Көрнекілік әдісінің түрлері
плакат, кесте, картина, карта, суреттер, үлгілер көрсетіледі
Иллюстрация әдісі
Кинофильмдерде,диафильмдерден көрсетіледі.
Демонстрация әдісі
Көрнекілік әдістерін екі топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Оқу процесіне жаңа ақпараттық-техникалық құралдарды енгізу оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтуде. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге, интербелсенді тақталарға, электрондық оқулықтарға ерекше көңіл бөлініп, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлер енгізілді. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік беріп отыр. Оқытудың көрнекілік әдісінсіз толық мәнді сабақ өткізіп, берік білім беру қиын. Әсіресе, бастауыш және орта буын оқушыларына түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтар мен макеттерді көрсету арқылы сөздерді, сөз тәркестерін үйретіп, сөйлеуге баулуға болады. Көрнекілік өтіп жатқан тақырыпқа сай, көзге тартымды, эсттетикалық жағынан талапқа сай, көлемі ірі. екі немесе үш түстен болуы қажет деп есептеймін.
Көрнекілік әдісінің түрлері
Ағылшын тілін үйрету барысында ескертетін жайттар: «Ағылшын тілі» сабағында көрнекілік әдісі жекелеген суреттер, сюжетті суреттер, түрлі-түсті бояумен әдемі салынған схемалар, жұмбақтар және жаттығулар арқылы беріледі. Бұл кезде балалар, жоғарыда көрсетілгендей, сөз, дыбыс, буын, сөйлем деген сияқты дерексіз ұғымдармен кездеседі. Бұл ұғымдардың нақтылап түсіндіру үшін көрнекі құралдардың ( схема, сурет, кеспе әліппе, таблицалар т.б.) пайдасы мол. Көрнекіліктерді ойын ретінде пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың нақты мақсатына байланыстырып беріледі.Мұнда тағы да ескерілетін жай- бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын- болмасын, кез-келген көрнекілікті ( олар тіпті ашық түрлі түспен боялған, әдемі әшекейленген болса да) ұсына берудің қажеті жоқ.Себебі басы артық, тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керісінше, алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |