Санкцияланбаған жеке басын тінтуді жүргізу туралы Қаулы нұр-Сұлтан қаласы 2019жылғы 10 қазан Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр»


Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының



бет5/8
Дата12.12.2022
өлшемі42.19 Kb.
#467059
1   2   3   4   5   6   7   8
19 дайын

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының
ІІБ КПб-нің жедел уәкілі
полиция лейтенанты қолы
/
Сот-химиялық сараптама тағайындау туралы
ҚАУЛЫ

Нұр-Сұлтан қаласы 2019 жылғы 10 қазан


Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы ІІБ КПБ жедел уәкілі полиция лейтенанты А.Т.Төлендиев №187111031000993 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын қарап,


АНЫҚТАДЫ:

2019 жылғы 10 қазанда сағат 07.30-да 92-орам аумағында ботаникалық саябақта Звонок атты қызметтік-іздестіру итін пайдалана отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Абая көшесі, 15-үй мекенжайы бойынша тұратын 1997жылғы 15 наурызда туған Мерекеев Асылбекұлы анықталды. Ол «Зелентрест» аялдамасы аумағында Абая көшесі бойындағы жолдың жүретін бөлігінде бір сағат бұрын тауып алып, жеке пайдалану үшін сақтаған анаша есірткі затының өзімен бірге бар екенін айтқан.


2019 жылғы 10 қазанда жеке басын тінту барысында сіріңке қорабындағы өсімдік заты алынды және «Ньютон» портативті электронды таразыда сіріңке қорабынсыз өлшенді. Заттың салмағы 20,0гр құрайды.
Өлшенген зат сіріңке қорабына қайта салынды. Заты салынған қорап целлофан пакетке және қағаз конвертінеке салынып, «Кеңсе үшін» мөрімен, С.С.Карасевтың, қорғаушы Маратова Азалия Кайратовна және тергеу әрекетін жүргізген адам – А.Т.Төлендиевтің қолымен бекітілді.
Конвертте «№ 1 пакет. Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабының 2-бөлігінде көзделген, яғни «Есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз алу, сақтау» қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша 2018 жылғы 10 қазанда жеке тінту барысында күдікті 1997 жылғы 15 наурызда туған Мерекеев Асыл Асылбекұлы қара түсті джинсы шалбарының оң қалтасынан алынған, салмағы 20,0гр құрайтын көк түсті өсімдік тәріздес заты бар сіріңке қорабы» деп жазылған.
Осы факт 2018 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабының 2-бөлігі бойынша СДТБТ-де № 187111031000000 болып тіркелген.
Іс үшін маңызы бар мән-жайлар сарапшының материалдарды арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін зерттеуінің нәтижесінде алынуы мүмкіндігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы ҚПК 198, 270-273, 280-баптарын басшылыққа ала отырып,


ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1.Есірткі заттарды сот-сараптамалық зерттеу жүргізуді тағайындап, Энск қаласының ӘдМ РҒӨЗ СС-ның сарапшыларына тапсырылсын.


2. Сарапшының шешуіне төмендегідей сұрақтар қойылсын:
- 1997 жылы туған Мерекеев Асыл Асылбекұлы 2019 жылғы 10 қазанға жеке тінту барысында одан алынған зат есірткі заты болып табылады ма?
- егер зерттелетін зат есірткі заттарына жататын болса, ол есірткі заттарының қандай түріне жатады?
- Зерттелетін заттың салмағы қанша?
3.Зерттеу үшін сарапшыға ұсынылсын:
- осы қаулының көшірмесі;
- «№ 1 пакет. Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабының 2-бөлігінде көзделген, яғни «Есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз алу, сақтау» қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша 2018 жылғы 10 қазанда жеке тінту барысында күдікті 1997 жылы 15 наурызда туған Мерекеев Асыл Асылбекұлы қара түсті джинс шалбарының оң қалтасынан алынған, салмағы 20,0гр құрайтын көк түсті өсімдік тәріздес заты бар сіріңке қорабы» деп жазылған ішінде зерттелуге жататын заты бар конверт.
4. Зерттеу жүргізу және қорытынды жасау үшін затты жартылай немесе толығымен жоюға, сондай-ақ объектінің түрін қаншалықты қажет болғанға дейін өзгертуге келісім беремін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет