29
көнеді. Абай айтқандай үш күн дегенде бәрі жиналады. Енді Абай екі
қартқа Баймағанбетті қосып, малдарды айдап кетеді. Сияздағы тағы бір
мәселе
Салиқа кыз туралы еді. Бұл дау Керей мен Найман арасында
болатын. Керейден шыққан Қалдыбайдың
қызы Салиқа Найманның
Байгөбек деген жігітіне атастырылған болатын. Қалың мал төленіп
қойылғаннан кейін Байгөбек өмірден озыпты. Салиқаның әмеңгері,
Байгөбектің ағасы болған Сабатар екі қатыны бар, өзі алпысты алқымдап
қалған шал болатын. Үлкен қауым осы дауды Абай шешуін сұрады. Абай
Жиренше мен Оразбайды өзіне көмекші етіп алып, бір жұмы барысында
істі жүргізеді. Тексеру барысында Қалдыбай қызы үшін Сабатардан тағы
да қалың мал алынып қойылғаны белгілі болады. Абай соңында қалың
малдың қайтарылуын, сосын Салиқаның үйіне қайтуын байлады. Ел бұл
байлауға риза болады. Найманның ірісі
Жұмақан да кек ұстамайды.
Себебі Жұмақанның әкесі Қисық Құнанбаймен жақын дос болған. Қисық
соңғы күндерінде Құнанбайға құда болуды ұсынған екен. Құнанбай да
бұған қарсылық етпей, немересі Ақылбайды (Абайдың баласы)
Жұмақанның бойжеткен қызына тең көріпті.
3
Үш ат жеккен кең күйме Ақшоқыдан қалаға тартып барады. Биыл
күзде Абай Әбіш, Мағаш және Күлбаданды орысша оқуға орналастыруға
бара жатты. Михайловтың ақылымен Мағаш пен Күлбаданды «
уездный
школға» береді. Ал Әбіш жасына байланысты, жеке оқытушы жалдатып
оқыта бастайды. Бұдан басқа ауылдағы жетім балаларды да интернатқа
оқуға Абай тапсырады. Әр он күнде
Баймағанбетке айтып,
балаларын алдыртып, бір қуанышқа бөленіп отырады. Сондай күндердің
бірінде:
«
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Достарыңызбен бөлісу: