Самболат посл дип docx


Смайликтер Дифференциация



Pdf көрінісі
бет19/21
Дата23.04.2024
өлшемі373.08 Kb.
#499643
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Самболат посл дип docx

Смайликтер
Дифференциация 
оқушыларға 
көбірек қолдау 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? 
Қабілеті жоғары 
оқушыларға 
қандай 
тапсырмалар 
қоюды жоспарлап
отырсыз?
Бағалау – оқушы білімін тексеруді
қалайша жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және 
қауіпсіздік 
техникасының 
сақталуы 
АКТ 
Құндылықтармен 
байланыс (тәрбие)
Қабілеті жоғары
оқушыларға
А. Құнанбаевтың
табиғат туралы
басқа өлеңдерін
мәнерлеп оқуға,
жаттауға тапсырма
беру.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды
«бағдаршам» түстерін сабақ барысында
тарату арқылы бағалау және топ басшысына
«бағалау парақшасын» толтырту арқылы.
Сонымен, жинақталған озық іс-тәжірибелерді зерделей келе, табиғат
лирикасына жазылған шығармаларды оқытуда мұғалім табиғат сұлулығына,
әсемдігіне байланысты өзі де қызыға, оқушыларды да қызықтыра, олардың жан
дүниесіне жеткізе отырып сабақ жүргізген жағдайда және оқушылар табиғат
құбылыстарын, оның әсем бейнесінің суреттелуін толық түсінген жағдайда ғана
нәтижелі болатынын байқадық. Шығарманы эстетикалық жағынан қабылдау
үшін мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі шарт екенін түйіндедік, өзі нақышына
келтіріп оқи алмайтын мұғалім оқушылардың эстетикалық сезімін оятып,
олардың ойын лирикалық өлеңді түсінуге аудара алмайды. Сонымен қатар
оқушылардың өзіндік ізденістеріне жол ашатын сұрау-тапсырмалар,
шығармашылық бағыттағы жұмыстар оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сәйкестендіріліп берілуіне мән берген дұрыс. 
 
59


ҚОРЫТЫНДЫ
Жас ұрпақты туған жерін, өскен елін жанындай сүйетін, өлкенің келешегі
үшін аянбай тер төгіп қызмет атқаратын азамат етіп тәрбиелеуде эстетикалық
тәрбиенің алатын орны зор. Себебі эстетикалық сезімі күшті дамыған адам өмір
көркемдігін толық және терең түсінуге қабілетті болады.
Біздің зерттеуімізде бастауыш мектеп оқушыларын табиғат лирикасын
оқыту арқылы эстетикалық тәрбие беру мәселесі қарастырылды. Осыған сәйкес
«эстетика», «эстетикалық тәрбие» ұғымдарына берілген түрлі анықтамаларды
талдай отырып, эстетика – адамның ақиқатқа эстетикалық қатыныстарының
жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ал эстетикалық тәрбие
болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау үшін,
адамның эстетикалық түсінігін, сезімін, талғамын қалыптастыру үшін берілетін
тәрбие деп тұжырым жасалды.
Сонымен қатар бастауыш оқыту үдерісінде оқушыларға эстетикалық
тәрбие беру мүмкіндіктері бастауыш сыныптардағы оқу пәндері және
сыныптан тыс жұмыстар арқылы қарастырылып, соның ішінде оқушыларға
эстетикалық тәрбие беруде табиғат лирикасына жазылған шығармалардың
мүмкіндігі ерекше екендігі нақтыланып берілді. Табиғат көрінісінің сұлулығы
жырланған шығармалардың оқушыларды әсемдікке, эстетикалық
талғампаздыққа тәрбиелеудегі сыры мен құдіретті күшін талдап берген
зерттеушілердің тұжырымды пікірлерін негізге алдық. Лирикалық шығармалар
баланың санасына ғана емес, сонымен бірге сезімі мен ішкі жан дүниесіне әсер
ететінін, өлең сөз оқушыны қанағаттандырып, олардың эстетикалық ұғымдары
мен тәжірибесін қалыптастыруға жәрдемдесетінін түйіндедік.
Әдебиеттік оқу сабақтарында табиғат лирикасын оқыту арқылы
эстетикалық тәрбие беру жолдарын айқындау
 міндетін шешуде әр сыныптың
«Әдебиеттік оқу» оқулықтарында табиғат лирикасына жазылған
шығармалардың берілуі мен оқытылу жайына талдау жасалды. Сонымен қатар
бастауыш сыныптарда табиғат лирикасын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін
қарастыра отырып, оны озат мұғалімдердің іс-тәжірибесінде қалай көрініс
тауып жүргеніне тоқталдық.
Лирикалық шығармаларды оқытуда әдіскер- ғалым С. Рахметованың өлең
оқыту әдістемесін негізге ала отырып, лириканы оқыту ерекшелігі ретінде
шығарманың көркем тұтастығын сақтауды басты назарда ұстадық.
Бастауыш сыныптарды лириканы оқытуды сірескен сұрақтар мен жалаң
түсініктер жүргізу ешқашан жақсы әсер қалдырмайтынын байқадық.
«Лирика-сезім мектебі»,-деп тегін айтылмаған. Сондықтан шығарманың
эмоциялық байлығын меңгерту басты талап етіп қойылды. Бұл ретте оқытудың
әдістемелік ұстанымдарына айрықша көңіл бөлінді. Ол үшін ақынның өзекті
ойын мәнерлеп оқу, жаттату, тақпақтату арқылы оқушының ынта-ықыласын
сол шығармаға аудару лириканы оқытудың басты шарты болды.
60


Сонымен, лирикалық шығармаларды оқытуға қойылатын басты талаптар
айқындалды:
а) Өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға ерекше көңіл
бөлу;
ә) Өлеңдегі ақынның көңіл күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезіміне,
өлеңнің әсеріне де назар аудару;
б) Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер
туындыларын тиімді пайдалану;
в) Өлеңді оқушының қабылдауына жағдай жасау;
г) Өлеңнің поэтикалық көркем тіліне назар аудару;
ж) Шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының өлең оқуға
қызығушылығын арттыру, шабыттарын ояту.
Диплом жұмысын жазу барысында бастауыш сыныптарда лирикалық
шығармаларды оқытуға арналған еңбектер тапшылығы қиындық тудырды.
Сондықтан лирикалық шығармаларды оқытудың қиындығын ескере отырып,
алдағы уақытта осы салада әдістемелік еңбектер көбірек жазылып, баспадан
шығарылса екен деген ұсынысымыз бар.
61




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет