық-жыныстық құрамның арасалмағына әсер етеді. 1897-1939 жж. санақтары арасында өңірде ерлер үлесі басым болса, ІІ дүние жүзілік соғыстың салдарынан одан кейінгі барлық санақтар әйелдер үлесінің басымдылығын көрсетуде. Жастық ерекшелігіне келсек, 1897 ж. салыстырғанда туу төмендеп, өңірде қартаю үрдісі жүре бастаған. Бұл орта жастан асқан адамдар үлесінің өсуінен байқалады. 1929-1933 жж. ашаршылық және соның әсерінен ауа көшу нәтижесінде өңір халқының саны кемігені, жыныстық пирамидада ерекше ашаршылық кезінде шығынға көп ұшыраған ерлер мен әйелдердің орны үңіреюі 1939 ж. санақта 8-11 (8,8%) және 12-14 жастағылар (7,6%) үлесінің төменділігінен көрінеді [21]. 1959 ж. санақтан бастап жыныстық арасалмақ өзгерді. 1959 ж. санақтағы ерлер үлесінің 1939 ж. санаққа қарағанда төмен болуы ІІ дүние жүзілік соғысқа байланысты болса, одан кейінгі санақтар жыныстық құрылымдағы ерлер үлесінің әлі де төмен екендігін көрсеткенімен, оның өсіп келе жатқанынан хабардар етті. Сонымен, әр санақта жыныстық арасалмақтың өзгергені байқалғанымен, бүкіл республикадағы секілді Ақтөбе өңірінде де ерлердің үлесі мен санының әйелдерден аз болу үрдісі әлі жалғасуда.

«Білім деңгейіндегі өзгерістер» делінген тараушада өңір халқының ХІХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы білім беру саласындағы өзгерістер көрсетілді. Ең алғаш 1825 ж. 1 қаңтарда ашылған қазақтарға білім беретін сегіз жылдық Неплюев кадет корпусын аяқтаған 28 қазақ баласының ішінде 6 бала Ақтөбе өңірінің түлектері болды. Өңірдегі училищелердің ашылуына Торғай облысы халық училищелерінің инспекторы болған ағартушы-ғалым Ы. Алтынсарин зор үлес қосты. 1881 ж. 23 қазанда Ы. Алтынсариннің қолдауымен алғаш екі сыныптық училище ашылды. 1888 ж. 17 қазанда қалада қыздарға арнап 20 орындық интернат ашылды. 1889 ж. 3 кластық 120 балаға арналған 5 жылдық орыс-қазақ училищесі құрылды. Сонымен қатар, мешіттерде, шіркеулерде негізінен балаларға дін сабақтары оқытылды. 1895 ж. 26 қыркүйекте ашылған Ақтөбе орыс-қазақ қыздар училищесін 50 орыс және 20 қазақ қыздары бітіріп шықты. ХІХ ғ. 80-жж. Қазақстан бойынша орыс-қазақ мектептері ең көп деп есептелінген осы Торғай облысы болды.

Ақтөбе өңірі Ресеймен шекаралас және Ресейдің ірі қалаларына жақын орналасқандықтан да ХІХ ғ. соңына қарай сауаттылар саны басқа аймақтарға қарағанда едәуір жоғары болды. 1897 ж. санақ бойынша Ақтөбе уезінде 5468 адам (4817 ер, 651 әйел), Ырғыз уезінде 2286 адам (2023 ер, 263 әйел) және Темір уезінде 2738 адам (2487 ер, 251 әйел), Ақтөбе өңірі бойынша 10492 адам (өңір халқының 3,4%-ы) сауатты болды. Салыстыру үшін айтар болсақ, бұл көрсеткіш Маңғыстауда 2% еді. Қалалық жерлердегі сауаттылық ауылмен салыстырғанда біршама жоғары. Ақтөбе қаласындағы 115,2 мың адамның 699-сы сауатты (қала халқының 0,6%-ы), соның ішінде қаладағы сауаттылардың 74,5%-ы ер (521 адам), 25,5 %-ы әйел (178 адам) тіркелді [22].

Кеңес дәуірінде халықтың сауаттылығын арттыру жолында шешімді шаралар халыќтыњ сауаттылыѓын арттырды. 1939 ж. µњір халқының білім деңгейі республикалыќ дењгеймен (76,8%) қатар болды. Бұл үрдіс одан кейінгі жылдары жалғасты.. 1999 жж. өњір жоѓары білімі барлардың ‰лесі (18,4%) бойынша Ќостанай (28,6%), Оњт‰стік Ќазаќстан (28,5%), Ќызылорда (28,1%), Атырау (24,6%), Алматы (23,7%), Батыс Ќазаќстан (22,3%), Жамбыл (22,1%) облыстарынан кейінгі 8 орында. 1999 ж. санаќтан бастап µњірде жоѓары білімділердің ќ±рамында жергілікті ±лттыњ ‰лесі басым болып отыр

Облыстың қазіргі кездегі білім беру жүйесі алдындағы міндет –республикалық білім жүйесін таяудағы 10 жыл ішінде әлемдік деңгейдегі сапа мен талаптарға жеткізу.



«Ақтөбе өңірі халқының ұлттық құрамы мен өсіп-өну жолдары» деген үшінші тарауда өңір халқының ұлттық құрамындағы өзгерістері мен өсіп-өну үрдістері талданады. Елдің экономикалық-әлеуметтік деңгейі оның демографиялық ахуалына да өз әсерін тигізеді. Тарихи кезеңдердегі әртүрлі катаклизмдер мен саяси науқандар да өз таңбасын қалдырады. Халықтың өсіп-өнуі мен оның ұлттық құрамының өзгерістеріне көші-қон да елеулі әсер етеді.

ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қоныстандыру саясатына байланысты Ақтөбе өңірі халқының ұлттық құрамында ірі өзгерістер болды. Троицк, Орск уездері, Орынбор губернияларымен шекаралас Ақтөбе және Қостанай уездерінде қазақ, орыс, татар және башқұрттар қалың орналасқан еді. Торғай облысындағы жері шұрайлы Ақтөбе уезіне географиялық орналасу жағдайына орай, қазақ жеріне егіншілікпен айналысатын орыстардың және татарлар осында жиі орналасты. Батыс өңірі бойынша негізгі қоныстандыру аймақтары Орал және Ақтөбе уездері болды.

1869 ж. салынған Ақтөбе бекінісіне 1878 ж. алғашқы қоныс аударушы келген кезден бастап, әскери бекініс өзінің әскери сипатын жоғалтып, қалалық қонысқа айнала бастады. 1897 ж. Ақтөбе қаласында 2817 өзге ұлт өкілдері: 2278 орыс, 30 поляк, 1 неміс, 126 фин, 276 татар, 10 башқұрт, 98 қырғыз тіркелді. Бұл ғасыр соңында басқа ұлттардың осы өлкеге қоныс тепкенін нақтылайды. ХХ ғ. қоныстану үрдісі күшейді. Мысалы, 1901 ж. Орынбор-Ташкент теміржолын салу кезінде 22 ұлт өкілдері келген. 1917 ж. Ақтөбе губерниясындағы 492,6 мың адамның 80%-ы қазақ (396,8 мың адам), 15,7%-ы орыс (77,7 мың адам) болса, 1920 ж. губерниядағы 454,4 мың адамның 70%-ы (318,1 мың адам) қазақ, 7,5%-ы орыс (34,3 мың адам) болды. Губерния халқының басым бөлігі қазақтар болғанымен, осы жылдары қазақтар саны 78,7 мың адамға, үлесі 10 пунктке, ал орыстардың саны мен үлесі екі еседей кеміді. 1921-1922 жж. ашаршылық апаты Ақтөбе аймағын да ойсыратты. Ақтөбе губерниясы халқы 1917-1923 жж. 189858 адамға кеміді. Жаппай ашаршылықтың салдарынан көптеген қоныс аударушы шаруалар орныққан мекендерін тастап Украинаға, Сібірге, Түркістанға көшті.

Ұжымдастыру, ашаршылық және жаппай жазалау салдарынан 1926-1939 жж. қазақтардың саны 366,4 мыңға азайып, үлесі 74,3%-дан 55,4%-ға төмендегенде, орыстардың саны 114,4 мыңға, үлесі 13,8%-дан 28,5%-ға өсті. Яғни қазақтардың орны сырттан келген орыстармен толықтырылды. Қалалық жерлерде орыстардан үлесі, ал ауылдық жерлерде керісінше, қазақтардың саны да үлесі де басым болды. Бұл үрдіс 1939-1959 жж. күшейе түсті.

1970 ж. облыстағы қазақтар саны 1959 ж. салыстырғанда 4,3%-ға өсті. Оған себеп, туудың өсуі, өлім-жітімнің азаюы. Бірақ, олардың басым көпшілігі ауылдық жерлерде тұрды. Қазақтардың саны қалада 26,1% болса, орыстардың 43,2%-ы қалада тұрды. Ал, немістер 1959 ж. салыстырғанда 1970 ж. 1,3%-ға, украиндар 2,9%-ға азайған. Бұған себеп – немістер мен украиндардың өз Отандарына оралуы. 1990 жж. Ақтөбе өңіріндегі завод-фабрикалар экономикалық дағдарысқа ұшырады. Өндіріс орындарында көптеген келеңсіздіктер байқалды. Жекешелендірудің арқасында көптеген колхоз-совхоздар тарқатылды. 1997 ж. бастап бүкіл елдегі секілді Ақтөбе өңіріндегі экономикалық даму жақсара бастады. Облыста орналасқан өндіріс орындарында шығарған өнім мөлшері 1996 ж. салыстырғанда 27,7%-ға өсті. Жұмыссыздық азайды. Бірақ, 2008 ж. басталған қаржы дағдарысы өңірге қиындық әкелуде.

Сонымен, санақ мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, облыс халқы құрамындағы қазақтардың үлесі 1897-1970 жж. кему, 1979 ж. санақтан бастап, өсу үрдісінде болды. Ал орыстар саны 1989 ж. дейін өскенімен, 1990 жж. күрт төмендеді. Украиндар динамикасынан да осыны байқаймыз. Ал, қазақ халқының үлесі 1999 ж. ғана 1926 ж. деңгейіне жетті. Соған қарамастан, қазақтар Қазақстанның басқа аймақтарында ХХ ғ. басында абсолюттік көпшілік болу статусынан айрылса, бұл өңірдің ерекшелігі, өлке халқының көп ұлттанғанына қарамастан, ХХ ғ. бойы негізгі көпшілігі қазақтар болды.



«Ақтөбе өңірі халқының табиғи жолмен өсуі» тараушасында халық санының өсу қарқынының негізгі факторы – табиғи өсімнің өңірдегі ғасырлық барысы мен үрдістері талданады.

ХХ ғ. басында әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендігі, жұқпалы індеттердің кең таралғандығы, емдеу орындарының жоқтығы және т.б. себептерден отырықшы халықтың табиғи өсімі мардымсыз болды (1,7% – 1,9%). Революцияға дейінгі Қазақстанда тырысқақ, шешек, қызылша секілді аурулар әдеттегі құбылыс еді. 1897 ж. санақ бойынша Орта Азия мен Қазақстанда бір дәрігерге 113,9 мың адамнан келетін. 1897 ж. санақ этнодемографиялық өсу көздерінің өзгере бастағанын көрсетті. ХІХ ғ. 70-жж. дейін тұрғындар саны негізінен табиғи өсім есебінен көбейсе, кейінгі жылдары өсім қоныс аударушы орыс-украин шаруалары есебінен жүрді. қазақтарды жерден айыру, құнарсыз жерлерге ығыстыру, орыс шаруаларын қоныстандыру нәтижесінде жергілікті тұрғындардың үлесі 95,1%-дан 52,4% кеміп кетті.

Табиғи өсім жыныстық арасалмаққа да, некелік жағдайына да байланысты. ХХ ғ. басында 100 ер адамға 85-87 әйелден келді. Ал кедейлер, қалыңмал төлей алмағандықтан, көп жағдайда отау құра алмады. Қазақтарға қарағанда өзге ұлт өкілдерінің табиғи өсімі жоғары болды. Мысалы, ғасыр басында Ақтөбе губерниясындағы қазақтардың туу көрсеткіші 34,3%, өлім 19,4%, табиғи өсімі 14,9% болғанда, өзге ұлттардың туу көрсеткіші 56,3%, өлім 17,9%, табиғи өсім 38,4%-ды көрсетті. Табиғи өсім, әсіресе, губернияның ауылдық жерлерінде оң айырым көрсетті. Ал, қалалық жерлерде табиғи өсімге қарағанда механикалық өсім шешуші болды. Бұндай үрдіс ХХ ғ. 20-жж. да жалғасты. ХХ ғасырдың 60-жылдары жалпы Республика бойынша туу көрсеткіші 38,1% азайып кетті. Ал 1970-80 жж. туу көрсеткіші арта бастады. 1980 жылдардың аяғына таман Ақтөбе өңірінде туу көрсеткіші төмендеді. Әсіресе ол 1993-1999 жылдар аралығында болған экономикалық дағдарыс кезінде қатты байқалды. Ал 2000 ж. бастап өңірдегі халықтың туу көрсеткіші жыл сайын артып отырды.

«Ақтөбе өңіріндегі көші-қон үрдістері» тараушасында ХІХ ғ. ІІ жартысынан патшалық Ресейдің Қазақстан жерінде жүргізген саяси-экономикалық саясатының Ақтөбе өңіріндегі көші-қон процестеріне әсері талданған. Ресейдің ішкі губернияларындағы жер тапшылығына байланысты, әсіресе орыс шаруаларын өңірдегі қазақ жеріне қоныстандыру өрістеді. Сыртқы көші-қонның күшеюі халықтың ұлттық құрамына және әлеуметтік жіктелуіне зор ықпал жасады. Халықтың жалпы санының өзгеруі де табиғи қозғалыспен қатар көші-қон үрдістеріне де тәуелді болды. 1871-1896 жж. Торғай облысына 26,1 мың қоныс аударушылар келді. ХІХ ғ. аяғына таман шаруалардың Торғай облысына көші-қоны күшейе түсті. Егер де 1886 ж. Ақтөбе уезінде қоныстанушылардың 177 түтіні болса, 10 жылдан кейін 28 400 түтінге жеткен.

1896-1906 жж. «артық жер» іздеу үшін ұйымдастырылған Ф. Щербина бастаған экспедиция Торғай, Ақмола уездері мен Семей облысының шаруашылық-статистикалық және табиғи-тарихи зерттеулерінің көзі болды. Бұл зерттеулердің нәтижесінде Торғай облысы 1904 ж. бастап арнайы түрде шаруаларды қоныстандыру үшін ашық деп жарияланды. Тек, 1907-1912 жж. аралығында ғана Ақтөбе уезіне Ресей империясының әртүрлі губернияларынан 109,6 мың шаруа қоныс аударды.

Кеңестік ұжымдастыру саясаты нәтижесінде Ақтөбе өңірі аумағынан бастап, Батыс Қазақстан шекарасына дейінгі жерлерді мекендейтін қазақтар көршілес жатқан Орта Волга аймағына 1929 ж. бастап-ақ аштық әсерінен көшіп, үш жылдың ішінде осы жерге келген қазақтар саны 50 мың адамнан асып түскен. Ақтөбе өңірінде жұмыс істеген мәскеулік Қызыл Крест баяндамасында: «Торғай секілді аудандардағы қазақтардың ашаршылық пен індетке ұшырағандығы хабарланған. Ашыққандар қалдықтармен, жабайы шөптердің тамырымен, ұсақ кеміргіштермен тамақтануда, иттер мен мысықтар түгелдей желінген, олардың лашықтарының айналасы қайнатылған ит, мысық және тышқандардың сүйегіне толы ... Өлгендердің де мәйітін жеу фактілері бар». Жергілікті органдардың мәліметі бойынша Торғай және Бетпаққара аудандарында тұрғындардың 20-30% қырылып қалған және қалған бөлігі көшіп кеткен. Шалқар ауданы мен біршама ауылдық кеңестердің 30-35% тұрғындары қырылып қалған. Осы аудандар кіретін Ақтөбе өңірінде тұтастай алғанда 1930 ж. 1012,5 мың адам болса, ал 1932 ж. 725,8 мың адам (71%) ғана қалған.

1937 ж. Ақтөбе өңіріне 12270 адам қоныс аударып келіп, кері көшкендер саны 6836 адам болды, ал 1938 ж. Ақтөбеге 12097 адам келіп, оның 8588 адамы кері қайтты, 1939 ж. Ақтөбе өңіріне 11501 адам қоныс аударып келсе, 6867 адам келген жерлеріне қайта көшіп кетті.

1939 ж. Ақтөбе өңірінде барлық тұрғындардың саны 457 664 (22,3% - қалалық, 77,7% ауылдық) адам болды, яғни бұрынғы жылдармен салыстырғанда қатты кемігенін байқауға болады. Облыстағы тұрғындар саны сырттан күштеп көшірілгендер арқылы толықтырылды. Мысалы, Қазақстанның 100-ден аса поселкелеріне 134,7 мың (спецпоселенцы) арнайы қоныстандырушылар орналастырылды. 1929-1933 жж. «бай-кулактық жер аударумен» ондаған мың адам қазақ жеріне әкелінді. Тамбов-Воронеж және Кубаньдағы кулактар көтерілісі басып жаншылған соң, Қазақстан мен басқа жерлерге 1932-1933 жж. 2 млн адам жер аударылды.

Ақтөбе өңіріне эвакуацияланған халықтан бөлек, шамамен 24000 арнайы қоныстандырылды. Оның ішінде поляктар – 6280, Бессарабияден келген молдавандар – 5364, Астрахань мен Қырымнан – 3000 адам, 93356 – немістер болды. Облысқа осыншама эвакуацияланғандар мен көшіп келгендердің көптігі салдарынан, олардың тығыз орналасуына байланысты аурудың бір-біріне жұғуына әкеліп жатты. Олардың көпшілігі дерлік жолда аязда тұрып қалып, әртүрлі ауруға шалдыққандар болды.

Ақтөбе өңіріне тың игеруге 1954 ж. Украинадан 259 отбасы (1046 адам және оның 521-і еңбекке жарамды) қоныс аударды. Қоныс аударғандар Родников ауданының колхозына 11 отбасы, Мәртөкке 118 отбасы, Степнойға 114, Новороссийскіге 16 отбасы бөлінді және бұдан бөлек екі отбасы өз бетінше Ключевск ауданына орналасты. Ақтөбе өңіріндегі тың және тыңайған жерлерді игеру үшін МТС пен совхоздарына 4035 адам сырттан келді [23].

Ақтөбе өңірінің колхоздары мен совхоздарына 1960 ж. 1428 отбасы, соның ішінде Украинадан 1140 отбасы қоныстандырылды, ал облыс ішіндегі қоныстандыру бойынша 288 отбасы көшірілді. Сонымен қатар, ҚазКСР Министрлер кеңесі жанындағы қоныстандырудың Бас басқармасы бөлімінің ұйымдастыруымен әскери міндетін өтегендерден 3074 адам облысқа шақыртылған болатын.

Осы жылдары Ақтөбе өңірінде 21180 спецпереселендер есепте тұратын. 1954 ж. арнайы қаулымен олардың жағдайына байланысты кейбір шектеулердің алынып тастауына орай, 1955 ж. қаңтарына таман Ақтөбе өңірінен басқа республикаларға 55 адам көшіп кетті, Қазақстанның басқа облысына 190 адам көшіп кетті.

1957 ж. тың облыстарына халық әлі де болса қоныстанып жатты, бірақ ауылдан кетушілер саны келушілерден артығырақ болды. Мысалы Ақмола облысынан 3119 адам, Қарағанды облысынан 8288 адам, Батыс Қазақстан облысынан 3478 адам, Ақтөбе облысынан 4296 адам өзге жерлерге кетті.

1989 ж. бастап Ақтөбе өңірінде халықтың этникалық жағдайы едәуір өзгерді. Әсіресе, шығыс славян халықтары, сонымен қатар, немістер, еврейлер, поляктар Қазақстаннан эмиграцияланды. 1989 ж. бастап орыстардың үлесі 1999 ж. салыстырғанда 6,9%-ға, украиндардың үлесі 3,3%-ға, немістердің үлесі 2,7%-ға азайды.

Осы жылдардан бастап керісінше жергілікті халықтардың және алыс және жақын шетелдерден келген оралмандардың санынан қазақтардың үлес салмағы өсті. 1989 ж. салыстырғанда 1999 ж. қазақтардың саны 15,1%-ға артты. Ал 2004 ж. 1989 ж. салыстырғанда 20,3%-ға көбейді.

Ақтөбе өңірі қалаларындағы көші-қон процестеріне келетін болсақ, Ақтөбе өңірінде 1999 ж. 2003 ж. дейін келушілерге қарағанда кетушілер саны көп болды. Мысалы 1999 ж. көші-қон айырымы 8292 адам, 2000 ж. -10537 адам, 2001 ж. 4983 адам, 2002 ж. ол көрсеткіш 4258 адам болды, 2003 ж. 412 адамдық кері айырымды көрсетсе, 2004 ж. бастап көші-қон айырымы оң көрсеткіштер бере бастады. 2004 ж. 1182 адам болса, 2005 ж. 1628 адам болды. Жылдан жылға Ақтөбе өңіріне келушілердің саны артып келеді.

Қорытындыда зерттеудің негізгі тұжырымдары берілген. Бір ғасырдан артық уақыт ішінде Ақтөбе өңірі халқы күрделі тарихи даму белестерінен өтті. Шағын ғана аграрлық уезд тұрғындары Қазақстан Республикасының өнеркәсібі, көлік жүйесі, ауыл шаруашылығы мен мәдениеті өркендеген ірі орталықтарының біріне жататын алдыңғы қатарлы өңірдің халқына айналды. Өңірдің территориялық-әкімшілік құрылымы уезден басталып, көп өзгерістерге ұшырап, 1944 ж. облыс ретінде қалыптасып, осы күнге дейін дамып келеді. Өңір халқы осы ғасырдан астам кезде (1897-2009 жж.) 308383 адамнан 711884 адамға жетіп, екі еседен астам өсті, оның ішінде қала халқы 350 498 адамға, яғни 11 есе өсіп, 55,6% жетті. Республика бойынша урбандалған облыстардың алдыңғы қатарына шықты. Жыныстық арасалмақ көп өзгерістерге ұшырады, 1897-2009 жж. аралығында ер адамдардың саны 238,0 мың адамнан 343,5 мың адамға, немесе 1,4 есе көбейіп, 1897-1939 жж. санақтары арасында өңірде ерлер үлесі (52,5-52,9% аралығында) басым болса, ІІ дүние жүзілік соғыстың салдарынан одан кейінгі барлық санақтар әйелдер үлесінің басымдылығын (52,7-51,8% аралығында) көрсетуде. Жастық құрамына келсек, 1897-1939 жж. санақтары қарт адамдардың үлесінің кемуін тіркесе, 1959 ж. бастап өсу үрдісі орын алды. Туу төмендеп, өңірде қартаю үрдісі жүре бастаған. Білім деңгейіне келсек, ХІХ ғ. соңына қарай сауаттылар саны бірқатар аймақтарға қарағанда едәуір жоғары болды. 1897 ж. санақта өңір халқының 3,4%-ы сауатты деп есептелінді. Салыстыру үшін айтар болсақ, бұл көрсеткіш Маңғыстауда 2%, Павлодар өңірінде 5,3% еді. Кеңес дәуірінде халықтың сауаттылығын арттыру жолында шешімді шаралар халыќтыњ сауаттылыѓын арттырды. 1939 ж. µњір халқының білім деңгейі республикалыќ дењгеймен (76,8%) қатар болды. Бұл үрдіс одан кейінгі жылдары жалғасты. 1999 жж. өњір жоѓары білімі барлардың ‰лесі (18,4%) бойынша Ќостанай (28,6%), Оњт‰стік Ќазаќстан (28,5%), Ќызылорда (28,1%), Атырау (24,6%), Алматы (23,7%), Батыс Ќазаќстан (22,3%), Жамбыл (22,1%) облыстарынан кейінгі 8 орында. 1999 ж. санаќтан бастап µњірде жоѓары білімділердің ќ±рамында жергілікті ±лттыњ ‰лесі басым болып отыр.

Өңір халқының ұлттық құрамы, әсіресе қазақтардың үлесі күрделі өзгерістерге душар болды. Қазақтардың үлесі 1897-1959 жж. 90,6%-дан 43,2%-ға дейін кеміп, тек 1970 ж. бастап қана өсе бастады. 2009 ж. республикада жергілікті ±лт үлесі 67%-ѓа жеткенде µњірде 78,0%-дық басымдылық көрсетуде. 1897-1970 жж. 7,7%-дан 26,3%-ға көтерілген орыстар үлесі 1979 ж. санақтан (25,1%) бастап кему үрдісіне көшіп, 2009 ж. 12,8 %-ға төмендеді. Славян типтес басқа да халықтарда осы үрдіс байқалды.



Қазіргі кезеңде Ақтөбе µњірінің халқы ұлттық қауіпсіздігімізді сақтап қалу және экономикамызды жаңа еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету жолында лайықты үлесін қосуда
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Тилло А.А. О пространстве, народонаселения и населенности Тургайской области // Известия РГО, 1869. – Т. 5. - № 1; Баллюзек Л. Народная перепись в Николаевском уезде Тургайской области // Записки Оренбургского отдела РГО, 1875. – Вып.3; Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. – Оренбург, 1901, - Т.3. 524 с. и др.

  2. Алтынсарин И. Сочинения в 3-х т. – Алма-Ата, 1976. – Т. 2.

  3. Тынышпаев М. История казахского народа. – Алма-Ата, 1993.; Букейхан А. Таңдамалы – Избранное. –Алматы: Өлке, 2002. 1-книга.

  4. Рысқұлов Т. Собрание сочинений. В 3-х томах. – Т.2. – Алматы, 1997. 350 с.; Сәдуақасұлы С. Таңдамалы. 2-том. – Алматы: Алаш мұрасы, 1993. 86 б.; Донич А.Н. Народонаселение Казахстана // Народное хозяйство Казахстана. – Кзыл-Орда, 1928. - № 11-12 және т.б.

  5. Асылбеков М.Х. О социальной политической и этнической структуре Казахстана // Известия АН КазССР, 1991. - № 3. 44 с.; Асылбеков М.Х. Рост рабочего класса Казахстана в условиях развитого социализма: Актуальные проблемы истории Советского Казахстана. – Алма-Ата, 1980 и др.

  6. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец ХІХ – нач. ХХ вв.). – Алма-Ата, 1968; Бекмаханова Н.Е. Численность и национальный состав населения в дистанциях Западного Казахстана в 1831-1861 гг. // Первый Всесоюзный семинар по исторической демографии: Тезисы докладов. – Таллин, 1974.; Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана (Численность, размещения, состав) 1870-1914 гг.). – Алма-Ата, 1981 және т.б.

  7. Абылхожин Ж.Б., Козыбаев М.К., Татимов М.Б. Казахстанская трагедия // Вопросы истории. 1989. - № 7. – С.53-70; Михайлов В.Ф. Хроника Великого Джута: Документальная повесть. – Алма-Ата, 1990; Абжанов Х.М. Сельская интеллигенция Казахстана в условиях совершенствования социализма. – Алма-Ата: Наука, 1988. – 192 с. және т.б.

  8. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг.). – Алма-Ата: Ғылым, 1991. – 252 с.

  9. Омарбеков Т. 20-30-шы жылдардағы Қазақстан қасіреті. – Алматы: Санат, 1997. – 320 б.; Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы: Ана тілі, 1993. 208 б.

  10. Мажитов С.Ф. Формирование исторического сознания в Республике Казахстан: реалии и перспективы // Современное состояние и перспективы развития исторической науки Казахстана и России. – Алматы, 2008. – С. 10-29.

  11. Тәтімов М.Б., Саркенова К.А. Зұлмат пен зардап. Казахская трагедия. – Ақтөбе, 2002. – 266 с.

  12. Сдыков М.Н. Население Западного Казахстана: история формирования и развития (1897-1989 гг.). – Алматы: Ғылым, 1995. – 220 с.

  13. Журин Н. Этапы большого пути. – Алма-Ата: Казахстан, 1975. – С.130; Султангалиева Г.С. Западный Казахстан в системе этнокультурных контактов (ХVІІІ – начало ХХ вв.). – Уфа, 2001. 262 с.; Козина В.В. Население Центрального Казахстана (конец ХІХ – начало 30-е годы ХХ в.). – Алматы: Өркениет, 2000. 130 с.; Төлекова М.К. Жетісу өңірі халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы (1897-1999 жж.) Т.ғ.д. ... автореф. – Алматы, 2003.;

  14. Кенжебаев Ғ.Қ. Қазақстан Республикасындағы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау: сандық және сапалық өзгерістер (1985-2005 жж.) // Отан тарихын келелі мәселелері. Республикалық ғылыми-теориялық конференция. – Атырау, 2008. – 104-108 бб.; Кенжебаев Ғ.К. –Қазақстанның ғылыми кадрлары (1991-2005 жж.). – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршысы. – Алматы, 2007. № 1 (12). – 15-19 бб.

  15. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. – Алматы: Ғылым, 1997. – 264 с.; Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жж.). – Алматы: Өркениет, 2005. – 160 б. Асылбеков М.Х., Төлешова Л.Х. Қазақстан тарихи демографиясының даму белестері. – Алматы: Өркениет, 2002. – 144 б. және т.б.

  16. Демко Дж. Орыстардың Қазақстанды отарлауы (1896-1916). –Алматы: Ғылым, 1997. 230 б.; Уиткрофт С.Г. К вопросу об анализе советской статистики принудительного труда // Демографические процессы в СССР (современная зарубежная историография). – М.: АН СССР. – 1991. – 187 с.; Конквест Р. Жатва скорби реестр смерти // Вопросы истории. – 1990. - № 4. – С. 78-95.

  17. Материалы по киргизскому землепользованию. Тургайская область: Актюбинский уезд. – Воронеж, 1903. – Т.7. – С.3; История Актюбинской области. – Актобе, 2006. – С.334.

  18. АОММ. 69-қ., 4-т., 25-іс, 82-п.; Всесоюзная перепись населения 1926 года. КазАССР. Москва, 1928. 2-л.; Справочник по административно-территориальному делению Казахстана (1920-1936). –Алма-Ата, 1959. – С.34.; Обзор Тургайской области за 1895 г. – Оренбург, 1896.

  19. История рабочего класса Советского Казахстана. Рабочий класс Казахстана в период упрочения и развития социализма. 1938-1960 гг. –Алматы: Наука, 1988. –Т.2. – С. 52.

  20. Букейхан А. Таңдамалы – Избранное. – Алматы: Өлке, 2002. 1-книга. 75-б.; Галиев А. К этнодемографической характеристике Казахской АССР (по материалам переписи 1926 г.). Серия Общественных наук. -№ 4. 1978. –С.45.; Тәтімов М.Б., Саркенова К.А. Зұлмат пен зардап. Казахская трагедия. – Ақтөбе, 2002. 124-б.

  21. Итоги переписи населения 1999 года по Актюбинской области). – Алматы, 2000. – Т. 1. – С. 5.; Всесоюзная перепись населения 1939 года. Основные итоги. –Москва: Наука, 1992. – С. 7.; Всеобщая перепись населения Российской империи. –СПб., 1904. -Т.87. – Тургайский уезд. – С. 4

  22. ҚРОММ. 25-қ. 1-т., 3804-іс, 221-п.; ҚРОММ. 458-қ., 1-т., 12-іс, 11-п.;ҚР ПМ. 725-қ., 4-т., 511-іс, 37-п.; ҚРОММ. 698-қ., 21-т., 231-іс, 2-п.

  23. Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма (60-е годы ХІХ в. – 1917 г.). – Москва: Наука, 1986. – 244 с.; АО ММ. 13-қ., 23-т., 191-іс, 33-34 пп.

ДИССЕРТАЦИЯЛЫЌ Ж¦МЫСТЫЊ НЕГІЗГІ МАЗМ¦НЫ

БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНЃАН МАЌАЛАЛАР


  1. Ақтөбе қаласы халқының білім деңгейіндегі өзгерістер тарихынан // Отан тарихы. - 2007. - № 4. - 105-111-бб.

  2. Ақтөбе халқының ұлттық құрамындағы өзгерістер (1897-1999 жж.) // Қоғам және дәуір. - 2008. - № 2. - 93-97-бб.

  3. Ақтөбе облысындағы халықтың саны мен құрамындағы өзгерістер (1989-2007 жж.) // Абай атын. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойына арналған «Түркілердің тарихи-мәдени мұрасы Еуразиялық және Орталық Азия контекстінде» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Алматы, 29-30 сәуір 2008 ж. – Алматы, 2008. - 1 бөлім. - 61-64-бб.

  4. Ақтөбе өңірі халқының этнодемографиялық дамуы (1999-2006 жж.) // «Қазіргі білім беру жүйесіндегі сапалы білім мен ғылым: бәскеге қабілеттілігінің факторы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Тараз, 6-7 маусым, 2008 ж. – Тараз: А. Ясауи атын. Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институты. - 76-79-бб.

  5. Ақтөбе облысындағы халықтың демографиялық ахуалы // «Современное состояние и перспективы развития исторической науки Казахстана и России» Международная научно-практическая конференция. – Алматы, 26 июня 2008 . – Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атын. ТЭИ және РҒА Ресей тарихы институты. - 345-350 бб.

  6. Ақтөбе өңірі халқының білім деңгейі //«Білім беруді реформалау: ұлттық басымдылықтар және олардың шешімін табу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Тараз, 2008. 10 желтоқсан, 2008 ж. –Тараз: А. Ясауи атын. Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институты. - 302-305-бб.

  7. Ақтөбе облысының қалыптасуы мен әкімшілік-территориялық құрылымындағы өзгерістер // Абай атын. ҚазҰПУ Хабаршы. «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы. – 2009. - № 1 (20). - 8-15-бб.

  8. Ақтөбе өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму белестері // Отан тарихы. – 2009. - № 1. – 84-95-бб.

  9. Ақтөбе өңіріндегі көші-қон процестері (баспасөз беттерінде) // «Қазақ журналистикасының негізін қалаушы – профессор Т. Амандосов» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция. - Атырау, 3-4 сәуір, 2009. – Атырау: Х. Досмұхамедов атын. Атырау мемлекеттік университеті, 2009. - 52-56-бб.

  10. Ақтөбе өңірі халқының жалпы саны мен орналасуы (1897-2007 жж.) // Қазақстан тарих ғылымының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. - Алматы, 2009, 29 мамыр. – Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атын.Тарих және этнология институты. - 814-823-бб




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет