– Оқушылар біз бүгінгі сабағымызда Абайдың жыл мезгілдеріне арнап
жазған "Жаз" өлеңімен танысамыз. (Бұл өлеңнің мазмұнымен таныспас бұрын
Абайдың өзімен таныстыру).
Абай 1845 жылы тамыз айында қазіргі Семей облысы, Абай ауданында,
Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абайдың әкесі- Құнанбай, шешесі
- ¥лжан, әжесі- Зере.
Оқу жасына жеткен Абай ауыл молдасынан хат таниды. Бұдан басқа ол
шешендердің әңгімелерін,
халықтың ертегілерін, ақындардың жырларын
жаттап өседі. Жасынан Абай зерек бала атанады.
Абайдың әртүрлі тақырыпта жазған көптеген өлеңдері бар. Оның
өлеңдері жас ұрпақты адамгершілікке, ғылым-білімді сүюге
шақыратын
өлеңдер. Мысалы: "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай
мақтанба", "Әсемпаз болма әрнеге" т.б.
Абайды сонымен бірге лирик ақын деп те атайды. Өйткені, ол табиғаттың
әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды
адам өмірімен қатар
жырға қосты. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап шығарған "Жаз",
"Күз","Қыс", "Жазғытұры", "Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай" т.б.өлеңдері
бар.
Абай тек өлең жазып қана қоймай, оған ән де шығарған. Оның бірнеше
әндері бар. Бұл әндері де табиғатың бір әсем көрінісіне арнаған. Мысалы:
"Желсіз тунде жарық ай", "Айттым сәлем Қаламқас", "Бойы бұлғақ".
Бұл әндерін әлі күнге дейін өзіміздің атақты әншілеріміз сахнада орындап
келеді.
II
Достарыңызбен бөлісу: