«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына және ҚР Үкіметінің ағымдағы жылғы 14 сәуірдегі №302 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігімен 2010 жылы 7 маусымда №18/05 қаулысымен бекітілген, Өңірлік индустрияландыру картасы әзірленді.
Саран қаласы бойынша Өңірлік индустрияландыру картасына 280 жұмыс орнын аша отырып, жалпы құны 4120,5 млн. теңгеге, 6 жоба қосылды.
2010 - 2013 жылдар ішінде 5 объект іске қосылды, 2834,5 млн. теңге – инвестициялар игерілді, 200 жаңа жұмыс орын ашылды.
2014 жылғы қаңтар-тамыз ішінде жүктелген 5 жобадан 4 жоба жобалық қуаттылыққа шықты, 1 жоба 86% жүктелді:
«Kazcentreleсtroprovod» ЖШС полиэтиленді құбырларының өндірісі, (іске қосу күні 2010 жылғы 29 маусым), жоба құны-150 млн.теңге, 15-жұмыс орны ашылды, жылына жобалық қуаттылықтан - 480 тонна полиэтилен құбыры.
«Kazcentreleсtroprovod» ЖШС - 531,9 тонна полиэтилен құбыры немесе жобалық қуаттылықтан 221,6% өндірілді ( 240 тонн).
«Евромет» ЖШС көмірден металлургиялық коксті алумен қатар жылутехникалық кешеннің құрылысы және іске қосу (іске қосу күні - 2010 жылғы 8 желтоқсан), жоба құны-500 млн.теңге, 45-жұмыс орны ашылды, жылына жобалық қуаттылықтан -30 мың тонна арнайы кокс өндірілді.
«Евромет» ЖШС – 23,3 мың тонна арнайы кокс немесе жобалық қуаттылықтан 116,5% өндірілді ( 20 мың тонн).
«Мастер - klass строй» ЖШС клинкерлік термопанелдер өндірісі, (іске қосу күні - 2011 жылғы 8 желтоқсан), жоба құны-106,8 млн.теңге, 20 - жұмыс орны ашылды, жылына жобалық қуаттылықтан -12 мың ш.м. клинкерлік термопанел өндірілді.
«Мастер - klass строй» ЖШС – 20573 кг клинкерлік термопанел немесе жобалық қуаттылықтан 158% өндірілді (13000 кг).
«КЭЛСИС» ЖШС LAN оқшауланған жүйелер үшін телекоммуникациялық кәбіл өндірісі, (іске қосу күні - 2011 жылғы 22 қараша), жоба құны-793 млн.теңге, 60-жұмыс орны ашылды, жылына жобалық қуаттылықтан -15000 км LAN кәбіл өндірілді.
«КЭЛСИС» ЖШС – 7313 км кәбіл немесе жобалық қуаттылықтан 86% өндірілді (8500 км).
«ККК Бетон» ЖШС іріпанельді үй құрылысы элементтерімен темірбетон бұйымдарын шығару бойынша зауыт құрылысы (Саран қ.), жобаның жалпы құны- 1 254 млн.теңге. Жұмыс орнының саны – 50 адам. Жобалық қуаттылығы (жылына) жылына 180 мың М3 темірбетон бұйымдар өндірілді.
«ККК Бетон» ЖШС - 6308 ш. м немесе жобалық қуаттылықтан 127% өндірілді (4950 ш.м);
Өнім өндірудің негізгі көлемі Астана қаласындағы тұрғындық емес ғимарат құрылысына - «ККК LTD» ЖШС ішкі пайдалынымға бағытталған.
2014 жылы 1 жобы іске қосу жоспарланды.
«Геополимер» ЖШС арнайы мақсаттағы біріктіргіш өндірісі (Саран қ.), жобаның жалпы құны- 1 286 млн.теңге. Жұмыс орнының саны – 80 адам. Жобалық қуаттылығы (жылына) жылына 100 мың тонна цемент. Іске қосу мерзімі 2014 жылғы желтоқсан айына жоспарланған.
«Өнімділік – 2020» және «Экспорт 2020» бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдау шаралары туралы кәсіпкерлікті ақпараттандыру бойынша ісшаралар өткізілді.
«Экспорт - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудан бастап үш экспортер-кәсіпорынға 14,1 млн. теңге сомасына («Қарағандырезинотехника» ЖШС - 9,1 млн.теңге, «Kazcentrelectroprovod» ЖШС - 4,5 млн.теңге, «Карат» ЖШС - 0,5 млн.теңге) экспортқа өнім шығарумен байланысты шығын өтелді.
«Өнімділік -2020» бағдарламасы шегінде 750 мың теңге сомасына инвестициялық жобаның кешендік жоспарын әзірлеуге үй құрылыстық комбинаты инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін «ККК Бетон» ЖШС қолдау көрсетілді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шегінде Бағдарламаны жүзеге асырудан бастап 16 жобаға қолдау көрсетілді, соның ішінде келесі бағыттар бойынша:
пайыздық ставканы субсидиялау – жалпы сомасы 1 млрд. 897,5 млн. теңгеге 9 жоба мақұлданды.
кепілдендіру - жалпы сомасы 118 млн. теңгеге немесе кепіл беруге 59 млн. теңгеге 2 жоба мақұлданды (ЖК Мусагулова және «Карал Пласт» ЖШС).
өндірістік инфрақұрылым өткізуге - жалпы сомасы 1 млрд. 114,1 млн. теңгеге 4 жоба мақұлданды.
гранттық қаржыландыру – 3 млн. теңге сомасына 1 жоба мақұлданды.
Бұл жаңа өндіріс ашу үшін жабдық сатыл алуға, өндіріс көлемін, соның ішінде экспорттық құраушыны арттыруға, көрсетілітін қызмет сапасын өсіруге, 485 жаңа жұмыс орнын ашуға, сондай-ақ жоғарыда аталған жобаның «ККК Бетон» ЖШС, «Спецсталь» ЖШС, «Геополимер» ЖШС бастаушылары болған Солтүстік өнеркәсіптік аймақтың өндірістік инфрақұрылымын - айналма автокөлік жолын қайта құру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу үшін мүмкіндік берді.
Қазіргі кезде, табысты бизнесті құрудың жаңа моделдерін енгізуге, кәсіпорынды тиімді басқару дағдыларын дамытуға бағытталған Бағдарламаның төртінші бағыты ерекше маңызды.
Аталған компоненте, біздің қаламыздан 12 кәсіпорын қатысты, 391 адам (с.і. 2014 жыл басынан 56 адам), соның ішінде бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, студенттер бизнес негізін оқуынан өтті. «Назарбаев Университеті» базасында «Шағын және орта бизнес топ-менеджментіне оқыту» компонентінде 2 кәсіпкер оқытудан өтті. «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша қаланың 3 кәсіпкері оқытудан өтті, оның ішінде 1 Америкада тәжірбиеден өтті.
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асыру бойынша шаралар айтарлықтай дәрежеде шағын және орта бизнес дамуына әсерін тигізеді.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шегінде 13, соның ішінде 2013 жылы 8 жобаға:
кредитті субсидиялауға 3 жобаға жалпы құны 655,5 млн. теңге бөлінді, бұл:
«ККК Бетон» ЖШС (Іріпанельді үй құрылысы элементтерімен темірбетон бұйымдарын шығару бойынша зауыт құрылысы) 500 млн.теңге сомасына;
ЖК Г.Б. Мусагулова (Сату орнымен кулинарлық-кондитерлік мини-цех ашу);
«ККК Бетон» ЖШС (Іріпанельді үй құрылысы элементтерімен темірбетон бұйымдарын шығару бойынша зауыт құрылысы) 150 млн.теңге сомасына;
«ККК Бетон» ЖШС өндірістік инфрақұрылымын дамытуға 1 жоба (ЛЭП құрылысы) 29,6 млн.теңге сомасына;
грант беруге 4 жоба 10,0 млн.теңге жалпы сомасына:
«Шаклунов» ЖК (Көшіру кезінде жеткізу қызметін көрсету үшін жаппай тиегішті сатып алу) 3,0 млн.теңге сомасына;
«Идеал-Сервис» ЖК (Клинингтік қызметін көрсету) 2,5 млн.теңге сомасы;
«Барисов» ЖК (Жолаушыларды тасымалдау бойынша автожол транспорты қызметін көрсету) 3,0 млн.теңге сомасы;
«Табыс» ЖК (Балаларға қолы бос кездерін, демалыстарын және ойын-сауық ұйымдастыру) 1,5 млн.теңге сомасына қолдау көрсетілді;
2014 жыл басынан 5 жобаға:
жалпы құны 425,9 млн. теңгеге кредитті субсидиялауға 3 жобаға, бұл:
«ККК Бетон» ЖШС – «Іріпанельді үй құрылысы элементтерімен темірбетон бұйымдарын шығару бойынша зауыт құрылысы» 100 млн.теңге сомасына;
«Карасар» ЖШС - «Optima» сауда орталығының құрылысы» 212 млн.теңге сомасына;
«Оптимальный» ЖШС – «Optima» супермаркеті үшін сауда жаблықтарын сатып алу» 113,9 млн.теңге сомасына;
Өндірістік инфрақұрылым дамуына 2 жоба, 40,2 млн.теңге жалпы құнына:
"Мусагулова Г.Б." ЖК (ЛЭП құрылысы) – 0,6 млн. теңге;
"Алтай-2030" ЖШС (ЛЭП, т/ж тұйық, сутартқыш және кәріз құрылысы) жалпы құны - 39,6 млн. теңге бөлінді.
«Ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау және тірек ауылдарды кешенді дамыту есебінен ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу арқылы жұмыс орындарын құру» екінші бағыты бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушылары үшін микрокредит бөлу бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
2014 жылғы мамырда «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ Бағдарлама қатысушысына ірі қара мал өсіруге, қосымша 2 жұмыс орнын ашуға 2,8 млн.теңге сомасында кредит бөлінді. 2014 жылғы 2 тамызда Бағдарлама қатысушысына қала тұрғындарына транспорт қызметін көрсетуге, қосымша 1 жұмыс орнын ашуға 3,0 млн.теңге сомасында кредит бөлінді.
Микрокредиттік әлеуетті пайдаланушылардың «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шегінде микрокредит алуға құқық беретін сертификаттары бар, барлығы «Кәсіпкерлікті қолдау бойынша серверлік орталық» ЖШС 2013 жылғы қыркүйекте, 2014 жылғы сәуірде ұйымдастырылған «Кәсіпкерлік негіздерін оқыту» курсынан өткен. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалымен 9 адамға кәсіпкерлік негізін оқыту ұйымдастырылды. 2 адам «Казагромаркетинг» АҚ оқытудан өтті.
«Казагромаркетинг» АҚ ұйымдастырған кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қаржыландыру «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ жүргізді.
Достарыңызбен бөлісу: |