Клиникалық көрінісі Физиологиялық сарғаю туылғаннан кейін 24-36 сағат аралығынан басталып,2-3-ші аптада толықтай кайтады. Физиологиялық сарғаю 2 кезеңмен өтеді: 1.Туылғаннан кейінгі 5 күн аралығын қамтиды және байланыспаған билирубиннің жалдам жоғарылауымен өтеді. 2.Тікелей емес билирубиннің деңгейі біртіндеп төмендейді және 11-14 күндері қалыпты деңгейге жетеді.(50 мкмоль/л-ден төмен ). Физиологиялық сарғаюда тері түсі сарғыш реңді болады.Бірінші кезекте бас,сосын мойын,кеуде және аяқтар сарғаяды.Сарғаю қайта бастағанда керісінше бірінші аяқ,сосын кеуде,ең соңында бастағы сарғаю кетеді. Емдеуі - Физиологиялық сарғаю көп аса емдеуді талап етпейді,сарғаю 1-2 аптадан кейін өзі қайтады.Ең бастысы баланы дұрыс емізу,ол ішек жолдарының функциясын жақсартады және организмнен керек емес заттарды шығаруға көмектеседі.Бала дұрыс ретті тамақтану қажет,аралығы 2-3 сағат болу керек.Ол организмнен билирубинді сыртқа шығаруға көмектеседі.
- Сарғаю кезінде баланы күн сәулесіне сыртқа шығарып тұру керек немесе терезе алдына отырғызу(күн суық болғанда немесе ауруханада болғанда)керек.
- Егер сарғаю өз уақытысында қайтпаса және билирубин деңгейі төмендемесе фототерапия жүргізіледі.
- Фототерапия -бұл ультракүлгін сәулемен емдеу,баладағы билирубинның деңгейін азайту үшін.
Ана сүтінен берілетін сарғаю - Нәресте туғаннан кейін жеткілікті ана сүтін емгенде 3-7 күндері пайда болады немесе тез күшейеді.Билирубиннің деңгейі қанда 6-15 күндері максимальды деңгейге жетеді.2-4 % жағдайда ана сүтінің құрамында бауырдағы глюкуронилтрансферазаның ингибиторлары бар( прегнандиола, эстерифицирленбеген май қышқылдары және липаза,) .Жаңа туған нәрестелерде бұл сарғаюдың патогенезі :тура емес билирубиннің конъюгациясының бұзылуы ,гепатоциттердегі билирубин экскрециясының бұзылуы және ішектердегі реабсорбциясының күшеюі.
- Диагностикасында байқалады:ана сүтін емізуді тоқтатқан соң 2-3 күннен соң тура емес билирубиннің деңгейі 85 мкмоль/л-ден төмендейді.4-6 күн өткен соң ана сүті қалыпқа келіп,сарғаю болмайды.Қандағы билирубиннің толық қалыпқа келуі өмірінің 9 аптасында болады.
- Емдік мақсатта фенобарбитал,фототерапия және ішектегі билирубин адсорбенттері тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |