«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» акционерлік қОҒамының ЖӘне дауыс беретін акцияларының (Қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару қҰҚЫҒында «самұРЫҚ-Қазына»


-бөлім. Сауда-саттықты ұйымдастырушы



бет6/13
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3-бөлім. Сауда-саттықты ұйымдастырушы

1-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны анықтау


78. Әрбір жеке Активке немесе Объектіге қатысты Сауда-саттықты ұйымдастырушыны Қор Басқармасы айқындайды.

2-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушының өкілеттіктері

79. Қор Басқармасының шешімімен жеке Активке немесе Объектіге қатысты Сауда-саттықты ұйымдастырушы болып белгіленген тұлға осы Қағидалардың өзге де ережелеріне залал келтірместен, осындай Активті немесе Объектіні сатумен байланысты рәсімдердің шеңберінде Компаниямен жасалған шарттың және Компаниядан алынған сенімхаттың негізінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) қажет болған жағдайда консультанттар тарта отырып, Актив немесе Объект бойынша Қорытынды дайындау;

2) белгіленген тәртіппен тәуелсіз Бағалаушыны және/немесе аудиторды таңдауды қамтамасыз етеді;

3) сатылатын Активті немесе Объектіні Сауда-саттыққа одан әрі шығарудың орындылығы туралы ұсыныстарды Комиссияның қарауына шығару;

4) Сауда-саттыққа қатысуға берілген өтініштерді қарау және Екі кезеңдік конкурсты қоспағанда, Сауда-саттыққа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдау (Комиссиямен келісім бойынша);

5) Сауда-саттықты өткізбеу туралы ұсыныстарды Комиссияның қарауына шығару және қандай да бір Активті немесе Объектіні сатуға қатысты Шарт жасасу;

6) Активтерді немесе Объектілерді алдын ала дайындауды жүзеге асыру;

7) сауда-саттық туралы Хабарламаны жариялау;

8) Комиссияның сұрауы бойынша 2 жұмыс күнінің ішінде Активтің немесе Объектінің сатылу барысы туралы ақпарат береді;

9) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Жүйені пайдалана отырып, Актив пен Объектіні өткізу (сату);

10) осы Қағидаларда көзделген және осы Қағидалардың ережелерінен туындайтын өзге де функциялар мен өкілеттіктер.


4-бөлім. Бірыңғай оператор

1-тарау. Бірыңғай оператордың өкілеттіктері

80. Бірыңғай оператор осы Қағидалардың ережелерін орындау үшін өз қызметінің шеңберінде мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Салалық Компания Комиссиясының шешімдерін келіседі;

2) Қор Басқармасының шешімімен белгіленген жағдайларда Сауда-саттықты ұйымдастырушы ретінде түседі;

3) осы Қағидаларда көзделген мәселелерді Қор Комиссиясының және/немесе Салалық Компания Комиссиясының қарауына шығарады;

4) Қордың салалық бөлімшелерінен сатуға жататын Активтерді немесе Объектілерді иеленетін Холдинг ұйымдарының Активтерді немесе Объектілерді сатудың тәсілі мен шарттары жөніндегі ұсыныстары бойынша қорытынды сұратады;

5) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктер.

5-бөлім. Дайындық іс-шаралары

1-тарау. Компаниялар өткізуге жататын Активтерді немесе Объектілерді анықтау


81. Қорға/Компанияға тиесілі және сатылуға жататын Активтер мен Объектілерді айқындау кезінде Қор Басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қор/Компаниялар сатуға жататын Активтер мен Объектілердің тиісті тізбесін басшылыққа алады.

82. Қордың Уәкілетті органының немесе Қор Басқармасының сұрауы бойынша сатылуға жататын Активтерді немесе Объектілерді иеленетін Компаниялар осы Компаниялардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астама тікелей немесе жанама түрде тиесілі Салалық компаниялар арқылы Қордың Уәкілетті органына немесе Қор Басқармасына Активті немесе Объектіні сату туралы шешімді, сондай-ақ Бірыңғай оператормен келісілген Активтерді немесе Объектілерді сату тәсілі мен шарттары жөніндегі негізгі ұсынымдарды (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) береді, олар мыналарды қамтиты:

1) осы Қағидалар ескеріле отырып анықталған әрбір жекелеген Активті немесе Объектіні сату нысаны (Сауда-саттық тәсілдерінің бірі немесе Тікелей атаулы иеліктен шығару);

2) Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында сатылған жағдайда Активті немесе Объектіні сатып алушы ретінде ұсынылатын тұлға;

3) Сауда-саттықты ұйымдастырушы әрбір жекелеген Активті немесе Объектіні сату үшін айқындау ұсынылатын тұлға.

83. Бірыңғай операторға осы Қағидалардың 82-тармағында көрсетілген ұсыныстарды келісуге ұсынған кезде, Компаниялар да кесте-жоспар қалыптастыру үшін Бірыңғай операторға өздеріне тиесілі Активтерді немесе Объектілерді сату мерзімі жөнінде ұсыныстар береді.

84. Сатылуға жататын Активтерді немесе Объектілерді иеленетін Компаниялар Активтерді немесе Объектілерді сату, қайта құрылымдау және/немесе беру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы Салалық компанияларды міндетті түрде хабардар етеді және осы іс-шараларды іске асырумен байланысты барлық әрекеттерді Салалық компаниялар арқылы жүзеге асырады.

85. Компаниялар сатуға жататын Активтер мен Объектілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбенің және сатылуға жататын Активтерді немесе Объектілерді иеленетін Холдингтің ұйымдары шешімдерінің негізінде Қор Басқармасының шешімімен анықталады. Қор Басқармасы бекітетін тізбезбе мыналарды қамтиды:

1) Активтерді немесе Объектілерді өткізу тәсілі;

2) Активті немесе Объектіні Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында сатып алу ұсынылатын тұлға немесе тұлғалар тобы (консорциум, одақ және т.б.);

3) Активтердің немесе Объектілердің сатылуына жауапты тұлға (Бірыңғай оператор немесе Салалық компания) және осы Қағидалардың ескеріле отырып өткізу мерзімі;

4) Активтерді немесе Объектілерді өткізумен байланысты өзге де мәселелер.

86. Қор Басқармасы Активті немесе Объектіні өткізу туралы шешім қабылданған кезде бірыңғай өлшем ретінде оның өткізілу бағасы түсетін жағдайларда, сондай-ақ Уәкілетті органының немесе Қор Басқармасының шешімі бойынша өзге де жағдайларда Сауда-саттықтың тәсілі ретінде Аукционды немесе Электрондық аукционды белгілейді.

87. Қор Басқармасы мынадай жағдайларда Конкурсты Сауда-саттық тәсілі ретінде анықтайды:

1) өткізілетін Актив немесе Объект табиғи монополия субъектісі болып табылады;

2) Активті немесе Объектіні ықтимал сатып алушылардың біліктілігі мен тәжірибесін осы Қағидалардың 106-тармағында белгіленген өлшемдер бойынша бағалау қажеттілігі бар;

3) сондай-ақ Қордың Уәкілетті органының немесе Қор Басқармасының шешімі бойынша өзге де жағдайларда.

88. Мынадай жағдайларда:

1) егер Активтерді немесе Объектілерді сатып алушыларға Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы заңнамасының ережелерінде белгіленген қосымша талаптар қойылса;

2) Активтерді немесе Объектілерді сатып алушыларда стратегиялық объектілердің иеліктен шығарылуымен байланысты қосымша талаптар туындаса екі кезеңдік ашық конкурс өткізіледі.

89. Қор Басқармасы Активті немесе Объектіні Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында өткізу шарттары туралы шешімді мынадай жағдайларда қабылдайды:

1) Егер Активті немесе Объектіні сатып алуға тең иеленушілер немесе жұмыс істейтін акционерлер (қатысушылар) артықшылықпен сатып алу құқығы бойынша талаптанса;

2) Активті немесе Объектіні сатып алушылар ұжым (қызметкерлер), ұйымдар (кәсіпорындар) болып табылса;

3) егер инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін (Активті немесе Объектіні техникалық қайта жарақтандыру, технологиялар трансферті, ноу-хау алу, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдер) стратегиялық инвестор тартылса;

4) халықаралық шарттар бойынша міндеттемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларын орындау үшін;

5) осы Қағидаларда көзделген өзге де жағдайларда.

90. Бірыңғай оператор Активтер мен Объектілерді өткізу мерзімін қамтитын жоспар-кестесін әзірлейді және оны Қор Комиссиясының қарауына және бекітуге береді. Активтер мен Объектілерді өткізу Қор Комиссиясы бекіткен жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

91. Жеке Активке немесе Объектіге қатысты сауда саттықтың ұйымдастырушысы Қор Басқармасының шешіміне сәйкес осындай Активті немесе Объектіні өткізуге жауапты тұлға болып табылады.

92. Салалық Компаниялар және Компаниялар Қор Басқармасының шешімі шеңберінде Активті немесе Объектіні өткізу мақсатында заңнамаға және құрылтай құжаттарына сәйкес барлық қажетті шешімдер мен мақұлдаулар қабылдайды.

93. Активтерді немесе Объектілерді өткізу жөніндегі Бірыңғай оператордың шешімдері Қор Комиссиясының, Қордың Уәкілетті органының және Қор Басқармасының шешімдеріне қайшы келмеуге тиіс.

94. Салалық Компаниялардың және Компаниялардың Активтерді немесе Объектілерді өткізу жөніндегі шешімдері Қор Комиссиясының, Салалық Компания Комиссиясының, Қордың Уәкілетті органының, Қор Басқармасының және Бірыңғай оператордың шешімдеріне қайшы келмеуге тиіс.

95. Басқарма осы Қағидаларға сәйкес өз өкілеттіктерінің бір бөлігін Қордың өзі өкілеттік берген тұлғасына (бөлімшесіне) беруге құқылы.


2-тарау. Активтерді немесе Объектілерді алдын ала дайындау

96. Активтерді немесе Объектілерді, оның ішінде Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында өткізу үшін, Қор Басқармасының шешіміімен бекітілген тізбеге сәйкес, сауда-саттықты Ұйымдастырушы Активті немесе Объектіні міндетті түрде алдын ала дайындауды жүргізеді.

97. Активтерді немесе Объектілерді Алдын ала дайындау шеңберінде сауда-саттықты Ұйымдастырушы мынадай іс-әрекеттер жүргізеді:

1) Компания:

а) сауда-саттықты Ұйымдастырушымен Компанияның атынан және оның мүдделерінде (осы Қағидалардың талаптарын, Қор Уәкілетті органының немесе Қор Басқармасының шешімдерін, сондай-ақ Қор Комиссиясының және Салалық компания Комиссиясының шешімдерін ескере отырып) Активтерді немесе Объектілерді Алдын ала дайындауды, Сауда-саттықты жанама жүргізуге және Активтерді немесе Объектілерді өткізу үшін қажетті әрекеттер жасауға шарт жасасады. Мұндай шарт, өзгелердің қатарында, Бірыңғай оператордың оны орындаумен байланысты шығыстарын өтеуді және Қор Басқармасының шешіміне сәйкес Бірыңғай оператор сыйақысының мөлшерін көздеуге тиіс;

б) сауда-саттықты Ұйымдастырушыға Компанияның атынан Активтерді немесе Объектілерді Алдын ала дайындауды, Сауда-саттықты жүргізуге және Активтерді немесе Объектілерді өткізу үшін қажетті әрекеттерді жүзеге асыруға сенімхат береді. Мұндай сенімхат ол бойынша берілетін өкілеттіктерді қайтадан сеніп тапсыру мүмкіндігін көздеуі мүмкін.

2) қатысу үлестері (акциялар пакеттері болып табылмайтын Активтерге немесе Объектілерге қатысты, Активтерді немесе Объектілерді Алдын ала дайындау шеңберінде сауда-саттықты Ұйымдастырушы мынадай әрекеттер жасайды:

а) оның тозу дәрежесін және тікелей мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында өткізуге жататын Активтің немесе Объектінің техникалық (физикалық) жай-күйіне сараптама жасау;

б) оның құқықтық мәртебесін, тиісті Компанияның көрсетілген Активке немесе Объектіге құқықтарының көлемін, көрсетілген Активке немесе Объектіге ауыртпалықтардың болуын немесе болмауын, онымен жасалатын мәмілелердің құқықтық салдарларын және Активті немесе Объектіні жоспарланып отырған өткізу үшін елеулі маңызы бар өзге де құқықтық мәселелерге құқықтық сараптама жасау.

в) өткізуге жататын Активтің немесе Объектінің әлеуметтік маңызын бағалау;

г) өткізуге жататын Активтің немесе Объектінің құнын бағалау;

д) өткізуге жататын Активтің немесе Объектінің кемшіліктерін жою, егер оларды жою Активті немесе Объектіні өткізу мақсаттары үшін экономикалық жағынан негізді болса.

3) қатысу үлестері (акциялар пакеттері) болып табылатын Активтерге немесе Объектілерге қатысты, Активтерді немесе Объектілерді Алдын ала дайындау шеңберінде сауда-саттықты Ұйымдастырушы мынадай әрекеттер жасайды:

а) оның тозу дәрежесін және тікелей мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында қатысу үлестері (акциялар пакеттері өткізуге жататын заңды тұлға мүлігінің техникалық (физикалық) жай-күйіне сараптама жасау;

б) осындай тұлғаның өзіне тиесілі мүлікке құқықтарының көлемін, көрсетілген осындай мүлікке ауыртпалықтардың болуын немесе болмауын, заңды тұлғаға қатысушылар құрамы ауысуының құқықтық салдарларын, сондай-ақ Активті немесе Объектіні жоспарланып отырған өткізу үшін елеулі маңызы бар өзге де құқықтық мәселелерді анықтау мақсатында қатысу үлестері (акциялар пакеттері) өткізілуге жататын заңды тұлғаның қызметіне құқықтық сараптама жасау;

в) қатысу үлестері (акциялар пакеттері) өткізілуге жататын заңды тұлғаға қатысты аудиторлық тексеру;

г) қатысу үлестері (акциялар пакеттері) өткізілуге жататын заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін экономикалық бағалау;

д) өткізуге жататын Активтің немесе Объектінің құнын бағалау;

е) өткізуге жататын Активтің немесе Объектінің кемшіліктерін жою, егер оларды жою Активті немесе Объектіні өткізу мақсаттары үшін экономикалық жағынан негізді болса.

98. Сауда-саттықты Ұйымдастырушының шешімі бойынша Активтерді немесе Объектілерді Алдын ала дайындау шеңберіндегі іс-қимылдың барлығы немесе бір бөлігі жүргізілмеуі мүмкін. Мұндай шешім негізделген болуға және Активтің немесе Объектінің инвестициялық тартымдылығын азайту, сонымен бірге осындай тартымдылықты арттыру мүмкіндігін жоғалту мүмкіндігі ықтималдығына әкеп соқтырмауға тиіс.

99. Активтерді немесе Объектілерді Алдын ала дайындауды сауда-саттықты Ұйымдастырушы, егер Қор Басқармасының шешімімен өзгеше көзделмесе, өз қаражатының есебінен жүргізеді. Сауда-саттықты Ұйымдастырушы Активтерді немесе Объектілерді Алдын ала дайындау үшін Сатып алу қағидаларына сәйкес бір көзден тәсілімен немесе өзге де тәсілмен консультациялық қызметтер сатып алуға құқылы.

100. Тиісті Активке немесе Объектіге иелік ететін Компания сауда-саттықты Ұйымдастырушыға Активті немесе Объектіні Алдын ала дайындау және оны өткізубойынша өз қызметінің шеңберінде кез келген қажетті жәрдем көрсетуге, оның ішінде сауда-саттықты Ұйымдастырушының талабы бойынша ол белгілеген мерзімде кез келген қажетті ақпарат пен құжаттардың берілуіне немесе ұйымдластыруға міндетті.

101. Қор Басқармасы Компаниялар өткізуге жататын Активтердің немесе Объектілердің тізбесін бекіткеннен кейін Қор Басқармасының шешімімен өзгеше көзделмесе, Компанияның Активтерді немесе Объектілерді иеліктен шығару немесе ауыртпалық салу бойынша, не Активті немесе Объектіні өткізу құнын азайтуға әкелетін немесе әкелуі мүмкін қандай да бір әрекеттер жасауына тыйым салынады. Тиісті Компанияның бірінші басшысы Қағидалардың осы тармағы ережелерінің орындалмағаны үшін толық жауаптылықта болуға тиіс.

102. Активтерді немесе Объектілерді Алдын ала дайындау үшін пайдаланылған Активке немесе Объектіге қатысты құжаттар құпиялылық туралы қолданылатын талаптар ескеріле отырып, құжаттардың электрондық базасында қалыптастырылады.

103. Активті немесе Объектіні Алдын ала дайындаудың нәтижелері бойынша сауда-саттықты Ұйымдастырушы әрбір Активке немесе Объектіге қатысты Актив немесе Объект бойынша тиісті Қорытынды жасайды және оны Комиссияның қарауына береді, ол мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

1) Активтің немесе Объектінің жалпы сипаттамасы, оның атауы, орналасқан жері және деректемелері, сондай-ақ өндірістік-экономикалық ерекшеліктері мен сипаттамалары;

2) Активтің немесе Объектінің тиісті өңір үшін әлеуметтік маңыздылығы;

3) Активтің немесе Объектінің техникалық, құқықтық және қаржылық жай-күйі туралы мәліметтер;

4) Активті немесе Объектіні өткізудің құқықтық, қаржылық және әлеуметтік салдарларының қысқаша талдамасы;

5) Қатысушылар үшін Активтің немесе Объектінің тартымдылығын жақсарту жөніндегі ұсынымдар және осындай жақсартумен байланысты әрекеттер жүргізуге арналған мерзім;

6) Активті немесе Объектіні өткізудің ұсынылатын шарттары, оның ішінде:

а) Ең төмен баға;

б) Бастапқы баға;

в) Қор Басқармасының шешімінің негізінде белгіленген Активті немесе Объектіні өткізудың нысаны (тәсілі);

г) Активті немесе Объектіні Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында өткізу бағасы;

д) Активті немесе Объектіні Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында оны сату шеңберінде сатып алушы;

е) тиісті Активті немесе Объектіні сатып алу шарттары ретінде Шарттың жобасына енгізуге жататын Активті немесе Объектіні өткізудің ерекше талаптары;

ж) сатылатын Активті немесе Объектіні өтеусіз иеліктен шығару туралы ұсыныс (егер қолданылса);

7) Сауда-саттықтың ұсынылатын шарттары (егер қолданылса):

а) Ағылшындық әдісті пайдалана отырып, бірінші және екінші Аукционды немесе Электрондық аукционды, немесе Ашық конкурс шеңберінде Активті немесе Объектіні сатып алу бағасына қатысты Комиссияның отырысын өткізуге арналған бастапқы баға;

б) Бастапқы бағаны өзгерту қадамы;

в) Бағаны өзгерту қадамы (егер қолданылса);

г) Активті немесе Объектіні Голландтық әдіс бойынша Аукцион тәсілімен өткізу кезінде Бастапқы бағаны айқындауға арналған коэффициент;

д) Активті немесе Объектіні Конкурс тәсілімен өткізу кезінде Конкурсқа Қатысушылардың ұсыныстарын бағалау өлшемдері;

е) Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілетін Активті немесе Объектіні өткізу жөніндегі Конкурстың шеңберінде жіберілетін ұсыныстарды бағалау өлшемдеріне сәйкес ең аз талаптар (қажет болғанда, егер қолданылса);

ж) дайындық іс-шараларын, Сауда-саттықты өткізу, сондай-ақ осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып, Шартты жасасу мерзімі;

з) Активті немесе Объектіні Екі кезеңдік жабық конкурс және Жабық электрондық конкурс тәсілімін сатқан жағдайда Сауда-саттық туралы хабарлама жіберілетін тұлғалар тобы;

и) Қамтамасыз ету мөлшері (егер қолданылса);

к) Сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғалардың түпкі бенефициарларын көрсету туралы талап (қажет болғанда);

л) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуге тиіс және Актив немесе Объект жөніндегі Қорытындыға қайшы келмеуге тиіс Сауда-саттық туралы хабарламаның жобасы;

м) Қатысушыларға қойылатын талаптар.

8) Активтің немесе Объектінің инвестициялық тартымдылығын ұлғайту үшін тең инвестициялау немесе сенімгерлікпен басқару шарттарында Активті немесе Объектіні басқаруға беру туралы ұсыныс;

9) Активті немесе Объектіні өткізу кезінде ескерілуге тиіс өзге де ережелер және/немесе шарттар.

104. Актив немесе Объект бойынша Қорытындыға Активті немесе Объектіні Алдын ала дайындау шеңберінде өткізілуге жататын Активті немесе Объектіні сараптау және бағалау туралы барлық тиісті есептер, сондай-ақ Актив немесе Объект бойынша дайындалатын құжаттама пакеті және Активті немесе Объектіні өткізумен байланысты өзге де құжаттар кіреді.

105. Сауда-саттыққа Қатысушыларға қойылатын талаптар Қатысушының тіркелген орнына немесе түпкі бенефициарлардың болатын орнына қатысты талаптарды қамтуы мүмкін.

106. Активті немесе Объектіні Конкурс тәсілімен өткізу кезінде Қатысушылардың ұсыныстарын бағалау өлшемдері мыналар болуы мүмкін:

1) өткізілетіін Активке немесе Объектіге инвестициялардың көлемі, түрлері және мерзімі бойынша міндеттемелер;

2) өндіріс көлемінің, шығарылатын өнім номенклатурасының немесе көрсетілетін қызметтердің белгілі бері деңгейін қамтамасыз ету;

3) баға түзу шарттары, оның ішінде бағаның шекті деңгейі бойынша шектеулер;

4) табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу;

5) қызмет бейінін сақтау;

6) жұмыс орындарын сақтау немесе жаңаларын құру;

7) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдаланудың қолданыстағы тәртібі мен шарттарын сақтау;

8) белгіленген мерзімде кредит берешегін өтеу;

9) жалақы бойынша берешекті өтеу;

10) мәмілелер жасауға шектеу қою (қайта сату, кепіл, басқаруға беру және тағы басқалар) және/немесе белгілі бір уақыт кезеңінің ішінде өткізілетін Активке немесе Объектіге қатысты белгілі бір әрекеттер жасауға тыйым салу;

11) Комиссияның қалауы бойынша өзге де шарттар.

107. Активті немесе Объектіні Екі кезеңдік ашық конкурсты пайдалана отырып өткізу көзделетін Актив немесе Объект бойынша Қорытынды Конкурстық ұсыныстарды бағалау өлшемдерін, сондай-ақ осындай өлшемдерге сәйкес Конкурстық ұсыныстарға қойылатын ең аз талаптарды қамтуға тиіс.

108. Актив немесе Объект бойынша құжаттама пакеті Актив немесе Объект бойынша Қорытынды құрамындағы Комиссияның қарауына және бекітуіне жатады және мынадай мәліметтер мен құжаттаманы:

1) қатысу үлестері (акциялар пакеттері) өткізілуге жататын заңды тұлғаның аудиттелген қаржылық есептілігін;

2) Активке немесе Объектіге қатысты заң сараптамасының қорытындысын;

3) Шарттың жобасын (Активтерді немесе Объектілерді Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында өткізу жағдайларын қоспағанда);

4) Екі кезеңдік ашық конкурстың шеңберінде Конкурстық ұсыныстарды бағалау өлшемдерін қоспағанда, Активті немесе Объектіні Конкурс тәсілімен өткізу кезіндегі Қатысушылардың ұсыныстарын бағалау өлшемдерін (егер қолданылса) қамтуға тиіс.

109. Актив немесе Объект бойынша құжаттама пакетінің құрамына енгізілетін шарттың жобасына, өзгелерден басқа, осы Қағидалардың 106-тармағында көзделген талаптар енгізілуі мүмкін.

110. Актив немесе Объект бойынша Қорытындыны Комиссия ол берілген сәттен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде қарайды. Қарау нәтижелері бойынша Комиссияның шешімі қабылданады:

1) Активтің немесе Объектінің өткізілу шарттары ескеріле отырып, Актив немесе Объект бойынша Қорытындыны ұсынылған редакцияда не өзгертілген редакцияда бекіту туралы; не

2) Актив немесе Объект бойынша Қорытындыны қарау мерзімін ұзарту туралы. Барлық ұзартулардың жалпы мерзімі 10 жұмыс күнінен аспауы мүмкін; не

3) Активті немесе Объектіні өткізуден осындай өткізудің орынсыздығына байланысты бас тарту туралы Қорға негізделген ұсынымдар жіберу туралы; не

4) Активтің немесе Объектінің инвестициялық тартымдылығын ұлғайту үшін тең инвестициялау немесе сенімгерлікпен басқару шарттарында Активті немесе Объектіні басқаруға беру туралы; не

5) Активтің немесе Объектінің бар кемшіліктерін жою үшін немесе осындай шаралардың қабылданған мерзімін көрсете отырып, Актив немесе Объект бойынша неғұрлым толық Қорытынды дайындау үшін қосымша шаралар қабылдау туралы. Көрсетілген шаралар қабылданғаннан кейін қабылданған шаралар ескеріле отырып, Актив немесе Объект бойынша Қорытынды дайындалады және Комиссияның қайта қарауына жіберіледі.

111. Актив немесе Объект бойынша бекітілген Қорытындыға Комиссияның шешімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда Сауда-саттықты ұйымдастырушы Сауда-саттық туралы хабарламаға және Актив немесе Объект жөніндегі құжаттама пакетіне осы Қағидаларда көзделген тәртіппен тиісті өзгерістер енгізеді.

112. Егер Актив немесе Объект бойынша Қорытындыны қарау кезінде Жүйені пайдаланып Сауда-саттықты өткізу Қор Комиссиясының шешімімен белгіленген мерзімде мүмкін болмайтындығы анықталса, Комиссия Қор Басқармасының шешімімен нұсқау берілген Сауда-саттық өткізу әдісін оның электрондық емес ұқсасына өзгертуге құқылы.

113. Актив немесе Объект бойынша Қорытындыны бекіту туралы Комиссия шешім қабылдаған жағдайда, Сауда-саттықты ұйымдастырушы Қор Комиссиясы бекіткен жоспар-кестеге сәйкес:

1) заңнамада белгіленген жағдайларда Компанияның атынан Активті немесе Объектіні өткізу үшін қажетті рұқсатты және мемлекеттік органдардың келісімін, оның ішінде оларды алу үшін қажетті мәліметтер Сауда-саттықтың нәтижесінде алынатын рұқсаттар мен келісімдерді қоспағанда, өткізілетін Активтің немесе Объектінің стратегиялық мәртебесімен байланыстыларын алады.

2) Компанияның атынан Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялайды (Активті немесе Объектіні Сауда-саттық нысанында өткізген жағдайда);

3) Активті немесе Объектіні өткізуге арналған өзге де іс-қимыл мен іс-шараларды жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет