Санитарлық эпидемиологиялық жағдай тұрақты



жүктеу 118.81 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі118.81 Kb.
Санитарлық - эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Салауатты өмір салты деп жатамыз. Бұған, адамның спортпен айналысуы, дұрыс тамақтануы, түрлі зиянды әдеттерден аулақ болуы жатады. Бұл - адамның жеке ұстанымына байланысты. Бірақ, кісі денсаулығына кері әсер ететін – сапасыз ас - суды тұтыну, залалды еңбек жағдайларында жұмыс істеу, алуан эпидемиялық аурулар сияқты сыртқы факторлар да бар. Міне, бұлардан адамға келетін зиян мөлшерін қадағалау, мөлшерден асып бара жатса дабыл қағу – санитарлық – эпидемиологиялық қызметкерлерінің құзырындағы шаруа. Сонымен өткен жылда аймағымыздың санитарлық – эпидемиологиялық жағдайы қандай болды? Осыны білу үшін біз Шахтинск қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы, таяуда «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған Кеңес Шәкімовпен сұхбат құрған едік. Сол әңгімемізді төменде назарларыңызға ұсынып отырмыз.
- Кеңес Шәкімұлы, алдымен санитарлық эпидемиологиялық қызмет түрлері еліміздің қандай Заңдарына сүйеніп жұмыс істейтіні жайлы айтсаңыз.

- 2009 жылы Санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметі ҚР «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңынан және ҚР 18.09.2009ж. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 193-ІҮ Кодексінің 21 бабынан шығатын тапсырмаларды орындауға бағытталды. «2005-2010 жылдары ҚР денсаулық сақтау жүйесін қайта құру және дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша да жұмыстар жүргізілуде.

- Былтырғы жылғы аймағымыздың санитарлық – эпидемиологиялық жағдайына бір – екі сөйлеммен қандай баға берер едіңіз?

- Есепті жыл ішінде мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау шегінде профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар кешені орындалды. Осылардың арқасында аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтандырылып, ал бірнеше көрсеткіштер бойынша тіпті жақсарды.

- Қандай көрсеткіштер бойынша жақсарды?

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіндегі су сапасының бактериологиялық, химиялық көрсеткіштері жақсарды, 2008-2009 жылдары қанағаттанарлықсыз талдаулар болған жоқ. «2002-2010 жылдардағы ауыз сулар»бағдарламасы бойынша жүргізілген шараларға байланысты сумен жабдықтаудың санитарлық-техникалық жағдайлары жақсарды. Осыларға Шахан кентінің су құбыры жүйесінің қайта өңделуін, Долинка және Северо-Западный кенттері бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын да қосуға болады. Себебі, бұл жұмыстардан соң су сапасы бұрынғыға қарағанда жақсаруы тиіс.

2008 жылдың осы уақытымен салыстырғанда санитарлық талаптарға жауап бермейтін тамақ нысандарының арасалмағы 0,2 пайызға азайды. Санитарлық-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштер бойынша азық-түлік өнімдерінің сапасы жақсарды. 2008 жылмен салыстырғанда микробиологиялық көрсеткіштер бойынша қанағаттанарлықсыз зерттеулер көрсеткіші 0,4-тен 0,08 пайызға азайды. 2009 жылы шайылымдылардың қорытындыларының пайызы азайды (2009ж. – 0,9, ал 2008ж.- 1,0).

Кондитерлік өнімдер бойынша қанағаттанарлықсыз талдаулардың азайғаны байқалады. Сүт өнімдері бойынша қанағаттанарлықсыз талдаулар 0,17 пайызға, ал ет өнімдері бойынша 1,6 пайызға төмендеді.Айта кетер жайт - ҚР 21.07.2007ж. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңының 5 бабына сәйкес 2009 жылы 39 кг тамақ өнімі қолдануға жарамсыз деп табылып, жойылған. Стандартқа сәйкес емес йодталған азық-түліктің сатылуына жол бермеу бойынша жұмыс әрдайым жүргізіледі.

2009 жылы жасалған жұмыстардың қорытындысы ретінде жұмысшылардың денсаулығына, еңбек жағдайы мен өндіріс гигиенасына үлкен әсері бар нысандардың санитарлық-техникалық жағдайларының жақсаруындағы жағымды өзгерістер болып саналады. Ағымдағы жылы нысандардың санитарлық-техникалық жағдайлары жақсаруымен қатар, аумақты абаттандыру бойынша жұмыс жақсартылды. Тамақ өндірісі және қоғамдық тамақтану нысандары аумақтарында арнайы бөлінген алаңдарға және сауда нысандары аумағында ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) жинайтын контейнерлер орнатылған. Сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін тексеру бойынша істелінетін жұмыстар толығымен орындалды. Тамақ кәсіпорындары мен қоғамдық тамақтану орындары 100 пайызға ыстық сумен қамтамасыз етілген. Көптеген нысандарда ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тозығы жеткен сөрелер мен жаймасөрелер ауыстырылып, қосымша тоңазытқыш және технологиялық жабдықтар алынды.

- Мектептеріміздің санитарлық – эпидемиологиялық жағдайы жайлы айтып өтсеңіз.

Жалпы білім беру мектептерінің санитарлық талаптарға жауап бермейтіндері 15,4 пайызға азайды. Жазғы мезгілде мектеп сыныптарында жылу жүйесін ауыстыру жұмыстары жартылай жүргізілді. Кәріз жүйесіне тексеріс жүргізіліп, кәріз құдықтары жуылды. Жарықтандыру жүйесіне тексеріс жүргізіліп, ескі жарықтандырғыштар ауыстырылды. № 5, 15, 2, 6 мектептердің шатырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, № 2, 11 мектептерде, №5 гимназияда санитарлық техникалық жабдықтар ауыстырылды.

Қалада мемлекеттік бюджет қаржысына тамақтанатын балалар саны көбейді. 1 - 4 сынып оқушылары, жағдайы нашар отбасыларының балалары жеке кәсіпкерлер қаржысына және жаппай оқыту бағдарламасының қаржысына тамақтанады, көрсетілген контингенттің қамтылуы 100 пайыз. МДБМ мен мектептерде тағамдарды «С» дәруменімен толықтыру «С» дәрумені бар табиғи өнімдерді қолдану арқылы жүргізіледі. Балаларға медициналық қызмет көрсету жақсарды. Мектептердің медициналық кабинеттермен қамтамасыз етілуі 100 пайыз, мектептерде егу кабинеттері жұмыс істейді.

- Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндердің жайынан да хабар берсеңіз.

- Зиянды еңбек жағдайларында: шаң, газ, шу, діріл, жағымсыз микроклиматта және ауыр еңбек жағдайында барлығы 7609 адам жұмыс істейді, оның 1052 әйел адамдар. 2009 жылы зиянды еңбек жағдайында істейтін адамдардан медициналық тексеріске 7609 адам жоспарланған, оның ішінде 1052 әйел адам, медициналық тексерістен өткендері 7609 адам, бұл 100 пайызды құрайды. Кәсіптік ауру-сырқаулықтың деңгейін төмендету үшін әр кәсіпорында дірілқұралдарымен жұмыс туралы ереже жасалып, енгізілген. Дірілқұралдарымен жұмыс істейтін жұмыскерлерге 2-ші және 3-ші қабаттағы ерлер моншаларында жылу ванналары орнатылған. Ағымдағы жылы кәсіптік уланулар байқалған жоқ.

- Енді нақты өткен жыл бойынша қаламыздың эпидемиологиялық жағдайына тоқталсаңыз.

- 2009 жылдың қорытындысы бойынша қаладағы эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлықтай деп есептеледі. Аса қауіпті және карантиндік инфекциялармен ауру-сырқаулықтар тіркелген жоқ (оның ішінде құс тұмауымен). 14 жасқа дейінгі балалар арасында күл, сіреспе, көк жөтел, паротит, қызамық, полиомиелит, ВГВ сияқты вакцинамен басқарылатын инфекциялар мен ауру-сырқаулықтар жоқ. АВИ ЖИТС инфекциясы ауру-сырқаулығы да тіркелген жоқ. Ұйымдастырылған ұжымдарда: мектепке дейінгі балалар мекемелері мен мектептерде инфекциялық (вирустік гепатиттер, жіті ішек инфекциялары, сальмонеллез, тағамдық токсикоинфекциялар), паразитарлық (педикулез, қышыма) ауру-сырқаулықтарының ошақтық түрлері және кең етек жаюлары болған жоқ.

2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) ауру-сырқаулықтары 5 жағдайға, тағамдық токсикоинфекциялар (ТТИ) 8 жағдайға, педикулез 3 жағдайға, сальмонеллез 5 жағдайға, В вирустік гепатиті 1 жағдайға, мерез 28,6 пайызға, туберкулез 19,5 пайызға, гельминтоздар 10 жағдайға азайды. 2009 жылы қышыма, эхинококкоз ауру-сырқаулықтары тұрақтанды, бұл инфекциялар бойынша ауру-сырқаулықтар көрсеткіші 2008 жылғы деңгейде. Менингококтік инфекциямен, листериозбен және бруцеллезбен ауру-сырқаулықтар болған жоқ. А вирустік гепатитімен ауру-сырқаулық 7 жағдайға, (2008ж. -0 жағ.) бактериалдық дизентериямен 4 жағдайға көбейді. Бактериалдық дизентериямен ауру-сырқаулықтың өсуі тамыз-қыркүйек айларындағы мезгілдік көтерілумен байланысты. Соңғы 3 жыл ішінде қалада халықтың осал топтарына (жиі ауыратын балалар, созылмалы сырқаттары бар адамдар, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) жүргізілетін профилактикалық иммундау шараларының арқасында тұмау ауру-сырқаулығы тіркелген жоқ. 2009 жылы ЕПҰ-да болу және емделумен байланысты жаңа туылған нәрестелер мен аналар арасында іріңді-септикалық ауру-сырқаулықтар, хирургиялық стационарларда операциядан кейінгі асқынушылықтар тіркелген жоқ.

- Аймағымыздың эпидемиялық жағдайын бақылауда ұстау үшін былтыр қандай жұмыстарды жүргіздіңіздер?

Қаладағы эпидемиялық салауаттылық пен инфекциялық және паразитарлық ауру-сырқаулықтар жағдайына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында эпидемиологиялық диагностика әдістерінің барлығын қолдану арқылы тіркелген инфекциялық және паразитарлық ауру-сырқаулықтар деңгейіне, қоршаған ортаның бактериологиялық фонына күнделікті, апта сайынғы эпидемиологиялық бақылаулар жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша апта сайын санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және эпидемиологиялық мағыналы нысандарда санитарлық-гигиеналық бұзушылықтарды жоюға арналған белгілі шаралар қолдануға өкімдер қабылданып тұрды.

Қаланың ЕПҰ-ның медициналық қызметкерлерінің халықтың денсаулығын қорғау және инфекциялық ауру-сырқаулықтардың алдын алу бойынша білім деңгейлерін көтеру мақсатында МСЭҚБ мамандарымен 2009 жылы 15 қалалық семинарлар ұйымдастырылып, өткізілді.

Халықтың денсаулығын қорғау және инфекциялық ауру-сырқаулықтардың алдын алу бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жандандыру үшін 2009 жылы туберкулездің, ішек инфекциясының, сальмонеллездің, дизентерияның, вирустік гепатиттің, қышыма мен педикулездің профилактикасы бойынша айлықтар ұйымдастырылып, өткізілді.

Айлықтардан басқа, МДБМ мен мектептерде балалар мен оқушыларды жұқпалы-тері ауру-сырқаулықтарына, педикулезге әрбір мектеп каникулдарынан кейін медициналық қызметкерлермен рейдтік бақылаулар жүргізілді. Барлығы 13 мектеп, 5 МДБМ, мектеп-интернат қамтылды. 2378 бала қаралды, 5 бала күдікті деп анықталып, аластатылды. Балалар мен оқушылардың денсаулықтарын қорғау және гельминтоздармен ауру-сырқаулықтардың алдын алу мақсатында, зертханалық тексеру әдістерін қолдану арқылы МДБМ мен мектеп балаларына профилактикалық бақылау тексерістері жүргізілді. Осылайша қаралған 980 балардың ішінен 3 балада инвазия құрттары анықталды.

Эпидемиологиялық мағыналы нысандарға (мектептер, МДБМ, мектеп-интернат, ЕПҰ) жоспарлы тексерістер жүргізу кезінде балалар мен оқушылардың денсаулықтарын инфекциялық ауру-сырқаулықтардан қорғауға арналған профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне, санитарлық бекеттердің ұйымдастырылуына, санағарту жұмыстарының жандандырылуына, оқушылар мен олардың ата-аналарымен жұмысқа, санитарлық-гигиеналық шаралардың өткізілу жағдайына назар аударылды.

- Халықтың денсаулығын қорғау бағытында қандай шараларды атқардыңыздар?



- Мемлекеттік санитарлық – эпидемиялық қадағалау басқармасы қызметінің халықтың денсаулығын қорғау бойынша басты бағыттарының бірі - «Иммунопрофилактика», «Қызылша мен қызамықты элиминациялау» Ұлттық бағдарламаларын іске асыру бойынша кешендік профилактикалық іс-шараларды өткізу. Шахтинск аймағы бойынша 2009 жылы вакцинамен басқарылатын инфекцияларға (қызылша, күл, көк жөтел, полиомиелит, қызамық, паротит және басқа) қарсы балаларды, жасөспірімдер мен ересектерді иммундаумен қамту 100 пайызды құрады. Үкіметтің 2008 жылдың 21 қаңтардағы №40 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының профилактикалық екпелер күнтізбесіне 2008 жылдан бастап 1- жасқа дейінгі және 2-жасқа дейінгі жастағы балаларды гемофильдік инфекцияға (Хиб вакцинасы) қарсы иммундау, 6 жасқа келген балаларды қызылшаға, паротитке, көк жөтелге қарсы (КПК вакцинасы) иммундау енгізілді. Хиб және КПК вакциналары құрамына бірнеше дәрі-дәрмектер кірген замана талабына сай вакциналар балаларды бір екпе арқылы бірнеше қауіпті ауру-сырқаулықтардан және олардың асқанушылықтарынан қорғап қалуға мүмкіндік береді. Шахтинск қаласында 2009 жылы халықтың инфекциялық ауру-сырқаулықтарға ұжымдық иммунитеттерін көтеру мақсатында тек жоспарлы профилактикалық екпелер өткізіліп қана қоймай, қызылша мен қызамыққа қарсы халықтың егілмеген эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша да иммундаулар өткізілді. Барлығы 1400 адам қамтылды. 2009 жылдың сәуір айында қалада – басқа аймақтар мен елдерден келген, көшіп жүрген халықты вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы иммундау аптасы ұйымдастырылып өткізілді. Осы мезгілде 3600 адам күл, қызылша, қызамық, паротит, көк жөтел мен басқа да инфекцияларға қарсы егілді. 2009 жылы иммунопрофилактика бойынша республикалық бағдарламаны орындау үшін балалар мен жасөспірімдерді В гепатитіне қарсы, 15 жастағы оқушыларды қызамыққа қарсы иммундау әрі қарай жалғастырылды. Қазан айында 8-14 жастағы балаларды қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізілді (3924 оқушы егілді). Эпидемия қарсаңында халықтың «қауіпті тобынан» 1200 адам тұмауға қарсы егілді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет