Басталуы: 10 сағат 50 минут
Аяқталуы: 11 сағат 30 минут
Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының ІІБ КПб-нің жедел уәкілі полиция лейтенанты А.Т. Төлендиев Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы ІІБ-ның үй-жайында Қазақстан Республикасы ҚПК 64, 114, 115, 197, 199, 208-210, 212, 216-баптарының талаптарын сақтай отырып,
2018 жылғы 10 қазандағы № 7690000254 ордерді ұсынған қорғаушы Мерекеев Асыл Асылұлы қатысуымен № 187111031000000 қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде жауап алды:
Тегі, аты, әкесінің аты:Мерекеев Асыл Асылұлы
Туған күні: 1997 жылғы 15 наурыз
Туған жері: Нұр-Сұлтан қаласы
Азаматтығы: ҚР
Ұлты: қазақ
Білімі: орташа
Отбасылық жағдайы, отбасының құрамы: үйленген емес
Жұмыс немесе оқу орны: «Суленов и Ко» ЖК
Кәсіп түрі немесе лауазымы: күзетші
Тұратын және (немесе) тіркелген жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Абая көшесі, № 15 үй
Байланыс телефондары: 87057666214
Әскери міндеттілікке қатысы: әскери міндетті емес
Соттылығының болуы: бұрын сотталмаған
Паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат: 2016 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ берген жеке куәлік нөмірі № 567980251
Күдіктінің жеке басы туралы өзге де мәліметтер:
Күдікті Мерекеев Асыл Асылұлы оның Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабының 2-бөлігінде көзделген, яғни ұсақ-түйек жымқыру қылмыстық құқық бұзушылығын жасауда күдікті екені хабарланды, сондай-ақ күдіктің мәні түсіндірілді.
Күдікті:Мерекеев Асыл Асылұлы қолы
Қорғаушы: Маратова Азалия Қайратовна қолы
Қорғаушының қатысуымен күдіктіге Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 64-бабында көзделген құқықтар түсіндірілді, атап айтқанда:
1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіме тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға; 2) өзіме не үшін күдік келтірілгенін білуге; 3) өз бетімше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылымын. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы ҚПК-нің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; 4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзімді азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға; 5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге; 6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге; 7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға; 8) айғақ беруден бас тартуға; 9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға; 10) дәлелдемелерді ұсынуға; 11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; 12) ана тілінде немесе өзім білетін тілде айғақ беруге; 13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 13-1) өзіме қатысты сотқа дейінгі пробацияны жүргізу үшін пробация қызметіне жүгінуге; 14) өз өтінішхатым бойынша немесе қорғаушымның не заңды өкілімнің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға; 15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға; 16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға; 17) өзімнің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге; 18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге; 19) өзімнің құқықтары мен заңды мүдделерімді заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; 20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіме сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде ҚПК-нің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға; 21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін ҚПК-де белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге; 22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге; 23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзімің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға; 24) өзіме қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқылымын.
Маған Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 64-бабында көзделген күдіктінің құқықтары түсіндірілді. Құқықтардың мәні түсінікті.
Күдікті:Мерекеев Асыл Асылұлы қолы
Күдікті өзін кінәлі немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасауда өз кінәсін ішінара мойындайтынын немесе одан бас тартатыны туралы сұраққа
Күдікті: Мерекеев Асыл Асылұлы қолы
Мерекеев Асыл Асылұлы кінәсін толығымен мойындайтынын және оны жасаудан өкінетінін түсіндірді.
қолы
Күдіктіге күдіктену себебі және іс бойынша маңызға ие бола алатын барлық басқа мән-жайлар бойынша көрсетпелер беру ұсынылды, осыған келесі көрсетпелер берді:
Мен, Мерекеев Асыл Асылұлы орыс тілін еркін білемін, аудармашыны қажет етпеймін, айғақты қорғаушы Маратова Азалия Қайратқызы қатысуымен орыс тілінде беруді қалаймын. Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте тұрмаймын, бұрын сотталған емеспін, жоғарыда көрсетілген мекенжайда әкем 1962 жылы туған Муратов Асыл Самайұлы мен бірге тұрамын.
Аталған мекенжай бойынша 2016 жылдан бастап тұрамын. Нақты айтқанда 1 жыл 2 ай болды. Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеу үшін әкеме Нұр-Сұлтан облысы Дубовка кентінен көшіп келдім. Кентте анам – 1965 жылы туған Муратова Айман Амантайқ ызыжәне қарындасым 1999 жылы туған Муратова Айнекей Асылқызы қалды. Соңғы 6 ай Петров көшесі, 12 мекенжайындағы «Наурыз» дүкенінде күзетші болып жұмыс істеймін.
Істің мәні бойынша келесіні түсіндіре аламын: таңертең оянып, серуендеуге шықтым.
Өзім тұратын үйдің қасындағы «Зелентрест» аялдамасының қасынан өтіп бара жатқан кезде жолдың жүретін бөлігінде сіріңке қорабының жатқанын көрдім. Маңайымда өтіп жатқан адамдар болмаған. Мен қорапты көтердім және оның ішінде анашаның бар екенін көрдім. Оны иісінен таныдым. Бұрын анашаның бұталарын көргенмін және олардың исін білемін. Мен қызығып анаша салынған қорапты алайын деп шештім, кейін шегіп көрейін және көңілімді көтерейін деп ойладым.
Мен оның заңсыз екенін білдім, бірақ ешкім білмейді және одан ешкімге жаман болмайды ғой деп ойладым. Кейін мен ботаникалық баққа серуендеуге кеттім.
Шамамен 15 минуттан кейін маған итпен келе жатқан полиция қызметкері кездесті. Ит бірден анашаны иісінен танып, өзін мазасыз күйде ұстай бастады, тұмсығымен шөп салынған қорап жатқан шалбарымның қалтасын иіскеді, одан отырды, сөйтіп үре бастады.
Полиция қызметкері өзін таныстырды және иттің есірткі құралдарын іздеуге үйретілгенін айтты.
Мен болған жағдайды жасыра алмайтынымды түсіндім де, менде есірткі бар екенін мойындайын деп шештім. Қызметкердің өтініші бойынша жеке куәлігімді көрсеттім және есірткіні тапсыру үшін онымен бірге полиция бөліміне бардым.
Күдікті: Мерекеев Асыл қолы
Қорғаушы: Маратова Азалия қолы
Күдіктінің көрсетпелерін нақтылау және толықтыру мақсатында оған мынадай сұрақтар қойылды:
Сұрақ: Сіз есірткі заттарын жиі қолданасыз ба?
Жауап: есірткі қолданбаймын қолы
Сұрақ: Сіз өзіңіз көрсеткен жерден есірткі затын тауып алғаныңызды кім растай алады?
Жауап: Меніңше, оны ешкім көрген жоқ. қолы
Сұрақ: Сіз есірткі құралын қашан шекпекші болдыңыз?
Жауап: папирос сатып алған кезде бос уақытымда шегемін деп ойлағанмын.
қолы
Сұрақ: Сізге полиция қызметкерлері тарапынан қандай да бір қысым көрсетілді ме?
Жауап: маған полиция бөліміне міндетті түрде баруым керек екені айтылды. Бірақ ешкім күш қолданған жоқ және қорқытқан жоқ. Кінәмді мойындаймын. қолы
Осымен күдіктіден жауап алу аяқталады. Жауап алудың қатысушыларына жауап алудың нәтижелерімен танысу құқығы, сондай-ақ хаттамаға ескертулер, толықтырулар, түзетулер енгізу құқығы түсіндірілді.
Күдікті: Мерекеев А қолы
Қорғаушы: Маратова А қолы
Тергеу амалының қатысушылары күдіктіден жауап алу хаттамасымен жеке оқып шығу жолымен таныстырылды.
Жауап алудың хаттамасымен таныстырылдым. Дұрыс жазылған. Хаттамаға енгізуге жататын өтініштерім, ескертулерім, толықтыруларым, түзетулерім жоқ.
Күдікті: Мерекеев А қолы
Қорғаушы: Маратова А қолы
Жауап алған, хаттама толтырған:
Достарыңызбен бөлісу: |