Сандық техника қазіргі заманғы адамның өміріне мықтап енді. Оны қолдану жанжақты және көп көлемді



бет2/10
Дата16.06.2023
өлшемі1.24 Mb.
#475154
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-35340 (1)

2.2.2 Инфологиялық жобалау


Мейрамхана келушілері мен қызметкерлеріне қызмет көрсету ақпараты бойынша мәліметтер қоры құрылады.


Мейрамханада күнделікті мәзір құрылып отырады. Белгілі бір күні мәзір арнайы мәзір бөліміне арналады. Мәзір тағамдардан құрылады. Тағамдар мәзірдегі арнай бөлімге жату мүмкін. Әрбір тағамның құрамы арнаулы азық-түліктен тұрады.
Мейрамханаға қонақ келеді. Клиенттердің тағамға тапсырысы бойынша есеп құрылады. Мейрамхана қызметкерлеріне тапсырыс беру есебі бойынша кассалық есеп жүреді. Келушілер интерфейста көрсетілген, тапсырыс берілмеген үстелге тапсырыс бере алады.
Мейрамханада қызметкерлер жұмыс істейді. Әрбір қызметкерге ай сайын жұмыс кестесі құрылады. Әрбір қызметкердің белгілі қызметі бар.
Мейрамхана қызметкерлеріне клиенттер шағым және алғыс жаза алады.
Сонымен, мәліметтер қорының мазмұны мейрамхана өнімі туралы, келушілер, қызметкерлер және әртүрлі есеп алу мүмкіндігін беретін ақпараттан тұруы керек.
Жүйе пәндік облыс аясында келесідей артықшылықтарды ескере отырып құрылады:

  • Әрбір тағам бірнеше мәзірге кіруі мүмкін. Дегенменде, әрбір мәзір аталған тағамның бір түрінен ғана тұруы керек.

  • Көптеген мәзірмәзір бөліміндегі бір бөлімге арналуы мүмкін. Мәзір пункті бірнеше бөлімге арналуы мүмкін емес.

  • Тағамның бір түрі "Құрамы" деген кестеде бірнеше жолда кездесуі мүмкін. Сонымен қоса, бір ғана тағымның түрі осы кестенің бірнеше ұяшықтарында кездеседі.

  • Бірнеше тағам түрі бір бөлімге кіредіТағамдар бөлімі бірегей.

  • Бір ғана келушінің өзі кестенің «Счет» жазбасында кездесуі мүмкін.

  • Тағамның бір түрі кестенің «Құрамы» жазбасындағы бірнеше жолында кездесуі мүмкін.

  • Бір ғана келуші мейрамхананың бірнеше үстеліне тапсырыс бере алады.

  • Бір ғана келуші бірнеше шағым жазуы мүмкін.

  • Келушілерден түскен шағымдарға, мейрамхана қызметкері жауап тартады.

  • Аталған қосымшаға кіру үшін бір қызметкерге бір ғана логин беріледі.(«Қолданушылар» кестесі)

  • Бір ғана қызметкерге «Қызметкерлердің жұмыс кестесі» деген кестеде бірнеше жұмыс уақыты тіркеледі.

  • Мейрамхананың көптеген қызметкерлері бірдей қызметте жұмыс атқарады. Бірақ бір қызметкер бірнеше қызметті атқара алады.

  • Осы пәндік облыс аясының негізгі қорын ерекшелейік:

  • Мәзір. Атрибуттар:идентификатор, мәзір түрі, ТОП, мерзім, тағам.

  • Мәзір бөлімдері. Атрибуттар:идентификатор, бөлім атауы.

  • Тағам. Атрибуттар: идентификатор, атауы, сипаттама, тағамдар бөлімі, баға.

  • Тағамдар бөлімі. Атрибуттар: идентификатор, бөлім атауы.

  • Тағам құрамы. Атрибуттар: идентификатор, тағам идентификаторы, азық-түлік идентификаторы, саны.

  • Азық-түліктер. Атрибуттар: идентификатор, атауы, 1000 грамм үшін бағасы.

  • Келушілер. Атрибуттар: идентификатор, АЖТ, ВИП.

  • Келушілер есебі. Атрибуттар: идентификатор, мерзімі, келуші, тағам, саны.

  • Касса бойынша есеп. Атрибуттар: идентификатор, мерзім, келуші, тағам, тағам саны.

  • Үстелге тапсырыс беру. Атрибуттар: идентификатор, келуші, үстел, мерзім, тапсырыс берген уақыт, тапсырыс аяқталған уақыт.

  • Қызметкерлер. Атрибуттар: идентификатор, АТЖ, қызметі, мекен-жайы, телефон, туған күні.

  • Қызметкерлер қызметі. Атрибуттар: идентификатор, қызмет аты.

  • Жұмыс кестесі. Атрибуттар: идентификатор, қызметкер, кесте, айы, жылы.

  • Шағымдар мен алғыстар. Атрибуттар: идентификатор, түрі, мерзімі, келуші, мекен-жайы, шағым мәтіні, орындалу уақыты, орындалғаны туралы белгілеу, қолданылған шара, ескертпе, атқарушы.

Касса бойынша есепті келушілер, мейрамхана өнімі (мәзірдегі тағамдар) мен қызметкерлері арасындағы байланыс ретінде қарастырамыз.
Мейрамхананың ER–диаграммасы 1.1. суретінде көрсетілген.



1:1 – бірдің бірге байланысы 1:M–бірдің көпке байланысыM:N – көптің көпке байланысы

Сурет 3.1. Мәліметтер қорының ER–диаграммасы.


Пәндік облыс аясының негізі арасында мінездемелік талдау жасайық. Талдау ыңғайлы жүруі үшін пәндік облыс аясының негізін мінездейтін негізгі құрамын ерекшелейік:


Негіздер үшін негіз түрлері болады. Негіз түрлерін мықты, әлсіз деп классификация жасауға болады. Мықты негіз өздігінен бола береді, ал әлсіз негіз сол мықты негіздің болуынан туындайды. Әлсіз негізді - бағыныңқы деп атайды, ал мықты негізді - базалық дейді (негізгі, ата-аналық).
Ары қарай ішкі локальдық қойылымда мамандандырылу байланысы орындалады. Байланыстың мазмұндық мағынасы әртүрлі болуы мүмкін (семантикасы). Байланыстың «негіз - негіз», «негіз - атрибут», «атрибут-атрибут» деген түрі болады, ол атрибуттардың байланысы үшін анықталады немесе бір ғана негіз үшін немесе «негіз - негіз» байланыс түрі үшін қолданылады.
Әрбір байланыс атымен, міндеттілігімен, түрімен және дәрежесімен сипатталынады. Байланыстың қосымша және міндетті түрі болады.Егер аталмыш объекттің бір түрі қажетіне қарай екінші бір объекттің түрімен байланыстырылса, онда бұл екі объект түрлерінің арасында міндетті байланыс жүреді (қалың сызықпен белгіленеді). Ондай болмаған жағдайда байланыс қосымша болады. Міндетті байланыс мәліметтер қорын жобалаудың көптеген бағдарламалық өнімдерінде қос немесе қалың сызықпен суреттеледі, бірақ қолданылған бағдарламалық өнімде қалың сызық стандартты болып саналады.
Көптеген байланыс түрі «бірге бір» (1:1), « бірдің көпке» (1:n) және «көптің көпке» (m:n) болып бөлінеді.
Сонымен, енді талдау үшін келесі өрістер бойынша әрбір негіздің сипаттамасына қарай кесте жасайық:
Негіз атауы, негіз түрі, байланыс семантикасы.

Кесте 3.1.


ER-диаграммысының негізі мен байланысының талдауы



Негіз

Негіз түрі

Байланыс семантикасы

Мәзір

Мықты (базалық) негіз

Мәзір - мәзір бөлімдері, байланысы: көптің бірге, міндетті емес байланыс
Мәзір - тағамдар, байланыс: көптің бірге, міндетті байланыс

Мәзір бөлімдері

Әлсіз (бағыныңқы) негіз

Мәзір бөлімдері-мәзір, байланысы: бірдің көпке, міндетті емес байланыс

Тағамдар

Мықты (базалық) негіз

Тағамдар-мәзір, байланысы: бірдің көпке, міндетті емес байланыс
Тағамдар-құрамы, байланысы: бірдің көпке, міндетті байланыс
Тағамдар-есеп, байланысы: бірдің көпке, міндетті байланыс
Тағамдар-мәзір бөлімдері, байланысы: көптің бірге, міндетті емес байланыс

Тағам бөлімдері

Әлсіз (бағыныңқы) негіз

Тағам бөлімдері-тағамдар, байланысы: бірдің көпке, міндетті емес байланыс

Тағамдар құрамы

Мықты (базалық) негіз

Құрам-тағамдар, байланысы: көптің бірге, міндетті емес байланыс
Құрамы-азық-түліктер, байланысы: көптің бірге, міндетті байланыс

Азық-түліктер

Мықты (базалық) негіз

Азық-түліктер-құрамы, байланысы: бірдің көпке, міндетті байланыс

Келушілер

Мықты (базалық) негіз

Келушілер-есептер, байланысы: бірдің көпке, міндетті байланыс
Келушілер-шағымдар, байланысы: бірдің көпке, міндетті емес байланыс
Келушілер-тапсырыстар, байланысы: бірдің көпке, міндетті емес байланыс

Келушілер есебі

Әлсіз (бағыныңқы) негіз

Есептер-келуші, байланысы: көптің көпке, міндетті байланыс
Есептер- тағамдар, байланысы: көптің бірге, міндетті байланыс

Касса бойынша есеп

Мықты (базалық) негіз

келушілер, мейрамхана өнімі (мәзірдегі тағамдар) мен қызметкерлері арасындағы байланыс.

Үстелге тапсырыс беру

Әлсіз (бағыныңқы) негіз

Тапсырыс-келуші, байланысы: көптің бірге, міндетті емес байланыс

Қызметкерлер

Мықты (базалық) негіз

Қызметкерлер-жұмыс кестесі, байланысы: бірдің көпке, міндетті байланыс
Қызметкерлер-қызметтер, байланысы: көптің бірге, міндетті байланыс
Қызметкерлер-қолданушылар, байланысы: бірге бір, міндетті байланыс
Қызметкерлер-шағымдар, байланысы: бірдің көпке, міндетті байланыс

Қызметкерлер қызметтері

Әлсіз (бағыныңқы) негіз

Қызметтер-Қызметкерлер, байланысы: бірдің көпке, міндетті емес байланыс



Жұмыс кестесі

Әлсіз (бағыныңқы) негіз

Жұмыс кестесі-қызметкерлер, байланысы: көптің бірге, міндетті емес байланыс

Шағымдар мен алғыстар

Әлсіз (бағыныңқы) негіз

Шағымдар - келуші, байланысы: көптің бірге, міндетті емес байланыс
Шағымдар-қызметкер, байланыс: көптің бірге, міндетті байланыс



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет