Саран қаласының 2014-2016 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту картасы



бет2/13
Дата09.06.2016
өлшемі3.02 Mb.
#123867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1.1. Паспорт





Атауы

Саран қаласының 2014-2016 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту картасы


Жасау үшін негіз

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. «"Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауы.


Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 01-7.1 мәжіліс хаттамасы.

ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы.

ҚР «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы.

ҚР Үкіметінің «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 18 шілдеде бекітілген № 816 қаулысы.


Саран қаласы мәслихатының «Саран қаласының 2011-2015 жылдардағы даму бағдарламасын бекіту туралы» сессия шешімі.

Жасау және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

«Саран қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ


Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтиже көрсеткіштеріне қол жету үшін жауапты мемлекеттік және басқа да органдар

Саран қаласының жергілікті атқарушы органдары

Бағдарлама мақсаты

- ресурстік және экономикалық әлеует негізінде қаланы дамытудың бәсеке стратегиясын әзірлеу;

- нық және еселі жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жолымен қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға көмек көрсету;

- жұмыссыздық деңгейіне төмендету және жол бермеу.


Бағдарлама міндеті

- кәсіпкерлік белсенділікті дамыту;

- тұрғындардың нысаналы тобына кіретін, өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсетуге белсенді шараларға тарту;

- еселі жұмыспен қамтуды, өз бетінше жұмыспен қамтылған тұлғалар санын арттыру, олардың мәртебесін нысандандыру.

- еңбек белсенділігін ынталандыру



Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі және кезеңдері

2014 – 2016 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2016 жыл соңында келесі нәтижелерге қол жеткізу жоспарлануда:

-4,7% дейін жұмыссыздық деңгейін төмендету (2013 жылы – 4,9%)

- азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын, жобаларды жүзеге асыру саны:

2014 ж. – 14 жоба;

2015 ж. - 16 жоба;

2016 ж. – 21 жоба;

- шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің санын 15,1% арттыру және 1475 бірл. қамту (2013 жылы – 1281 бірл.);

- шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 14,4% арттыру және 8616 адамды қамту (2013 жылы - 7532 адам);

-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімін өндіру көлемін 18% арттыру және 10568,8 млн. теңгені қамту (2013 жылы – 8959,1 млн. теңге).


Қаржыландыру көздері және көлемдері

Саран қаласының 2014-2016 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту картасы шегінде микрокредиттеуге 151,9 млн.теңге жолдау жоспарлануда, соның ішінде:


2014 жылы – 41 млн. теңге;

2015 жылы – 47,7 млн. теңге;

2016 жылы – 63,2 млн. теңге.

Кәсіпкерлікті дамыту картасын іске асыру барысында қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоспарлық кезеңге республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланады.





1.2 Қала сипаттамасы, орналасуы және табиғи-климаттық ахуалы

1954 жылы 20 желтоқсанда құрылған.

Саран облыстық маңызы бар қала болып табылады, Қазақстан Республикасы Қарағанды облысына кіреді, Қарағандыдан оңтүстік - батыста 15ш. және республика астанасынан 222ш. орналасқан, қала аумағы 161 ш.м. құрайды. Әкімшілік аумақ құрамына 1960 жылы қалыптасқан Ақтас поселкесі кіреді.

Саран қаласының геоэкономикалық орналасуы ыңғайлы құрылған, Қарағанды қалалық агломерацияның урбандалған аймағында орналасқан, облыс бойынша тұрғындар тығыздығы бойынша бір шаршы километр алаңға 317 адамды құрап – Қарағанды және Теміртау қалаларынан кейін үшінші орынды алады.

2014 жылдың 1 қаңтарына халқының саны 51399 адамды құрады, бұл 2012 жылмен салыстару бойынша 0,4% көп. Қарағанды облысының халқының жалпы саны 2014 жылдың 1 қаңтарына Саран қаласы халқының салыстырмалы салмағында 3,8% құрады. Әкімшілік аумақта 74 ұлт өкілдері тұрады, соның ішінде қазақтар 16,5%, орыстар – 60,2 %, басқа ұлттар – 23,3% құрады.

Саран қаласы шөлейт шегінде тұрған, шұғыл контингентті климат аумағында орналасқан. Ауа температурасының тәулік ішінде, сондай-ақ жыл мезгілдерінде шұғыл ауысатын орындар бар. Ауаның орта айлық температурасы Цельсий шкаласы бойынша шілдеде +20,6 градус, кейде температура + 40 және оданда жоғары болады, қаңтарда -15,2 градус, аяз кезінде -30 градусқа дейін және одан да жоғары болады. Желдің басыңқылығы жазда оңтүстік-батыстан және қыста солтүстік –шығыстан соғады. Орта жылдамдығы секундына 6 метрге дейін.

Қар жабыны (10-15 см) қарашадан бастап сәуірге дейін сақталады.

Саздақ және саздың нормативтік қату тереңдігі 1,9 м, құмай жерлерде 2,25 м.

Жылдық жауын-шашын саны 124,3 мм басталады (1951 жыл), 518 мм (1958 жыл). Жауын-шашынның үлкен көлемі жаз мерзіміне тиеді, қыстық жауын-шашын саны (тиімді) қараша-наурызда 26 мм (1946 жыл) – 155 мм (1973 жыл) құрды.

Тұрақты қар жабыны қарашаның ортасында қалыптасады және сәуірдің бірінші он күндігіне дейін тұрады. Қар қалыңдығы жердің бедеріне, жел режиміне және өсімдіктердің болуына байланысты, қар жабынының қалыңдығы 20-25 см бастап ауысады. Қыстық су қосымшасы орта көлемде 60 см жуық құрды.

Қала аумағы Орталық Қазақстанның тұрғылы жазығына жатады. Жер бетінің негізгі бөлігі жайпақ иірімді немесе шамалы адырлы жазықтықты болып келеді. Жер бедерінің жалпы бейнесінде осы аймақтан 37 м. жоғары, солтүстік-батыста Бордан шоқысы ерекшеленеді.

Қала аумағын негізінен қарақоңыр каштанды, шабындықты-қызыл қоңыр, шабындықты-сазды топырақтар, тұзды және сортаң жерлер алып жатыр. Өсімдіктердің негізгі түрі: ақселеу-жусанды. 

Пайдалы казбалар: тас көмір, шой тас, керамикалық саздар, құмды-қиыршық қоспалар, ізбес тастар, керамзитті саздар.

Батыстан Соқыр өзені ағып өтеді. Соқыр өзеніне оңтүстік жағалаудан ең ірі Қарағанды өзені құяды. Қарағанды өзені Оспан төбесінен бастау алады. Өзеннің ұзындығы 42 шақырым. Саран қаласына жақын жерде Шерубай-Нұра өзенінің ағыншалары орналасқан. Қаладан 0,5 км солтүстікке 11,02 млн.куб.м. су көлемімен және 5,4 га. Айна алаңымен алғашында «Қарағандырезинотехника» АҚ техникалық сумен кепілді қамтамасыз ету үшін құрылған Саран су қоймасы орналасқан, тасқынға қарсы жабдық және азаматтардың дем алу орны болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет