Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының
ІІБ КПб-нің жедел уәкілі
полиция лейтенанты қолы
Заттай дәлелдеме ретінде тану және
қылмыстық іс материалдарына тіркеу туралы
ҚАУЛЫ
Нұр-Сұлтан қаласы 2019 жылғы 10 қазан
Нұр-Сұлтан қ. «Байқоңыр» ауданының ІІБ КПб-нің жедел уәкілі полиция лейтенанты Маратов Асет Саматұлы №187111031000993 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
2019 жылғы 10 қазанда сағат 07.30-да 92-орам аумағында ботаникалық саябақта Звонок атты қызметтік-іздестіру итін пайдалана отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Абая көшесі, 15-үй мекенжайы бойынша тұратын 1997 жылғы 15 наурызда туған Мерекеев А.А анықталды, ол «Зелентрест» аялдамасы аумағында Абая көшесі бойындағы жолдың жүретін бөлігінде бір сағат бұрын тауып алып, өзі пайдалануы үшін сақтаған анаша есірткі құралының өзімен бірге екені туралы айтты.
2019 жылғы 10 қазанда жеке басын тінту барысында сіріңке қорабындағы өсімдік заты алынды және сот-химиялық сараптамаға жіберілді.
Сарапшының 2019 жылғы 10 қазандағы №843/13 қорытындысына сәйкес зерттеуге жіберілген зат «марихуана» есірткі затына жатады, салмағы 18,6 гр құрайды.
Аталған есірткі затының № 187111031000000 қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде маңызын ескере отырып, Қазақстан Республикасы ҚПК 118, 198, 221-баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Сарапшының 2019 жылғы 10 қазандағы №843/13 қорытындысымен «марихуана» есірткі заты деп танылған, салмағы 18,6 гр құрайтын өсімдік тектес зат заттай дәлелдеме ретінде танылсын және №187111031000000 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына жалпылансын.
2. Аталған заттай дәлелдеме Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданы ІІБ-нің заттай дәлелдемелерді сақтау камерасына тапсырылсын.
3. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.
Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының
ІІБ КПб-нің жедел уәкілі
полиция лейтенанты қолы
Достарыңызбен бөлісу: |