1. Есептеу техникасы бар кабинеттерде қымбат, ұқыпты ұстауды қажет ететін аппаратуралық құрылғылар бар. Олар ДЭЕМ, принтер және т.б. Кабинетке асықпай, ақырын, столдарды қақпай кіру керек және өзіңізге арналған орынға ғана отыру керек (столда еш нәрсеге тиіспеу керек).
2. Сіздің жұмыс орында ЭЕМ-ның құрамдас бөліктері бар. Олар жүйелік блок, пернетақта және монитор. Жұмыс істеу кезінде монитордың сәулелі трубкасы жоғары қуатта жұмыс істейді. Аппаратурамен, кабельмен, монитормен дұрыс жұмыс істемеуі электр тогымен зақымдануға әкеледі.Сондықтан жалғайтын кабельдің разъемын ұстау, құрылғыларды және қорек сымдарды қолмен тиісуге, дымқыл киіммен және дымқыл қолмен жұмыс істеу қатаң рұқсат етілмейді.
3. Жанған иіс пайда болған кезде тез арада жұмысын тоқтатып, аппаратураны өшіріп, мұғалімге айту керек.
4. Жұмыс басталар алдында жұмыс орнын тексеру керек және көру сызығы экранның центріне келу керек. Пернетақтамен жұмыс істеген кезде бүгілмей отыру керек.
5. ДЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде монитордың сәулелі трубкасы электромагниттік сәуле шығарудың көзі болып табылады, бұл экранмен жақын жұмыс істеу көзге жаман, жағымсыз әсер етеді, жұмыс істеу қабілетін төмендетеді. Сонымен қатар арқаны түзу, қисатпай ұстау керек. Сондықтан бұл техниканы ұқыпты пайдалану керек.
6. ДЭЕМ-мен жұмысы үлкен назар аударуды, өзін-өзі ұстауды және нақты, дәл қимылдарды істеуді талап етеді. Сондықтан жеткіліксіз жарықтандыруда және өзін жаман сезінгенде жұмыс істеуге болмайды.
7. Жұмыс істеу кезінде жоғарыда көрсетілген ережелерді сақтау және де мұғалімнің ағымды тапсырмасын орындау керек, құрылғының дұрыстығына қарап отыру және бөтен дыбыс пайда болғанда тез арада жұмысты тоқтатып немесе құрылғыны өшіріп мұғалімге айту керек.
8. Жұмыс біткен соң тумблерді өшіріп, құрылғыны жұмсақ таза матамен сүртіп, құрылғыны чехолмен жабу керек.
9. Сіз осы ережелерді білу және орындауға міндеттісіз. Мұғалімнің тапсырмасын дұрыс орындау керек, бұл бақытсыздық жағдайдан сақтайды.
3.4 Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері
1) оқиға орнын қарау;
2) бірінші рет қарау, көмек көрсету;
3) жедел жәрдем шақыру;
4) екінші рет қарау.
Оқиға орнын қарау
* Сіз үшін қауіпті емес пе?
* Не болды?
* Зардап шеккендер қанша?
* Айналаңыздағылардың сізге көмек көрсететін жағдайы бар ма? Қарау кезінде әрбір нәрсеге назар аударыңыз. Бұл оқиғаның немесе жарақаттың бастапқы себептерін көрсетеді. Егер зардап шеккен адам ес-түссіз болса, ал куәгерлер болмаса, түбегейлі қарау өте маңызды.
Бірінші рет қарау, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету (бірінші кезекте, өмірлік маңызды органдарға төнген қауіпті анықтауға бағытталған) ол:
1) есін тексеру (ми жүйесі);
2) тыныс жолдарының демалысын тексеру;
3) тыныс алудың болуын тексеру (өкпе);
4) пульсін тексеру (жүректің жұмысын).
Есін тексеру
- Зардап шегушінің есінен айырылмағанын анықтаңыз.
- Егер ол қатты айқай, иығынан жұлқылау сияқты сыртқы тітіркендіргіштерді сезбесе, оны көмек көрсетуге келісті деп есептеңіз.
Сіздің келесі әрекеттеріңіз:
Тыныс жолдарының демалысын тексеру
Пульсін тексеру
Жедел жәрдем шақыру
Жедел жәрдемді келесі кез келген жағдайларда шақыру керек:
- ес-түссіз немесе ес деңгейінің өзгермелілігі;
- тыныс алудағы қиындықтар (тыныс алудың қиындауы немесе болмауы);
- үздіксіз ауру сезімі немесе кеудедегі қысымды сезіну;
- пульстің болмауы;
- көп қан кетуі;
- іштің қатты ауыруы;
- қан құсу немесе қанның бөлінулер (зәрмен, қақырықпен) шығуы;
- улану;
- сіңір тартылу, қатты ауыру немесе түсініксіз сөйлеу;
- бастың, мойынның немесе арқаның жарақаты, сүйек сыну ықтималдығы.
Достарыңызбен бөлісу: |