«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» акционерлік қОҒамының ЖӘне дауыс беретін акцияларының (Қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару қҰҚЫҒында «самұРЫҚ-Қазына»



бет2/13
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

184. Активті немесе Объектіні өткізу рәсімін жүргізу Шарт жасасқан күнге дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмей (тиісті шешім қабылдаған күннен кейін 1 жұмыс күні ішінде Қордың Уәкілетті органының міндетті хабарламасымен) Қордың Уәкілетті органының, Қор Басқармасының немесе Қор комиссиясының шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін. Мұндай шешім туралы тиісті хабарлама Сауда-саттық туралы хабарлама және Актив немесе Объекті бойынша құжаттамалар пакеті орналастырылған көздерге шешім қабылдаған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде орналастырылады. Көрсетілген шешімді қабылдаған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы Жеңімпазға, Сауда-саттықтың барлық Қатысушыларына және/немесе Сауда-саттыққа қатысуға өтініш берген тұлғаларға тиісті хабарламалар жібереді. 87

2-тарау. Аукцион 88

185. Аукционға қатысты сауда-саттық туралы хабарлама егер өзге мерзім Комиссия шешімінде немесе осы Қағидаларда көзделмесе, Аукционды өткізгенге дейін 30 жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады. Активті немесе Объектіні өткізу бойынша екінші және үшінші Аукционды өткізу кезінде Аукционды дайындау және өткізу рәсімдері үшін осы Қағидаларда көзделген мерзім Комиссияның шешімі бойынша қысқартылуы мүмкін. 88

186. Аукционға қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім кемінде


15 жұмыс күнін құрауы тиіс және мерзімді баспасөз басылымында Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен басталады. Осы мерзім Хабарламаны жариялау мерзімі азайған жағдайда, төмендету жағына Комиссия шешімімен өзгертілуі мүмкін. 88

187. Қағидалардың осы Бөлімінің 1-тарауында көзделген мәліметтерден басқа, Аукционға қатысты сауда-саттық туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс: 88

188. Аукционға қатысуға өтініштерді қабылдау және тіркеу Аукционға қатысуға өтініштер беру үшін мерзім ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялаған күннен бастап жүргізіледі. 89

189. Осы Қағидаларда көзделген өзге де негіздерден басқа, Компания Аукцион нәтижелері туралы хаттамада осы фактіні көрсетіп, Аукционды өткізуге бөгеуіл немесе кедергі жасаумен Аукционды өткізу тәртібі мен талаптарын бұзуға байланысты Аукцион өткізілетін үй-жайлардан Қатысушы немесе оның өкілі шығарылған жағдайда, Комиссияның шешімі бойынша Қамтамасыз ету ретінде енгізілген кепілді жарнаны қайтармайды. 89

190. Қағидалардың осы Бөлімінің 1-тарауында көзделген мәліметтерден басқа, Аукционға қатысуға өтініш берген кезде мыналарды: 89

191. Сауда-саттықты ұйымдастырушы Аукционға қатысуға арналған өтініштерді тапсыру мерзімі аяқталған күні өтініштері бар пакеттердің ашылуын жүргізеді және оларды Сауда-саттық туралы хабарламаның және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі мәнінде тексереді. Аукционға қатысуға өтініш тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы берілген материалдарды қарайды және өтініш берушілерге телефон байланысы, электрондық пошта немесе өзге де байланыс құралдарының көмегімен анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлайды. 90

192. Аукционға қатысуға үміттеніп отырған тұлға Аукционға қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім аяқталған күннен кейін 7 жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды. Анықталған сәйкессіздіктерді жоюға арналған мерзім өткеннен кейін 4 жұмыс күні ішінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы жойылған кемшіліктермен өтінішті қайта қарайды және келісімі бойынша Комиссиямен Аукционға қатысуға өтініш берген тұлғаларды жіберу (немесе жіберуден бас тарту) және оларға Аукцион қатысушысының мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды. Егер тексеру нәтижелері бойынша Сауда-саттық туралы хабарламасының және осы Қағидалардың талаптарының сәйкессіздігі анықталған жағдайда, онда Аукционға қатысуға өтініш берген тұлғаларды жіберу (немесе жіберуден бас тарту) және оларға Аукцион қатысушысының мәртебесін беру туралы шешім Аукционға қатысу өтініштерін қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде қабылданады. 91

193. Осы Қағидалардың 191 және 192-тармақтарында көзделген мерзімдер Хабарламаны жариялау мерзімі азайтылған жағдайда, Комиссия шешімімен азайту жағына өзгертілуі мүмкін. 91

194. Егер Аукционға қатысуға барлық уақытша берілген өтініштерді қарағаннан кейін Аукционға қатысуға кемінде 2 тұлға жіберілсе, Аукцион өткізілмеді деп танылады. 92

195. Аукционға қатысуға жіберілген тұлға Аукционға қатысуға осындай тұлғаны жіберу туралы Сауда-саттықтың ұйымдастырушысы шешім қабылдаған сәттен бастап Аукцион Қатысушысының мәртебесін ие болады. 92

196. Сауда-саттықтың ұйымдастырушысы мынадай мәліметтер қамтылған Аукцион қатысушыларының билеттерін дайындайды және Аукционға қатысуға жіберілген тұлғаларға Аукцион өткізілетін күнге дейін
2 жұмыс күнінен кешіктірмей береді: 92

197. Аукционды тікелей өткізген кезде Аукцион Қатысушысының мәртебесі Қатысушының билетімен расталады. 92

198. Аукцион қатысушысының билетімен бір мезгілде Сауда-саттықты ұйымдастырушы Қатысушыға Сауда-саттықты ұйымдастырушының бекітілген мөрімен Актив немесе Объекті бойынша құжаттамалар пакетін тапсырады. 92

199. Аукционға қатысудан жазбаша түрде бас тартқан не Аукционға қатысу үшін уақтылы келмеген Аукцион Қатысушысының билеті Сауда-саттықты ұйымдастырушының шешімімен күші жойылады, бұл жөнінде Аукцион нәтижелері туралы хаттамада белгі қойылады. 93

200. Сауда-саттықты өткізу тәртібіне қатысты Қағидалардың осы бөлімінің 1-тарауында көзделген құқықтардан басқа, Аукцион Қатысушысының Аукционға жеке өзі немесе өзінің уәкілетті өкілдері арқылы қатысуға құқығы бар. 93

201. Қатысушылар және олардың уәкілетті өкілдері Аукционды өткізу аудио және бейне жазбасын жүргізуге құқылы. 93

202. Аукцион осы Қағидаларды және Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген талаптарды сақтай отырып, Аукционшымен жүргізіледі. 93

203. Аукцион өткізілетін үй-жайға, Комиссия мүшелері, Аукционшы, сондай-ақ Бірыңғай оператордың, Салалық компанияның және Компанияның өкілдерінен басқа мынадай тұлғалар: 93

204. Аукцион қатысушыларының немесе олардың уәкілетті өкілдерінің Аукцион өткізілетін үй-жайға кіру рұқсаты Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес Аукцион өткізу уақыты басталғанға дейін жүзеге асырылады. 94

205. Аукцион өткізілетін үй-жайға кірген кезде Қатысушының билетін көрсеткен әр Қатысушыға (немесе оның тиісті уәкілетті өкіліне/өкілдеріне) Қатысушы билетінде көрсетілген оған Аукциондық нөмірі жазылған


1 тақтайша беріледі. Аукциондық нөмірі бар тақтайшаны алған тұлғаның тегі, аты және әкесінің (болған кезде) Аукцион қатысушыларын тіркеу журналына енгізіледі, онда тақтайшаны алған тұлға өз қолын қояды. Аукцион өткізілетін үй-жайдан шыққан кезде Аукциондық нөмірі бар тақтайша Сауда-саттықты ұйымдастырушының өкіліне қайтаруға жатады. 94

206. Аукционды өткізу процесінде Ағымдағы бағаны арттыру құқығына немесе Қатысушының атынан Ағымдағы баға бойынша Актив немесе Объектіні сатып алу келісіміне Аукциондық нөмірі бар тақтайшаны тікелей алған және Аукцион қатысушыларын тіркеу журналында көрсетілген тұлға ғана иеленеді. 94

207. Аукцион өткізілетін үй-жайға келетін адамдарға Аукционның өткізілуіне кедергі келтіруге немесе бөгеуілдер жасауға тыйым салынады. Аукцион өткізілетін үй-жайға келетін адам осы тармақтың ережелерін бұзған кезде Аукционшы осындай адамға ауызша ескерту шығарады. Тұлға осы тармақтың ережелерін қайта бұзған кезде, мұндай тұлға Аукцион өткізіліп жатқан үй-жайдан шығарылады, бұл туралы Аукцион нәтижелері туралы хаттамада тиісті белгі жасалынады. 95

208. Аукцион Салалық компания Комиссиясы, Компанияның және Сауда-саттықты ұйымдастырушының өкілдерінің қатысуымен өткізіледі. 95

209. Аукционды өткізуді әкімшілік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Сауда-саттықты ұйымдастырушы береді. 95

210. Өткізуге жататын Актив немесе Объекті бойынша Аукцион Аукционшының келген Аукцион Қатысушыларының санын тексеруден басталады. Ол үшін Аукционға келген Қатысушылардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің әрқайсысы Аукцион қатысушысының билетін және Аукцион қатысушысының немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді. Аукцион қатысушыларының саны Аукцион нәтижелері туралы тиісті хаттамада тіркеледі. Егер Аукционшы Аукцион өткізілетін үй-жайға Аукционға келетін қатысушылардың санын тексеру кезінде кемінде 2 Аукцион қатысушысын ұсынса, мұндай Аукцион өткізілмеді деп танылады. 96

211. Егер тексеру нәтижесінде Аукцион қатысушылары ұсынған сан Аукцион өткізілетін үй-жайда кемінде 2 Қатысушы деп берілгені анықталса, Аукционшы мыналарды: 96

212. Аукцион төменде сипатталған екі әдістің біреуі арқылы жүргізілуі мүмкін: 96

213. Белгіленген Актив немесе Объектіні өткізу үшін жүргізілетін бірінші Аукцион Ағылшындық әдіс арқылы өткізілуі тиіс. Егер бірінші Аукцион өткізілмеді деп танылса, егер Комиссия шешімінде өзгеше көзделмесе, өткізілетін Актив немесе Объекті бойынша екінші Аукцион өткізіледі. 98

214. Өткізілетін Актив немесе Объекті бойынша екінші Аукцион алдыңғы Аукцион талаптарында және осы Қағидалардың ережелерінде көзделген тәртіппен, оның ішінде Сауда-саттыққа дайындық жүргізу және Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялау мерзімдеріне қатысты Ағылшындық әдіс арқылы өткізіледі. Бұл ретте осы Актив немесе Объекті бойынша бірінші Аукционға қатысқан Қатысушылар екінші Аукционға жіберілген болып саналады және оларға осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Аукцион Қатысушыларының жаңа билеттері беріледі. 99

215. Ағылшындық әдісті қолданумен екінші Аукционға өткізілетін Актив немесе Объектіні шығарған кезде өткізілетін Актив немесе Объектінің Бастапқы бағасы Ағылшындық әдіспен өткізілген бірінші Аукционның Бастапқы бағасын кемінде 30 пайызға төмендету жолымен белгіленеді. 99

216. Екінші Аукцион өткізілмеді деп танылған болса, егер Комиссия шешімінде өзгеше көзделмесе өткізілетін Актив немесе Объекті бойынша үшінші Аукцион өткізіледі. 99

217. Өткізілетін Актив немесе Объекті бойынша үшінші Аукцион осы Қағидалардың ережелерінде көзделген, оның ішінде Сауда-саттыққа дайындық жүргізу және Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялау мерзімдеріне қатысты тәртіппен Голландтық әдіс арқылы өткізіледі. Бұл ретте осы Актив немесе Объекті бойынша екінші Аукционға қатысқан Аукционның қатысушылары үшінші Аукционға жіберілген болып саналады және оларға осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Аукцион қатысушыларының жаңа билеттері беріледі. Голландтық әдіс бойынша үшінші Аукционды өткізу кезінде бастапқы баға осы Қағидалардың 39-тармағы 2) тармақшасының е) бөлігіне сәйкес айқындалады. 100

218. Егер Активті немесе Объектіні өткізу бойынша үшінші Аукцион өткізілмеді деп танылса, оны өткізуге арналған одан арғы қадамдар туралы шешім Комиссиямен қабылданады. 100

219. Екінші және үшінші Аукционға қатысты сауда-саттық туралы хабарламаны Сауда-саттықты ұйымдастырушы алдыңғы Аукцион өткізілмеді деп тану бекітілген Аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жариялайды. 100

220. Әр өткізілетін Активке немесе Объекті бойынша Аукционның нәтижелері Аукционшы, қатысып отырған Комиссия мүшелері, Сауда-саттықты ұйымдастырушының және Компанияның уәкілетті өкілі, сондай-ақ Аукцион біткеннен кейін Жеңімпаз (егер Аукцион өткізілді деп танылса) қол қоятын Аукцион нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді. Аукцион нәтижелері туралы хаттаманы Сауда-саттықты ұйымдастырушы жасайды және 30 минут ішінде қол қойылады. Аукционның нәтижелері туралы хаттама Компания, Салалық компанияның Комиссиясы, Жеңімпаз және Бірыңғай оператор үшін бір-бір данадан жасалады. 101

221. Аукционның нәтижелері туралы хаттама Аукцион нәтижелерін тіркейтін және Жеңімпазға Шарт жасауға құқығын куәландыратын құжат болып табылады. 101

222. Аукционның нәтижелері туралы хаттамада мыналар көрсетіледі: 101

223. Егер Аукцион өткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде оның нәтижелері туралы хаттамаға Жеңімпаз деп жарияланған Қатысушы қол қоймаса, Аукционның нәтижелері жарамсыз болып танылады және осы Актив немесе Объекті бойынша сондай талаптарда қайталама Аукцион жүргізіледі, ол жөнінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы қол қоятын жеке акті жасалады. Осындай қайталама Аукцион Аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған Қатысушылардан басқа, нәтижелері жарамсыз деп танылған Аукцион Қатысушылары арасында Аукцион нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы актіге қол қойған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде өткізіледі. 102

224. Аукционның нәтижелері туралы хаттаманың қол қойылған көшірмесі Қатысушыларға тиісті сұранысты берген күннен кейін 3 жұмыс күні ішінде беріледі. 102

3-тарау. Электрондық аукцион 103

225. Активтерді және Объектілерді өткізу бойынша электрондық аукцион Қор Басқармасының шешімі негізінде тізілімнің веб-порталында жүзеге асырылатыны болады. Осы 2-тарауда пайдаланылатын ережелер және Электрондық аукционды өткізу жөніндегі рәсімдер Электрондық аукционды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі электрондық сауда-саттықты жүргізу регламентінің ережелері мен рәсімдеріне сәйкес келеді. 103

226. Сауда-саттықты өткізілетіні туралы хабарламаны жариялағанға дейін Сауда-саттықты ұйымдастырушы әр лот бойынша келесі ақпаратты тізілімнің веб-порталындағы деректер қорына енгізуді қамтамасыз етеді: 103

227. Жүйе операторы Сауда-саттықты ұйымдастырушы деректер қорына мәліметтерді енгізген сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде Электрондық сауда-саттықты өткізу регламентінде белгілеген талаптарға сәйкестігін және қателердің бар болуына тексеруді жүзеге асырады. 104

228. Сауда-саттық туралы хабарламаны мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жариялау үшін Сауда-саттықты ұйымдастырушы әр Актив немесе Объекті бойынша қазақ және орыс тілдерінде мынадай мәліметтерді қосымша енгізеді: 104

229. Сауда-саттық туралы хабарламаны мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына жариялағанға дейін ұйымдастырушы 1 жұмыс күні ішінде онда қателердің болуын және осы Қағидалардың 225 және 228-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. 105

230. Деректер қорына енгізілген мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша Жүйе операторы мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялайды не Жүйе операторы анықтаған қателерді түзетпеген жағдайда Сауда-саттықты ұйымдастырушы оны жариялаудан бас тартады. 105

231. Сауда-саттық туралы хабарлама Электрондық аукцион өткізгенге дейін кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын, ал ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы акциялар мен үлестерді сату кезінде – Электрондық аукцион өткізгенге дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырады. Қағидалардың осы тармағында белгіленген Сауда-саттық туралы хабарламаларды жариялау мерзімдері егер заңнамаға сәйкес Қатысушы стратегиялық объектіні сатып алу үшін қажетті рұқсаттар мен келісімдерді алу үшін қосымша уақыт қажет болса, Сауда-саттықты ұйымдастырушымен (оның ішінде, Комиссияның шешімі бойынша) ұзартылуы мүмкін. 106

232. Сауда-саттықтың өткізілгені туралы хабарламаны жариялағаннан кейін ұйымдастырушы тізілім веб-порталында орналастырылған сату объектісі бойынша ақпаратқа барлық ниет білдіргендердің еркін қолжетімділігін қамтамасыз етеді, сатушы сату объектісіне барлық ниет білдіргендердің еркін қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 106

233. Сауда-саттықтың ағылшындық әдісін қолданумен Электрондық аукционды өткізген кезде сату объектісінің бастапқы бағасы бастапқы бағаға тең. 106

Голландтық әдісті қолданумен Электрондық аукционды өткізген кезде бастапқы баға әуелгі бағаны жоғарылататын коэффициентке көбейту жолымен анықталады. Осы коэффициентті сатушы белгілейді, алайда 5-тен төмен болмауы керек. Электрондық аукционды өткізген кезде сату объектісінің әуелгі, бастапқы және ең төменгі бағасын сатушы белгілейді. 107

234. Актив немесе Объект (бұдан әрі Қағидалардың осы 3-тарауында – сату объектісі) алғаш рет сауда-саттықтың ағылшындық әдісін қолданып, аукционға шығарылады. Екінші және кейінгі аукциондарға арналған сауда-саттық әдісін сатушы айқындайды. 107

Сауда-саттықтың ағылшындық әдісін қолданумен екінші және кейінгі сауда-саттыққа сату объектісін шығарған кезде сауда-саттықтың ағылшындық әдісімен өткізілген алдыңғы аукционның бастапқы бағасынан 50 пайыздан аспайтындай етіп, сату объектісінің бастапқы бағасын төмендетуге жол беріледі. 107

Сауда-саттықтың голландтық әдісін қолданумен сауда-саттыққа сату объектісін шығарған кезде бастапқы ең төменгі баға 50 пайыздан аспайтындай етіп, бастапқы бағаны төмендету жолымен белгіленеді. 107

235. Голландтық әдіс бойынша әрбір келесі аукцион кезінде голландтық әдісті қолданумен үшінші және келесі сауда-саттықты қоспағанда, алдыңғы аукционның ең төменгі бағасынан 50 пайызға аспайтындай етіп, ең төменгі бағаны төмендетуге жол беріледі, олар бойынша сатушы ең төменгі баға бойынша шектеулердің күшін жою туралы шешімді қабылдауға рұқсат етеді. Электрондық аукционның қатысушылары аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірді пайдаланып, аукциондық залға кіреді. Аукционды сату объектісінің бастапқы бағасын аукциондық залға автоматты орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақытымен бастайды. 108

236. Аукциондық залда электрондық аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін болады. Электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап 17:00 аралығында өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат


15:00-ден кешіктірілмей басталады. 108

Егер сауда-саттықтың ағылшындық әдісін қолданумен Электрондық аукционды аяқтау сәтінде сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы анықталмаса, онда сату объектісін сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады. 109

Егер голландтық әдісті қолданумен Электрондық аукционды аяқтау сәтінде сағат 17:00-де Электрондық аукционның жеңімпазы анықталмаса, онда осы сату объектісі бойынша Электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады. 109

237. Бағаны өзгерту қадамы мынадай түрде белгіленеді: 109

1) сату объектісінің Бастапқы немесе Ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткішінің 20 000 еселікке дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді; 109

2) сату объектісінің Бастапқы немесе Ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткішінің 20 000 еселік мөлшерінен айлық есептік көрсеткішінің 50 000 еселігіне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді; 109

3) сату объектісінің Бастапқы немесе Ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткішінің 50 000 еселік мөлшерінен айлық есептік көрсеткішінің 100 000 еселігіне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді; 109

4) сату объектісінің Бастапқы немесе Ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткішінің 100 000 еселік мөлшерінен айлық есептік көрсеткішінің


250 000 еселігіне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 2,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді; 109

5) сату объектісінің Бастапқы немесе Ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткішінің 250 000 еселікке дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 1 пайыз мөлшерінде белгіленеді; 109

6) сату объектісінің Бастапқы немесе Ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткішінің 500 000 еселік мөлшерден жоғары болған кезде өзгерту қадамы 0,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді. 109

Аукцион төменде сипатталған екі әдістің біреуі арқылы жүргізіледі: 109

238. Сауда-саттықтың ағылшындық әдісі бойынша аукцион: 110

239. Сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша Электрондық аукцион: 110

240. Осы Қағидалардың 236-тармағының үшінші бөлігінде,
238-тармағының 1) тармақшасында және 239-тармағының 3) тармақшасында, 243-тармағында көрсетілген жағдайларда сатып алушы сатып алу жүргізу туралы хабарламада көрсетілген сауда-саттық уақыты мен күнінен кейін
24 сағат ішінде ЭСҚ пайдалана отырып тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды. 111

241. Әр сатылған объект бойынша Электрондық аукционның нәтижесі сауда-саттық нәтижелері туралы электронды хаттамамен ресімделеді, оған аукцион өткізілген күні ЭСҚ пайдаланып сатушы және жеңімпаз тізілімнің веб-порталында қолдарын қояды. 111

242. Сауда-саттық нәтижелері туралы электронды хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша объектіні сатып алу-сатудың үлгі шартының жобасын тізілім веб-порталында жинақталған міндеттемелеріне қол қоюды тіркейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шарты тізілім веб-порталында сауда-саттық қорытындылары жасалған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Осы 242-тармағында белгіленген объектіні сатып алу-сату шартына қол қою мерзімі рұқсат және келісім алу үшін қажетті кезеңге, оның ішінде қолданыстағы шарт, заңнама немесе үшінші тұлғалардың немесе мемлекеттің басымдық немесе өзге де міндетті артықшылық актісі негізінде ұзартылуы мүмкін, алайда осындай мерзім сауда-саттық қорытындыларын шығарған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспауы тиіс. 112

243. Егер комиссия Электрондық аукционға жіберген конкурсқа қатысушылар екеуден аз болса, онда оларда сату объектісі жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкін үшінші және одан кейінгі сауда-саттықты қоспағанда, аукцион өткізілмеді деп жарияланады. 112

244. Электрондық аукцион барысында техникалық істен шығу туындаған кезде, ұйымдастырушы техникалық істен шығудың болуын тіркейді және тізілім веб-порталы тарапында техникалық істен шығу болған кезде аукционның барлық қатысушыларын тізілімнің веб-порталында ақпаратты орналастыру жолымен хабардар етеді. Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдықтарында техникалық істен шығу болғанда Электрондық аукцион жалғаса береді. 113

245. Аукцион өткізуге кедергі келтіретін тізілімнің веб-порталында техникалық істен шығу фактісі болған жағдайда, ұйымдастырушы бұл туралы сатушыны хабардар етеді және ұйымдастырушы аукционды техникалық істен шығуды түзеткеннен кейінгі үшінші жұмыс күніне аукционға қатысқан қатысушыларды осы аукционның күні мен жалғастыру уақыты туралы ақпаратты тізілімнің веб-порталында орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайына электронды хабар жіберу арқылы ауыстырады. 113

4-тарау. Ашық конкурс 113

246. Ашық конкурсқа қатысты сауда-саттық туралы хабарламаны егер өзге мерзімі Комиссия шешімінде немесе осы Қағидаларда көзделмесе, Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін 15 жұмыс күнінен бұрын кешіктірмей жариялайды. 114

247. Қағидалардың осы Бөлімінің 1-тарауында көзделген мәліметтерден басқа, Ашық конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарлама мыналарды: 114

1) Конкурстық ұсыныстарды қабылдайтын орнын, тәртібін, сондай-ақ басталған және аяқталған күні мен уақытын; 114

2) Активтің немесе Объектінің бастапқы бағасын; 114

3) Конкурстық өтінімді бағалау өлшемдерін; 114

4) Конкурстық өтінімнің мазмұнын; 114

5) егер Комиссия шешімінде көзделсе, Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген Конкурс шеңберінде жіберілген Конкурстық өтінімді бағалау өлшемдеріне сәйкес ең төменгі талаптарды; 114

6) Ашық конкурстың қорытындыларын жүргізу күнін қамтуы тиіс. 114

248. Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтініштерді қабылдау және тіркеу Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында Сауда-саттық туралы хабарлама жариялағаннан күннен бастап жүргізіледі. 115

249. Ашық конкурсқа қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім кемінде 15 жұмыс күнін құрауы тиіс және мерзімді баспасөз басылымында Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен басталады. 115

250. Ашық конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарламаны тарату үшін жарнамалық құралдар, оның ішінде Комиссия шешімінде белгіленген тұлғаларға Сауда-саттық туралы хабарлама атаулы жіберу қосымша пайдаланылуы мүмкін. 115

251. Ашық конкурсқа қатысу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген нысан бойынша тиісті өтініш беруі қажет. 115

252. Сауда-саттықты ұйымдастырушы Ашық конкурсқа қатысуға өтініш беруге арналған мерзім аяқталған күні өтініштері бар пакеттердің ашылуын жүргізеді және оларды Сауда-саттық туралы хабарламаның және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді. Ашық конкурсқа қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қарайды және өтініш берушілерге телефон байланысы, электрондық пошта немесе өзге де байланыс құралдары арқылы анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлайды. 116

253. Ашық конкурсқа қатысуға үміткер тұлға Ашық конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін мерзім аяқталғанға дейін 7 жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды. Анықталған сәйкессіздіктерді жоюға арналған мерзім аяқталған күннен бастап 4 жұмыс күні ішінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы сәйкессіздіктері жойылған өтінішті қайта қарайды және Комиссиямен келісе отырып Ашық конкурсқа қатысуға өтініш берген тұлғаларға рұқсат беру (немесе рұқсат беруден бас тарту) және оларға Ашық конкурсқа Қатысушы мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды. Егер Сауда-саттық туралы хабарландырудың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздікті тексеру нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталмаған болса, онда Ашық конкурсқа қатысуға өтініш берген тұлғаларға рұқсат беру (немесе рұқсат беруден бас тарту) және оларға Ашық конкурсқа Қатысушы мәртебесін беру туралы шешімді конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдауға арналған мерзім аяқталған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қабылдайды. 117

254. Осы Қағидалардың 252 және 253-тармақтарында көзделген мерзімдер Комиссияның Шешімімен Ашық конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы Хабарламаның жариялану мерзімі азайтылған жағдайда, азайтуға қарай өзгеруі мүмкін. 117

255. Егер Ашық конкурсқа қатысуға барлық өтініштерді қарағаннан кейін Ашық конкурсқа 2-ден аз тұлға жіберілген жағдайда, Ашық конкурс өткізілмеді деп танылады. 118

256. Ашық конкурстың қатысушысы Ашық конкурсқа өзі немесе өзінің уәкілетті өкілдері арқылы қатысуға құқылы. 118

257. Ашық конкурсқа қатысушы Актив немесе Объект, Сауда-саттық туралы хабарландыру (және оларда бекітілген Конкурстық өтінімді бағалау өлшемдері) бойынша Құжаттамалар топтамасына және Сауда-саттықты ұйымдастырушылар ұсынған өзге де ақпаратқа сәйкес Конкурстық өтінім дайындайды. Қатысушының конкурстық өтінімі сатылатын Активтің немесе Объектінің сатып алу бағасы туралы талаптарды қамтуы тиіс емес. 118

258. Оған барлық қосымшаларымен бірге, Қатысушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) бекітілген Конкурстық өтінімді Қатысушы Сауда-саттық туралы мерзімді баспасөзде жарияланған күннен бастап 35 жұмыс күнінен кем болмауы тиіс Сауда-саттық туралы хабарландыруда көрсетілген Конкурстық өтінімдерге арналған мерзім ішінде жабық конвертке салып ұсынады. Бұл мерзім Комиссияның шешімімен Ашық конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарламаның жариялану мерзімі азайтылған жағдайда, азайтуға қарай өзгеруі мүмкін. Конкурстық өтінім тігіледі, беттері немесе парақтары нөмірленеді, соңғы беті немесе парағы Қатысушының қолымен және мөрімен (егер бар болса, заңды тұлға үшін) расталады. 119

259. Конкурстық өтінім салынған жабық конверттің бет жағына Қатысушы Ашық конкурсқа қатысу үшін Активтің немесе Объектінің атауын көрсетуі қажет, ол бойынша Қатысушының Конкурстық өтінімі беріледі. 119

260. Тиісті дәрежеде ресімделген Конкурстық өтінім Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша Қатысушыға Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген Конкурстық өтінімді беруге арналған мерзім ішінде беріледі, ол мерзім Сауда-саттық туралы хабарлама мерзімді баспа басылымдарында жарияланған күннен бастап 35 жұмыс күнінен аз күнді құрауы мүмкін. Осы мерзім Ашық конкурстқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялау мерзімі азайған жағдайда, кему жағына Комиссияның шешімімен өзгеруі мүмкін. 120

261. Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген Конкурстық өтінім салынған конверт ашылмайды және Қатысушыға қайтарылады. 120

262. Ашық конкурстың әрбір Қатысушысы бір ғана Конкурстық өтінім беруге құқылы. Коекурстық өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін 3 жұмыс күннен кешіктірмей Ашық конкурстың Қатысушысы Конкурстық өтінімді қайтарып алу құқығынсыз оған өзгерістер және/немесе толықтырулар жіберуге құқылы. Қатысушының бұрын берілген Конкурстық ұсыныстардың қайтарылып алынбауы талабында бір және сол Ашық конкурсқа қатысуға екі және одан көп Конкурстық өтінім беру фактісі белгіленген жағдайда, барлық осы Конкурс ұсыныстар қаралмайды және Қатысушыға қайтарылады. 120

263. Сауда-саттық ұйымдастырушысы Конкурстық өтінімдерді қабылдауды және тиісті Конкурстық өтінімді тіркеу журналында оларды тіркеуді жүзеге асырады. 121

264. Салалық компанияның комиссиясы Сауда-саттық туралы хабарламада белгіленген мерзімде, бірақ Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін 30 минутта аспайтын мерзімде оларды ашуды жүргізеді, оған Ашық конкурс Қатысушылары мен олардың уәкілетті өкілдері қатысуға құқылы. Әр Конкурстық өтінімді ашқаннан кейін Салалық компания Комиссиясының отырысына төрағалық жасайтын адам Конкурстық өтінім салынған конверттегі материалдар мен құжаттар тізімін жариялайды. 121

265. Конкурстық өтінімдерді ашқан күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде Комиссияның хатшысы Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оның көшірмесі Конкурстық өтінім берген Ашық конкурс Қатысушыларының сұрауы бойынша 1 жұмыс күні ішінде оларға беріледі. Егер Конкурстық өтінім беру мерзімі аяқталғанда Сауда-саттық ұйымдастырушысы 2-ден аз Конкурстық өтінім алған болса, Ашық конкурс өткізілмеді деп танылады, ол Ашық конкурс қорытындылары туралы тиісті хаттамада тіркеледі. 121

266. Комиссия Конкурстық ұсыныстары салынған конверттерді ашқан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады. 122

267. Осы Қағидалардың 266-тармағында көрсетілген мерзім Комиссия шешімімен бірнеше рет, бірақ 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. 122

268. Комиссия Сауда-саттыққа қатысуға өтініштерді қарау кезінде алынған немесе Конкурстық өтінімде көрсетілген Қатысушының қаржылық, ұйымдық, басқару және өзге де мүмкіндіктері сынды Қатысушылар туралы мәліметтер ескерілген Конкурстық өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша Компанияға, Қорға және тиісті өңірге жақсы жағдайлар көрсетілген Конкурстық өтінімді анықтайды. 122

269. Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген Конкурстық өтінімдер бағалары өлшемдеріне сәйкес ең төменгі талаптарға жауап бермейтін Конкурстық өтінімді, сондай-ақ Компания, Қор және тиісті өңір үшін ең үздік талаптары бар деп танылмаған Конкурстық өтінімдерді Комиссия қабылдамайды, ол туралы Конкурстық өтінімдерді қарау қорытындылары туралы хаттамада тиісті белгі жасалады. 122

270. Конкурстық өтінімдерін Комиссия қабылдамаған адамдар Ашық конкурсқа қатысушылар мәртебесін жоғалтады. 123

271. Егер осы Қағидалардың 269-тармағына сәйкес Конкурстық өтінімдердің қабылданбауы нәтижесінде 2-ден аз қабылданған Конкурстық өтінім қалса, Ашық конкурс өткізілмеген деп танылады. 123

272. Ашық конкурсқа қатысушыларға Комиссия Конкурстық өтінімдерді қарағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы өтетін күн, орын және уақыт туралы хабарлама жіберіледі. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы көрсетілген хабарламаға сәйкес өткізіледі. 123

273. Ашық конкурсқа қатысушылар және олардың уәкілетті өкілдері Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысын жүргізуде аудио- және бейнежазба апаруға құқылы. 123

274. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы өткізілетін үй-жайға Комиссия мүшелерінен, Бірыңғай оператор, Салалық компания және Компания өкілдерінен басқа, мына адамдар: 123

1) Ашық конкурсқа қатысушылар немесе жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсеткенде Ашық конкурсқа қатысуға өтінім берген кезде Ашық конкурс қатысушысы берген сенімхатта көрсетілген олардың уәкілетті өкілдері; 124

2) жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және Комиссия хатшысына берілетін оның өкілеттігін растайтын құжаттың тұпнұсқасын көрсеткенде Ашық конкурсқа қатысуға өтінім берген кезде Ашық конкурс қатысушысы берген сенімхатта көрсетілмеген Ашық конкурсқа қатысушылардың өкілдері жіберілуі мүмкін. 124

275. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы өткізілетін үй-жайға кірген кезде әрбір Ашық конкурсқа қатысушыға (немесе оның тиісті дәрежедегі уәкілетті өкіліне) Ашық конкурсқа қатысушының атауы жазылған 1 тақтайша беріледі. Осындай тақтайша алған адамның аты-жөні, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттары және өкілеттіктері туралы мәліметтер Ашық консурсқа қатысушыны тіркеу журналына жазылады, оған осындай тақтайша алған адам өз қолын қояды. Ашық конкурсқа қатысушылардың тіркеу журналының деректері Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі. 124

276. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы Салалық компания, Комапния және Бірыңғай оператор өкілдерінің қатысуымен өткізіледі. 125

277. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы басталған кезде төрағалық ететін адам мыналарды: 125

1) өткізілетін Активтің немесе Объектінің толық атауын және оның қысқаша сипаттамасын; 125

2) Комиссия мүшелері қатысатын отырыс өткізілетін үй-жайға ұсынылған (қатысушы) Қатысушылардың атауы немесе толық аты-жөнін; 125

3) Комиссия шешімімен белгіленген бастапқы бағасын; 125

4) осы Қағидаларға және Комиссияның шешіміне сәйкес белгіленген Активті немесе Объектіні сатып алу бағасын арттыру қадамын жариялайды. 125

278. Комиссия төрағасы Бастапқы бағасын жариялайды және Ашық конкурсқа қатысушыларға (немесе олардың уәкілетті өкілдеріне) 1 жарияланған қадамға арттыруды ұсынады. Ашық конкурсқа қатысушылар (немесе олардың уәкілетті өкілдері) алған тақтайшаларын көтере отырып, Ағымдағы бағаны бір қадамға арттырады, сонымен олар ұсынған арттыруды ескере отырып, Ағымдағы баға бойынша Активті немесе Объектіні сатып алуды ұсынады. 125

279. Комиссия төрағасы оны арттыруды ескере отырып, Ағымдағы бағаны бекітеді және оны арттыруды ұсынады. Егер оның соңғы арттыруын ескере отырып, Ағымдағы бағаны соңғы бекіткеннен кейін 20 секунд ішінде бір де бір Ашық конкурсқа қатысушы (немесе олардың уәкілетті өкілдері) Ағымдағы бағаны одан әрі арттыруды ұсынбаса, Комиссия төрағасы 5 секунд аралықпен Ағымдағы бағаны үш рет жариялайды. Егер Ағымдағы бағаны соңғы жариялағаннан кейін 5 секунд ішінде Ағымдағы бағаны одан әрі арттыру ұсынылмаса, Комиссия төрағасы балғаны үстелге ұрып Ағымдағы бағаны соңғы арттыруды ұсынған Қатысушыны Ашық конкурстың жеңімпазы деп жариялайды. 126

280. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы Ашық конкурсқа қатысушылар ұсынған ең жоғары Ағымдағы бағаға дейін не егер Қатысушылардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) ешқайсысы оны арттыруды ұсынбаса Комиссия төрағасы Бастапқы бағаны жариялағаннан кейін 3 минут өткенге дейін жалғасады. 126

281. Егер Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы барысында Бастапқы бағаны арттыру 2 реттен аз ұсынылса, Ашық конкурс өткізілмеген болып танылады. 126

282. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысы барысында біршама жоғары сатып алу бағасын ұсынған Қатысушы Ашық конкурстың жеңімпазы болып танылады. 127

283. Комиссияның шешімі Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді, оған Ашық конкурстың қорытындыларын шығарған күні Комиссия отырысына қатысқан Комиссия мүшелерінің және осындай отырысқа төрағалық жасаған адамның, сондай-ақ Жеңімпаздың, Салалық компанияның, Компанияның және Бірыңғай оператордың өкілдерінің қолдары қойылады. Комиссия мүшесі, сондай-ақ Салалық компанияның, Компанияның және Бірыңғай оператордың уәкілетті өкілдері өздерінің ерекше пікірлерін жазбаша білдіруге және оны Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қоса біркеуге құқығы бар, бұл туралы соңында белгі жасалады. 127

284. Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамада мыналар: 127

285. Егер Ашық конкурс аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні өткенде оның қорытындылары туралы хаттамаға Жеңімпаз деп жарияланған Қатысушы қол қоймаса, Ашық конкурстың қорытындылары Комиссия шешімімен жарамсыз болып танылады. 128

286. Осы Қағидалардың 285-тармағында көзделген жағдайда, осы Актив немесе Объекті бойынша Комиссияның шешімі бойынша Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның қайталама отырысы өткізіледі. 128

287. Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның осындай қайталама отырысы Ашық конкурстың қорытындылары жарамсыз деп танылуы туралы шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде өткізіледі. Отырыс Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қоймаған Жеңімпазды қоспағанда, Ашық конкурстың қатысушылары арасында өткізіледі, ол тиісті Ашық конкурстың қатысушысы мәртебесін жоғалтады. Ашық конкурстың 2-ден азы қалса, қайталама өтіріс өткізіледі. 129

288. Ашық конкурсқа қатысуға өтініштер болмаған жағдайда, Сауда-саттық ұйымдастырушысы Комиссияның шешімі бойынша: 129

289. Комиссияның шешімі бойынша Сауда-саттықты ұйымдастырушы Комиссияның шешімімен белгіленген мерзімде Активті немесе Объектіні өткізу мүмкіндігін ұлғайту мақсатында Ашық конкурстың талаптарын өзгерту жөнінде ұсыныс береді. 129

290. Ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың қол қойылған көшірмесі тиісті сұрау бергеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Қатысушыларға беріледі. 129

5-тарау. Ашық екі кезеңдік конкурс 130

291. Ашық екі кезеңдік конкурс мына кезеңдерден тұрады: 130

292. Егер Комиссияның шешімімен өзге мерзім көзделмесе, Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтніштер қабылдау аяқталған дейін 20 жұмыс күнінен кешірмейтін мерзімде Ашық екі кезеңді конкурсқа қатысты сауда-саттық туралы хабарлама жарияланады. 130

293. Ашық екі кезеңдік конкурстың бірінші кезеңіне қатысты сауда-саттық туралы хабарлама Қағидалардың осы Бөлімінің 1-тарауында көзделген мәліметтерден басқа, мынарады қамтуы қажет: 130

294. Ашық екі кезеңдік конкурстың бірінші кезеңіне қатысты Сауда-саттық туралы хабарламаны тарату үшін жарнама құралдары, оның ішінде Комиссияның шешімімен белгіленген адамдарға Сауда-саттық туралы хабарламаны адрестік жіберу қосымша пайдаланылуы мүмкін. 131

295. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға үміткер адам Сауда-саттыққа қатысу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті өтініш береді. 131

296. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау және оларды тіркеу Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштерді берге арналған мерзім ішінде мерзімді баспа басылымдарында Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі. 131

297. Қағидалардың осы Бөлімінің 1-тарауында көрсетілген Сауда-саттыққа қатысуға өтінімге қоса берілген мәліметтерге қосымша Ашық екі кезеңдік конкурсқа үміткер тұлға Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген алдын ала ұсыныстарды бағалау өлшемдеріне сәйкес алдын ала ұсыныс береді. 131

298. Егер Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтінімдер беруге арналған мерзім өткен сәтте 1-ден аз өтінім берілген болса, ол өткізілмеді деп танылады. 131

299. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім өткен күні Сауда-саттық ұйымдастырушы өтініштері бар конверттерді ашады және олардың Сауда саттықтар туралы хабарлама және осы Қағида талаптарына сәйкестігі мәнін (алдын ала ұсыныстарды бағалау өлшемдеріне сәйкестігіне тексеру жүргізбестен) тексереді. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Сауда-саттық ұйымдастырушысы берілген материалдарды қарайды және телефон байланысы, электрондық почта немесе өзге де байланыс құралдары арқылы анықталған сәйкессіздіктер туралы өтініш берушілерге хабарлайды. 132

300. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға үміткер адам Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім аяқталған күннен кейін 70 жұмыс күні ішінде анықалған сәйкессіздіктерді жояды. Бұл ретте, алдын ала ұсыныстың мазмұнын және/немесе талаптарын бұзатын мәліметтер мен құжаттарды беруге болмайды. 132

301. Анықталған сәйкессіздіктерді жоюға арналған мерзім өткен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Комиссия Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға (кемшіліктер жойылған) өтініштерді және оларға қоса берілген алдын ала ұсыныстарды қарайды. 132

302. Сауда-саттық туралы хабарлама мен осы Қағидалардың талаптарына Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштердің сәйкессіздігі болмаған жағдайда, осы Қағидалардың 301-тармағында көзделген мерзімді Сауда-саттықты ұйымдастырушы өтініштерді қарау аяқталған күннен бастап алып тастайды. 133

303. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштерді Коммис қарауға арналған мерзім Комиссия шешімі бойынша бірнеше рет, бірақ 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. 133

304. Осы Қағидалардың 301 және 303-тармақтарында көзделген мерзімдер Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялау мерзімі азайған дағдайда, кему жағына Комиссияның шешімімен өзгеруі мүмкін. 133

305. Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңіне қатысуға сол немесе өзге тұлғаны жіберу туралы мәселені қарау барысында Сауда-саттықты ұйымдастырушы және/немесе Комиссия Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға үміткер адамдардың өкілдерімен Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген талаптарға олардың сәйкестігін белгілеу мақсатында келіссөздер өткізуге құқылы. 133

306. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштерді қарау қорытындылары бойынша Комиссия Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңіне көрсетілген өтінішті берген адамдарды жіберу және оларға Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушылар мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды. 134

307. Сауда-саттыққа қатысуға жіберуден бас тартуға қатысты Қағидалардың осы Бөлімінің 1-тарауында көзделген негіздемелерден басқа, егер осындай тұлғаның алдын ала ұсынысы Сауда-саттық туралы хабарламаның талаптарына, оның ішінде Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген ең төменгі талаптарға Конкурс шеңберінде жіберілетін ұсыныстарды бағалау өлшемдеріне сәйкес келмесе, Комиссия Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңіне қатысуға тұлғадан бас тартуға құқылы. 134

308. Егер Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштерді қарау қорытындылары бойынша көрсетілген Конкурстың екінші кезеңіне қатысуға тек бір адам жіберілсе, Ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылады. Мұндай жағдайда, Комиссияның шешімі бойынша тиісті Актив немесе Объекті тиісті алдын ала ұсыныспен, Актив немесе Объекті бойынша құжаттама пакетімен және сауда-саттық туралы хабарламамен Сауда-саттыққа қатысуға оның өтінішінде көзделгеннен нашар есес талаптарда Тікелей атаулы иеліктен шығару арқылы мұндай адамға өткізілуі мүмкін. Бұл ретте Активті немесе Объектіні өткізу бағасы Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініште айтылған осы тұлғаның алдын ала ұсынысында көрсетілген бағадан аз болмауы қажет. 135

309. Егер Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға барлық берілген өтініштерді қарау қорытындылары бойынша екінші кезеңге қатысуға бірде бір адам жіберілмеген болса, мұндай Конкурс өткізілмеді деп танылады. 135

310. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушының жеке өзі немесе өзінің уәкілетті өкілдері арқылы Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңіне қатысуға құқығы бар. 135

311. Сауда-саттыққа қатысуға өтініштерді Комиссияның қарау мерзімі өткеннен кейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия Сауда-саттық ұйымдастырушысы әзірлеген көрсетілген бағалау өлшемдеріне сәйкес Конкурстық ұсыныстарға қойлатын ең аз талаптарды көрсете отырып, Конкурстық ұсыныстардың мазмұнына және бағалау өлшемін қамтитын Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламаның мазмұнын бекітеді. Көрсетілген ең төменгі талаптар Ашық екі кезеңдік конкурсқа Қатысушылардан түскен Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштерде бекітілген көрсеткіштерден төмен болмауы қажет (алдын ала ұсыныстарды қоса алғанда). Өткізілетін мерзімі, орны, уақыты және Конкурстық ұсыныстар беру тәсілі көрсетілген Ашық екі кезеңдік конкурстық екінші кезеңі туралы хабарламаны Комиссия бекіткеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде Сауда-саттық ұйымдастырушы Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушыларға алғаны туралы хабарламамен, сонай-ақ электрондық почта немесе факсимильді байланыс арқылы тапсырысты почта жіберілімімен жібреді. 136

312. Ашық екі кезеңдік конкурс шеңберінде Конкурстық ұсыныстар беру мерзімі, егер Комиссия шешімімен өзгелей көзделмесе, мерзімді баспа басылымдарында Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 60 жұмыс күнінен азды құрамайды. 137

313. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушы Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламада көрсетілген Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі ішінде Актив немесе Объекті бойынша берілген құжаттама пакетіне сәйкес Конкурстық ұсынысты, Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламаны және Сауда-саттық ұйымдастырушысы берген өзге ақпаратты дайындайды. 137

314. Конкурстық ұсынысты жабылған конвертте Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушы береді. Конкурстық ұсыныс тігілген, беті не парағы нөмірленген, соңғы беті не парағы Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушының қолы және мөрі қойылып, расталуы қажет (жеке тұлға үшін, егер онда бұлар болса). 137

315. Конкурстық ұсынысқа қосымша (беттері не парақтары нөмірленген, соңғы беті не парағы Қатысушының қолы қойылып, мөрі басылып (жеке тұлға үшін, мөрі бар болса), расталған, тігілген қалыпта) бөлек тіркеледі. 137

316. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушының Конкурстық ұсынысы салынған жабылған конверттің бет жағына мыналарды көрсету қажет: 138

317. Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген Конкурстық ұсыныс салынған конверт ашылмай, Қатысушыға қайтарылады. 138

318. Тиісті дәрежеде ресімделген Конкурстық ұсыныс Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламада көрсетілген Конкурстық ұсыныстарды беруге арналған мерзім ішінде Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушы жібереді немесе береді. 138

319. Ашық екі кезеңдік конкурстың әр қатысушысы бір ғана Конкурстық ұсыныс беруге құқылы. Конкурстық ұсыныстар беру мерзімі аяқталғанға дейін Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушы бұрын жіберген Конкурстық ұсынысын қайтарып алуға немесе оған өзгерістер және/немесе толықтырулар жіберуге құқылы. 138

320. Сауда-саттық ұйымдастырушы Конкурстық ұсыныстарды қабылдауды және тиісті Конкурстық ұсыныстарды тіркеу журналына оларды тіркеуді жүзеге асырады. 139

321. Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламада белгіленген, бірақ Конкурстық ұсыныстар беру мерзімі аяқталғаннан кейін


30 минуттан кешіктірмейтін мерзімде Сауда-саттықты ұйымдастырушы Конкурстық ұсыныс салынған конверттерді ашуды жүргізеді, оған Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қатысуға құқылы. Әр Конкурстық ұсынысты ашқаннан кейін Сауда-саттық ұйымдастырушысының өкілдері Конкурстық ұсыныс салынған конверттегі материалдар мен құжаттардың тізбесін жариялайды. 139

322. Конкурстық ұсыныстарды ашқан күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде Сауда-саттық ұйымдастырушысы Конкурстық ұсыныстар салынған конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оның көшірмесі Конкурстық ұсыныс берген қатысушыларға олардың сұрауы бойынша 1 жұмыс күні ішінде беріледі. Егер Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталғанда Сауда-саттық ұйымдастырушысы 2-ден кем Конкурстық ұсыныс алса, онда Ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылады, ол туралы тиісті Конкурстық ұсыныстар салынған конверттерді ашу хаттамасына белгі жасалады. 140

323. Конкурстық ұсыныстар салынған конверттерді ашу хаттамасын жасағаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде Сауда-саттық ұйымдастырушысы Комиссия хатшысына Конкурстық ұсыныстар мен Конкурстық ұсыныстар салыған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін береді. 140

324. Комиссия Конкурстық ұсыныстарды Комиссия хатшысы алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды қарап, тиісті қорытындылар шығарады. Осы мерзім Комиссия шешімімен бірнеше рет ұзартылуы мүмкін, бірақ 10 жұмыс күнінен аспауы қажет. 140

325. Комиссия Қатысушының қаржылық, ұйымдық, басқарушылық және өзге же мүмкіндіктері сынды Конкурстық ұсыныста көрсетілген немесе Сауда-саттыққа қатысуға өтініштерді қарау кезінде алынған Қатысушылар туралы мәліметтерді ескере отырып, Конкурстық ұсыныстарды қарау қорытындылары бойынша Ашық екі кезеңдік конкурстың жеңімпазын анықтайды. Бұл ретте, Конкурстық ұсыныс Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңі туралы тиісті хабарламада бекітілген өлшемдерге сәйкес келуі қажет. 141

326. Конкурстық ұсыныстарды бағалау өлшемдеріне сәйкес ең төменгі талаптарға жауап бермейтін конкурстық ұсыныстар Комиссияның қабылдамауына жатады, ол туралы Ашық екі кезеңдік конкурстың қорытындылары туралы хаттамада тиісті белгі жасалады. Егер нәтижесінде


2-ден аз қабылданған Конкурстық ұсыныстар қалса, Ашық екі кезеңді конкурс өткізілмеді деп танылады. 141

327. Комиссияның шешімі Ашық екі кезеңдік конкурстың қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді, оған комиссия отырысына қатысқан және Ашық конкурстың қорытындыларын шығарған күні осындай отырысқа төрағалық жасаған Комиссия мүшелері қол қояды. Комиссия мүшесінің өзінің ерекше пікірін жазбаша беруге және оны Ашық екі кезеңдік конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға тіркеуге құқығы бар, ол туралы соңғысы белгі жасайды. 142

328. Ашық екі кезеңдік конкурстың қорытындылары туралы хаттамада мыналар көрсетіледі: 142

329. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштер болмаған немесе Жеңімпаздың болмауы туралы Комиссия шешім қабылдаған жағдайда, Сауда-саттық ұйымдастырушысы Комиссияның шешімі бойынша Комиссияның осындай шешімінде көрсетілген мерзім ішінде жаңа Ашық екі кезеңдік конкурс өткізеді (осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып), осы Қағидаларла көзделген жағдайларда Активті немесе Объектіні өткізудің басқа нысанын пайдаланады немесе Активті немесе Объектіні өткізу үшін Сауда-саттықтың тәсілін өзгерту туралы ұсынысты Қордың уәкілетті органына жібереді. Комиссияның шешімі бойынша Сауда-саттық ұйымдастырушысы Комиссияның шешімімен белгіленген мерзімде Активті немесе Объектіні өткізуді ұлғайту мақсатында Ашық екі кезеңдік конкурстың талаптарын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды береді. 143

330. Ашық екі кезеңдік конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың қол қойылған көшірмесі Қатысушыларға тиісті сұрау түскен күннен кейін
3 жұмыс күні ішінде беріледі. 143

6-тарау. Жабық екі кезеңдік конкурс 143

331. Комиссияның шешімі бойынша Жабық екі кезеңдік конкурс өткізілуі мүмкін. Жабық екі кезеңдік конкурс өткізген кезде хабарламаны мерзімді баспа басылымдарында Компанияның және Бірыңғай оператордың веб-сайттарында жариялау жүргізілмейді. Жабық екі кезеңдік конкурсқа Комиссия анықтайтын қатысушылардың шектелген тобы қатысады. Жабық конкурстың барлық талаптары жазылған жабық конкурсқа қатысуға жазбаша шақыруды Сауда-саттық ұйымдастырушысы жібереді. Қатысуға шақыру жіберілген және жабық конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдарды тіркеу жазбаша шақырулар жіберілген күннен бастап жүргізіледі және жабық конкурс басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. 144

332. Жабық екі кезеңдік конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатпайды, ол Комиссияның шешімінде көрсетілген тұлғаларға жіберіледі. Сауда-саттық туралы хабарламаны жіберу Жабық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдау аяқталғанға дейін 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Бұл ретте Сауда-саттыққа қатысуға өтініштер және Конкурстық ұсыныстар Сауда-саттық туралы хабарлама жіберілген тұлғалардан ғана қабылданады. 144

333. Осы Қағидалардың 125-тармағында көзделген мәліметтерге қол жеткізу Жабық екі кезеңдік конкурсты өткізу кезінде Сауда-саттық туралы хабарлама жіберілген тұлғаларға ғана беріледі. 145

7-тарау. Электрондық конкурс 145

334. Активтерді және Объектілерді өткізу бойынша электрондық конкурс Қор Басқармасының шешімі негізінде тізілімнің веб-порталында жүзеге асырылады. Осы 6-тарауда пайдаланылатын Электрондық конкурсты өткізу бойынша ережелер мен рәсімдер Электрондық сауда-саттық өткізу регламентінің электрондық конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ережелер мен рәсімдерге сәйкес келеді. 145

335. Электрондық конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарлама, егер Комиссияның шешімімен немесе Электрондық сауда-саттық өткізу регламентінде өзгеше мерзім көзделмесе, Электрондық конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдау аяқталғанға дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей тізілім веб-порталда жарияланады. 145

336. Қағидалардың осы Бөлімінің 1-тарауында немесе Электрондық сауда-саттық өткізу регламентінде көзделген мәліметтерден басқа, Электрондық конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарлама мыналарды қамтуы қажет: 146

337. Электрондық конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарламаны тарату үшін жарнама құралы, оның ішінде Комиссияның шешімімен белгіленген тұлғаларға Сауда-саттық туралы хабарламаны атаулы жіберу қосымша пайдаланылуы мүмкін. 146

338. Электрондық конкурсқа қатысуға өтініш беру үшін тұлға тізілімнің веб-порталына тіркелуі қажет. 146

339. Электрондық конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдау және тіркеу Электрондық конкурсқа қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім ішінде тізілімнің веб-порталында Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі. 146

340. Электрондық конкурсқа қатысуға үміткер тұлға Электрондық құжат нысанында Электрондық сауда-саттық өткізу регламентіне Қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді Жүйеде тіркейді. Мұндай өтінішке Сауда-саттық өткізу тәртібіне қатысты осы Қағидалардың жалпы ережесінде көрсетілген мәліметтерді және Электрондық көшірмелердің нысанында құжаттарды қоса беру қажет. 147

341.Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу автоматты режимде тізілімнің веб-порталында жүзеге асырылады, мұнда Электрондық конкурсқа қатысуға қабылданған өтінімдер бойынша деректер мамандандырылған Өткініштер тізілімінде сақталады. 147

342. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер беруге арналған мерзім аяқталғанға дейін тізілімнің веб-порталы Электрондық конкурсқа қатысуға өтініш берген тұлғалардың тізбесін қарау мүмкіндігін болдырмауды, ал Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер мазмұнына қатысты осындай өтінімді берген тұлғадан басқа, басқа біреудің қарау мүмкіндігін болдырмауды көздеуі қажет. 147

343. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді аукционға қатысуға жіберілмеген қатысушыларды анықтау мақсатында тізілімнің веб-порталында комиссия мүшелері қарайды. Комиссия Электрондық сауда-саттық өткізу регламентінің 24-тармағында көзделген банктік кепілдіктің түпнұсқасын сауда-саттық басталғанға дейін сатушыға бермеген немесе Электрондық сауда-саттық өткізу регламентінде көзделген тәртіппен кепіл жарна енгізбеген конкурсқа қатысушының өтінімін қарамайды. 148

344. Комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап
5 күнтізбелік күн ішінде Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер беруді қарайды (Конкурстық өтінімдерден және баға ұсынысынан басқа) және қатысушының электрондық почтасына жіберілетін хабарлама арқылы осы Электрондық сауда-саттық өткізу регламенті мен сауда-саттық туралы хабарламаның талаптарына Электрондық конкурсқа қатысуға оның өтініміндегі анықталған сәйкессіздіктер (олар болған кезде) туралы конкурсқа қатысушыға хабарлайды. 148

345. Хабарлама конкурсқа қатысуға өнітімдерді ашқан күннен бастап


4 күнтізбелік күн ішінде комиссия хатшысының тізілімінің веб-порталында негерацияланатын өтінімді ашу хаттамасының негізінде қалыптастырылады. 149

Өтінімдерді ашу хаттамасына өтінімдерді ашқан күннен бастап


5 күнтізбелік күн ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып, комиссия мүшелерінің қолдары қойылады. 149

346. Өтінімдерді ашу хаттамасына комиссия мүшесінің қол қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, комиссия хатшысы осы хаттамада қол қойылмау себебі бар ақпаратты көрсетеді. 149

347. Өтінімдерді ашу хаттамасында мыналар анықталады: 149

1) комиссия өтінімдерді ашу хаттамасына қол қойған күннен бастап


7 күнтізбелік күннен кешіктірмей белгіленген Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайталама ашу күні және уақыты; 149

2) Электрондық конкурстың талаптарымен қанағаттандырылған қатысушылардың тізімі; 149

3) қатысушының ЭЦҚ қойылған Электрондық конкурсқа қатысуға қосымша өтінім тізілімін (Баға ұсынысы бар конкурстық өтінімнен басқа) веб-порталда қалыптастыру арқылы анықталған сәйкессіздіктерді өтінімдерді қайталама ашу күніне дейін жоятын себептер көрсетілген Электрондық конкурстың талаптары қанағаттандырмайтын қатысушылардың тізімі. 150

348. Өтінімді ашқан күннен бастап (өтінімге ескертпелер болмаған жағдайда) не өтінімді қайталама ашу күнінен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде комиссия Конкурстық өтінімді қоса алғанда, Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және тізілімнің веб-порталында комиссияның хатшысы қалыптастырған конкурсқа жіберу хаттамасына қол қояды. 150

349. Комиссия мүшесінің конкурсқа өткізу хаттамасына қол қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, комиссияның хатшысы осы хаттамада қолтаңбаның болмау себебі қамтылған ақпаратты көрсетеді. 150

350. Аукционға конкурсқа қатысушыларды жіберу туралы комиссияның шешімі конкурсқа жіберу туралы хаттамаға комиссияның барлық мүшелерінің ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою уақыты көрсетілген тізілімнің веб-портында автоматты түрде жарияланады, ал конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық қатысушылардың электрондық почтасына автоматты түрде хабарлама түседі. 151

351. Конкурстық өтінімге қосымшалар түпнұсқа құжаттардың электрондық көшірмелері немесе олардың нотариалдық куаландырылған көшірмелері түрінде Жүйеге жүктеледі. Конкурсқа қатысуға жіберу хаттамасында мынадай ақпарат қамтылған: 151

1) себептері көрсетілген аукционға қатысуға жіберілмеген қатысушылардың тізімі; 151

2) аукцион өткізу күні мен уақыты көрсетілген аукционға қатысуға жіберілген қатысушылардың тізімі. 151

Аукционды өткізу күні мен уақыты аукционға кемінде екі конкурсқа қатысушыны жіберу туралы комиссия шешімін тізілімнің веб-порталына жариялаған күннен бастап бірінші жұмыс күніне тізілімнің веб-порталында белгіленеді (сату объектісі аукцион өткізбестен жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкін үшінші және кейінгі сауда-саттықтарды қоспағанда). 151

352. Аукционға жіберілген конкурсқа қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және тізілімінің веб-порталында берілген аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион өткізілетін залға кіреді. 152

353. Аукцион тізілімінің веб-порталы белгілеген уақытта басталады және былайша жүргізіледі: 152

1) аукцион басталған сәтте аукцион залында өтінімде көрсетілген конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары көрсетіледі, ол сатушының комиссиясы белгілеген старт бағадан аз болмайды және ағымдағы баға қалыптастырылады; 152

2) аукцион басталған сәттен бастап қатысушыға сатушының комиссиясы белгілеген және конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген қадамға басқа қатысушының барынша жоғары ағымдағы бағасын ұлғайтуға мүмкіндік беріледі; 152

3) аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бір де бірі барынша жоғары ағымдағы бағаны ұлғайтпаса, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы лот бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады; 152

4) егер аукцион басталғаннан бастап жиырма минут ішінде аукцион залында қатысушылардың бірі конкурсты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қадамға басқа қатысушының барынша жоғары ағымдағы бағасын ұлғайту арқылы сату объектісін сатып алуға өз ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғаяды; 153

5) егер ағымдағы баға ұлғайғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бір де бірі ағымдағы бағаны ұлғайту арқылы сату объектісін сатып алуға өз ниетін растамаса, онда сату объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал аукцион өткізілмеген болып танылады. 153

354. Егер аукцион басталған сәтте екі және одан көп қатысушылардың баға ұсыныстары сату объектісіне бірдей ең жоғары бағаны қамтыған жағдайда және осы ағымдағы баға жиырма минут ішінде ұлғаймайтын болса, онда ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын қатысушылардың арасында өтінімі басқа қатысушылардан бұрын қабылданған қатысушы осы қатысушылар арасында аукционның жеңімпаз болып танылады. 153

8-тарау. Тікелей атаулы иеліктен шығару 153

355. Актив немесе Объект мынадай жағдайларда: 154

356. Осы Қағидалардың өзге де ережелерінде көзделген жағдайлардан басқа, Комиссия мына жағдайларда Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Активті немесе Объектіні өткізу туралы ұсынысты Қор Басқармасына: 154

357. Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Активті немесе Объектіні өткізу үшін мынадай: 155

358. Сауда-саттық ұйымдастырушысы Компаниямен бірлесіп осы Қағидалардың 357-тармағында көзделген барлық талаптарды орындағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тиісті Шартқа қосуға жататын Активті немесе Объектіні іске асыру талаптарын анықтау мақсатында Қор Басқармасының шешіміне немесе Комиссияның шешіміне сәйкес келетін өткізілетін Активті немесе Объектіні сатып алушы ретінде көрсетілген тұлғамен келіссөздер өткізуге бастамашылық жасайды. 155

359. Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Активті немесе Объектіні өткізу талаптары туралы шешім Сауда-саттық өткізгеннен кейін қабылданған жағдайларда, Актив немесе Объекті бойынша Құжаттама пакетінің құрамына енгізілген Шарттың талаптары тараптардың келісімі бойынша қайта қаралуы мүмкін. 155

360. Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Активті немесе Объектіні өткізу кезінде оны сатып алушы ретінде анықталған адам осы Қағидалардың 127-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген құқықтары бар. 156

361. Активті немесе Объектіні Тікелей атаулы иеліктен шығару шеңберінде келіссөздер өткізу барысында тараптармен келісілген Шарттың жобасы Комиссияның бекітуіне жатады. Егер Комиссия берілген Шарттың жобасын бекітуден бас тартқан жағдайда, Сауда-саттық ұйымдастырушысы Компаниямен бірлесіп Комиссияның негізделген ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, Шарттың жобасын өзгерту және келісу үшін барлық жан-жақты жағдайларды жасайды. Комиссия мүшелері Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында өткізілетін Активті немесе Объектіні сатып алушы ретінде анықталған адаммен Шарттың жобасының талаптарын талқылауға қатысуға құқылы. 156

362. Компания үшін пайданы азайту жағына Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Активті немесе Объектіні өткізу талаптарына Комиссияның шешімімен белгіленген өзгеріс Комиссияның келісімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. 156

363. Активті немесе Объектіні Тікелей атаулы иеліктен шығару, егер өзгелерді Қор Басқармасымен Сауда-саттық ұйымдастырушысы келіспесе, Шартты жасасу арқылы Ең төменгі бағадан кем емес бағада жүзеге асырылуы мүмкін. 157

364. Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында өткізілетін Активтерді немесе Объектілерді сатып алушылар ретінде анықталған жеке және заңды тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына: 157

365. Активті немесе Объектіні Тікелей иеліктен шығаруды жүзеге асыру жағдайында және сауда-саттық жүргізу үшін Активті немесе Объектіні алдын ала дайындауды жүзеге асыру кезінде Шарттың жобасына Сатып алушы үшін мынадай талаптар: 157

366. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асыру Активті немесе Объектіні өткізу талабы болып табылатын сол қызмет түрлерімен айналысу құқығы жоқ заңды тұлғаның пайдасына Тікелей атаулы иеліктен шығаруға болмайды. 158

367. Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында өткізілетін Активті немесе Объектіні сатып алуды еңбек ұжымы жүзеге асырған жағдайда, ұжым (қызметкерлер) атынан кәсіподақ не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қызметкерлер уәкілеттік берген (сайлаған) қызметкерлердің өзге де уәкілетті өкілдері шығуға құқылы. 158

368. Комиссия ның шешімі бойынша Тікелей атаулы иеліктен шығаруға жататын Активтің немесе Объектінің құнын мерзімін ұзартып төлеуге болады. Активтік немесе Объектінің құнын мерзімін ұзартып төлеген жағдайда, Шарт бойынша Сатып алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес индекстеуге жатады, ол Шарттың талаптарында көзделген. Активтің немесе Объектінің құнын мерзімін ұзартып төлеу мерзімі мен тәртібі Шартта айтылады. 158

7-бөлім. Қорытынды рәсімдер 160

1-тарау. Шарттың қорытынды рәсімі 160

369. Шарт сауда-саттық қорытындылары туралы хаттаманың немесе Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Активті немесе Объектіні өткізу талаптары туралы Комиссияның шешімі негізінде белгіленген мерзімде жазбаша нысанда жасалады. 160

370. Егер осы Қағидалардың ережелерінен өзгелей туындамаса, Шартты жасасу мерзімі осы Қағидалардың 369-тармағында көзделген шешімді қабылдаған күннен бастап 20 жұмыс күнінен астам күнді құрамайды. 160

371. Сауда-саттық ұйымдастырушысы Шартқа түпкілікті қол қойылған күнге дейін кемінде 10 күнтізбелік күн бұрын Жеңімпазға немесе Тікелей атаулы иеліктен шығару шеңберінде Активті немесе Объектіні сатып алған адамға (адамдарға) Компания қол қойған Шарттың жобасын жібереді. Жеңімпаз немесе Тікелей атаулы иеліктен шығару шеңберінде Активті немесе Объектіні сатып алған адам (адамдар) Компания қол қойған Шарттың жобасын алған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде Шарттың жобасына қол қоюы қажет. Осы тармақтың ережелері тізілімнің веб-порталында жүргізілетін Электрондық аукцион және Электрондық конкурс қортыныдылары бойынша Шарттың жасасу тәртібіне қолданылмайды. 161

372. Шартты жасасқанға дейін Сауда-саттықты ұйымдастырушы Компания атынан осы Қағидалардың 113-тармағының 1) тармақшасына сәйкес алынбаған Активті немесе Объектіні иеліктен шығару үшін қажетті рұқсат және келісім алады. Ұйымдастырушының шешімі бойынша Шартқа қол қою мерзімі қажетті, оның ішінде шарттың, заңнаманың немесе өзге де міндетті актінің негізінде үшінші тұлғалардың немесе мемлекеттің басым немесе басымдықты құқығы негізінде қажетті рұқсаттар мен келісімдер алу үшін қажетті кезеңге ұзартылады. 162

373. Егер мемлекет немесе үшінші тұлға басым немесе басымдықты құқықты іске асыру шеңберінде өстізілетін Активті немесе Объектіні сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Сауда-саттық ұйымдастырушысы көрсетілген құқықты іске асыру туралы ресми шешім алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бұл туралы Жеңімпазды хабарландырады. Бұл ретте, өткізілетін Активтің немесе Объектінің қалған бөлігі Комиссияның шешімі бойынша Сауда-саттықтың барысында анықталған Активті немесе Объектіні өткізу талаптарын ескере отырып, Жеңімпазмбен Сауда-саттық ұйымдастырушысы мен Комиссия келіскен талаптарда Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында тиісті Сауда-саттық жеңімпазының пайдасына иеліктен шығарылуы мүмкін. 163

374. Шарттың талаптары мыналарды: 163

375. Жеңімпаз Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген талаптарды ескере отырып, осы Қағидаларда белгіленген мерзімде Шартқа қол қоюдан жалтарған кезде, ол Қамтамасыз ету ретінде берілген кепілдік жарнаға құқықты жоғалтады, ал тиісті Сауда-саттық қорытындылары жарамсыз болып танылады. 164

376. Шарттың талаптарының тиісті дәрежеде орындалуын бақылауды Комиссия және Сауда-саттық ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Шарттың талаптарының орындалуын бақылау Сатып алушы міндеттемелерді толық орындаған сәтке дейін жүргізіледі. 164

377. Бақылауды жүзеге асыру үшін Компания Шарттың орындалуына, оның ішінде өз күшін тоқтатуына байланысты барлық құжаттардың көшірмелерін Сауда-саттықты ұйымдастыруға беруді қамтамасыз етеді және жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ Бағалаушыны, консультациялық, аудиторлық және өзге де ұйымды тартады. 164

2-тарау. Есеп айырысу тәртібі 164

378. Шарт бойынша есеп айырулар Компания мен Сатып алушы арасында жүргізіледі. 164

379. Егер Шартта өзгелей көзделмесе, Шарт бойынша төлем Шартқа қол қойылған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүргізілуі қажет. 164

380. Активті немесе Объектіні беру Шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылатын Активті немесе Объектіні қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы Шарт бойынша толық төлемнен кейін жүргізіледі. 165

381. Ққтимал бөліп төлеу талаптары туралы Сауда-саттыққа қатысушылардың назарына ертерек жеткізілген жағдайларда ғана төлемді кейінге созып төлеуге болады. 165

382. Егер Комиссияның шешімімен өзгелей көзделмесе, Активті немесе Объектіні иеліктен шығарған кезде бөліп төлеуге бастапқы жарна мөлшері Шартта көзделген Активті немесе Объектінің өткізу бағасының 15 %-нан кем болмауы қажет, ал кейінге қалдырып төлем кезеңі 30 жылдан аспауы қажет. 165

383. Осы Тарауда көзделген талаптар Комиссия немесе Қор Басқармасының шешімінен өзгелер туындамаған жағдайларда қолданылады. 165

қосымша 166


Осы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді өткізуінің бірыңғай қағидалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және активтер мен объектілерді сауда-саттықта немесе тікелей атаулы иеліктен шығару жолымен өткізудің тәртібін және шарттарын реттейді. Осы Қағидалар «Самұрық-Қазына» АҚ активтері мен объектілерін бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығын пайдалана отырып реттемейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет