Салыстырма кесте

-бап. Сауда қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптар

бет9/12
Дата13.06.2016
өлшемі1 Mb.
#131859
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

31-бап. Сауда қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптар

1. Сауда қызметi субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:

1) тиiсiнше сапалы, қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн тауарларды сатуға;

2) тауарларды тиісінше жария оферта, шарттар немесе өзге де мәмiлелер талаптарына сәйкес белгiленген өлшемдер бойынша сатуға;

3) сатып алушыға тауардың сапасы мен шығарылған жерi, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелерi және талаптар қою тәртібі, өнiмдi пайдалану, оны сақтау тәсiлдерi мен ережелерi туралы, ал талап-арызды және сотқа ұсынылатын, оған қоса берілетін құжаттар ресiмделген жағдайда, сол сияқты сатушының немесе дайындаушының (орындаушының) орналасқан жерi мен өзге де реквизиттері туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге;

3-1) сатып алушыға техникалық күрделі немесе құрамдас тауарларды қосуға, іске қосуға және пайдалануға жіберуге білікті мамандарды тарту қажеттігі туралы хабарлауға немесе бұл көрсетілетін қызметтерді өз есебінен ұсынуға;

4) сауда объектiсiнiң жалпы жұртқа қолжетімді жерiнде өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi талаптарына сәйкес тексерiлген бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыруға;

Сауда қызметі субъектілеріне қойылатын талаптар сатып алушыға техникалық күрделі немесе құрамдас тауарларды қосуға, іске қосуға және пайдалануға жіберуге білікті мамандарды тарту қажеттігі туралы хабарлауға немесе бұл көрсетілетін қызметтерді өз есебінен ұсыну міндетімен толықтырылады. Бұ түзету сатып алушының сатып алынатын тауардың қасиеттері туралы хабардар болушылық деңгейін арттыруға және осы арқылы өмір, денсаулық үшін қатердің жоғары болуына, мүліктің сақталуына байланысты тауарды пайдалануға беру кезінде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы

90

15-баптың 1-тармағы

15-бап. Байланыс операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы

1. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін, абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізу нысандары мен әдістерінің жария болуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттары үшін байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдардың және ұйымдардың өзара іс-әрекет жасасу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Байланыс операторлары байланыс желілерінде қажетті техникалық құралдарды орнатуға, өз жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен абоненттер туралы қызметтік ақпаратты екі жыл бойы жинау мен сақтауды жүзеге асыруға міндетті.

15-бап. Байланыс операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы

1. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары мен байланыс желілерінің иелері:

1) байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыруға;

3) абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды жүргізу нысандары мен әдістерінің жария етілуін болдырмау жөнінде шаралар қолдануға;

4) жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу мақсатында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес өз телекоммуникациялық жабдығы құрамында жедел-ізестіру іс-шараларын жүргізу функцияларының болуын меншікті қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қағидаларға сәйкес абоненттердің дербес тіркелуін қамтамасыз етуге және абонент туралы тіркеу деректері болған кезде ғана байланыс қызметтерін көрсетуді жүзеге асыруға;

6) қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторлары мен түзету мекемелеріндегі, сондай-ақ солармен іргелес аумақтар шекарасындағы өз желісіндегі абоненттік құрылғылардың жұмысын тоқтата тұруға міндетті.

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына телекоммуникация желілерінде шұғыл-іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының нормалары ВАК хаттамалық шешіміне сәйекс (2012 жылғы 17 шілдедегі 272 отырысы) ККМ заң жобасымен біріктірілген.

91

20-баптың 2-тармағы

20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер

2. Уәкілетті орган:

1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне;

2) телекоммуникация және почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекітеді;

3) жоқ.

Осы тармақта аталған қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер

2. Уәкілетті орган:

1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне;

2) телекоммуникация және почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында;

3) мемлекеттік органдарға ұсынылатын байланыс қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекітеді.

Осы тармақта аталған қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Түзету мемлекеттік органдарға көрсетілетін байланыс қызметтері тарифтерін реттеу және бір ізге салу мақсатында ұсынылады.

92

21-баптың 5-тармағы

21-бап. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсi

5. Телекоммуникацияның ведомстволық желiлерi мемлекеттiк органдар мен жергiлiкті өзiн-өзi басқару органдарының басқарушылық және ұйымдастырушылық мақсаттарын өз өкілеттіліктеріне сәйкес iске асыруын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң өндiрiстік және басқарушылық мақсаттарды қамтамасыз етуiн iске асыруға арналған.

Телекоммуникацияның ведомстволық желiлерi ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосылады.

Бұл ретте телекоммуникацияның ведомстволық желiлерiн осы тармақта көзделмеген өзге мақсаттар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.

21-бап. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсi

5. Телекоммуникацияның ведомстволық желiлерi мемлекеттiк органдар мен жергiлiкті өзiн-өзi басқару органдарының басқарушылық және ұйымдастырушылық мақсаттарын өз өкілеттіліктеріне сәйкес iске асыруын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң өндiрiстік және басқарушылық мақсаттарды қамтамасыз етуiн iске асыруға арналған.

Телекоммуникациялардың ведомстволық желілері өзара іс-қимылда болады және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілеріне қосылады.

Мемлекеттік органдардың ведомстволық желілерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосу мақсатында

93

24 баптың 3-5 тармақтары

24-бап. Почта байланысы

1. Почта байланысы почта жөнелтiмдерiн қабылдауды, сұрыптауды, тасымалдау мен жеткізудi, ақша аударуды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ шарт негiзiнде мерзiмдi баспасөздi жөнелтудi, жеткiзiп беру мен таратуды, зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткiзіп берудi ұйымдастыратын байланыс инфрақұрылымының бiр бөлiгі болып табылады.

2. Әскери жөнелтiмдердi сұрыптау мен қолға тапсыруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің фельдъегерлік-почта байланысы жүзеге асырады.

3. Почта байланысы қызметтерiн мемлекеттік емес почта байланысы ұйымдары көрсетуге құқылы.

4. Почта жөнелтiмдерiн жеткізу мерзiмдерiн уәкiлеттi орган айқындайды.

5. Почта жөнелтімiн жiберушi оның құндылығын салыным құны шегiнде жариялауға құқылы.

24-бап. Почта байланысы

1. Почта байланысы почта жөнелтiмдерiн қабылдауды, сұрыптауды, тасымалдау мен жеткізудi, ақша аударуды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ шарт негiзiнде мерзiмдi баспасөздi жөнелтудi, жеткiзiп беру мен таратуды, зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткiзіп берудi ұйымдастыратын байланыс инфрақұрылымының бiр бөлiгі болып табылады.

Пошта байланысы операторларының пошта байланысы қызметтерін көрсету жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасымен реттеледі.

2. Әскери жөнелтiмдердi сұрыптау мен қолға тапсыруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің фельдъегерлік-почта байланысы жүзеге асырады.

Реттеу пәні Қазақстан Республикасының «Пошта туралы» заңына карайды.

«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы

94

11-баптың 1-тармағы

11-бап. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер

1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.

Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

11-бап. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер

1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн ұйымдар базасында экономика салаларында құрылады.

Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

Өз базаларында техникалық комитеттер құру туралы өтінімдерін техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган қанағаттандырған және техникалық комитеттің техникалық хатшылығы функцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың жанында жұмыс істейтін техникалық комитеттердің қалыптасқан жағдайын заңнамалық бекіту (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 сәуірдегі №42 бұйрығымен бекітілген стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, олардың жұмысы мен оларды тарату қағидалары).

«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы

95

1-бап.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) басылымның міндетті тегін данасы - басып шығарушылардың Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында ұлттық кітапханаларға беруіне жататын, редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар басылымның (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымының) данасы;

1-1) кинематографиялық ұйым - қызметінің негізгі түрлері фильм және (немесе) киношежіре шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильм шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми-зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді, фильмнің және (немесе) киношежіренің бастапқы материалдарын сақтау болып табылатын заңды тұлға;

1-2) киношежіре - уақыттың, орынның, мән-жайдың өзіндік (көбінесе өткен шақтағы) ерекшеліктерін сипаттайтын және келешекте фильм шығаруға арналған деректі сюжеттердің түсірілімдері;

1-3) көркем құндылықтар - шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет, әдебиет және өнер туындылары;

1-4) жоқ;

2) көтермелеудің салалық жүйесі - саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет, әдебиет және өнер қызметкерлерін моральдық ынталандыру нысаны;

1-4) компьютерлік және бейнеойын – сюжеті бар және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып жасалған, тиісті техникалық құралдардың көмегімен интерактивті түсініп қабылдауға арналған білім беру, ойын-сауық немесе білім беру-ойын сауық сипатындағы аудиовизуалды туынды;

2) көтермелеудің салалық жүйесі - саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет, әдебиет және өнер қызметкерлерін моральдық ынталандыру нысаны;

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ұғымдық аппаратын толықтыру бұл объектілерге қатысты «жас бойынша шектеу» саясатын енгізуге байланысты «Ақпараттандыру туралы» Заңның жаңа редакциясында «компьютерлік және бейнеойын» терминінің енгізілуімен және пайдаланылуымен бабйланысты.

96

6-бап

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

14) фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін бекітеді;

14-1) жоқ;

15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

14) фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін бекітеді;

14-1) компьютерлік және бейнеойындарына жас бойынша шектеу рейтингін беру қағидасын бекітеді;

15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Түзетулер кәмелетке толмағандарды қалаусыз контенттен қорғау үшін компьютерлік және бейнеойындарға қатысты «жас бойынша шектеу» саясатын енгізуге байланысты ұсынылады.

97

7-бап

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

32) фильмдерге прокаттау куәліктерін береді және оларды сот тәртібімен кері қайтарып алады;

32-1) жоқ;

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

32) фильмдерге прокаттау куәліктерін береді және оларды сот тәртібімен кері қайтарып алады;

32-1) жас бойынша компьютерлік және бейнеойындар рейтингін беру қағидасын бекітеді;

Түзетулер кәмелетке толмағандарды қалаусыз контенттен қорғау үшін компьютерлік және бейнеойындарға қатысты «жас бойынша шектеу» саясатын енгізуге байланысты ұсынылады.

98

28-7-бап

Жоқ

28-7-бап. Жас бойынша шектеу рейтингілері

1. Қазақстан Республикасында шығарылған немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына өндіру елінде индекс берілмей әкелінген барлық компьютерлік ойындар мен бейнеойындар жастық ценз бойынша индекстеледі.

2. Компьютерлік және бейнеойындардың мынадай индекстері белгіленеді:

1) «E» - әртүрлі жастағы адамдарға арналған ойындар;

2) «3+» - үш жастан жоғары балаларға арналған ойындар;

3) «7+» -жеті жастан жоғары балаларға арналған ойындар;

4) «12+» - он екі жастан жоғары балаларға арналған ойындар;

5) «16+» - он алты жастан жоғары адамдарға арналған ойындар;

6) «18+» - он сегіз жастан жоғары адамдарға арналған ойындар.

3. Қазақстан Республикасының аумағында компьютерлік және бейнеойындар шығарылған жағдайда өндіруші индекс алу үшін жүгінеді.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына компьютерлік және бейнеойындар әкелінген кезде импорттаушы индекс алу үшін жүгінеді.

4. Қазақстан Республикасының аумағында индекс берілген компьютерлік және бейнеойындарды сатуды, таратуды, жалдауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар тұтынушыларға берілген индекс туралы хабарлауға міндетті.

5. Компьютерлік және бейнеойынға берілген индекс туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптарға сәйкес көрсетілуге және тұтынушылар үшін қол жетімді болуға тиіс.

Түзетулер кәмелетке толмағандарды қалаусыз контенттен қорғау үшін компьютерлік және бейнеойындарға қатысты «жас бойынша шектеу» саясатын енгізуге байланысты ұсынылады.

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы

99

4-баптың 9 тармағының екінші бөлігі

4-бап. Лицензиялаудың негізгі принциптері

9. Мемлекеттік органдар, дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда білім беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.

Кредиттік серіктестіктер, орталық депозитарий, бірыңғай тіркеуші, мемлекет қатысатын кредиттік бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, электрондық үкіметтің төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізетін қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.

4-бап. Лицензиялаудың негізгі принциптері

9. Мемлекеттік органдар, дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда білім беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.

Кредиттік серіктестіктер, орталық депозитарий, бірыңғай тіркеуші, мемлекет қатысатын кредиттік бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, «электрондық үкіметтің» ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымының операторы, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізетін қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.

Түзету ақпараттандыру субьектілеріне атау беру бөлігінде «Ақпараттандыру туралы» заң жобасымен сәйкестендіру мақсатында енгізіледі.

100

8-бап

8-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті

Лицензиарлардың құзыретіне:

7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып электрондық қызмет көрсету;

8-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті

Лицензиарлардың құзыретіне:

7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып электрондық қызмет көрсету;

Қазақстан Республикасының заңнамасында оны пайдалануды бір ізге түсіру үшін терминологияларды нақтылау.

101

42-бап

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет