«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» акционерлік қОҒамының ЖӘне дауыс беретін акцияларының (Қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару қҰҚЫҒында «самұРЫҚ-Қазына»



бет8/13
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170483
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

2-тарау. Аукцион

185. Аукционға қатысты сауда-саттық туралы хабарлама егер өзге мерзім Комиссия шешімінде немесе осы Қағидаларда көзделмесе, Аукционды өткізгенге дейін 30 жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады. Активті немесе Объектіні өткізу бойынша екінші және үшінші Аукционды өткізу кезінде Аукционды дайындау және өткізу рәсімдері үшін осы Қағидаларда көзделген мерзім Комиссияның шешімі бойынша қысқартылуы мүмкін.

186. Аукционға қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім кемінде
15 жұмыс күнін құрауы тиіс және мерзімді баспасөз басылымында Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен басталады. Осы мерзім Хабарламаны жариялау мерзімі азайған жағдайда, төмендету жағына Комиссия шешімімен өзгертілуі мүмкін.

187. Қағидалардың осы Бөлімінің 1-тарауында көзделген мәліметтерден басқа, Аукционға қатысты сауда-саттық туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:


1) Бастапқы және Ең төменгі бағаны, оған қатысты Аукцион өткізілетін Актив немесе Объекті бағасының өзгеру қадамын;

2) Аукционның тікелей өткізілетін орны.


188. Аукционға қатысуға өтініштерді қабылдау және тіркеу Аукционға қатысуға өтініштер беру үшін мерзім ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялаған күннен бастап жүргізіледі.

189. Осы Қағидаларда көзделген өзге де негіздерден басқа, Компания Аукцион нәтижелері туралы хаттамада осы фактіні көрсетіп, Аукционды өткізуге бөгеуіл немесе кедергі жасаумен Аукционды өткізу тәртібі мен талаптарын бұзуға байланысты Аукцион өткізілетін үй-жайлардан Қатысушы немесе оның өкілі шығарылған жағдайда, Комиссияның шешімі бойынша Қамтамасыз ету ретінде енгізілген кепілді жарнаны қайтармайды.

190. Қағидалардың осы Бөлімінің 1-тарауында көзделген мәліметтерден басқа, Аукционға қатысуға өтініш берген кезде мыналарды:


1) Аукционға қатысуға үміттеніп отырған тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың түпнұсқасы. Осы құжат Аукцион барысында өкілдің өкілеттігі оның сенім берушісіне Активті немесе Объектіні сату бағасын ұсынуды немесе сенім берушінің Аукцион барысында ұсынылған Активті немесе Объектіні сату бағасын, сондай-ақ Аукционға қатысуға байланысты өзге өкілеттіктерді келісуді көздеуі тиіс;

2) Аукционға қатысуға үміттеніп отырған тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын паспорттың немесе құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет.


191. Сауда-саттықты ұйымдастырушы Аукционға қатысуға арналған өтініштерді тапсыру мерзімі аяқталған күні өтініштері бар пакеттердің ашылуын жүргізеді және оларды Сауда-саттық туралы хабарламаның және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі мәнінде тексереді. Аукционға қатысуға өтініш тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы берілген материалдарды қарайды және өтініш берушілерге телефон байланысы, электрондық пошта немесе өзге де байланыс құралдарының көмегімен анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлайды.

192. Аукционға қатысуға үміттеніп отырған тұлға Аукционға қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім аяқталған күннен кейін 7 жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды. Анықталған сәйкессіздіктерді жоюға арналған мерзім өткеннен кейін 4 жұмыс күні ішінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы жойылған кемшіліктермен өтінішті қайта қарайды және келісімі бойынша Комиссиямен Аукционға қатысуға өтініш берген тұлғаларды жіберу (немесе жіберуден бас тарту) және оларға Аукцион қатысушысының мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды. Егер тексеру нәтижелері бойынша Сауда-саттық туралы хабарламасының және осы Қағидалардың талаптарының сәйкессіздігі анықталған жағдайда, онда Аукционға қатысуға өтініш берген тұлғаларды жіберу (немесе жіберуден бас тарту) және оларға Аукцион қатысушысының мәртебесін беру туралы шешім Аукционға қатысу өтініштерін қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде қабылданады.

193. Осы Қағидалардың 191 және 192-тармақтарында көзделген мерзімдер Хабарламаны жариялау мерзімі азайтылған жағдайда, Комиссия шешімімен азайту жағына өзгертілуі мүмкін.

194. Егер Аукционға қатысуға барлық уақытша берілген өтініштерді қарағаннан кейін Аукционға қатысуға кемінде 2 тұлға жіберілсе, Аукцион өткізілмеді деп танылады.

195. Аукционға қатысуға жіберілген тұлға Аукционға қатысуға осындай тұлғаны жіберу туралы Сауда-саттықтың ұйымдастырушысы шешім қабылдаған сәттен бастап Аукцион Қатысушысының мәртебесін ие болады.

196. Сауда-саттықтың ұйымдастырушысы мынадай мәліметтер қамтылған Аукцион қатысушыларының билеттерін дайындайды және Аукционға қатысуға жіберілген тұлғаларға Аукцион өткізілетін күнге дейін
2 жұмыс күнінен кешіктірмей береді:


1) Қатысушы-заңды тұлғаның толық атауы және тіркелген мекенжайы немесе Қатысушы-жеке тұлғаның тегі, аты мен әкесінің аты және мекенжайы;

2) Қатысушы Аукционға қатысатын нөмір;

3)Қатысушы Аукционға қатысатын Активтердің немесе Объектілердің атауы;

4) Аукционды өткізу талаптары.


197. Аукционды тікелей өткізген кезде Аукцион Қатысушысының мәртебесі Қатысушының билетімен расталады.

198. Аукцион қатысушысының билетімен бір мезгілде Сауда-саттықты ұйымдастырушы Қатысушыға Сауда-саттықты ұйымдастырушының бекітілген мөрімен Актив немесе Объекті бойынша құжаттамалар пакетін тапсырады.

199. Аукционға қатысудан жазбаша түрде бас тартқан не Аукционға қатысу үшін уақтылы келмеген Аукцион Қатысушысының билеті Сауда-саттықты ұйымдастырушының шешімімен күші жойылады, бұл жөнінде Аукцион нәтижелері туралы хаттамада белгі қойылады.

200. Сауда-саттықты өткізу тәртібіне қатысты Қағидалардың осы бөлімінің 1-тарауында көзделген құқықтардан басқа, Аукцион Қатысушысының Аукционға жеке өзі немесе өзінің уәкілетті өкілдері арқылы қатысуға құқығы бар.

201. Қатысушылар және олардың уәкілетті өкілдері Аукционды өткізу аудио және бейне жазбасын жүргізуге құқылы.

202. Аукцион осы Қағидаларды және Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген талаптарды сақтай отырып, Аукционшымен жүргізіледі.

203. Аукцион өткізілетін үй-жайға, Комиссия мүшелері, Аукционшы, сондай-ақ Бірыңғай оператордың, Салалық компанияның және Компанияның өкілдерінен басқа мынадай тұлғалар:


1) Аукционның қатысушылары немесе Аукцион қатысушысының билетін және оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсеткеннен кейін Аукционға қатысуға өтініш беру кезінде Қатысушы ұсынған сенімхатта көрсетілген олардың уәкілетті өкілдері;

2) Қатысушының билетін, оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және Аукционшыға берілетін Аукционға қатысуға оның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын көрсеткеннен кейін Аукционға қатысуға арналған өтінішті тапсырған кезде Қатысушы ұсынған сенімхатта көрсетілмеген Қатысушылардың өкілдері жіберілуі мүмкін.


204. Аукцион қатысушыларының немесе олардың уәкілетті өкілдерінің Аукцион өткізілетін үй-жайға кіру рұқсаты Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес Аукцион өткізу уақыты басталғанға дейін жүзеге асырылады.

205. Аукцион өткізілетін үй-жайға кірген кезде Қатысушының билетін көрсеткен әр Қатысушыға (немесе оның тиісті уәкілетті өкіліне/өкілдеріне) Қатысушы билетінде көрсетілген оған Аукциондық нөмірі жазылған
1 тақтайша беріледі. Аукциондық нөмірі бар тақтайшаны алған тұлғаның тегі, аты және әкесінің (болған кезде) Аукцион қатысушыларын тіркеу журналына енгізіледі, онда тақтайшаны алған тұлға өз қолын қояды. Аукцион өткізілетін үй-жайдан шыққан кезде Аукциондық нөмірі бар тақтайша Сауда-саттықты ұйымдастырушының өкіліне қайтаруға жатады.

206. Аукционды өткізу процесінде Ағымдағы бағаны арттыру құқығына немесе Қатысушының атынан Ағымдағы баға бойынша Актив немесе Объектіні сатып алу келісіміне Аукциондық нөмірі бар тақтайшаны тікелей алған және Аукцион қатысушыларын тіркеу журналында көрсетілген тұлға ғана иеленеді.

207. Аукцион өткізілетін үй-жайға келетін адамдарға Аукционның өткізілуіне кедергі келтіруге немесе бөгеуілдер жасауға тыйым салынады. Аукцион өткізілетін үй-жайға келетін адам осы тармақтың ережелерін бұзған кезде Аукционшы осындай адамға ауызша ескерту шығарады. Тұлға осы тармақтың ережелерін қайта бұзған кезде, мұндай тұлға Аукцион өткізіліп жатқан үй-жайдан шығарылады, бұл туралы Аукцион нәтижелері туралы хаттамада тиісті белгі жасалынады.

208. Аукцион Салалық компания Комиссиясы, Компанияның және Сауда-саттықты ұйымдастырушының өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

209. Аукционды өткізуді әкімшілік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Сауда-саттықты ұйымдастырушы береді.

210. Өткізуге жататын Актив немесе Объекті бойынша Аукцион Аукционшының келген Аукцион Қатысушыларының санын тексеруден басталады. Ол үшін Аукционға келген Қатысушылардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің әрқайсысы Аукцион қатысушысының билетін және Аукцион қатысушысының немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді. Аукцион қатысушыларының саны Аукцион нәтижелері туралы тиісті хаттамада тіркеледі. Егер Аукционшы Аукцион өткізілетін үй-жайға Аукционға келетін қатысушылардың санын тексеру кезінде кемінде 2 Аукцион қатысушысын ұсынса, мұндай Аукцион өткізілмеді деп танылады.

211. Егер тексеру нәтижесінде Аукцион қатысушылары ұсынған сан Аукцион өткізілетін үй-жайда кемінде 2 Қатысушы деп берілгені анықталса, Аукционшы мыналарды:


1) Аукцион өткізілетін үй-жайда көрсетілген (келетін) Қатысушылардың, Салалық компания Комиссиясының, Компанияның және Сауда-саттықты ұйымдастырушының атаулары немесе толық аттарын;

2) Аукционды өткізу қағидасын;

3) Активтің немесе Объектінің толық атауын және оның қысқаша сипаттамасын;

4) Аукционды өткізу әдісін;

5) Электрондық аукцион кезіндегі баға өзгерісінің қадамын қоспағанда, осы Қағидаларға және Комиссияның шешіміне сәйкес белгіленген Бастапқы бағаны және Ағымдағы баға өзгерісінің қадамын хабарлайды.

212. Аукцион төменде сипатталған екі әдістің біреуі арқылы жүргізілуі мүмкін:


1) Ағылшындық әдіс:

а) Аукционшы өткізілетін Актив немесе Объектінің Бастапқы бағасын және бағаны көбейту қадамын жариялайды. Аукциондық нөмірмен алынған тақтайшаны көтеріп Аукцион қатысушылары (олардың уәкілетті өкілдері) жарияланған бір қадамға Ағымдағы бағаны жоғарылатады және осылайша олар ұсынып отырған жоғарылатуды есепке алып Ағымдағы баға бойынша Актив немесе Объектіні сатуды ұсынады.

б) Аукционшы оны арттыруды есепке алып, Ағымдағы бағасын бекітеді және оны арттыруды ұсынады. Егер Ағымдағы баға оның соңғы көтерілуінен ақырғы рет бекітілгеннен кейін 20 секундтың ішінде Қатысушылардың бірде-бірі (немесе олардың уәкілетті өкілдері) Ағымдағы бағаны одан әрі көтеруді ұсынбаса, Аукционшы араға 5 секунд салып, Ағымдағы бағаны үш рет жариялайды. Егер Ағымдағы бағаны соңғы жариялағаннан кейін 5 секунд ішінде Ағымдағы бағаны одан әрі көтеру ұсынылмаса, балғаның соғумен Аукционшы осы өткізілетін Активтің немесе Объектінің соңғы тіркелген Ағымдағы баға бойынша осындай бағаны ұсынған Қатысушыға сатылғаны туралы хабарлайды.

в) Өткізуге жататын Актив немесе Объекті бойынша Аукцион Аукционның Қатысушылары ұсынған Ағымдағы бағаның ең жоғарысына дейін жалғастырылады. Өткізілетін Актив немесе Объекті үшін ең жоғарғы бағаны ұсынған Аукционның қатысушысы Жеңімпаз болып жарияланады.

г) Осы Қағидаларда көрсетілген негіздерден басқа, Ағылшындық әдіс бойынша Аукцион егер Бастапқы бағаны жариялағаннан кейін 3 минут ішінде өткізілетін Актив немесе Объектінің Бастапқы бағасы көтерілмесе, өткізілмеді деп танылады.

д) Ағылшындық әдіс бойынша Аукцион егер өткізілетін Актив немесе Объектінің Бастапқы бағасы Ағымдағы бағаның 2 қадамға ұлғаюына қарағанда, аз ғана асқан кезде өткізілмеді деп танылады.

е) Ағылшындық әдісті қолданумен Аукционды өткізген кезде Актив немесе Объектінің Бастапқы бағасы Бастапқы бағаға тең болуы тиіс.

2) Голландтық әдіс:

а) Аукционшы өткізуге жататын Актив немесе Объектінің Бастапқы бағасын жариялайды және жаңа Ағымдағы бағаны хабарлай отырып, оны
10 секунд сайын мәлімделген қадаммен төмендетеді.

б) Аукционшы Ағымдағы бағамен жарияланған осындай нөмірі бар тақтайшаны бірінші көтерген Қатысушының Аукциондық нөмірді атайды және балғаны соғумен осы өткізілетін Актив немесе Объекті бойынша оны Аукцион жеңімпазы деп жариялайды.

в) Егер Аукционшы өткізілетін Актив немесе Объектінің Ең төменгі бағасын жариялағаннан кейін 3 минут ішінде Аукцион қатысушыларының бірде-біреуі осы Активті немесе Объектіні сатып алуға ниет білдірмесе, онда Аукцион өткізілмеді деп танылады.

г) бағаны жариялаған кезде сонымен бір мезгілде 2 немесе одан да көп Аукциондық нөмірі бар тақтайша көтерілген жағдайда, онда Аукционшы Бастапқы баға ретінде соңғы жарияланған Ағымдағы бағаны пайдаланып, Жеңімпазды анықтағанға дейін Ағылшындық әдістің қағидалары бойынша Аукционды өткізуді жалғастырады, бұл жөнінде Аукционға келген барлық Қатысушыларға хабарлайды. Бұл ретте осы Қағидалардың 212-тармағы 1) тармақшасының д) бөлігінде көзделген ережелерге қолданылмайды.

д) Егер Голландтық әдіс бойынша Аукцион оны өткізу кезінде кемінде 2 Аукцион қатысушысының ұсынбауына байланысты өткізілмеді деп танылса, Комиссия Аукционның жалғыз Қатысушысына өткізілетін Актив немесе Объектіні сатылғаны туралы мәселені Қор Басқармасының қарауына шығаруға құқылы. Бұл ретте Актив немесе Объект Ағылшындық әдіс бойынша Аукционның Бастапқы бағасынан төмен емес баға бойынша осындай Қатысушыға сатылуы мүмкін..

е) Голландтық әдісті қолданумен Аукционды өткізген кезде Бастапқы баға жоғарылатушы коэффициентке Бастапқы бағаны көбейту жолымен анықталады. Бұл коэффициент Комиссия шешімімен белгіленеді, бірақ та 5-тен төмен болмауы тиіс.


213. Белгіленген Актив немесе Объектіні өткізу үшін жүргізілетін бірінші Аукцион Ағылшындық әдіс арқылы өткізілуі тиіс. Егер бірінші Аукцион өткізілмеді деп танылса, егер Комиссия шешімінде өзгеше көзделмесе, өткізілетін Актив немесе Объекті бойынша екінші Аукцион өткізіледі.

214. Өткізілетін Актив немесе Объекті бойынша екінші Аукцион алдыңғы Аукцион талаптарында және осы Қағидалардың ережелерінде көзделген тәртіппен, оның ішінде Сауда-саттыққа дайындық жүргізу және Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялау мерзімдеріне қатысты Ағылшындық әдіс арқылы өткізіледі. Бұл ретте осы Актив немесе Объекті бойынша бірінші Аукционға қатысқан Қатысушылар екінші Аукционға жіберілген болып саналады және оларға осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Аукцион Қатысушыларының жаңа билеттері беріледі.

215. Ағылшындық әдісті қолданумен екінші Аукционға өткізілетін Актив немесе Объектіні шығарған кезде өткізілетін Актив немесе Объектінің Бастапқы бағасы Ағылшындық әдіспен өткізілген бірінші Аукционның Бастапқы бағасын кемінде 30 пайызға төмендету жолымен белгіленеді.

216. Екінші Аукцион өткізілмеді деп танылған болса, егер Комиссия шешімінде өзгеше көзделмесе өткізілетін Актив немесе Объекті бойынша үшінші Аукцион өткізіледі.

217. Өткізілетін Актив немесе Объекті бойынша үшінші Аукцион осы Қағидалардың ережелерінде көзделген, оның ішінде Сауда-саттыққа дайындық жүргізу және Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялау мерзімдеріне қатысты тәртіппен Голландтық әдіс арқылы өткізіледі. Бұл ретте осы Актив немесе Объекті бойынша екінші Аукционға қатысқан Аукционның қатысушылары үшінші Аукционға жіберілген болып саналады және оларға осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Аукцион қатысушыларының жаңа билеттері беріледі. Голландтық әдіс бойынша үшінші Аукционды өткізу кезінде бастапқы баға осы Қағидалардың 39-тармағы 2) тармақшасының е) бөлігіне сәйкес айқындалады.

218. Егер Активті немесе Объектіні өткізу бойынша үшінші Аукцион өткізілмеді деп танылса, оны өткізуге арналған одан арғы қадамдар туралы шешім Комиссиямен қабылданады.

219. Екінші және үшінші Аукционға қатысты сауда-саттық туралы хабарламаны Сауда-саттықты ұйымдастырушы алдыңғы Аукцион өткізілмеді деп тану бекітілген Аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жариялайды.

220. Әр өткізілетін Активке немесе Объекті бойынша Аукционның нәтижелері Аукционшы, қатысып отырған Комиссия мүшелері, Сауда-саттықты ұйымдастырушының және Компанияның уәкілетті өкілі, сондай-ақ Аукцион біткеннен кейін Жеңімпаз (егер Аукцион өткізілді деп танылса) қол қоятын Аукцион нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді. Аукцион нәтижелері туралы хаттаманы Сауда-саттықты ұйымдастырушы жасайды және 30 минут ішінде қол қойылады. Аукционның нәтижелері туралы хаттама Компания, Салалық компанияның Комиссиясы, Жеңімпаз және Бірыңғай оператор үшін бір-бір данадан жасалады.

221. Аукционның нәтижелері туралы хаттама Аукцион нәтижелерін тіркейтін және Жеңімпазға Шарт жасауға құқығын куәландыратын құжат болып табылады.

222. Аукционның нәтижелері туралы хаттамада мыналар көрсетіледі:


1) Аукционшы туралы мәліметтер;

2) Активтің немесе Объектінің атауы және қысқаша сипаттамасы;

3) оның әдісін қоса алғанда, өткізілген Аукцион туралы мәліметтер;

4) өткізілген Аукцион өткізілді деп танылғандығы туралы нұсқау;

5) оған тікелей қатысқан Аукцион қатысушылары туралы, сондай-ақ Аукцион өткізілген үй-жайға келген олардың уәкілетті өкілдері туралы мәліметтер;

6) осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Аукцион өткізілген үй-жайлардан шалғайдағы тұлғалар туралы мәліметтер;

7) Аукционды өткізу барысындағы Ағымдағы бағаның қадамдық өзгергені туралы Бастапқы баға, мәліметтер және Аукционның Жеңімпазы ұсынған түпкілікті баға;

8) Жеңімпаз туралы мәліметтер;

9) Ағымдағы бағаның шамасы бойынша мыналарды ұсынған Аукцион қатысушысы туралы мәліметтер (егер қолданылса);

10) Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес Шартқа қол қою үшін елеулі талаптар мен мерзімді көрсете отырып, Шартқа қол қою бойынша Компанияның және Жеңімпаздың міндеттемелері;

11) осы Қағидаларда бұл көзделгендей, Шартқа қол қоюдан бас тартқаны үшін Жеңімпаздың жауапкершілігі;

12) Аукционшының және/немесе Комиссияның қарауы бойынша өзге мәліметтер.


223. Егер Аукцион өткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде оның нәтижелері туралы хаттамаға Жеңімпаз деп жарияланған Қатысушы қол қоймаса, Аукционның нәтижелері жарамсыз болып танылады және осы Актив немесе Объекті бойынша сондай талаптарда қайталама Аукцион жүргізіледі, ол жөнінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы қол қоятын жеке акті жасалады. Осындай қайталама Аукцион Аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған Қатысушылардан басқа, нәтижелері жарамсыз деп танылған Аукцион Қатысушылары арасында Аукцион нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы актіге қол қойған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде өткізіледі.

224. Аукционның нәтижелері туралы хаттаманың қол қойылған көшірмесі Қатысушыларға тиісті сұранысты берген күннен кейін 3 жұмыс күні ішінде беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет